Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін



жүктеу 0,63 Mb.
бет67/126
Дата21.06.2022
өлшемі0,63 Mb.
#38952
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   126
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен (1)

«Аяққа» күйінде: «Адым – бас!» пәрмені бойынша қарумен қозғалыс жасау үшін қаруды біршама көтеріңкіреу керек, ал «Жүгір!» алдын ала пәрмені бойынша одан басқа сол қолдың шынтағын жартылай бүгу керек.
Жүгіру қозғалысы кезінде қаруды жеңіл бүгілген оң қолмен қарудың ауыз жағы біршама алға қарай болатындай етіп ұстау керек. Сығылысқан саптағы жүгіріс кезінде сүңгіні өзіне қарай алу керек.
«Аяққа», «белдікке» және «кеудеге» күйлеріндегі қарумен қозғалыс жасау кезінде қаруды ұстамаған бос қолмен, ал «арқаға» күйіндегі қарумен қозғалыс жасау кезінде екі қолмен дененің айналасында адымның ырғағымен еркін қозғалыс жасау керек.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Саптық тұрысты орындау кезіндегі қарудың орналасу жағдайын айтыңдар.

  • Автомат «бауға» күйінен «кеудеге» күйіне «Автоматты- кеудеге!» пәрмені бойынша орындалатын тәсілдерді атаңдар.

  • «Бауды бост (тарт)!», «Қаруды арқаға!» пәрмендерінің орындалуы туралы айтыңдар.

  • Қарумен қозғалыстар және бұрылыстар қалай орындалады?

Дәріс№30 Бір орында қарумен тәсілдер орындау.Қарумен бұрылыстар және қозғалыстар жасау.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын жеткізу. Қарумен саптық тұрыс қарусыз саптық тұрыс сияқты ережелермен жасалады. Бұл ретте қарудың аузын жоғары қаратып. Ал жиналмалы дүмбілі автоматты аузымен төмен қаратып ұстау керек.
Автомат «Белдікке» күйінен «Кеудеге» күйіне «Автоматты – кеу-ДЕГЕ» пәрмені бойынша үш тәсілмен алынады:
Бірінші тәсіл – белдік бойынша оң қолмен біршама жоғары ұстап, автоматты иықтан алу керек және оны сағағынан және ұңғы кесігінен сол қолмен іліп өзінің алдына оқжатарын солға қаратып, аузын иектін биіктігінде ұстау керек.
Екінші тәсіл – белдікті оң қолмен оңға қарай жіберіп тастау керек және оны алақаңмен саусақтар жартылай бүгілген және өзіне қарап тұратындай етіп ұстап алу керек. Сонымен бір мезгілде оң қолдың шынтағын белдіктің астына кигізу керек.
Үшінші тәсіл – белдікті бастан асыра лақтырып тастау керек. Автоматты дүмбінің мойнынан ұстап, ал сол қолды жылдам түсіріп жіберу керек.
Автомат «Кеудеге» күйінен «Белдікке» күйіне «Белдік-КЕ» пәрмені бойынша үш тәсілмен алынады:
Бірінші тәсіл – сол қолмен автоматты сағағына және ұңғы бастырмасының төменгі жағынан ұстау керек және бір мезгілде біршама алға қарай жоғары ұмсынып оң қолды белдіктің астынан шығарып, онымен дүмбінің мойнынан ұстау керек.
Екінші тәсіл – автоматты жоғары көтеріп, белдікті бастан асыра лақтырып тастау керек және автоматты оқжатары солға, аузын иектің биіктігінде өзінің алдында тік ұстау керек.
Үшінші тәсіл – оң қолмен белдіктің жоғарғы жағынан ұстау керек және автоматты оң иыққа «Белдікке» күйіне тастау керек, ал сол қолды жылдам түсіру керек.
Қару «Белдікке» күйінен «Арқаға» күйіне «Қаруды арқа-ҒА» пәрмені бойынша екі тәсілмен алынады:
Бірінші тәсіл – белдікті сол қолмен оң иықтан біршама төмен алу керек, ал оң қолмен бір мезгілде дүмбіден алу керек.
Екінші тәсіл – оң қолмен қаруды көтеру керек, ал сол қолмен белдікті бастан асыра сол иыққа лақтырып тастау керек. Қаруды және қолды жылдам түсіру керек.
Қарумен бұрылыстар мен қозғалыстар жасау қарусыз жасалатындағыдай дәл сол ережелермен және пәрмендермен орындалады.
Жаңа тақырыпты сұрастыру арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру. Үй тапсырмасы: §6.6.-274 бет., §6.7.-279 бет. оқып шығу және тәжірибелік түрде үйде қосымша жаттығу. Взводтың сапталуы және әскери қоштасу.

жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау