Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін



жүктеу 0,63 Mb.
бет73/126
Дата21.06.2022
өлшемі0,63 Mb.
#38952
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   126
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен (1)

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. ҚР ҚК-ін құруға не ықпал етті?

  2. Қазақстанның ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай заңдылық негіз құрылды?

  3. ҚР-ның Әскери доктринасы дегеніміз не?

  4. Әскери доктринаның бағыттары қандай?

  5. Жаңа доктринаны қабылдауға не себеп болды?

  6. Әскери доктринаның басты мақсаты не?



Дәріс№35 ҚРҚК жауынгерлік дәстүрлерінің қалыптасу тарихы
Жауынгерлік дәстүрлер – бұл армия мен флотта жауынгерлердің ұрыстағы және әскери қызмет атқару кезіндегі тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қағидалары, салттары мен құлық нормалары.
ҚР ҚК-нің жауынгерлік дәстүрлеріне: өз мемлекеті мен халыққа берілгендік, агрессорларға деген өшпенділік; өз күшіне сенімділік; армия мен флотқа сүйіспеншілік; әскери антқа, әскери бөлімнің жауынгерлік туына және әскери борышқа берілгендік; ұрыста жаппай ерлік көрсету; мықты әскери жолдастық, командирді құрметтеу және оны ұрыста қорғау; әскери шеберлікті жетілдіруге және әскери тәртіпті нығайтуға жоғары қырағылық пен жауынгерлік әзірлікті сақтауға, саяси білім деңгейін жоғарылатуға үнемі ұмтылу; ТМД жауынгерлерімен жауынгерлік ынтымақтастық, егемен демократиялық мемлекетті қорғауға дайындық жатады.Дәстүрлер бір сағатта және бос орында пайда болған жоқ. Қазақ халқының үш мың жылдан астам бай тарихы бар, халықпен бірге жаңа дәуірдің басында-ақ А. Македонский әскерлеріне күйрете соққы беріп, ұлы басқыншының шығысқа қарай жылжуын тоқтатқан.
V111 ғасырда араб және қытай басқыншыларының Қазақстан жеріне қоныстанған мемлекеттерді бағындыру әрекетінен түк шықпады.Х111 ғасырдан бастап түрік тайпалары түрік-моңғол империясы құрамына кірді. Тарих деректері айғақтағанындай, Шыңғысхан әскерлерінің сол қанатын жауынгерлік өнері мен батылдығы үшін даңққа бөленген қазақ халқының ата-бабалары – түркілер құрған, ал олардың қолбасшылары қарсыласқа тұтқиылдан, тылда және қапталға бойлай еніп шабуыл жасай алумен ерекшеленетін.1466 жылы құрылғанынан бастап, 530 жыл өмір сүрген Қазақ хандығы Орталық Азия гегемоны болып табылды, ал көршілерді шебер қолбасшылар бастаған қазақ атты әскерінің әскери қуатын сыйлауға және олармен есептесуге мәжбүр етті.Жоңғар басқыншылары қазақ мемлекетіне қарсы агрессия бастай отырып, қанқұйлы да күшті жауларға күйрете соққы берген тең емес шайқастарда жеңіске жеткен қазақ жауынгерлерінің күші мен қуатын мойындады, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, т.б. батырлар есімін азиялықтар да, одан тыс жердегілер де жақсы білді.
Қазақтар әрқашан епті де ержүрек жауынгерлер бола білді, олар жорықтық ұрыстың барлық ауыртпалығы мен азабын аттың үстінде жүріп көтере білген. Сондықтан да Аманкелді Иманов, Бекболат Әшекеев және т.б. көптеген әскери басшылардың болуы заңды да.1918-20жылдары Қазақстан аумағында: 4атты әскер бригадасы, 4атты эскадроны, 4жаяу әскер полкі, 8қарауыл ротасы және т.б. бөлімшелер болды. Олар Азамат соғысына белсене қатысты.Азамат соғысынан кейін Қазақстан аумағында Орта Азия және Түркістан әскери округі әскерлері орналасты.
Біздің ҚК-іміздің ерлік тарихы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың батырлығында толық және айқын аңғарылады. Қазақстаннан майданға 1млн 200мың адам кетіп, оның 600 мыңнан астамы оралған жоқ. Олар Отан үшін, біздің болашағымыз үшін өздерінің қымбат өмірін қиды. Қазақстандықтардың көрсеткен ерлігі мен теңдесі жоқ табандылығы туралы талай жазылды. Әсіресе Мәскеу түбіндегі 28-гвардияшы-панфиловшылардың аңызға айналған ерлігін атап айтқан жөн.
Біздің ҚК-іміздің жас жауынгерлері ардагерлердің лайықта ізбасарлары болды және неміс басқыншыларымен шайқаста өздерін мәңгі даңқа бөледі. Олар, аты аңызға айналған адамдар – екі мәрте Кеңес Одағының Батырлары – Т.Бигелдинов, Л.Беда, С.Луганский, И.Павлов және Кеңес Одағының Батырлары – Н.Әбдіров, М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Б.Момышұлы және көптеген басқа адамдар тек тарихи бейне ғана емес, ерліктің жанды үлгісі болмақ.
Соғыс ардагерлері Қ.Қайсенов, С.Нұрмағамбетов, Н.Тайыпов Республиканың жоғарғы марапат белгісі – «Халық қаhарманы” атағына ие болып, “Алтын жұлдыз” белгісін алды.
Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, оның ішінде 497 қазақстандықтар бар, оның 97-сі қазақ; 110 қазақстандық үш дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған.
Соғыс жылдарында республика аумағында көптеген әскери-оқу орындары жұмыс жасады. Солардың бірі – Алматы атқыштар-пулеметшілер училищесі 1940жылы маусым айында ашылды. Училищеде барлығы 6333офицер куәлігі берілді, сонымен бірге курсанттар бригадасынан 7001 қатардағы сарбаз бен сержант аттанды.
Алматының 22-ші әскери-авиация мектебі 662, 991, 992 авиаполктері құрамында соғысқан командир, инструктор-ұшқыш, инженер-техник мамандарын және түнде шабуылдайтын ұшқыштар дайындады.
1942жылдың ақпанынан 1943жылдың сәуіріне дейін Атырауда жаяу әскер училищесі жұмыс істеді. Соғыс кезінде Қазақстанға орталықтан көптеген училищелер көшірілді. Кеңес Одағының маршалы Б.М.Шапошников атындағы Тамбов Қызыл Тулы жаяу әскер училищесі 1941жылдың күзінде Семейге көшіп келді. 1943жылдың маусымына дейін 2725 адамды оқытып шығарды. 1944 жылы сәуірде Тамбовқа қайта оралды.
1941жылдың қарашасынан 1945жылдың ақпанына дейін Талғарда Рязань атқыштар училищесі орналасты. Ол 1943жылдың наурыз айынан бастап, 141офицерді дайындап шығарды.
Қостанайда орналасқан Сталинградтың Қызыл Тулы ұшқыштар және әскери десанттық мамандар дайындайтын әуе училищесі 244 ұшқышты оқытып шығарды.
Харьков обылысынан келген Чугуев әскери әуе училищесі Оңтүстік Қазақстанға – Шымкентке, Жамбылға, Сайрамға, Арысқа орналасты. Соғыс жылдары 3228 ұшқыш дайындады.
Серпухов әуе механиктерінің әскери мектебі 1941 жылы 26қазанда Қызылордаға көшіп келді. Онда 4097 әуе маманы даярланды.
Алматыға Мәскеудің жоғарғы шекара мектебі мен Харьков Ішкі істер халық комиссиараты училищесі көшіп келді. Қазір осы училищенің базасында ҚР Шекара әскерлерінің институты құрылған.
Сонымен, барлығы біздің республиканың аумағына 1941-45 жылдары 27 әскери-оқу орындары орналасты. 1941-45 жылдары бұл училищелерде 16мың офицер, 10500 сержант оқып, 10мыңнан аса түрлі маман дайындалып, майданға аттандырылды.
Майдангерлердің жауынгерлік дәстүрі қазіргі уақытта да дамып келеді. ҚРҚК құрамына Ұлы Отан соғысында аты аңызға айналған бірнеше дивизиялар кіреді. Олардың ішінде біздің елімізден тыс жерде құралған Уман гвардиялық дивизиясы бар.
Орденді гвардиялық дивизияның даңқты жауынгерлік жолы туралы Ұлы Отан соғысы жылдарында ол қатысқан Мәскеу түбіндегі шайқас, Сталинград, Курск шайқастары, Корсунь-Шевченко, Уман-Боташанск операциялары, Будапешт шайқасы және Вена операциясы арқылы білуге болады.
Дивизияның 8 жауынгері Кеңестер Одағының батыры атағына ие болды. 11-ші дәрежелі Суворов ордені Уман дивизиясы атағына Корсунь, Кишинев және Вена полктерінің атақтары қосылды. Гвардияның жауынгерлік туына полктердің наградалары: Суворов, Кутузов, Александр Невский, Богдан Хмельницкий ордендері қосылды. Қазақстан тәуелсіздік алған соң, бұл дивизияға құрметті атақ – Қарасай батыр аты берілді.
Гвардиялық құрама – ҚР ҚК –індегі жалғыз оқу орталығы болып табылады. Онда 10-нан астам мамандықта жауынгерлерді даярлайды. Қазақстан армиясының генералдары мен көптеген офицерлері әскери басшы ретіндегі өз қалыптасуларын нақ осы дивизияда өткізді.

жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау