Сұрақтар мен тапсырмалар:
Тактика дегеніміз не?
Мотоатқыш взводының құрамын ата.
Қару –жарақтарын ата?
2.Ұрыстағы атыс.Атыс жүйесі.
Қарудың барлық түрінен ату – ұрыста қарсыласты жоюдың негізгі құралы.Ол шабуылды дайындайдыжәне шабуылдаушы бөлімшені ұрысқа бастап шығарады,ал қорғаныста ол беріктік пенеңсерілмейтін күштің негізі болып саналады.
Мотоатқыштар бөлімшелері қарсыласты жекелеген атыс құралдарымен немесе шоғырланған атыспен жеңіліске ұшырата алады. Шоғырланған атыс –бұл бірнеше атыс құралдарының атуы немесе бүкіл бөлімшенің бір маңызды нысананы немесе бір шектеулі аумақтағы нысаналар тобын атуы.
Атыс бағытына қарай – маңдайшептік, қапталдық,айқастыра ату болып бөлінеді.Маңдайшептік атыс нысананың маңдай шебіне тікелей жүргізіледі.Ол терең эшелонданған ашық нысанаға атыс мейлінше тиімді.Қапталдық атыс- бұл нысананы қапталдан ату.Ол көбінесе пулеметтен сондай-ақ автоматтан қарсыластың шабуылдаушы және жаяу әскеріне қарсы жүргізіледі.Айқастыра ату-бір нысана бойына екі немесе одан да көп бағыттарда жүргізіледі,ол мейлінше тиімді және қарсыласты көп шығынға ұшырата алатын мүмкіндігі бар.Жақын қашықтықта белгілі бір бағытта автоматтар мен пулеметтерден кенеттен ату –бойлата атыс деп аталады.
Бөлімшенің атыс құралдары ұрыста жергілікті жер ерекшеліктерін,атыс құралдарының қолданылуы мен мүмкіндігін есепкеала отырып командирдің жоспары бойынша қолданылады.Бұлардың барлығы бірге бөлімшенің маңдай шебі алдында,қапталдар мен көрші бөлімсшелермен аралықта атудың барлық түрлерін жүргізуді, сондай-ақ айнала қорғаныс жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс атыс жүйесін құрайды.
Атысты басқаруды ыңғайлы ету үшін взвод командирі өз взвод тірек пунктінің орналасу сызбасын жасайды.Ұрыстағы маневр. Қазіргі заманғы ұрыста атыс және бөлімшелер маневрін қолданбай жеңіске жету мүмкін емес. Ұрыста взводтың алдынан маңыздылығы жағынан әр түрлі нысаналар бір уақытта пайда болуы мүмкін: адам күші, атыс құралдары,танкілер және тағы да басқалары.Барлық взводтың немесе бірнеше атыс құралдарының атысын бір маңызды нысанаға дер кезінде шоғыпландыру,атысты бір нысанадан бір нысанаға бірінен кейін бірін ауыстыру-мұның барлығы атыс маневрі болып табылады.Атыс маневрін әрбір сарбаз қолдануына болады.Ол үшін ол ұрыс алаңын үздіксіз бақылап,нысананы анықтауы керек жәнемаңыздылық деңгейі бойынша атысты бір нысанадан екіншісіне ауыстыра отырып жоюы қажет. Бөлімшелер маневрі қарсыластың барынша осал тұсына атыс жүргізу немесе оған қапталдан және тылдан шабуыл жасау, сондай-ақ қарсыластың басым күші соққысы астынансыпырылып шығу үшінұтымды қалыпта жүргізіледі.
Шабуылда және бетпе-бет ұрыста бөлімшелер қамту, орағыта өту түрінде маневр жасауы мүмкін. Қамту-қарсы беттен әрекет етуші бөлімшелермен тығыз атыстық және тактикалық өзара әсерлесуші қарсыласқа тылдан , сондай ақ қапталдан маневр жасау. Орағыта өту – қарсыласқа тылдан және қапталдан соққы беру мақсатында жасалатын неғұрлым терең бойлайтын маневр. Ол майдандағы бөлімшелермен тактикалық өзара қатынаста жүзеге асырылады.Қорғаныста маневр шығынға ұшыраған бөлімшелерді күшейту, қосалқы бекіністерді, атыс шептерін басы палу, қаптал немесе тылға шыққан қарсыласқа тойтарыс беру үшін, сонымен бірге қарсы шабуыл жасау үшін қолданылады.
Мотоатқыштар взводының жорықтық, ұрысқа кіру және ұрыстық ретіЖорықтық реет-қозғалыс үшін бөлімшелердің леке тұруы болып табылады.Ол қозғалыстың жоғарғы жылдамдығын, ұрысқа кіру және ұрыстық ретке лезде қанат жаю, сондай ақ жеке құрамның күшін,машина мен техниканы сақтауды қамтамасыз етуі тиіс. Мотоатқыштар взводының жорықтық реті - лек. Жаяу жылжу кезінде мотоатқыштар взводы 3 немесе 2 лек түзеп жүреді.Ұрысқа кіру реті – маңдайшеп пен тереңдікке сесптелген бөлімшелердің белгіленген аралық пен арақашықтықта сапқа тұруы.Ұрыстық рет - Бөлімшенің күшейту құралдарымен бірге ұрыс жүргізу үшін сапқа тұруы. Ол орындалатын міндетке,қарсылас қимылына , бөлімшедегі күш пен құралдарға және жергілікті жер сипатына байланысты құрылады.
Шабуылда жаяу ретте қимылдағанда мотоатқыштар взводының ұрыстық реті – тізбек болып келеді. Ол 300м-ге дейін шабуылға шығады,ал бөлімшелер арасы 50 м дейін. ЖҰМ-да шабуылдағанда машиналар арасындағы қашықтық 100м дейін.
Бөлімшелер мен атысты басқару Бөлімшелердің жауынгерлік міндетті табысты орындауына командир жауапты. Сондықтан ол бөлімше мен атысты шеберлікпен, сенімді түрде басқара білуі қажет. Командирдің ұрыстағы басты міндеті – атысты басқару.
Атысты басқаруға : нысананы барлау, оның маңыздылығын бағалау,жою кезектілігін анықтау,нысана мүмкіндігінше сенімді жоя алатын қару түрін таңдау,атысты бастауға пәрмен беру, атыс нәтижелерін бақылау,оны дәлдеу , атыспен маневрлеу,оқ дәрінің жұмсалуына бақылау жасау жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |