Альдибекова шолпан нурсапаевна



жүктеу 0,58 Mb.
бет1/3
Дата05.03.2018
өлшемі0,58 Mb.
#11686
  1   2   3

ӘОЖ 373.1.02: 373.3:372.8:[91+54]

Қолжазба құқығында


АЛЬДИБЕКОВА ШОЛПАН НУРСАПАЕВНА

Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнінен географиялық

және химиялық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі

13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (география)

13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (химия)

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде орындалған




Ғылыми жетекшісі:

педагогика ғылымдарының докторы Аймағамбетова Қ.А.







Ресми оппоненттер:

педагогика ғылымдарының докторы

Есназарова Ұ.Ә.


педагогика ғылымдарының кандидаты

Жұмаділова Р.Н.








Жетекші ұйым:

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Қорғау 2010 жылдың «___» ______________сағат _____ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.08.05 дисссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі 86, 4-қабат, 415 бөлме.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі,30)

Автореферат 2010 жылдың «____» _________________ таратылды.
Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы Шоқыбаев Ж.Ә.



КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі.

Егеменді еліміздің қоғам өмірдегі табандылықпен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, экологиялық және білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер бүкіл халықтық мәселеге айналып отыр. Мұндай ғылым мен техниканың даму талаптарына қарай білім берудің қарқыны да мазмұны мен жүйесі де және оған қойылып отырған талаптар да үлкен өзгеріске ұшырауда.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Білім берудің бастауыш және орта білім беру, сондай – ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін халықаралық стандарттарға жақындата түсу» - деп аталатын бөлімінде сапалы білім беруге жан–жақты қол жеткізудің маңыздылығы туралы ерекше атап өтті.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» -деп көрсетілген. Бұл қағида оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруды көздеуден туындап отыр. Себебі, білім жүйесінде болатын қайта құру мәселесі заңды түрде бастауыш сыныптардан басталатыны анық. Бүкіл орта білімнің іргетасы осы сатыдан бастау алатыны белгілі. Сонымен қатар, орта мектепте оқылатын барлық пәндердің алғашқы ғылыми ұғымдары осы бастауыш сыныптардан бастап-ақ, оқушылардың білім қорына ене бастайды.

Қазіргі таңдағы бастауыш сыныптарда білім берудің басты талаптарының бірі - баланың жеке бастық дамуына, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда қоршаған дүниені терең түсінген, ондағы үздіксіз болып тұратын өзгерістерді байқап, бақылай алатын оқушы ғана даму мүмкіндігіне ие болады.

Осы міндеттерді жүзеге асыруда оқушыларға қоршаған табиғи және әлеуметтік, ортадағы заттар мен құбылыстардың өзара байланыстарын тануға ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары негіздерінен берілетін ғылыми ұғымдарын қалыптастыру келешекте олардың білімді саналы меңгеруіне және дамуында үлкен рөл атқарады.

Жалпы адамның тұлға ретінде қалыптасуына табиғаттың тигізетін әсерін және алғашқы алатын ұғымдардың рөлін философтар мен психологтар атап көрсетеді. Шығыс ғұламасы Әбу Насыр Әл-Фараби өз еңбегінде ғылымның бастауы ұғымдар, қағидалар, алғышарттардан тұратындығын атап кеткен. Философия ғылымын зерттеушілер И.П.Сафронов, Д.И.Фомин, А.Гуссейнов, В.И.Фурсов және Қазақстандық белгілі философтар: Д.Кішібеков, Ә.Нысанбаев, Ғ.Ақманбетов, Ұ.Сыдықов, Ә.Жақсыбековтердің еңбектерінде де бұл мәселе жайында толық пікір айтылған.

Оқушыларда бастапқы ғылыми ұғымдардың пайда болуы олардың танымның жоғарылауына ғылыми деңгейінің көрінуіне әсер етеді. Бастауыш сынып оқушыларында дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастыруда ұғымды меңгеру ең мағызды рөл атқарады. Оқушылардың ғылыми ұғымын қалыптастыру таным теориясымен, логикамен, психологиямен тығыз байланысты.

Бірқатар психологтар П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, П.П.Блонский, С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, В.В.Репкин т.б., еңбектерінде ұғымдардың жинақталуына әкелетін ақыл-ой әрекеттерінің сатылай қалыптасуы, ұғымның нақты білім екендігі, ұғымның сан-алуан құрылымы, ұғымдардың жеке және жалпы түрлері көрсетілген. Сондай-ақ, оқушылардың эмпирикалық білімдерінің қайта жаңғыртылуы, оқыту барысында бастапқы ғылыми ұғымдардың меңгерілуі, бастауыш және негізгі мектептердегі географиялық, химиялық мазмұндағы материалдарды оқушылардың практикалық әрекеттер барысында қалыптастыру теориясы атап көрсетіледі.

Зерттеуші ғалымдар Б.Г.Ананьев, Д.М.Богоявленский, Н.Б.Менчинская, Е.Н.Кабанова-Меллер оқушылардың ғылыми ұғымдардың меңгеруі үшін толық түрде жетілген тәжірибенің қалыптасуы қажет деп атап көрсетсе, И.Ф.Свадновский, П.Баранов, И.Д.Лушников, И.С.Якиманская, Ф.Н.Шемякин т.б. теориялық танымның дамуы тұлғаның ынталығы мен сезімталдығына байланыстылығын, ұғым мен түсінік арасындағы айырмашылықтарды және оларды қалыптастыратын жүйелерді талдап көрсетеді.

Оқушыларға ұғым беруде бақылап зерттеуге мүмкіндік беретін олардың көзіне айқын түсетін қоршаған ортада кездесетін нысандарға негіздеудің маңызы туралы педагог-ғалымдар Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский ерекше атап көрсетсе, қазақ ағартушылары: М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Қожахметов т.б. қазақ халқының ерекше құнды деп табылатын асыл қазыналарының бірі – қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері: географиялық тиым сөздер, нақыл сөздер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, болжаулар арқылы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде географиялық ұғымдарды тереңірек қалыптастырудың бірден-бір жолы екенін дәлелдеген.

Бастауыш мектепте географиялық білім беруге байланысты оқу әрекеттері теориясын ұсынған Е.А.Гудинова, Е.Н.Букварева, Л.В.Тарасов, А.А.Вахрушев, А.С.Раутиан еңбектерінде оқушыларға ғылыми ұғымдарды меңгертуде практикалық іс - әрекеттің басым болу керектігін дәлелдейді.

Қазақстандық белгілі ғалымдар: Қ.Б.Жарықбаев, А.Е.Әбілқасымова, Ж.А.Қараев, Т.С.Сабыров т.б. жастардың дамуын жетілдіруде олардың танымдық әрекетіне баса мән беруді ұсынады. Бастауыш сыныптарда жаратылыстару ғылымдарынан оқушыларда ғылыми ұғым қалыптастыруға байланысты пікірлер оқулық авторлары әдіскер-ғалымдар Т.Мұсақұлов, Т.Коргулин, Ә.Бірмағамбетов, Қ.А.Аймағамбетова, А.Мырзабаев, Қ.Сарманова, т.б. еңбектерінде элементарлық химиялық, химиялық ұғымдардың дамуы, химиялық, географиялық ұғым қалыптастырудың психологиялық және педагогикалық мәселелері, бастауыш сыныптарда жаратылыстану материалдары бойынша білім берудің теориялық және әдістемелік мәселелері кеңінен қарастырылады.

Оқушылардың тұлға ретінде дамуында олардың санасында ғылыми ұғымдардың қалыптасуы үлкен әсер етеді. Әр пәннің мазмұны мен мақсатына орай оқушыларға беретін ғылыми ұғымдарының да мазмұндық, жүйелік, көлемдік ерекшеліктері бар.

Ұғым арнайы ғылымдар шеңберінде туындап, түрлі іс-әрекеттер негізінде қалыптасады, сондықтан да біз географиялық, химиялық ұғымдарды қалыптастыру туралы сөз еткенде бастауыш сыныпта оқытылатын дүниетану пәні бойынша нақты географиялық мазмұндағы материалдар арқылы білім беру негізіне сүйенеміз. Біз зерттеген психологиялық-дидактикалық жеке әдістемелік әдебиеттерде білім берудің төменгі сатысына яғни, бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымдарын қалыптастыруды жеке зерттеу нысаны еткен ғылыми әдістемелік еңбектердің жеткіліксіздігі байқалды.

Қазіргі таңда оқушыларға білім беру жеке тұлға дамытуға бағыттала жүргізілетін болғандықтан, бағдарламалық материалдарды оқытуда олардың ғылыми ұғымдарын қалыптастыру мәселесіне баса көңіл бөлудің керектігі туындап отыр. Бастауыш сыныптарда білім беру жүйесіне жүргізілген бақылаулар мен іс-тәжірибелер және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау нәтижесінде оқушылардың географиялық. химиялық ғылыми ұғымдарын қалыптастыруға байланысты бірнеше қарама-қайшылықтардың туындап отырғандығы байқалды:

- білім стандарты мен пән бағдарламасында бастауыш сынып оқушыларының ғылыми ұғымдарын қалыптастыруға қойылып отырған талаптар мен білім беру барысында оны жүзеге асыру арасындағы қарама-қайшылық;

- бастауыш сыныпта географиялық, химиялық материалдарды оқытуға байланысты арнаулы әдістемелік нұсқаулардың жеткіліксіздігі;

- бастауыш сынып оқушыларының ғылыми географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастырудағы мол мүмкіндік пен қажетті дидактикалық материалдарың жетіспеушілігі арасындағы қарама-қайшылық;

- географиялық, химиялық материалдарды оқытуда бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың ғылыми ұғымын қалыптастыруға байланысты тәжірибелерінің төмендігі;

Бастауыш мектептерде «Дүниетану», «Қоршаған дүние» пәндерін оқытудың қазіргі жағдайын зерттеу географиялық, химиялық ұғымдарды қалыптастыру үрдісін белсендіруде дидактикалық құралдар жүйесін қолдануға аса назар аударылмай отырғандығын көрсетумен қатар, бұл ұғымдарды меңгеруге ықпал ететін әдіс-тәсілдердің жетіспеушілігі біздің зерттеу нысанымызды анықтауға себеп болды.

Жоғарыда көрсетілген қарама-қайшылықтарды шешудің жолдары мен әдістерін зерттеу тақырыбымызды «Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәнінен географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі» деп алуымызға тура келді.



Зерттеудің мақсаты - Бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымдарын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу, оны жүзеге асырудың әдістемесін беру.

Зерттеудің нысаны - Бастауыш сыныптарда «Дүниетану» пәнін оқыту үрдісі

Зерттеудің пәні - Бастауыш сынып оқушыларына географиялық, химиялық ұғым беру үрдісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы - егер, бастауыш сыныптарда дүниетану пәнін оқытуда оқушыларда географиялық ұғымдарды қалыптастырудың теориялық моделі берілсе географиялық, химиялық ұғымдарды қалыптастырудың әдістемелік жүйесі жасалса, географиялық, химиялық ұғымдардың мазмұны мен көлемі анықталса, онда оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі белсенділігі артып, сабақ барысында оқушылардың ұғымын қалыптастыруға көмектесетін дидактикалық құралдар кеңінен қолданылып, білімді саналы түрде меңгеріп, географиялық, химиялық ғылыми ұғымдары қалыптасады.

Зерттеудің міндеттері:

1.Философиялық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді ғылыми тұрғыдан талдау арқылы бастауыш сынып оқушыларында географиялық, химиялық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негізін саралау.

2.Бастауыш сынып оқушыларында қалыптасатын географиялық, химиялық ұғымдардың мазмұнын, жүйесін, көлемін анықтау.

3.Бастауыш сынып оқушыларына географиялық, химиялық ұғымдарды қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін беру.

4.Бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымдарын қалыптастырудың әдістемесін жасап, оның тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы дәлелдеу.

Зерттеудің жетекші идеясы: Бастауыш сыныптарда «Дүниетану» пәнін оқыту-оқушыларының географиялық, химиялық ұғымдарын қалыптастырудың негізгі көзі ретінде қарастырылса, сол арқылы оқушылардың дүниенің біртұтастығы туралы дүниетанымын, білім деңгейі мен біліктіліктерін дамытуға жағдай туады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі: танымның философиялық теориясы, ұғымның қалыптасуы мен дамуының жалпы дидактикалық теориясы, жеке тұлға және оның әрекеті, зерттеу мәселесі бойынша оқушылардың психологиялық-педагогикалық және физиологиялық жас ерекшеліктері туралы ғылыми қағидалар.

Зерттеу көздері ретінде: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007), Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын зерттеу мәселесіне қатысты философтар, психологтар, педагогтар, әдіскерлердің еңбектері, Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, пәндік оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендер, алдыңғы қатарлы ұстаздардың және автордың педагогикалық ғылыми іс-тәжірибелері алынды.

Зерттеу әдістері:

- теориялық (философиялық, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау, жалпылау және салыстыру, абстрактілеу және нақтылау, зерттеу болжамын модельдеу шолу)

-эмпирикалық (мектеп құжаттарына сүйену, сауалнама жүргізу, зерттеу, педагогикалық жағдайларды сараптау, үлгілеу)

-статистикалық (зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық өңдеу).



Зерттеу кезеңдері: зерттеу жұмысы (2003-2009) жылдар арасында жүргізіліп, үш кезеңнен тұрды:

Бірінші кезеңде (2003-2005 ж.ж.) зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық еңбектерге талдау жасалынып, бастауыш сынып оқушыларына географиялық, химиялық ұғым берудің қазіргі жағдайына теориялық және әдістемелік тұрғыдан талдау мен бағалау жұмысы жүргізілді, зерттеудің негізігі ұстанымдары анықталып, міндеттері айқында лып, сараптамалық материалдар даярланды. Эксперименттік және бақылау сыныптары белгіленді..

Екінші кезеңде (2005-2007ж.ж.) бастауыш сынып оқушыларына дүниетану пәнінен географиялық, химиялық ұғым берудің құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды. Анықтау эксперименті кезінде оқушылардан, мұғалімдерден сауалнамалар алынып, әңгімелесу, бақылау барысында оқушылардың географиялық және химиялық ұғымдарының деңгейі анықталды. Тәжірибелік-бақылаудың нәтижелері өңделіп, қалыптастыру экспериментіне керекті материалдар дайындалды. Осылардың нәтижесінде қалыптастыру эксперимент жүргізіліп, нәтижелері талданды.

Үшінші кезеңде (2008-2010ж.ж.) Зерттеу мәселемізге байланысты тәжірибелік эксперимент жұмыстарының нәтижесі қортылып, тақырыпты теориялық және әдістемелік негізде диссертациялық жұмыс ретінде рәсімдеу ісі орындалды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

- бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негізі жасалды.

- бастауыш сынып оқушыларында қалыптасатын географиялық, химиялық ұғымдардың мазмұны, жүйесі, көлемі анықталды.

- бастауыш сынып оқушыларының географиялық ұғымын қалыптастырудың моделі берілді.

- бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымын қалыптастырудың әдістемесі беріліп, эксперименттен өткізілді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

- бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымын қалыптастырудың жолдары мен әдіс- тәсілдері берілді.

- дүниетану пәнінде оқушылардың географиялық, химиялық ұғымын қалыптастыру әдістемесі бастауыш сыныптардың оқу үрдісіне ұсынылды.

- оқушыларының географиялық, химиялық ұғымын қалыптастыру әдістемесін бастауш сыныптар мұғалімдерінің іс-тәжірибесінде, колледжде, педагогикалық маман дайындайтын жоғарғы оқу орындарында және мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында қолдануға болады..



Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  1. Бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымын қалыптастырудың теориялық негізі.

  2. Бастауыш сынып оқушыларының географиялық ұғымын қалыптастырудың моделі.

  3. Бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымын қалыптастырудың мазмұны, жүйесі, көлемі.

  4. Бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымын қалыптастырудың әдістемесі.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: Негізгі ұстанымдардың әдіснамалық дәлелдігіне негізделеді, ақпараттардың әр түрлі бастамалары мен сандық және сапалық талдауды үйлестірумен қамтамасыз етіледі, тәжірибелік – сараптамалық жолдармен, алынған нәтижелерді өңдеу және талқылаумен расталады.

Негізгі пікірлер мен нәтижелерді тәжірибеден өткізу: жоғарғы оқу орындары арасындағы ғылыми практикалық конференцияларда, бастауыш сынып мұғалімдерін қайта даярлау мен біліктілігін көтеру курстарында баяндама оқылды.



Зерттеу базасы: Зерттеу нәтижелерін сынықтан өткізу және тәжірибеге енгізу Алматы қаласы Алатау ауданы 169 орта мектеп, 123 орта мектебінде, Алматы облысы Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылының Қожбанбет би атындағы орта мектебінде жүзеге асты. Экспериментке 270 оқушы қатысты. Оның 134-і бақылау тобы, 136-сі эксперименттік тобы.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру. Зерттеу жұмысының нәтижелері халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларда (Алматы 2003, 2004, 2006, 2007, 2008 жж.), (Ташкент 2008) баяндалды. Сондай-ақ, мерзімді басылымдарда, ғылыми жинақтарда, әдістемелік нұсқауларда көрініс тапты. Оқу әдістемелік кешендері дайындалып ұсынылды.

Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі дәлелденеді, теория мен практикадағы мәселенің жағдайы сараланып, зерттеудің нысаны, пәні, болжамы, мақсаты, міндеті мен әдісі анықталады, оның ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы, зерттелу сатылары мен қорғауға ұсынылатын қағидалар анықталады.

«Бастауыш сыныпта оқушылардың географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда зерттеу тақырыбына байланысты теориялық және әдістемелік әдебиеттерге ғылыми тұрғыдан шолу жасай отырып, бастауыш мектептегі географиялық материалдарды оқытудың қазіргі жағдайы, осы мәселені психологиялық және педагогикалық тұрғыдан негіздеу мақсаттары жүзеге асты. Сонымен қатар қазіргі кезге дейін бастауыш сыныптарда географиялық және химиялық білім берудің даму тарихына тоқталдық. Осыған орай осы ұғымдарды қалыптастырудың теориялық моделі берілді.

«Бастауыш сыныптарда оқушылардың геграфиялық ұғымдарын қалыптастыруға байланысты педагогикалық эксперимент және оның нәтижелері» атты екінші тарауда географиялық ұғымдарды қалыптастыруға байланысты ұйымдастырылған педагогикалық эксперименттің мақсаты, барысы және нәтижесі әр сатыға бөліне отырып талданады. Осы тұста тәжірибелік-сараптамалық жұмыстардың мазмұны, географиялық, химиялық ұғымдарды қалыптастыруға байланысты берілген дидактикалық құралдар оны қолдану жүйесі, ғылыми әдістемелік нұсқау берілді.

Қорытындыда зерттеудің жалпы нәтижелері анықталып, әрі қарай мәселені зерттеуге ұсыныстар берілді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазіргі қоғамдағы өзгерістер, адамның жаңа әлеуметтік рөлге ие болуы жан-жақты білімді, эстетикалық мәдениеті жоғары, қоғамға еркін араласуға дайын, қабілетті тұлғаны тәрбиелеуді талап етіп отыр. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларына білім берудің негізгі мақсаттарының бірі - олардың өзін қоршаған ортадан берілетін білімді өмір тәжірибесімен байланыстыру арқылы ғылымдар бастамасынан ғылыми ұғымдар жүйесін қалыптастыруды, оқушының мәдени мұраларды меңгеруіне және оның жеке тұлға ретінде дамуына көмектесу. Соңғы уақытта білімді сапалы меңгерту жолында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде оқушыларға ғылыми ұғым беру арқылы олардың танымын кеңейту, ғылыми деректерді меңгертудің бірізділігі мен логикалық жүйелілікпен тиімді әдістер негізінде ұйымдастыруды жүзеге асыру мәселелері қарастырылуда.

Ұғым дегеніміз – шындықтағы заттардың айрықша өзіндік қасиеттері мен олардың арасындағы қарым-қатынастарды бейнелейтін ой. Ұғым мәні жағынан біртұтас білім ретінде бейнелейтін шындықты көрсетеді де, сонымен қатар, ойлау әрекетіне негіз болады. Ұғым өзінің пайда болуы жағынан өмір тәжірибесін жинақтау ретінде де анықталады.

Философиялық еңбектерде ұғым сипаттамасы әртүрлі анықталады: ұғымның «оймен» құрылуы, «ұғым-ойлау формасы», «ұғым-ой»; ұғымда бейнелейтін қасиеттердің, байланысы мен ара-қатынастарының болуы; көргенін, байқағанын, сезгенін қорытындылау. Ұғым өзінің пайда болу жағынан тәжірибені қорытындылау ретінде анықталады. Осыған байланысты ұғым нанымның ең жоғары дерексіз теориялық сатысы ретінде көрінеді. Бірақ адам санасындағы түсінік форма және объективтік шындықты бейнелейтін саты ретінде дерексіздік те болады. Ұғым бұл түсініктің тиянақталып, негізгі белгілері арқылы санада берік сақталуы.

Сонымен, ұғым - философиялық өлшем, логикалық таным деңгейі ретінде өз белгісі бар тұрақты құбылыс. Ал әр түрлі ғылымдардың өз өлшемдері болғандықтан, түсінікке өз мәртебелерін береді: географиялық, биологиялық, медициналық, тарихи, т.с.с. Философияда ұғымды құрау үрдісі дерексіздік ретінде анықталады да, бірнеше сатыларға бөлінеді.

Ұғымды психологиялық тұрғыдан қарастырсақ, ол түсінікке қарағанда көп қырлы және мазмұны мен мәні жағынан да түсініктен айырмашылығы бар. Олар бір-бірімен байланыста және қарама-қайшылықта дамиды. Түсініктер бейнелі көрнекі, ал ұғым көрнекі емес, ұғым құбылыстың маңызды жақтарын, өзара байланысын ашады. Түсініктер үнемі ойлау процесімен байланысты, сөзсіз оның туындауы мүмкін емес. Ұғым затты сырттай қарап қол жеткізетін сезіну мағынасында емес, ол заңдылықты бейнелік ойлау мен сезімдік таным негізінде оқушының сезімдік тәжірибесінде қалыптасатын жағдай екендігін алдыңғы қатарлы психологтар дәлелдей келе, оқушылардың ойлауының дамуы сезімдік тәжірибеден тыс жүзеге асырылуы мүмкін емес деген пікірге тоқталады. Түсінік үнемі өзгеріп, толықтырылып отырады, сүйтіп, біртіндеп ұғымға айналады. Ұғымдардың негізгі көзі - обьективті болмыс болғандықтан, географиялық және химиялық ұғымдар нақты табиғи нысандар мен құбылыстарға негізделіп берілетіндіктен, бастауыш сынып оқушыларының түсінігіне лайық болып келеді. Түсініктер мен ұғымдар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нақты ұғым қалыптасады.

Психологиялық тұрғыдан алсақ, түсінік бар және ұғым бар. Осы екеуінің қайсысы алдыңғы десек, оқушы алдымен әрбір заттың қасиетін, құбылыстарды, осыған байланысты деректерді түсінуге тиісті. Белгілі психолог Л.С.Выготскийдің пікірі бойынша ұғымдардың түсінікке қарағанда мазмұны бай, жалпылау жолы жеке белгілері формальды болмайды, берілген заттың басқа затпен қатысын, байланысын ашады. Егер зат тікелей әсерленумен ғана емес, көп бейнелі байланыстар мен қатынастарда ашылса, онда ұғым солғұрлым терең, болмысқа сәйкес және түсінікке қарағанда дәл, толық болады. Ұғымның мазмұнымен қатар көлемі бар. Ол – ұғымға енетін барлық нысандардың елеулі белгілерінің жиынтығы ретінде қаралады. Сонымен қатар ұғым нақты және саналы меңгертілуі үшін әр пәннің арасындағы байланыстар болуы керек. Ұғым, ойлау, ой, білім жүйесі ретінде қарастырылады, онда заттар мен құбылыстардың ерекше қасиеттері, байланыстары мен ара қатынастары қорытынды түрінде бейнеленеді.

География – біртұтас ғылымдар жүйесі. Оның негізгі салалары мектептегі географияда көрініс тапқан (геологиялық-геоморфологиялық, климаттық, гидрологиялық, топографиялық-картографиялық, т.б.) білімдер жүйесі – мектеп бағдарламасында белгіленген арнайы біртұтас ғылыми білім ретіндегі өзара байланысқан көптеген элементтерден (түсініктер, ұғымдар, заңдылықтар, фактілер) тұрады. Сонымен қатар, берілетін химиялық ұғым әр түрлі заттардың жеке қасиеттеріне байланысты қаралады.

Географиялық және химиялық білім жүйесі әр сыныпта жалғаса отырып, біртіндеп кеңейеді және мазмұны жағынан тереңдейді. Жоғарғы сыныптарда география тұтас курс ретінде оқытыла отырып, оқушылардың санасында географиялық білім жүйесінің қалыптасуына жағдай жасаса, химиялық элементарлық білімдер осы пәнді оқытудың ғылыми мазмұнының негізін құрайды. Әр сынып сайын географиялық білім мазмұны мен химиялық ұғымдар тереңдеп, оның көлемі кеңейеді.

Бастапқы ұғымдар және оларды қалыптастыру туралы зерттегенде ұғым қарастырылған нысандар мен құбылыстардан біршама алшақтағанын байқатады. Көбінесе, бұл практикада жиі кездеседі. Мәселен, бастауыш сынып оқушылары ойпат жерден, жазықтық пен таудың айырмасын жақсы түсінуін, жоғарғы деңгейде ұйымдастыру үшін олардың ойпатты жерді білуі керек, оны өмір тәжірибесінде кездестіруге тиіс. Сонда ғана олар салыстыра отырып ұғынады. Қоршаған ортадағы әр түрлі объектілер мен құбылыстардың өзара байланыстары (түпнұсқа) туралы білімдер яғни, ұғымдар жиынтығы оқушылардың осы объектілер мен құбылыстар туралы алғашқы ұғымдарынан туындап, біртіндеп кеңейте отырып қалыптасады. Егер осы үрдіске баланың түпнұсқаны қалай елестететіндігін, бастапқы дерексіздікте сезімдік бейне қандай құндылыққа ие болатындығын ескеретін болсақ, онда төменгі сынып оқушысының ұғымды саналы меңгеру сапасы мен оның даму деңгейі көтеріледі.

Бастауыш сыныпта оқытылатын бастапқы географиялық, химиялық ұғымдар табиғи заттар мен құбылыстар туралы шындықты әрі қарай тереңдете отырып тануда маңызды бастама болып табылады. Географиялық, химиялық ұғым – қоршаған дүниедегі географиялық нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктері, қасиеттері, заңдылықтары туралы ұғыми дерек. Осы бастапқы географиялық және химиялық ұғымдар негізінде оқушылар табиғи заңдылықтарды, құбылыстарды олардың себептерін меңгереді. Таным үрдісіндегі адам ойының тереңдеуі туралы сөз болғанда, көптеген психологтар адамның зат, құбылыс, үрдіс, т.б. туралы алатын ұғымдары танымды кеңейтіп, оны тереңдете түсуі ұзақ уақытты керек екендігін атап көрсетеді. Ұғымды саналы меңгеру әр уақытта қабылдауға негізделеді. Бастауыш сынып оқушыларының кез-келген құбылысты, заттарды, олардың ерекшеліктері мен қасиеттерін дұрыс қабылдауы көптеген жұмыс жүргізуді керек етеді.

Қазақстанда бастауыш сыныптардағы жаратылыстану ғылымдарына байланысты білім мазмұнын жетілдіру, мемлекеттік міндетті білім стандартын жобалау, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мәселерін жүзеге асыруда үлкен үлес қосып жүрген әдіскерлер: Қ.А.Аймағамбетова, К.Жүнісова, Ә.Бірмағамбетов т.б. Бұл авторлардың еңбектерінде бастауыш сыныптарда жаратылыстану ғылымдары негізінен берілетін білім мен оны оқытудың әртүрлі бағыттағы тұжырымдамаларында оқушылардың танымдық әрекетіне негіздей отырып, олардың дүниетанымын қалыптасыру жолдары айқын көрсетілген.

Ұғым беру кезінде мұғалім мен оқушының оқу және оқыту әрекеттері үндестік тауып, бір мақсатқа орай бірін бірі толықтырып,сол мақсатты жүзеге асыруға бағытталады. Осы үндестіктер болғанда ғана кез келген ұғымды саналы, нәтижелі меңгерту ісі қамтамасыз етіледі.

Біз зерттеу барысында қоршаған дүние туралы оқушылардың дұрыс ұғымдарын қалыптастырудың жолдары мен оны жүзеге асыруды жоғарыда келтірілген қағидалар негізінде қарастырамыз.

Ұғымдардың қалыптасуы – сезімдік таным мен логикалық ойлау өзара байланыста қаралатын және алынған білімдерді практикада қолдану арқылы жүзеге асатын біртұтас үрдіс.

Зерттеу мәселелерін мазмұндық жағынан ашуға тырыса отырып, алдымен бастауыш сыныптарға географиялық, химиялық білімдер шеңберін анықтап алу көзделді. Осы тұста химиялық элементтердің қосындысы ретінде беріліп отырған және жеке нысан ретінде қаралатын су, ауа, топырақ және пайдалы қазбалардың басты және негізгі қасиеттері жайындағы элементарлық химиялық ұғымдарды қалыптастыруға көмектесетін білімдер жиынтығы біртұтастықта қарастырылады. Олардың өзара бір-бірімен байланысы, әрекеттесуі, әр түрлі жер бетінде таралуы, оның заңдылықтары география пәнінің зерттеу көзі. Бұл ғылым өзіне ауа райы, климат, топырақ, өсімдік, жануарлар, адамдар мен өндіріс орындары және олардың арасындағы қарым-қатынастар туралы білімдерді біріктіріп, бізді қоршаған дүниені біртұтас жүйе ретінде қарастырады. Дүниеге деген кең де жүйелі көзқарас географияны Жер туралы басқа да ғылымдардан ерекшелендіріп, көптеген пәндер арасында жоғалып кетпеуіне жол бермейді. Сондықтан да, адамның ойлау әрекетінің жемісі ретінде пайда болатын ұғымдар бастауыш сыныптарда оқытылатын дүниетану пәнінің білім мазмұнына енген. Мысалы, географиялық карта туралы ұғым географиялық білімнің құрамдас бөлігіне айналып отыр. Өйткені белгілі бір аумақты арнайы таңбалар көмегімен бейнелеп көрсету осы географиялық ұғымның негізгі бір бөлігі.

Бастауыш сыныпта географиялық, химиялық ұғымдар жүйесін топтау кейбір ұғымдарды меңгертуде теориялық білімге негіздеп, оны сөз арқылы талдау, жинақтау, түсіндіру, баяндау басым болса, кейбір ұғымдарды қалыптастыруда сарамандық, жаттығу, тәжірибе жасау және бақылау әдістері басым болатыны белгілі. Ұғым қалыптастыруды дұрыс жүзеге асыру үшін мұғалімнің қалыптасу кезеңін және дамытудың барысын біліп отыруы негізгі шарттардың бірі. Ұғым қалыптастыру бірден көзге түсе қоятын үрдіс емес. Бастауыш сынып оқушыларында бұл өте күрделі жұмыстар жүргізуді қажет етеді. Біріншіден, бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау көлемі тар, екіншіден, олар көріп, байқап, салыстыру арқылы ғана нақты түсінікке ие бола алады. Ал осы түсініктері болашақта дерексіздендіру негізінде ұғымға айналып, абстрактілі оймен жалғасады. Әсіресе бастауыш мектеп жасындағы оқушыларда олардың зейіні, ойы, бір затты талдау үстіндегі танымдық іс-әрекеттері қатар жүре отырып және сол іс-әрекетте өздігінен белсенділік көрсету арқылы ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Талдау кезінде оқушылардың басқа пәннен алған ұғымдарымен байланыстыру ғана емес, кіріктіру басым орын алуға тиісті. Мәселен, жыл мезгілдерінің табиғаты туралы олардың ауа райындағы, жалпы табиғаттың өзгерісіндегі ерекшеліктерді талдау барысында оқушылардың ана тілінен жыл мезгілдерін суреттейтін көркем шығармалардан алған ұғымдарын міндетті түрде кіріктіру арқылы әр жыл мезгілінің ең басты көрінісін оқушының есінде мәңгі қалдыруға болады.

Зерттеу жұмысымызда бастауыш сыныптарда берілетін географиялық, химиялық білім мазмұны сараланып, негізгі ұғымдардың көлемі нақтыланды.



(кесте №1)


жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау