«Өзін-өзі тану» пәнінен оқу-әдістемелік кешен



жүктеу 0,98 Mb.
бет1/4
Дата26.05.2018
өлшемі0,98 Mb.
#18055
  1   2   3   4

ПОӘК 042-18.1.15/03-2014


05.09. 2014 жылғы

№ 1 басылым



24 беттің -шісі




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.1.15/03-2014

ПОӘК

Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік материалдары


05.09.2014жылғы

№ 1 басылым




«Өзін-өзі тану»

пәнінен оқу-әдістемелік кешен

5В011900 – «Шет тілі: екі шет тілі»

мамандығына арналған

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2014


Мазмұны



1

Глоссарий

4

2

Дәрістер

-

3

Тәжіриебелік және зертханалық сабақтар

12

4

Курстық жұмыс (жоба)

-

5

Студенттердің өздік жұмысы

17

6

Бақылау түрлері





1 ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ.

Ақыл – ой сезімдері- ойлау іс-әрекетінен туындайтынсезімдер (таң қалу, әуестік, секімділік және шүбалану сезімдер).

Агломерация (латынша – «қосу», «толықтыру») – Біртұтас аумақтық-өндірістік кешен негізінде пайда болып, ірілі-ұсақты қалашықтар мен ауылдардан құралған қоныстық жүйе. Олар орталық қала құрамына еніп, оған қызмет етеді. А.-лық орта адамдардың өміріне, олардың өзара қарым-қатынастарына, мәдениетіне әсерін тигізеді.

Адам – жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғары сатысы, қоғамдық тарихи және мәдени субъект. А. Табиғаты біртұтас биоәлеуметтік жүйе болып табылады. А.-ның әлеуметтік мәнді қасиеттері оның азаматтылығын анықтайды. А. Белгілі бір қоғамдық қатынастардың нәтижесі ғана емес, сонымен бірге сол қатынастардың өзін «дүниеге әкелуші». Социология ғылымында А. әлеуметтік қарым-қатынастар субъектісі ретінде қаралады. А. Қоғамда белгілі бір таптың мүшесі, мемлекеттің азаматы, т.б. Сондай-ақ индивид ретінде де зерттеледі. Индивид ретінде алынған А.-дардың бірлескен іс-әрекеттері арасында қоғамдық қатынастардың жүйесі жасалынады. Осы қоғамдық қатынастарға араласу , оларға дағдылану және оларды саналы түрде бойына сіңіру арқылы жеке адамның әлеуметтенуі жүзеге асырылады. А.белгілі бір әлеуметтік топқа тән рольдік ерекшеліктерді, мінез-құлықтарды жәй ғана игеріп қоймай, оны өздігінше өзгертіп жетіледі. Ол, кейбір әлеуметтік жағдайларға байланысты қалыптасқан ғұрыптарды бұзатын өрескел мінез-құлық көрсетуі де мүмкін.

Азаматтық қоғам – саяси құрылымдармен, соның ішінде мемлекетпен салыстырғанда қоғамдық өмірдің біртұтастығын сипаттайтын ұғым. А.қ-ның мазмұнын құрайтындар: шаруашылық, әлеуметтік, мәдени, рухани, жанұялық – тұрмыстық қарым-қатынастар мен әлеуметтік институттар, сондай-ақ адамның қоғамдық байланыстары мен мекемелердегі мәртебесі, ролі, құқықтары мен міндеттері. Мемлекет және А.қ деген ұғымдар, біртұтас әлеуметтік организмді өзара тығыз байланысты екі жаққа, яғни саяси және әлеуметтік салаларға бөледі.

Апперцепция – латыннан ан- префикс, сөз алды қосымша, перцепция – қабылдау. Психологияда қабылдау процесінің адамның бұрынғы өмір тәжірибесіне, білім қорына, рухани тіршілігі мен жан дүниесінің жай-күйіне тәуелді болады.

Ассоциация – 1.Белгілі заңдылықтарға сәйкес психикалық құбылыстардың байланысты болуы.

2.Адамдардың өзара бірлесіп, әр түрлі іс-әрекеттері арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын тобы.



Атрибуция – адамның жүріс – тұрыс себептерімен дәлелдерін, жеке қасиеттерімен мінездері

олардың іс – әрекеттерін кәдімгі талдау негізінде басқа адамдарға жапсыру.



Архетиптер – адамдардың қоғамдық өмірінің фундаменталды элементтерін қабылдаудың

(түйсігін) санасыз түрі. К.Юнгтің түсінігі бойынша, архетиптер ұжымдық санасыздықтың құрылымдық комоненттері жалпы адамдық символика негізінде жататын түс, ертегі,миф.



Аффект – «жан толқуы» деген латын сөзі. Жүйке жүйесінің ерекше қозуынан туындайтын күшті эмоция.

Әлеуметтену - Өскелең ұрпақтың әлеуметтену мәселелері алғаш рет субъективтік тұрғыдан біржақты Батыс Европада жарық көрген ғылыми еңбектерде, атап айтқанда, австриялық психолог З.Фрейдтің психикалық анализі мен осы ілімнің негізінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Германияда пайда болған антропологиялық мәдениет теориясын дамытушылардың еңбектерінде аталып, жасөспірімдердің психикалық және жыныстық пісіп жетілуі олардың әлеуметтенуінің қайнар көзі ретінде қарастырылады. Ал необихевиризм өкілдері «әлеуметтену» ұғымының мазмұнын «әлеуметтік өмірді оқытып үйрету» мәселелері құрайды деп есептеледі. Символдық интеракционизм мектебінің мүшелері «әлеуметтену» дегеніміз «әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесі» деп түсіндіреді. Гуманистік психология ағымының өкілдері «әлеуметтену» терминінің мазмұнын «мен» ұғымының баламасы ретіндегі «пайымдап, дайындалған болашаққа қатысты көзқарастың» өзіндік маңызды мәселелерді құрайды деп біледі. Әлеуметтену дегеніміз – жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру, жеткіншек, жас ұрпаққа оқыту мен тәрбиелеу процесінде белгілі бір тәртіпке кертіріліп, жинақталған қажетті ғылыми білімдерді, дағды-іскерліктерді және біліктілікті, рухани байлықтарды, дүниетанымдық тағылымдар мен салт-дәстүрлерді, әдеп-ғұрыптар мен жөн-жоралғыларды, адамгершілік пен мінез-құлық ғұрыптарын меңгеру арқылы біртіндеп өздері өмір сүріп отырған қоғамның әлеуметтік-экономикалық құбылыстарына сәйкес әлеуметтік рольдер жүйесіне қосу.

Әлеуметтік – (латын «бірге», «жолдастық», «қауымдық» - деген сөзінен алынған). Ә. Ұғымын түсіндіру екі бағытта дамыды. Біріншісі әлеуметтік байланыстың мәнін ашып көрсетуге бағытталса, екіншісі әлеуметтік шындықтың табиғатын ашып көрсетуге бағытталған. Ә. Ұғымы тек қана адамға және адамдар тобына қатысты құбылыстарды айқындайды. Ә. қоғамның тұрақтылығын, тұтастығын, дамуын қамтамасыз ететін қатынастар жүйесін, іс-әрекеттерді, мінез-құлықтарды білдіреді. Ә.- қоғамдық мәннің күнделікті өмірдегі біртұтас құбылысы, көрінісі.

Әлеуметтік ақпарат (информация социальная) – қоғамдық және табиғат арасындағы қатынастардың өзара әлеуметтік әсерін реттеп отыру үшін қолданылатын, қалыптасқан, үнемі жаңарып отыратын білімдердің, мәліметтердің жиынтығы. Ә.а. қоғамдық өмірді түгел қамтитын (экономикалық, саяси, әлеуметтік, демографиялық, мәлени т.б.) түрлі деңгейдегі білімді пайдаланады, таратады.

Әлеуметтік арақашықтық-(дистанция социальная) - әр алуан топтардың, таптардың бір-біріне деген қарым-қатынастарын, жақындығын, қарама-қайшылығын, қоғамдағы орнын білдіреді. Ә.а.- қ.-ты анықтауда ұлттық, этникалық т.б. топтардың әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі орнына байланысты туатын әлеуметтік ерекшеліктері де ескеріледі.

Әлеуметтік артықшылықтар (привилегия социальные – латын.- «артықшылық» деген сөзінен алынған) – кейбір адамдардың, топтардың, таптардың, мекемелердің заңды немесе заңсыз түрде де, көпшіліктің қолы жетпейтін құқықтар мен артықшылықтарды пайдалануы.

Әлеуметтік алалау ( социальная дискриминация). – адамдардың нәсілдік, ұлттық, діни, жыныстық т.б. ерекшеліктеріне байланысты ашық немесе бүркемелі түрде алалауды, қысым көрсетуді айтады.

Әлеуметтік ассоциация (социальная ассоциация) – мүшелерін бір топқа біріктіруге тікелей себептік негізі бар, ішкі құрылымы мен басқарылу жүйесі арнайы бекітілген, өз ісін өзі қамтамасыз ететін материалдық қаражаттық қоры бар адамдардың біріккен ұжымы. Ә.а. деп, кең мағынада алғанда, адамдарды біріктіретін кез келген адамдар тобы айтылады.

Әлеуметтік әсер (социальный эффект – латын-«нәтижелі» дегенді білдіреді) - әлеуметтік іс-әрекеттердің, байланыстардың және қарым-қатынастардың, әлеуметтік жүйелердің қызметі нәтижесінде пайда болатын қоғамдық өмірдің әртүрлі саласындағы сапалық өзгерістер.

Әлеуметтік байланыс (социальная связь) – жеке адамдардың не адамдар топтарының бір-біріне деген кез-келген әлеуметтік-мәдени қатынастарын бейнелейтін түсінік.

Әлеуметтік бағытталу (контроль социальная) – адамның өзінің қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орнын, жағдайын түсінуі, ұнамды әлеуметтік жағдайды таңдауы және оған жету жолдарын белгілеуі.

Әлеуметтік бақылау (контроль социальная) - әлеуметтік институттардың, мекемелердің, қоғамның сан-алуан салаларының қызметін, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың іс-қимылында қоғамдық мүдделер мен әлеуметтік ғұрыптар тұрғысынан баға беру және тыйым салу механизмі.

Әлеуметтік бейімделу ( адаптация социальная) – адамның немесе топтың өз қажеттілігіне сәйкес жаңа әлеуметтік ортаны белсенді түрде игеруінен және әлеуметтік жүйедегі өз орнын ауыстыруынан көрінеді.

Әлеуметтік диагностика (грек- «танып-білуге» қабілетті» деген сөзіне алынған) - әлеуметтік, өндірістік шағын топтарды ғылыми негізде басқару үшін, олардағы ішкі қатынастарды нақтылы зерттеп білу мақсаттарын жүзеге асыратын, сонымен бірге қоғамдағы кертартпа құбылыстардың пайда болу себептерін, табиғатын зерттей отырып, оларды жою жолдарын анықтап, ұсыныс жасайтын социологияның бір саласы.

Әлеуметтік даму (социальное развитие) - әлеуметтік философия мен социология ғылымдарының басты мәселелерінің бірі. Оның толық көрінісі мен мән-мазмұнын терең түсіну үшін салыстырмалық талдаулар жүргізу керек. Ә.д. күрделі түрде мөлшерлеп көрсетуге көмек көрсете алатын ғылыми ұғымдарға «өмір салты» , «әділеттік» деген сияқты ұғымдарға жақын болып есептеледі. Ә.д. ұғымы практикалық ұйымдастыру қызметін атқарады.

Әлеуметтік детерминизм - әлеуметтік құбылыстардың өзара байланыстарын көрсететін социологияның негізгі принциптерінің бірі. Ә.д. – нің негізгі мінездемесі себеп – салдарлы байланыстар алайда себептілікке детерминацияның барлық түрлері кірмейді. Адам іс-әрекетінде табиғи және әлеуметтік шындықты өзгерту жобасы ретінде қойылған мақсат арқылы детерминациялау ерекше орын алады.

Әлеуметтік динамика – 1.Әлеуметтік динамика ұғымын енгізген француз социологы О.Конт (1798-1857). Конттың түсіндіруінше бұл ұғым қоғамды тұтас түрде сақтай отырып , әлеуметтік тәртіпті қамтамасыз ететін, тұрақты құрылымдарды зерттейтін, прогрестің бағытын және статистикаға қарсы қойылуын, әлеуметтік құбылыстардың жүйелі түрде ауысуын талдау үшін қолданылатын ұғым. 2.Топтық динамика – кіші топтардағы болып жатқан процестерді бейнелеу үшін неміс және американдық психолог, әлеуметтік психолог К.Левиннің (1890-1947) еңбектерінде

қолданылған ұғым. К.Левин , топтағы жеке адамның және топтың өзінің мінез-құлқын физикалық терминдермен байланыстыра отырып баяндайды. Топтағы Ә.д-ның негізгі үлгісі ретінде «топтық кеңістіктің» ішіндегі күштердің бөлінуі және топтағы қарым-қатынастармен тығыз байланысты кіші топтың «квазистикалық тепе-теңдігі» қарастырылады, сонымен қатар адамның мінез-құлқын қандай да бір психологиялық өзгерістегі тартылыс және тербеліс күштерінің қарым-қатынасының нәтижесі деп түсіндіріледі.



Әлеуметтік жағдай (социальная ситуация) – қоғамдағы әр түрлі таптық, демографиялық, этностық т.б. топтардың өмір сүру , еңбек ету жағдайларын анықтайтын объективтік және субъективтік жағдайлар мен процесстердің әлеуметтік құрылымы.

Әлеуметтік стратификация ( стратификация социальная, стратификация термині латынның ‘stratum’- «жік , қатпар, қабат» және ‘facer’ – «жасау» деген сөздердің қосындысынан алынған) - соңғы жылдарға дейін Батыс социологиясында ғана пайдаланып негізгі әлеуметтік айырмашылықтардың және теңсіздікті көрсететін түсінік. Ә.ж. –ді зерттеудің үш бағыты бар: 1) әлеуметтік мәртебені әлеуметтік теңсіздіктің өлшемі ретінде қарау; 2) әлеуметтік бағыт-бағдармен байланыстыру; 3) негізгі жік жарғылар есебінде мамандық түрін , табыс мөлшерін , білім дәрежесін басшылыққа алу.

Әлеуметтік идеал (социальный идеал) – тарихи әлеуметтік нақтылықтың жан-жақты жетілген, жақсартылған, белгілі бір адамның немесе әлеуметтік топтың санасындағы, болашақтағы бейнесінің көрінісі.

Әлеуметтік иерархия (социальная иерархия гректің «hierarhia» - «қасиетті» және «arche» - «билік» деген сөздерінен алынған) – «жоғарғылардың» «төмендегілерді» бақылап отыруына, бағыныштылыққа негізделген күрделі әлеуметтік қатынастар жүйесі. Ә.и. – ға басқаруды орталықтандырумен қатар, бюрократияландыру тән. Еңбек бөлінісінің бір түрі ретінде ол адамдар арасындағы қатынастарды өз заңдарына бағындырады.

Ә.и. билік түрінде жүзеге асырылады, яғни белгілі бір ұйымдасқан жүйедегілер ережелер мен нұсқауларды қатаң орындап отыруы тиіс. Жеке адам (жұмыскер, қызметкер) өз ерік – жігерін Ә.и. талаптарына бейімдейді. Ә.и. заңдылықтарды әр түрлі мекемелер арасындағы қатынастарда да орын алады.



Әлеуметтік инновация (латынның «innovation» - «жаңалық енгізу» , «өзгеру» деген сөзінен алынған) – материалдық, экономикалық, әлеуметтік мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға, қоғамның өмір сүруін қамтамасыз ететін салаларда сапалы өзгерістер жасауға бағытталған қоғамдық пайдалы істі жасау, тарату, жүзеге асыру процесі. Ә.и. әлеуметтік, экономикалық, мәдени шығармашылық пен прогрестің жемісі. Ә.и. өзінің жаңартушылық күш – қуатына қарай түбегейлі жаңартушы немесе барды өзгертуші болып бөлінеді. Ә.и. – ның соңғы түрі кеңірек тараған. Ә.и. мақсатты өзгерістерге бағытталған салаларда жиірек байқалады.

Әлеуметтік институт (латынның «institutum» - «айқындау», «қондыру» деген сөзінен алынған) – қоғамдық қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін мамандырылған іс-әрекетті жүзеге асырудың бір түрі.

Әлеуметтік қабылдау – Ә.қ. деп адамдардың қоғамдық қатынастарды, әлеуметтік жағдайларды, адамдардың топтарын, басқа адамды және өзін-өзі қабылдап, түсініп, бағалауы айтылады.

Әрекет – белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орындалатын ішкі әрекет болуы мүмкін.

Бақылау – 1) психологияның негізгі әдістерінің бірі; 2) белгілі бір құбылыстар мен объектілердің бар екендігі мен өзгерістерін қадағалау мақсатында жүзеге асырылатын ойластырылған, жоспарлы, ұзақ қабылдау.

Бағдарлаушы рефлекс – төңіректегі жағдайдың жаңалығына жауап ретінде пайда болатын шартсыз рефлекс.

Белгі – болмыстың өзге элементінің баламасы ретінде көрінетін оның кез келген элементі. Белгі адамның психикалық іс-әрекетінің тәсілі, бұл не қоғамдағы орган, не әлеуметтік құрал. Әлеуметтік құралдың белгісі болып тіл, жазу, есептеу, сурет салу саналады.

Босқындар – экономикалық тұрақсыздық, ұлттық – этникалық жанжалдар, кекілжіндер мемлекеттіліктің күйреуі процесінің тереңдеу салдарынан пайда болатын мәжбүрлі қоныс аударушылар (мигранттар).

Гетеростереотиптер – басқа халықтар өкілдері туралы бағалау пікірлер жинағы. Олар аталған

халықтардың өзара әрекеттестігіне қарай жағымды да жағымсыз да болуы мүмкін.



Генетикалық әдіс – генетика – шығу тегі «төркін» дегенді білдіреді. Бұл психикалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін, қазіргі кезде психологияда кең түрде қолданылатын зерттеу әдісі.

Гештальтпсихология – Германияда ХХ ғасырдың басында дүниеге келген идеалистік психологиялық бағыт. Ассоциациялық психологияға қарсы пікірлерді қолдай отырып, сананың алғашқы бөлшектері түйсінуі де, елес те емес, кейбір тұтас түрдегі «психологиялық құрылымдар» (гельштаттар) деп санайды. Міне сондай құрылымдар сананың жемісі деген пікірді қолдайды.

Индивид - әлеуметтік қарым-қатынас объектісі және саналы әрекет етуші.

Индивидуальдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі.

Инициация – сол немесе басқа ұлыстарда (этностарда) бар әрекеттер (рәсімді,салты және т.б)

топтамасы, осы арқылы және адамның әлеуметтік мәртебесі ресми түрде ауысып бекітіледі) жоғарғы касталарға кіру, рыцарь дәрежесіне арнау.



Иланғаштық – иландыратын нәрсені ұғынбастан қабылдаумен сипатталатын ықпалға бағыну.

Көші қон – тұрақты немесе уақытша тұру мекенін ауыстыруға байланысты адамдардың орын

ауыстыруы.



Контент талдау – құжаттарда, әдебиеттерде, бейнетаспаларда сұхбаттардағы және т.б

Ақпараттарды талдау және бағалау әдісі. Ақпараттық формаланған түріндегі мағыналық бірлігін айқындау арқылы және тандаулы жинақтар осы бірліктердің атау көлемі жиілігін өлшеу арқылы. Этнопсихологияға қатысты - қолдану жиілігімен ұлттық психологиялық ерекшеліктерді білдіретін ұғымдар мен ой – пікірлерді беру дәрежесін тіркеу.



Конформ этносы – жеке адамдардың, адамдар тобының ұлттық әдет –ғұрыптарға, жүріс –

тұрыстарына ұлттық ерекшеліктерді және стереотиптерді ішкі кедергісіз меңгеру және жеткілікті мағынасын түсіну арқылы көрінетін бейімділігі.



Кросс мәдени этнопсихологиялық зерттеу – түрлі ұлттарға, этностық қауымдарға жататын

бірнеше топтарда қатарынан сыналатын адамдардың психологиялық және әлеуметтік мәдени ерекшеліктері.



Менталитет (діл) – этнос қабылдаған көзқарастар, пікірлер, стереотиптер, жүріс – тұрыс формалары мен әдістері осы этностың қауымға тән өмір сүру стилі, мәдениеті.

Мәдени релятивизм – даму деңгейіне қарамастан дербестік пен толық құндылық құнын мойындайтын түрлі халықтардың мәдени құндылықтарының салыстырылмаушылығы мен барлық моральді – бағалау критерийлерінің қатыстылығы туралы американдық этнологиядағы этнопсихологиялық бағыты.

Маргинал тұлға – екі ұлттың мәдени өмірі мен салттарына саналы түрде қатысып өмір сүретін адам.
Негізгі тұлға – осы этностық топтың жеке тұлғаларымен туыстастыратын әрбір жеке тұлғада бар қасиеттер ұғымы. Осы қоғамнан негізін және оның мәдени базасын құрайтын әрбір нақты қоғамда басым келетін адамдардың «орташа» психологиялық типі.

Тұлғаның этностық құрылымы– адамның ішкі мазмұнын білдіретін және іс– әрекетіне, жүріс–

тұрысына әсерін тигізетін иерархия түрінде құрылған белгілі ұлт өкілінің қасиеттер жиынтығы.



Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.

Топ жетекшісі – жора – жолдастары мен қатар құрбыларына өзінің беделімен , іс-әрекетімен, мінез-құлқымен ықпал етіп отыратын адам.

Тәрбие – тәрбиеленетін адамда мінез-құлықтың, дүниеге көзқарастың, мінездің және ақыл-ой қабілеттілігінің қалыптасуы үшін мақсатқа бағытталған жүйелі ықпал жасау. Тәрбие оқылудың ажыратылмайды . Бірақ, оған дәлме-дәл де келмейді, тәрбие таптық сипатта болады.

Тума белгі – адамның дүниеге өзімен бірге келетін белгісі.

Тәртіптілік – адамның жеке басының дағдысы, үнемі тәртіп сақтауды қажет ететіндігі, өзі және қоғам алдындағы міндетін түсіне білуі.

Тианақталған сөйлеу - әрбір сөздің немесе сөйлемнің дәл анықталған, мазмұны жағынан аяқталған сөйлеу.

Түрлестік – 1) индивидке ықпал ететін топпен іштей немесе сырттай келісу; 2) жеке адамның ішкі позициясына қарамастан топпен сырттай келісу.

Түсіндіріп сөйлесу- заттың, құбылысты немесе ережені айқынырақ дәлірек түсінуге мүмкіндік беретін сөйлеу. Түсіндіру тәсілдер жиынтығы. Жағдайларға байланысты мұндай тәсілдер ретінде салыстыру, сипаттау, себебін көрсету, қарапайым модельді құрастыру т.б. атауға болады.

Түсінік – болмыстың заттары мен құбылыстарының өткен бір кездегі сезім мүшелеріне тигізген әсерінің сезім-көрнекілік бейнесі.

Шовинизм – ұлтшылдықтың жеткен формасы, ұлт араздық пен өшпенділік тудыруға бағытталған ұлт артықшылығын уағыздайтын саясат.

Халықтық психология – адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтың рухани мәдениетінде көрініс беретін білімдер жинағы.

Халық рухы – белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғалардың психологиялық қасиетін білдіретін

ерекше білім, сол ұлттың тілін, фольклорын, дінін, мәдениетін салыстырмалы түрде зерттеу арқылы маңызы ашылады.



Ұғым – заттар мен құбылыстардың мәнді белгілері мен ерекшеліктерін бейнелейтін жалпылаушы ойлау формасы. Ғылыми пәндердің бәрі ұғымдар жүйесінен құралады. Кез келген ұғымның мазмұны мен көлемі болады және ол қолдану ретіне қарай өзге ұғымдармен түрліше байланыста болады. Ұғым дерексіз ойлау нәтижесі арқылы жасалып, оның мазмұны мен көлемі анықталады.

Ұғымталдық –сезімталдық, әсер етуші нәрселер мен құбылыстарды сезім мүшелері мен ақыл-ой арқылы тез қабылдап, олардың мән-мағынасын жете түсіну қабілеті.

Ұжым –қоғамдық пайдалы іспен шұғылданатын, жоғары деңгейде дамыған адамдардың ұйымдасқан тобы. Ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың бірлесіп атқаратын қоғамдық істері мен мақсат-мүдделерінің бірыңғай болуында.

Ұлттық мақтаныш- тілінің, дінінің, мәдениетінің ортақтылығын ұғыну арқылы өзінің белгілі бір

ұлтқа жататындығын саналы түрде зерттеу арқылы маңызы ашылады.



Ұлттық психология- қоғамдық сана сезімнің маңызды компоненті, қоғамдық психологияның

құрамды белгісі. Адамдармен топтардың қимыл әрекетінде көрінетін олардың қоғамдық сана – сезімінің барлық формасын қамтитын идеология, мораль, дін,ғылым, өнер,философия.



Ұлттық әдет-ғұрып – белгілі бір ұлт ортасында болатын және олардың мүшелеріне үйреншікті

тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс әдісі.



Ұлттық мінез құлық өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың жүріс– тұрысын,

өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым– қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.



Ұлттық психологиялық ерекшеліктер –этнопсихологиялық ғылымның ұлттық психиканың

негізгі мағынасын ұлттық психикалық тұрпатын, ұлттық сипатын құраушы элементтерді білдіретін категория.



Ұлттық лидер (көшбасшысы) –белгілі бағдарламамен белгілі ұлт мүддесін жүзеге асыруда

практикалық әрекеттері үшін ұлтты ұйымдастыруда маңызды және жетекші ролі бар беделді тұлға.



Ұлт –аймақ, бірлігімен, экономиялық байланысымен, тіл ортақтығымен, мәдениетімен, кейбір

психиологиялық эрекшеліктерімен және рухани қасиеттерімен сипатталатын адамдардың тарихи қалыптасқан қауым түрі.



Этникалық дискриминация (кемсіту) – нәсілдік немесе ұлтына қарай белгілі бір азаматтар

категориясының құқыларымен мүдделеріне қасақана қысым көрсету.



Этникалық бірігу – этникалық қауымдарды жақындату процесі.

Этносаралық мәміле (компромисс) – этностардың, этникалық топтар арасында олардың

өкілдерімен өзара келісімге келу.



Этникалық контакт – түрлі ақпараттар және мәдени құндылықтармен алмасу барысында нақты

халықтар өкілдерінің бір – біріне ықпалын тигізетін этносаралық әрекеттестіктің формасы.



Этносаралық қарым қатынас мәдениеті – әр түрлі этностық қауымдар өнімдерінің

тұлғааралық байланысында және өзара әрекетінде көрінетін тез және ешбір ауыртпашылықсыз өзара түсінушілік пен келісімге әкелетін арнайы білім мен дағдылар, сондай – ақ соларға тән іс – әрекеттердің жинағы.



Этностық маргинал – қос этностық өзіндік сана тудыратын екі этностық мәдинетке бірдей тән болу.

Этностық ұтқырлық – мақсатты түрде этностық өзіндік бекіту және өзіндік бағытталған жұмысты белгілеу үшін қолданылатын термин,

Халықтық педагогика – әр түрлі буын өкілдерінің өзара қарым – қатынасы мен әрекеттестігінің ұлтқа тән тиянақты формасы сақталған этностық мәдениеттік салт – дәстүрде, халықтық және көркем шығармашылықта сақталған білім мен тәрбие дағдысының жинағы.

Халықтық психология – адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтық рухани мәдениетінде көрінетін білімдер жинағы.

Халық рухы – белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғалардың психологиялық қасиетін білдіретін ерекше тұйық білім сол немесе басқа этностың тілін, фольклорын моралін дінін, мәдениетін салыстырмалы түрде зерттеу арқылы манызы ашылады.

Ұлтшылдық – ұлттың ерекшелігі мен артықтылығы (үстемдік) туралы уағыздан тұратын кері тартпа идеология мен саясат. Бір ел ішінде ұлттар мен халықтар арасында ұлттық араздық тудыратын форма, сондай – ақ бір елдің халқын басқа елдің халқына қарсы шағыстыру формасы ретінде қолданылады.

Ұлттық мақтаныш – мәдениетінің, тілінің, дінінің ортақтылығын ұғыну арқылы өзінің белгілі бір ұлтқа жататындығын саналы түрде сезінуі, өз Отанына, халқына деген патриоттық сүйіспеншілік сезімі.

Ұлттық психология – қоғамдық сана сезімнің маңызды компоненті, қоғамдық психологияның құрамды белгісі. Бұл ақиқат құбылыс адамдар мен топтардың қимыл – әрекетіне және жүріс – тұрысында көрінетін олардың қоғамдық сана –сезімінің барлық формасын қамтитын идеология, мораль, дін, ғылым, өнер,философия.

Ұлттық өзіндік сана сезім – жеке тұлғаның белгілі бір әлеуметтік – этностық қауымдастыққа қатыстығы жататындығын сезінуі және идеяларда, көзқарастарда, сезімде, эмоцияда, көңіл– күйде көрінетін қоғамдық қатынастар жүйесіндегі оның орны.

Ұлттық лидер (көшбасшысы) –белгілі бағдарламамен белгілі ұлт мүддесін жүзеге асыруда практикалық әрекеттері үшін ұлтты ұйымдастыруда маңызды және жетекші рөлі бар беделді тұлға.

Ұлттық нигилист – барлық орнықтылық нормасын, өз этносының салт – дәстүрін терістейтін, өз халқына бөтен, патриоттық сезімі жоқ, халқының мәдениетін менсінбейтін адам.

Ұлттық әдет-ғұрып – дәстүр белгілі бір ұлт ортасында болатын және олардың мүшелеріне үйреншікті (әдетті) тарихи қалыптасқан таптауырынды жүріс-тұрыс әдісі.

Ұлттық соқыр сезім – этностық қауымның басқа қауымға олардың сипаттамасына қатысты жасайтын ақиқатты дәл жеткізбейтін, бұрмаланған нұсқаулар болып табылатын қоғамдық психологиялық құбылыс.

Ұлттық салт– тарихи қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан жүріс – тұрыс формасы тұрмыс санасында әбден тамырланған ережелер, құндылықтар, адамдардың қатысу түрлері.

Ұлттық сана сезімадамдардың өз этностық қауымға, оның мүдделері мен құндылықтарына деген ұлттық қарым–қатынасы, олар жағымды да жағымсыз ренкте де болуы мүмкін.

Ұлттық ақыл тұрпаты – ұлттық өзіндік сол немесе басқа ұлт өкілдерінің көпшілігінің ойлау ерекшелігі.

Ұлттық мінезқұлық – өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың үйреншікті жүріс – тұрысын, өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым– қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.

Ұлт – аймақ, бірлігімен, экономикалық байланысымен, тіл ортақтығымен, мәдениетімен, кейбір психологиялық және рухани қасиеттерімен сипатталатын адамдардың тарихи қалыптасқан қауым түрі.

Ұлт қатынастарының этикасы – этнос қауымдары мен топтар өкілдері арасындағы түрлі байланыстарды қалыпқа келтіретін ішкі ұлт аралық қатынастардың нормалар мен ережелер жиынтығы.

Үйлесім , сыйымдылық – бұл әлеуметтік психологиядағы түсініктер, яғни сырт қарағанда дара адамның өзінің ішкі қарсылығына қарамастан топтың ырқана саналы түрде бейімделіп, көнбістік көрсетуі.

Үнсіз сөйлесу – сөйлеу әрекетінің ерекше түрі. Үнсіз сөйлеуді кейде іштей сөйлеу дейді. Үнсіз

сөйлеуде адамның ойы мен білдірмек болған пікірі дыбыссыз айтылады. Іштей сөйлеуде сөйлемнің баяндауышы не бастауышы айтылады да, ой жүйесі үзінді-кесінді сипатта болады. Қарым-қатынас жасауда дауыстап сөйлеу тәсілі қолданылса , ал үнсіз, іштей сөйлеуде адамның ойлауы құрал қызметін атқарады да, ол өзінің іс-әрекетін реттейді.



Этностық топтар – тілдің, діннің, мәдениеттің тұрмыстық маңызды ерекшеліктерін сақтаған ұлттың оқшау бөлігі.

Этностық ауызбірлік – этнос ішіндегі қарым – қатынастар нәтижесі, этностық топтардың, қауымдардың нығаюы.

Этностық сана – сезім – нақты ұлттар мен халықтардың өкілдері ретінде адамдардың іс әрекеттері арқылы этнос ерекшелігін зерттейтін әлеуметтің психология мен этнология қилысында пайда болған ғылымның дербес саласы.

Этномәдениеттік бейімделу – психологиялық немесе әлеуметтік дағдылануы, адамдардың жана мәдениетке, жаңа ұлттық әдет – ғұрыпқа, өмір салтына, тәртіпке бейімделуі.

Этникалық ассимиляция (үндесу) – бір халықтың екінші халықпен оның тілін әдет – ғұрпын, мәдениетін меңгеру арқылы өз тілін, мәдениетін және ұлттық сана сезімін жоғалту жолымен бірігу нәтижесінде ұлттық психологиялық ерекшеліктердің белгілі бір өзгерістері (трансформациясы) пайда болады.

Этностық топтар – тілдің, мәдениеттің, діннің, тұрмыстық маңызды ерекшеліктерін сақтаған халықтың немесе ұлттың оқшау бөлігі.

Этностық дифференциация – басқа халықтардың тарихына, мәдениетіне, ұлт салттарына, мүдделері мен құндылықтарына деген индифференттік қатынасы мен сипатталатын этнос белгілері бойынша адамдардың ажырасуындағы эмоционалды – когнитивті процесс.

Этностық ұқсастыру (идентификация)– субьекттің бір этностық топтағы басқа өкілімен бірігудегі эмоционалды – когнитивті процесі, содай–ақ оның тарихына, мәдениетке, ұлт салттары мен барлық халықтар дәстүрлеріне, оның идеалдарына, сезімі мен мүдделеріне, фольклоры мен тіліне, этностық мекендейтін аймағы мен оның мемлекеттілігіне деген жағымды көзқарасы.

Әлемнің этностық көрінісі – нақты этностық қауым мүшелерінің қоғамдық болмыс, өмір туралы оймен тұрақты, байланысты ой мен көзқарастар жиынтығы.

Этностық ауызбірлік – этнос ішіндегі қарым–қатынастар нәтижесі, этностық топтардың, қауымдардың нығаюы.

Этностық мәртебе – этносаралық қарым-қатынас құрылымындағы жеке тұлғаның, топтың, қауымның орнын белгілейтін әлеуметтік мәртебенің элементі.

Этностық таптауырындар– түрлі этностық қауымдар өкілдеріне тән моральдық ақыл–ой, физикалық сипаттары туралы салыстырмалы түрде тұрақты ұғым.

Этностық толеранттық – жалпы толеранттықтың жеке оқиғасы яғни адамның басқа этнос өкілдерінің бейтаныс өміріне, мінез–құлқына, салт–дәстүрлеріне, сезіміне, пікірлеріне, сенімдеріне шыдамдылық білдіретін қабілеті.

Этностық бағдарлар – тұлғаның ұлт өмірімен ұлтаралық қатынастарының сол немесе басқа құбылыстарын қабылдауға дайындығы және нақты бір жағдайда осы қабылдауына сәйкес әрекет жасау.

Этностық кикілжің – этностық белгі бойынша қарсы мүдделі топтардың қарама–қайшы келетін топ аралық кикілжің формасы. Қарулы қақтығыстарда және ашық соғыстарға дейін әкелетін өзара наразылығымен сипатталады.

Этностық сана сезім – нақты ұлттармен халықтардың өкілдері ретінде адамдардың іс–әрекеттері арқылы этнос ерекшелігін зерттейтін әлеуметтік психология мен этнология қиылысында пайда болған ғылымның дербес саласы.

Этностық мәдени біліктілік – өзара әрекеттестіктің өзгешелігі мен шарттарын басқа ұлт өкілдерімен араласу кезінде өзара келісімдік және сенімдік атмосферасын ұстану мақсатында ынтымақтастықтың барабар (адекватты) формасын табуға, дұрыс ұғынуға көмектесетін білім, дағды, тәжірибені пайдалану дәрежесі.

Этнопсихолингвистика – этнос психологиясының қалыптасуындағы негізгі фактор ретінде оның тарихи тәжірибесін көрсететін тілдің ықпалын қарастыратын психология, этнология және лингвистика қиылысында пайда болған ғылыми білім саласы.

Этнопсихология – адамдар психикасының этностық ерекшеліктерін зерттейтін психологияның саласы, түрлі нақты этностық бірлестіктерге жататын адамдардың психологиялық өзіндігі туралы ғылым.

Этнос – тілі бір, салыстырмалы түрде тұрақты мәдени және психика ерекшеліктері ортақ. сондай–ақ жалпы өзіндік атауы бар (өзінің бірлігі және өзгешелігі туралы түсінігі бар) тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты жиынтығы.

Этноцентризм – барлық өмірлік құбылыстарды жалпы этап болып өз этнос қауымының салт –дәстүрі және құндылықтарымен салыстыра отырып қабылдау және бағалау қабілеті, өзінің өмір сүруін басқалардан артық көру.

Эмпатия - өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатияның айқын көрінісі – идентификация. Бұл – адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халде болуы.

Эгоизм (франц) – жеке басы мүддесін басқалардың, қоғамның мүддесін жоғары қоюшылық.

Эгоцентризм (латын) - өзімшілдік пен менменсудің шектен шыққан формалары.

Эйдетизм (грке) – бейнелерді еске өте дәл айқын түсіру.

Эйфория (грек) – шындыққа сәйкес клмейтін көңіл – күйдің шамадан тыс көтеріліп, шаттануы.
2 ДӘРІСТЕР
Өзін-өзі танудың мәні

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Өмірдің мағынасы – ол адамның санасындағы субьективті ең маңызды құндылық және оның мінез-құлқының басты реттеушісіне айналған құндылық. Адам дамуының шыңы - осы процесте өз денсаулығының белгісі бойынша адам организімінің, құратын қатынастардың адамгершілік нормаларға сәйкестілік белгісі бойынша тұлғаның еңбектегі және қарым-қатынастағы, сондай-ақ қоршаған орта мен өзін-өзі танудағы сәттіліктер белгісі бойынша іс-әрекет субьектісі ретіндегі қабілеттерінің жететін ең жоғарғы көрсеткіші. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасу, басқалармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие болған адам қоғамда өз орынын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін-өзі тану.«Өзін-өзі» тану курсы қазіргі таңда ғылыми жаңа бағыт болып табылады. Оның стратегиялық бағдары, тұлға болып қалыптасуы, дүние жүзілік көзқарасын кеңейту, әлеуметтік – экономикалық тапсырмаларды, күнделікті өмірдегі көкейкесті мәселелерді шешу, қарым-қатынас жасауға тағы басқа бағытталған.Тұлғаның өзін-өзі тануының негізгі құрамдас бөліктерін эксперименттік түрде анықтау мақсатымен оның төрт негізгі аумағын және олардың параметрлерін бөліп қарастырсақ, оларды төмендегідей көрсетуге болады.

1. Тұлғаның мотивациялық аумағы: мінез-құлықтың және іс-әрекеттің мотивтері, әлеуметтік қажеттіліктер.

2. Белсенділік аумағы: интерналдылық, инициативтілік, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі таныту.

3. Тұлғаның құндылықтық-мағыналық аумағы: құндылықтық бағдарлар, өмірдің мағынасы мен мақсаттары.

4. Тұлғаның этникалық өзіндік санасының аумағы – этникалық жаңсақ нанымдардың негізінде қалыптасатын этномәдени сәйкестілік.

Өзiн-өзi тану сияқты күрделi психологиялық феноменнiң мазмұнына қатысты әр-түрлi көзқарастар бар. Тұлғаның өзiн-өзi тану теориясының негiзiн салушы К. Маслоудың анықтамасы бойынша, өзiн-өзi танып білуі - адамның өзiнiң барлық тұлғалық мүмкiндiктерi мен шығармашылық қабiлеттерiн толық ашуға және дамытуға үздiксiз ұмтылысы .Р.С. Немов өзiн-өзi тануды психологиялық бiлiм негiзiнде қарастыра, маңызды қайнар көздерiн атап көрсетедi:

1. Қоршаған орта: ата-ана, туған-туыс, достар т.б баланың іс-әрекетiне қарап баға берiп, ал бала сол берген бағаны сенiм ретiнде қабылдап, қандай да бiр өзiндiк баға бала бойында қалыптасады.

2. Адам өз iс-әрекетiн өзгелердiң iс-әрекетiмен салыстыра бағалауы.

3. Өзiн-өзi тану мен өзгенi тану көбiнесе әртүрлi өмiрлiк жағдайлардан, әртүрлi тесттер арқылы жүзеге асыруға болады.

С.В. Кондратьева бойынша өзiн-өзi тануды зерттеуде әртүрлi бағыттар, психологиялық механизмдер жайлы сұрақтар, басқа жеке адамды тануда өзара байланыс ерекшелiгi және өзiн-өзi тануы жеткiлктi дәрежеде зерттелiнбеген. Өзге адамды түсiнуде және өзара байланыс механизмiн, мазмұнын айқындауы, мiнез-құлық рефлексивтi қасиетiн анықтауға жол ашады деп көрсетедi Л.Н. Десен тұлғаның өзiн-өзi тануы мен өзге адамдардың ол жайлы бiлуi, тануының арасындағы өзара байланысын зерттеуде, ең алдымен қоршаған адамдар ортасында қарым-қатынастың деңгейiн анықтау. Зерттеу мазмұнында тұлғаның қарым-қатынасы өзiнiң құрбыларымен, қарама-қарсы жынысты адамдар арасындағы қарым-қатынасы әсер етедi. Ж. Маралов бойынша, «өзiн-өзi тану» - бұл өзiнiң потенционалды және жеке бас қасиетiн, интеллектуалды ерекшелiгiн, мiнез-құлқын, өзiнiң қатынасын өзге адамдар арқылы өзiн тану процесi.

Өзiн-өзi танудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, психологияда кеңiнен ашылып көрсетiледi:

- өзiн-өзi тану – психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi қабылдау құралы.

- өзiн-өзi тану - тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулықты қабылдау жағдайы.

- өзiн-өзi тану - тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның жүзеге асырылуы. Бұл мәндер өзара тығыз байланыста болып келедi және олар бiр-бiрiн толықтырып отырады.

Классикалық психоанализде өзiн-өзi тану бейсанада ығыстыру ұғымымен сипатталынады. Австриялық психолог және психиатр З. Фрейд ығыстыруға агрессивтi және сексуалды тенденцияны жатқызады. Психоаналитиктiң мұндағы рөлi емделушіге (пациентке) арнайы психоанализ техникасын қолдана көмек беру.

З. Фрейд шәкiртi австриялық психиатр А. Адлер өзін-өзі танудың мән-мағынасын адамның өзінің алдына қойған шынайы мақсатын танудан көреді.Гештальттерапияда өзін-өзі тану адамның тұлғалық кемелге жетудегі жетістік құралы ретінде қарастырылады. Неміс психологы Ф. Перлз тұлғалық кемел сапасындағы көрсеткішін мынандай түрге бөліп көрсетеді.

1. Басқаларға емес, өзіне демеулік, көмек көрсете алу.

2. Жауапкершілікті өз мойнына алу.

3. Қиын жағдайда өзіндік ресурсын жеделдету.

4. Дағдарыстан шығу үшін тәуекелге бару.

Гуманистік психологияда өзін-өзі тану тұлғаның өзіндік даму жағдайымен, өзін-өзі жетілдірумен қарастырылады. Бұл бағыттың өкілі американдық ғалым К. Роджерс адам құрамын реалды «Мен» және идеалды «Мен» деп бөліп көрсетеді, ал адам өміріне әсерін тигізетін әлеуметтік ортаны қосымша етіп алады.

Реалды «Мен» - өзі туралы ой, сезімі, талпынысы тағы солсияқты елестету жүйесі.

Идеалды «Мен»- адам болашақта қандай болғысы келетiнi, терең ойлауы мен өзiнiң тәжiрибесi.

Әлеуметтік орта - бұл басқа адамдардың баға беруi (адамның құндылығы, көзқарасы, iс-әрекетi, нормасы тағы сол сияқты).Реалды «мен» және идеалды мен өзара сәйкес келмеуi мазасыздықты, әрекеттiң бейiмделе алмауы, әртүрлi психологиялық мәселелер туындайды.Сонымен, В.Г. Маралов бойынша өзiн-өзi тану - өзiндiк тәжiрибенi меңгеру құралы: адам өзiн-өзiн тануда тұлғалық өсу қабiлетiн, өзiн-өзi жетiлдiру, өмiр қуанышын сезiну, өмiр мәнiн түсiне алуы. Өзiн-өзi танудың мәнi позитивтi және негативтi болып екiге бөлiнедi.Позитивтi мәнi – кез келген жұмыс жағдайы, белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн, жұмыс сәттi болу үшiн талаптың қойылуы, қарым-қатынасты нығайтуда, өз мүмкiншiлiгiн арттыру және бұл қасиеттердi адам өз бойынан тануы.Негативтi мәнi - өзi жайлы жақсы танып бiле алмағандықтан, адам күштi және әлсiз жақтарын мұттәйiм мақсатта қолдануы, өз амбициясын, өз талаптарын қанағаттандыру тағы басқа.Психологияда өзін-өзі тану саласын алғаш атап көрсеткен американдық психолог У. Джеймс. Сыртқы дүние арқылы өзiн-өзi тану - қарым-қатынаста, iс-әрекеттi орындауда өз қылығын бағалау, өз мүмкiншiлiгiн және қабiлеттiлiгiн көрсете алу. Iшкi дүние арқылы өзiн-өзi тану - уайымдау, сезiм, арман, ой, қалау тағы сол сияқты iшкi дүниенi сыртқа шығарып, тану үшiн қызықты жұмыспен шұғылдану абзал.

Соқыр дақ - мен жайлы басқа адамдардың бiлуi, бiрақ мен өзiм бiлмеуiм.Жасырын аймақ - мен өзiм жайлы бiлуiм, бiрақ өзге адамдар мұны байқамайды.Белгiсiз - мен өзiм жайлы және өзге адамдарда мен туралы бiлмеуi.Сонымен, өзiн-өзi тану пәнiнiң қорытындысы Арена терезесiн жоғары деңгейге көтеру, кеңейту, ал соқыр дақ аймағын тарылту, жасырын аймағын нақтылау, яғни ненi өзге адамдардан жасыру, ненi ашық көрсету мен мақсатқа жету үшiн ненi қолданған пайдалы және оны жетiлдiру. Осындай модельдi қолданса тұлға өзiндік бақылау жасай отыра, өзге адамдардың тұлға жайлы не ойлайтынын бiле алады.



Өзiндiк сана – «Мен» образын тану субьектiсi ретiнде «Мен» iс-әрекетi (Мен-концепциясы). «Мен» образы, «Мен» субьективтi ретiнде құрылымындағы реттеушi қызмет. Өзiндiк сана құрылымының төмендегi кестеден көруге болады.

1. Эмоционалды құндылық қатынасы

2. Өзiн-өзi тану

3. Өзiн-өзi реттеу

4. Өзiн-өзi бақылау

5. Өзiн-өзi бағалау

«Мен» субьект ретiнде әртүрлi белсендi iс-ірекеттердiң әсерiнен өзiн-өзi тану қызметiн атқарады, оның өзi эмоционалды құндылық қатынасымен тығыз бiрге жүредi.

Өзiн-өзi тану қорытындысында «Мен» образы тұсiндiрiледi және кейде жаңа «Мен» образы жинақталынады. Тұлғаның талпынысы «Мен» образы бiрден пайда болмайды, ең алдымен тұлға қасиеттерi, қылық, әрекет ерекшелiктерi тағы сол сияқты өзi жайлы ойлар қалыптасады. Мұнда басты орынды өзгелермен салыстыруы, өзiн-өзi бағалауымен ерекшеленедi. Егер «Мен» образы рационалды түсiнiктi қабылданған мезетте «Мен концепциясы» жоғары деңгейде болады, ол адам өмiрiне әсерiн тигiзiп, мақсатын, жоспарын анықтауға әсерiн тигiзедi [6, б.19-20].

Отандық психолог В.В. Столин адам ұйымының үш деңгейiн көрсеттi:

1. Биологиялық индивид;

2. Әлеуметтiк индивид;

3. Тұлға.

Биологиялық индивид деңгейiнде өзiндiк сана «Мен» физикалық мүмкiндiгiн, өз дене бейнесiн құру мүмкiндiгiн көрсетедi.

Әлеуметтiк индивид деңгейiнде өзiндiк сана өзгелердiң көзқарасын қабылдау, ата-анасымен өзiн ұқсастыруы, әрекеттi орындаудағы үлгiлердi игеру, өзiн-өзi бағалауының қалыптасуы; кейiннен кәсіби идентификациясы; өзiн-өзi бақылай алуы тағы сол сияқты қалыптасады.

Жеке адам деңгейiнде өзiндiк сана өзiндiк әлеуметтiк құндылығымен, өткен, қазiргi және болашақ жайлы елестетуi мен ондағы өзгерiстердiң көрiнiсiмен сипатталынады.

В.Г. Маралов сипаттамасында өзiн-өзi тану – бұл әрекеттiң дәйектiлiгi мен жиынтығы. Алдымен қандайда бiр тұлғалық қасиетi немесе iс-әрекет сипатын анықтап алу, бұл өте маңызды, онсыз өзiн-өзi тану мәнi жойылады. Оны санамауға бекiтiп, талдау соңында адамның тұлғалық қасиеттер құрылымын, оның шекарасын қарастырып бағалауы да «Мен концепциясын» қабылдамайды. Өзiн-өзi тану процесi - бұл өзiнiң бойынан қандайда бiр қасиеттi анықтау.



Кесте 1.1.4 Өзiн-өзi тану процесi

жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау