Альдибекова Шолпан Нурсапаевна Алматы-2021 Топсаяхатты білім беру түрі ретінде дәлелдеу. Топсаяхаттың оқушыларға ғылыми білім берудегі мәнін ашу. Бұл сабақ



жүктеу 0,5 Mb.
бет4/6
Дата07.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#37052
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
12-апта жаратылыстану

Кіріспе топсаяхаттың мақсаты жаңа ұғым беру болғандықтан, ол белгілі бір нақты тақырыпқа арналады. Мысалы, ерте гүлдейтін өсімдіктер, көктем көрінісі, көкжиек тұстары, жергілікті жердің сұлбасы, шөп өсімдіктері, күздегі жануарлар тіршілігі, жер бедері т.б. тақырыптар бойынша топсаяхат кезінде жаңа білім беріледі. Әрине, әр сыныптың оқу бағдарламасының мазмұнына қарай тақырып та айқындалады. Кіріспе топсаяхаттың дайындығы мұғалім үшін өте жауапты іс. Ол топсаяхаттың өтетін орнын анықтаудан бастап, оның білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын жүзеге асырудың қандай әдіс арқылы орындалатынына дейін қарастырады. Топсаяхаттың жүретін жолы, оқушылардың демалатын орны, жолда жүргенде, демалыс кезінде өздігінен атқаратын жұмыс түрлері, көңіл аударатын объектілері, оның білімдік, тәрбиелік мәні - осының бәрі де алдын-ала ойластырылады.

Топсаяхат барысында оқушыларға берілетін тапсырма, біріншіден, сол маңайдағы объектілерге байланысты, екіншіден, нақты және айқын. түсінікті, үшіншіден, оқушылардың жас ерекшелігіне лайықты болуға тиіс.

Көптеген авторлар қорытынды топсаяхатқа үлкен мән береді. Бірақ, оқушылардың дағдысы мен білімін тиянақтауда, біздің пікірімізше, кіріспе топсаяхаттың мәні зор. Себебі, ең алғаш жаңа берілетін ұғымды бүкіл сезім мүшелеріне (көру, есту, ұстау, бақылау т.б.) әсер ете отырып, табиғи ортада өткізу тиімді.

Топсаяхат нәтижесінде меңгерілетін дағдылар:



  • бақылай білу;

  • бақылағаннан керекті ұғымды ала білу;

  • ой қорытып, көргенін салыстыру, әңгімелеп айту шеберлігі;

  • әр объектінің ұқсастығын, айырмашылығын тауып, топтауға, жіктеуге жаттығу.

Осы дағдылар арқылы оқушыларда заттық-бейнелік ойлау қабілеті дамиды. Ол кейін ойда, санада қалған бейнеге негізделе отырып абстрактылы ойға көшу мүмкіндігіне жетеді. Мәселен, жыл мезгілінің табиғат көрінісін бақылау үшін топсаяхатқа шығып білім алған оқушы кейін бұл өзгерістің себебін іздеуді абстракты оймен жалғастырады. Күннің суынғаны, жылудың азайғаны өсімдіктерге қолайсыздық туғызатынын ұғыну оған қиынға соқпайды. өсуіне қажетті жағдайдың жетіспеуінен өсімдіктің қурайтынын, сарғаятынын түсінеді. Осы сияқты бір-бірімен байланысты туатын ұғымдар жиынтығы оқушыны белгілі табиғат заңдылықтарын түсінуге жетелейді.

Топсаяхаттың білімдік мақсаты – табиғат объектілерінің түр-түсімен ғана таныстырып қоймай, олардың әр қайсысының қасиетін, табиғаттағы орнын, бір-біріне тигізетін әсерін ұғындыру. Табиғаттың бір бөлігінің өзгеруі, оның екіншісінің өзгерісіне әкеліп соғатынын да топсаяхат кезінде ұғындыру қиынға түспейді.

Табиғатқа ұқыптылықпен қарау топсаяхат кезінде іс жүзінде орындалады. Өсімдікті бүлдірмеу, құстың ұясын бұзбау, жүрген жолына кез-келген затты шашып тастамау, өсімдіктерді (шөпті, гүлді) керексіз жұлмау, құмырсқа илеуін бұзбау, осының бәрі - оқушылардың өміріне керекті білім. Табиғатқа қамқорлықтың пайдасын дәлелді түсінген оқушы әр табиғи объектіні қорғаудың маңызын біліп, ол білімдерін іс жүзінде қолдануға тырысады.


жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау