Дәріс№29 Қарумен саптық тұрыс.
Қарумен саптық тұрыс. «Белдікті босат (тарт)»!, «Автоматты – кеудеге!» «Белдікке!», «Қаруды арқаға!», «Белдікке!», «Қаруды түзет!» пәрмендерін орындау.
ҚАРУМЕН САПТЫҚ ТҰРЫС.
«Бауды босат (тарт)!», «Автоматты кеудеге!», «Белдікке!» пәрмендерін орындау.
Қарумен саптық тұрыста қаруды аузын жоғары қаратып, оң қолдың білегімен белдіктің жоғарғы жағына тигізіп, ал жиналмалы дүмді автоматты аузын төмен қаратып «белдікке» күйінде ұстау керек.
Қол пулеметті аяққа еркін түсірілген оң қолмен дүмін оң аяқтың өкшесіне жанай тигізіп, жерге ту сыртымен қойып ұстау керек.
Автоматты «белдікке» күйінен «кеудеге» күйіне «Автоматты кеудеге!» пәрмені бойынша үш тәсілмен атқарылады:
бірінші тәсіл – белдік бойынша біршама жоғары ұстап, автоматты иықтан алу керек және оның сағағынан және ұңғы кертігінен сол қолмен іліп, өзінің алдына оқжатарын солға қаратып, аузын иектің биіктігінде тік ұстау керек;
екінші тәсіл – белдікті оң қолмен оңға қарай жіберіп тастау керек және оны алақанмен саусақтар жартылай бүгілген және өзіне қарап тұратындай етіп ұстау керек; сонымен бір мезгілде оң қолдың шынтағын баудың астына кигізу керек;
үшінші тәсіл – белдікті бастан асыра лақтырып тастау керек; автоматты дүмінің мойнынан ұстап, ал сол қолды жылдам түсіріп жіберу керек.
Жиналмалы дүмді автомат «белдікке» күйінен «кеудеге» күйіне дәл сол пәрмен бойынша екі тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл – оң қолдың шынтағын белдіктің астынан шығармай, автоматты иықтан оң қолмен алу керек және автоматты сол қолымен сағағынан және ұңғы кесігін төменгі жағынан іліп алып, оны өзінің алдына оқжатарын төмен, ауыз жағын солға қаратып ұстау керек.
екінші тәсіл - белдікті бастан асыра оң қолмен сол иыққа лақтырып, онымен автоматты баудағы ұңғы қорабынан ұстап алу керек сол қолды жылдам түсіріп жіберу керек.
Қажет болған жағдайда белдікті босату (тарту) үшін: «Белдікті– босат (тарт)!» пәрмені беріледі.
«Белдікке!» пәрмені бойынша автоматтарды және және қол гранататқыштарды қолға, карабиндерді және пулеметтерді аяққа ұстау керек, ол үшін автоматты оң қолмен бау бойымен біршама жоғары ұстап, оны сол қолмен құндағынан және ұңғы бастырмасынан алып иықтан түсіру керек, өзінің алдына оқжатарын төмен қаратып, иектің деңгейінде ұстап тұру керек. Автоматты сол қолмен ұстай тұрып, оң қолмен ілмегін босатып, дүмін ашып тастау керек. Автоматты оң қолмен құндағынан және ұңғы бастырмасынан алу керек. «Босат (тарт)!» пәрмені бойынша оңға қарай жарты айналым жасап, бір мезгілде сол аяқты алға еңкейтіп, солға қарай бір адым қою керек, қаруды дүмімен сол аяқтың өкшесіне тіреп, ал ұңғысын оң шынтақтың бүгілмесіне қою керек; аяқтың тізелері бүгілмеу керек; оң қолмен белдіктің айлбасынан ұстай тұрып, сол қолмен бауды тарту (босату) керек және өздігінен саптық тұрысты қабылдау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |