Сабақтың тақырыбы: с дыбысы мен әрпі



жүктеу 324 Kb.
бет1/2
Дата19.11.2018
өлшемі324 Kb.
#21689
түріСабақ
  1   2

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 19.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: С дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: С дыбысы және әрпі туралы алған білімін тиянақтау. Таза, әдемі жазуға баулу. Сөйлем туралы білімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз
ІІ. Білімді тексеру.

1) С дыбысы қандай дыбыс?

2) С дыбысы сөздің қай жерінде жазылады.?

3) С дыбысы қандай түспен боялады?

4) С дауыссыз дыбыстың қай түріне жатады?
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

С дыбысы және әрпі туралы алған білімін тиянақтау. Таза, әдемі жазуға баулу. Сөйлем туралы білімін дамыту.


ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Құрал-саймандармен таныстыру.

ә) Хормен оқыту

б) С әрпіне немесе дыбысына қатысты сөз ойлату.
Оқулықпен жұмыс

Саймандар

Балға-сайман. Балта-сайман. Ара-сайман. Балға, балта, ара-саймандар. Атамда балға да, балта да, ара да бар.


Ү. Жаңа білімді тексеру:

1.Тақтамен жұмыс Дос, бас, сана, маса сөзін жазғызу.

(жазу диктанты, көру диктанты)

2.Саймандар не үшін керек?

3.Саймандарды ата?
Сергіту сәті.

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ

Бір екі үш бір екі үш

Аяқты алға созайық

Тік көтеріп қозғайық

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық

Бір екі үш бір екі үш

ҮІ. Жаңа білімді бекіту

1. Буыннан сөз құрап оқу. А-лу , тап-табу, бар-бару, бақ-бағу.


2. Дәптермен жұмыс. Үлгі бойынша С әрпіне берілген сөз, сөйлемді жазып жаттығу.«Шынжыр» ойынын ойнату.сағат-тамақ-қарға-асыққалам-маса-Асан –нан т.б.
Ал-алу тап- та+бу қап-қа+бу

Бар- ба+ру бақ-ба+ғу бас-ба+су


Асау—сау----ау---у
ҮІІ .Сабақты қортындылау: Бүгінгі сабақта не істедік?


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 20.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қайталау. (Ш, Й, О, Қ, Д, М, Б, С дыбыстары мен әріптерін қайталау.)

Сабақтың мақсаты: Өткен сабақтардан алған білімін тереңдету. Ұлттық тәрбие беру. Білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте берік қалдыру.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Өткен сабақтардан алған білімін тереңдету. Ұлттық тәрбие беру. Білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте берік қалдыру.


ІІІ.Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.
а) Өткен дыбыстар мен буындарды еске түсіру.

Дауысты дыбыстар: а,у.о

Дауыссыз дыбыстар: т.п н, ғ, р, у. ш,й,қ,д,м,б с.
ә) Сөз ойлау, сөйлем құрату.
б) Сұраулы сөйлем, сөйлем соңына сұрақ белгісі қойылатынын түсіндіру.

Адам ауамен дем ала ма?

Дина сабаққа келді ме?
в) Сөздік диктант.Бас әріп пен кіші әріпті жазу.Шш, Й, Ққ, Дд, Мм, Бб, Сс. Бақша, сай, қойма, дара, маса, бота, сана.
г) Сөздерді буынға бөлгізу: сайман, саумал, қалта, сабақ,ғ) Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау:


с

а

й




м

а

й




а

р

а




с

у

а

т



с

а

й

м

а

н

д) Тақтамен жұмыс: Көшіріп жазуға баулу.


Сергіту сәті.

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ

Бір екі үш бір екі үш

Аяқты алға созайық

Тік көтеріп қозғайық

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық

Бір екі үш бір екі үш
ІҮ. Бекіту кезеңі:

«Қай буынды жоғалттым» ойыны ...-ғат, са-..., са-..., ...-бақ, сап-...,қал-... .


ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріптерді танып,білдік?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 21.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:Ы дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ы дыбысы және әрпі туралы білімін пысықтау. Ы дауысты дыбыс екенін аңғарту, сөзді оқуға жазуға үйрету. Жолдастық, достыққа тәрбиелеу. Оқушылардың білім-білік дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ы дыбысы және әрпі туралы білімін пысықтау. Ы дауысты дыбыс екенін аңғарту, сөзді оқуға жазуға үйрету. Жолдастық, достыққа тәрбиелеу. Оқушылардың білім-білік дағдысын дамыту.


ІІІ. Жаңа сабақ

1) - Мына суреттен нелерді көріп тұрсыңдар?

-Ыдыс не үшін қажет?

-Оларды неден жасайды?


2) -Ыдыс сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасайық

Ы- дыс


1-ші буыны-ы Ыдыс сөзінде 4 дыбыс бар.

2-ші буыны- дыс 2 дауысты, 2 дауыссыз дыбыс.


3) Ы дыбысын дыбыстатып, жуан дауысты дыбыс екенін аңғарту.

-ы дыбысын 3 рет айтқызу. - ы қандай дыбыс?


а)Сөздің қай буынында жазылады.

ә) ы дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Ы –бас әрпі, ы- кіші әрпі.

б) Сөздің өзгеру тәртібімен таныстыру.Қайық-қайығы. Қап-қабы. Тарақ-тарағы. Топ-тобы

в) Ыдыстарды басқа бұйымнан ажырата білуді үйрету.

Хормен оқыту. Жеке-жеке оқыту.
Оқулықпен жұмыс

Ыдыс, шыны, қасық, сусын, сырнай, ырыс, шырын, торсық, суық, домбыра.

Қасық, шыны, торсық – ыдыстары.

Домбыра, сырнай – аспаптар.

Шырын – сусын.
Сергіту сәті.

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ

Бір екі үш бір екі үш

Аяқты алға созайық

Тік көтеріп қозғайық

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық

Бір екі үш бір екі үш
Ү. Жаңа білімді бекіту.

Дәптермен жұмыс

Ы ы әрпін жазып үйрену.

Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз.

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз.
ҮІ .Сабақты қорытындылау:

Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 22.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:Ы дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ы дыбысы және әрпі туралы білімін пысықтау, тиянақтау. Сөзді, мәтінді оқуға жазуға үйрету. Салауаттылыққа баулу. Оқушылардың ақыл-ойын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ы дыбысы және әрпі туралы білімін пысықтау, тиянақтау. Сөзді, мәтінді оқуға жазуға үйрету. Салауаттылыққа баулу. Оқушылардың ақыл-ойын дамыту.


ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а) Буынды пысықтау.

ә) Сөз құрап оқу.

б) Әр оқушыны жеке оқып байқау.


ІҮ. Жаңа сабақ

1. Бағандағы сөздерді хормен оқыту.

2. «Қақпашы» мәтінін оқи отырып түсіндіру.

Қақпашы

Балалар далада доп ойнады. Қайрат қақпаны қорғады. Қар-сы-лас-тар шабуылға шықты. Доп қақпада. Болат допты алып шықты. Балалар Қайратты қақпа қорғаудан босатты. Орнына Болатты қойды.


3. Өмірмен байланыстыру.

4. Денсаулық жайында әңгіме, пікір алысу.

5. Ы дыбысына қатысты өлең оқыту.

Ыждахатшыл Ырысты, Ынталана кірісті.

Ыстық сумен ыдысты, Ырысжанға жуысты.

6) ы дыбысына сөз ойлап, сөйлем құрату.

7) Тақтамен жұмыс:Ыдыс, шыны, оқушы, қауын, ырыс, ынтымақ.

Сергіту сәті.

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ

Бір екі үш бір екі үш

Аяқты алға созайық

Тік көтеріп қозғайық

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық

Бір екі үш бір екі үш
Ү. Жаңа білімді бекіту.

-Ы дыбысы қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерінде жазылады?

Мақал-мәтел үйрену. Ырыс алды –ынтымақ.

Дәптермен жұмыс: Ы ы әрпін, ыдыс, ырыс, ынтымақ сөздерін жазу.

Сергіту сәті.

Жұмбақ шешу.

Ызыңдап ән салып

Жұқа тақтай бөлшегі,

Жұп- жұқа қанаты.

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш)
Тәттіге тамсанып,

Қоқысқа қонады. (шыбын)


ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 22.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:Жж дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Жж дыбысы және әрпін дұрыс оқуға, дұрыс дыбыстау жаттықтыру. Адамгершілік қасиеттерді рухани байлықты қалыптастыру. Оқушылардың тілін,ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз
ІІ .Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Жж дыбысы және әрпін дұрыс оқуға, дұрыс дыбыстау жаттықтыру. Адамгершілік қасиеттерді рухани байлықты қалыптастыру. Оқушылардың тілін,ой-өрісін дамыту.


ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а) Буынды пысықтау.Жа, жу,жо.

ә) Сөз құрап оқу.

б) Тізбектей оқыту.


ІҮ. Жаңа сабақ

1. Ж әрпіне сөз ойлату.

2. Буындық талдау жасау.

3. Сөйлем құрату: жолбарыс.жылқы, жануар, жәндік.

4. Дыбыстық талдау жасау.

5. 70-71 беттегі сөздерді оқыту.


Жауын жарыс жылқы жарғанат

Жауап жарық жорға жапалақ

Жақсы жасыл Жамал Айжан

Жаман жайлау Жамбыл Олжас


6. «Жарыс» мәтінін оқытып,қанша сөйлемнен құралғанын аңғарту.

Ауылда ат жарыс болды. Жарысқа Жомарт, Жақан, Олжастар барды. Олар тай жарысына қатысты. Жомарт сыйлық алды.


7. Әр сөйлем неше сөзден құралған?
Сергіту сәті.

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ

Бір екі үш бір екі үш

Аяқты алға созайық

Тік көтеріп қозғайық

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық

Бір екі үш бір екі үш

Ү. Жаңа білімді бекіту.

а) Диктант жазғызу. Ж,ы әрпін жаз. Жа,жу,жо жаға, жота, жуан, жуас

ә)Бағандағы сөзді хормен оқыту.

б) Жұмбақ шешу.Бос жер қалмай аспаннан, Түнде шашып тасталған.

Моншақтың аты не?

Қайсы әріптен басталған?

в) Өлең шумағын оқып беріп, ж әрпі бар сөздерді атату.

Жағажай, Жағажайда Қамажай.

Жағажайды жағалай, Жүгіреді Қамажай.

г) Жаңылтпаш айтқызу.

Жоғалды бес шыбыш, Жоқ әлі еш сыбыс.

Жоқ әлі сыбыс, Жоғалды бес шыбыш.


Дәптермен жұмыс: Ж жарыс, жорға, жарыс, Жарас жарысқа қатысты.

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 23.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Жж дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Жж дыбысы және әрпі туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың ақыл-ойын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз
ІІ .Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Жж дыбысы және әрпі туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың ақыл-ойын дамыту.


ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а) Буынды пысықтау.

ә) Сөз құрап оқу.

б) Әр оқушыны жеке оқып байқау.


ІҮ. Жаңа сабақ

1. Суреттерді көрсете отырып, буындық, дыбыстық талдау арқылы ж дыбысын сөз ішінен бөліп дұрыс айтқыза білу. Жарғанат, жолбарыс, жүзім, жүзік.

2. Ж ұяң дауыссыз дыбыс екенін аңғарту.

3. Сөйлем құрату: жолбарыс, жылқы, жануар, жәндік.

4. Әріп таңбасымен таныстыру.

Сергіту сәті.

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ

Бір екі үш бір екі үш

Аяқты алға созайық

Тік көтеріп қозғайық

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық

Бір екі үш бір екі үш
Ү. Жаңа білімді бекіту.

Кеспе әріптен сөз құрату. Бағандағы сөзді хормен оқыту.«Жусан» мәтінін оқытып, сөйлем санын анықтау.


Жусан

Далада жусан бар. Жусанға мал жақсы жайылады. Жарас малды жусанға жайды. Мал тойынды.


Дәптермен жұмыс. Ж ж әрпін жазу.

Жаға жалау жота жантақ жуан

Жаса жасау жуа жусан жуас
Жұмбақ шешу.

Бөлінгенді табыстырып,

Біріктірсе қабыстырып.

Жымдастырған жігің де,

Байқаймысың түгін де. (желім)

ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 24.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ұұ дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ұ ұ дыбысы және әрпі туралы түсінік беру. Дауысты дыбыс екенін анықтау. Адамгершілік қасиеттерді рухани байлықты қалыптастыру. Сөздік қорын молайту,ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.
Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз
ІІ .Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ұ ұ дыбысы және әрпі туралы түсінік беру. Дауысты дыбыс екенін анықтау. Адамгершілік қасиеттерді рухани байлықты қалыптастыру. Сөздік қорын молайту,ойлау қабілетін дамыту.


ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а) Буынды пысықтау.

ә) Сөз құрап оқу.

б) Әр оқушыны жеке оқып байқау.


ІҮ .Жаңа сабақ

1. Суреттерді көрсете отырып, буындық ,дыбыстық талдау арқылы Ы дыбысын сөз ішінен бөліп дұрыс айтқыза білу.

2. ы жуан дауысты дыбыс екенін аңғарту.

3. Сөйлем құрату:

4. Әріп таңбасымен таныстыру.

5. Мәтінді оқыту.


Құстар.

Құр, бұлбұл, тырна, қарлығаш, қарға-құстар. Құстар – адамға дос. Құс жұмыртқасын алма. Оларға қамқорлық жаса.

Қарлығаш, қаратоғай, тырна – жыл құстары. Жыл құстары қыста жылы жақта болады. Құстар пайдалы.
Сергіту сәті.

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ

Бір екі үш бір екі үш

Аяқты алға созайық

Тік көтеріп қозғайық

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық

Бір екі үш бір екі үш
Ү. Жаңа білімді бекіту.

Кеспе әріптен сөз құрату. Бағандағы сөзді хормен оқыту. Буындық талдау жасау. Ұн,ұршық бұлақ, ұшқыш «Құстар» мәтінін оқи отырып, түсіндіру.


Сөздерді тұтас оқуға жаттығу.

Ұл ұлу бұтақ бұлақ

Ұлан ұлар бұлбұл құрақ

Ұ Ұлан Ұлжан Ұлтай

ұ Құстар – адамға дос.
Дәптермен жұмыс: Ұ ұ әрпін жазу.
ҮІ .Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 20.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: 4 саны және цифры, 4 санының құрамы

Сабақтың мақсаты: 4 санының шығуы. 4 санын 1,2,3,сандарымен салыстыруға,

жазуға үйрету. Төртбұрыш элементтері туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа баулу. Ой-өрісін дамыту.



Сабақтың көрнекілігі: 4 саны цифрының үлгісі.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. -Қосу амалына кері амал қай амал? -Азайту 2+1=3 3-1=2 3-2=1 -Салыстыру барысында қанша артық, қанша кем екенін қалай білеміз? -Сонша деген ұғымды қалай түсінесің? Мына сандарды салыстыр.

2*3 3*2 2*1 1*2


ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

4 санының шығуы. 4 санын 1,2,3,сандарымен салыстыруға,

жазуға үйрету. Төртбұрыш элементтері туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа баулу. Ой-өрісін дамыту.
ІҮ. Жаңа сабақ:
Сандар қатарында ең бірінші тұратын сандарды ата.

Келесі санды қалай шығарып алдық

0+1=1 1+1=2 2+1=3 3+1=4 2. 4

санын қалай шығарып аламыз?

Кері амал құрап көрейік:

4-1=3 4-2=2 4-3=1 4-0=4


4 дегеніміз қандай сандардың қосындысы?

4=3+1 4=2+2 4=1+1+1+1 4=4+0 2. 4 санын қалай шығарып аламыз?

Кері амал құрап көрейік: 4-1=3 4-2=2 4-3=1 4-0=4
Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз
Ү. Жаңа білімді тексеру.

1. 4 саны қалай шықты?

2.Санын 3,2,1, сандарымен салыстыру.

4>3 4>1 4>2 4>0


ҮІ. Жаңа білімді бекіту:

Дәптермен жұмыс: 4 санын жазып үйрену. Жануарлардың санына сәйкестендіріп есеп құрату. Төртбұрыштың қасиеттерін айту.
ҮІІ. Сабақты қортындылау:

Біз бүгін сендермен қаншаны білдік?

Ол санды қалай шығарып алдық?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 21.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: 5 саны және цифры, 6 санының құрамы

Сабақтың мақсаты: 5 санының шығуы. 5 санын 1,2,3,4 сандарымен салыстыруға, жазуға үйрету. Ұқыптылыққа баулу. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: 5 саны цифрының үлгісі.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. -4 саны қандай сандардың қосындысы.

- 4 саны қандай сандардан артық ? - 4 саны қандай сандардан кем?

Мына сандарды салыстыр.

4*3 4*2 4*1 4*0 4*5


ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

5 санының шығуы. 5 санын 1,2,3,4 сандарымен салыстыруға, жазуға үйрету. Ұқыптылыққа баулу. Ой-өрісін дамыту.


ІҮ. Жаңа сабақ:

а) 5 5




4




1




3




2

ә) Теңдіктер құру: 4+1=5 0+5=5 5-4=1

3+2=5 5+0=5 5-1=4 5-0=5

б) Салыстыру: 0*5 5*5 2*5 5 *4 4*3 1*4 3*5 2*4

в) Қалып қойған сандарды ата.

Сандар қатарында ең бірінші тұратын сандарды ата. Келесі санды қалай шығарып алдық? 0+1=1 1+1=2 2+1=3 3+1=4 4+1=5 2. 5 санын қалай шығарып аламыз?

Кері амал құрап көрейік: 5-1=4 4-1=3 4-2=2 4-3=1 4-0=4

5 саны қандай сандардың қосындысы.

0+5 1+4 3+2 4+1

Қосу амалына кері амал азайту амалына өрнек құру.

5-0 5-4 5-3 5-2 5-1

Кесіндінің ұзындығын салыстыру.

5 см

4 см

3 см








2 см

5см >4 cм 4см >3см 3см >2см 2см>1см


Ү. Жаңа білімді тексеру.

1. 5 саны қалай шықты?

2. 5 санын 4,3,2,1, сандарымен салыстыру. 5>4 5>3 5>2 5>1 5>0
Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз
ҮІ. Жаңа білімді бекіту:

Дәптермен жұмыс:

5 санын жазып үйрену.

4+1 5-1 5-4

3+1 4-3 4-1


ҮІІ. Сабақты қортындылау:

Біз бүгін сендермен қаншаны білдік?

Ол санды қалай шығарып алдық?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 22.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: 6 саны және цифры, 6 санының құрамы

Сабақтың мақсаты: 6 саны және цифрымен таныстыру. Ұқыптылыққа баулу. Сандар қатарын толықтыру,білім деңгейін кеңейту.Есептеу машығын дамыту

Сабақтың көрнекілігі: 6 саны цифрының үлгісі.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

-5 саны қандай сандардың қосындысы.

- 5 саны қандай сандардан артық ?

- 5 саны қандай сандардан кем?


ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

6 саны және цифрымен таныстыру. Ұқыптылыққа баулу. Сандар қатарын толықтыру,білім деңгейін кеңейту.Есептеу машығын дамыту


ІҮ Жаңа сабақ:

1. Сандар қатарында санағанда 5 санынан кейін қандай сан келеді?

2. 6 санын қалай шығарып аламыз?

5+1=6


3. 6 қандай сандардың қосындысы?

0+6=6 2+4=6 4+2=6

1+5=6 3+3=6 5+1=6

6 саны қандай сандардан артық? 6>5 6>4 6>3 6>2 6>1 6>0

6саны қандай сандардан кем? 0<6 1<6 2<3 3<6 4<6 5<6

4. Кесіндінің ұзындығы қанша бөліктен тұрады?






6 см

6см > 5cм; 6см > 4см ; 6 см >3 см ; 6см > 2см ; 6 см > 1см ; 6см > 0 см.

6 цифрын жазу. - 6 санын қалай шығарып аламыз? - 6 саны қандай сандардан артық?

- 6- дан кем сандарды ата?

- Қосу және азайту амалына өрнек жаз.

5+1=6 6-5=1 6-1=5

2+4=6 6-2=4 6-4=2

3+3=6 6-3=3


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз
Ү Жаңа білімді бекіту.


  1. 6саны 1 мен қандай санның қосындысы. 5+1=6

  2. Азайту амалын құра. 6-1=5

  3. Бос орынды толтырту.

<5 5> 5= + =5 5- =

1) 6 санының құрамын анықтау.

6 6 6

5 1 4 2 3 3















  1. 5+1=6

4+2=6

3+3=6



  1. Салыстыру.

6см > 5 cм 5см < 6cм

  1. Тақтамен жұмыс:

0<6 6cм > 4 см 2 < 6

6=6 6cм = 6cм 6 > 5

3cм < 6 см

6 см > 2 см

5) Жасырын сандарды тап.





2




4




6




6




4




2





Дәптермен жұмыс:

6 санын жазып үйрену
ҮІІ.Сабақты қортындылау:

Біз бүгін сендермен қаншаны білдік?

Олсанды қалай шығарып алдық?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 23.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: 7 саны және цифры, 7 санының құрамы

Сабақтың мақсаты: 7 саны және цифрымен таныстыру. Тапқырлыққа баулу. Сандар қатарынан 7 санының орнын анықтау .Есептеу машығын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: 7 саны цифрының үлгісі.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І.Ұйымдастыру.

Оқушылардың-зейінін-сабаққа-аудару.


Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз
ІІ .Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

-6 саны қандай сандардың қосындысы.

- 6 саны қандай сандардан артық ?

- 6 саны қандай сандардан кем?

-Сандар қатарында қай саннан кейін келеді?
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

7 саны және цифрымен таныстыру. Тапқырлыққа баулу. Сандар қатарынан 7 санының орнын анықтау .Есептеу машығын дамыту.
ІҮ. Жаңа сабақ:

1 Дидактикалық материалдарды санай отырып, 7 санын шығарып алу.


2. Сурет бойынша жұмыс:






































6+1=7 7-1=6

1) 5- ті 1-ге арттыру үшін не істеуге болады? 5+1=6

2) Шешей 6 катлет пісірді. Оның біреуін баласы жеді. Неше катлет қалды?

Бұл есепті шығару үшін не істеу керек? 6-1=5

3) 3-еу еді, 5-еу болды. 5 саны 3-тен артық . (Егер артқан болса, онда қосу таңбасын қоямыз)



3







=

5




4







=

2

4-еу еді 2-еуі қалды. Мәні кеміп тұр, демек 4-2=2
Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз
Ү. жаңа білімді пысықтау.

Дәптермен жұмыс: Берілген үлгі бойынша істеуге үйрету.

1) Қандай сандардың қосындысы 7-ге тең?

7 7 7


6 2 4

2) Теңдіктер құру. 6+1=7 7-6=1 7-1=6

5+2=7 7-5=2 7-2=5

4+3=7 7-4=3 7-3=4

3) Кесінділерді өлшеу.


  1. Тақтамен жұмыс: Салыстыру.

7см > 6 cм 7см < 5cм 7см =7 см 2 см < 7 cм 7см =4 cм

0<7 3<7 7>6 7=7

4) Жасырын сандарды тап.





2




4




6



1




3




5




7




6




4




2







7




5




3




1

7 қандай сандардың қосындысы?

0+7=7 2+5=7 4+3=7

1+6=7 3+4=7 5+2=7

7 саны қандай сандардан артық? 7<6 7>5 7>4 7>3 7>2 7>1 7>0

7саны қандай сандардан кем? 0<7 1<7 2<7 3<7 4<7 5<7 6 > 7

4. Мынау қандай фигура? Элементтерін ата.









ҮІІ. Сабақты қортындылау. Біз бүгін сендермен қаншаны білдік? Ол санды қалай шығарып алдық?
Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні Дүниетану

Күні: 19.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Адам: - ақыл ойдың иесі. Адам.

Сабақтың мақсаты: Мәтінді түсіндіру.Адам туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін дамыту. Еңбек етуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру:

Сыныпты сабаққа дайындау.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Өткен сабақты еске түсіру:

«Құстардың жазғы тіршілігі.» туралы пысықтау.

-Балалар, құстардың жазғы тіршілігі туралы не айта аламыз?
ІІІ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Мәтінді түсіндіру.Адам туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін дамыту. Еңбек етуге баулу.


ІҮ. Жаңа сабақ:

1)Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.

2) Іштей оқыту.

3) Тізбектей оқыту.

4) Әңгімелету.
Адам – ақыл ойдың иесі.

Кез келген адам ақыл – оймен ізденіп дүниені таниды. Мол білім алып, өзі және елі үшін еңбек етеді. Адам еңбегі – алуан т.рлі. Олар бірін-бірі танымаса да, еңбек нәтижелері арқылы бір-біріне көмегі тиеді. Суретке зер салайық. Мысалы, ғарышкер аспан әлемін зерттеп, зер бетінде болатын болашақ өзгерістерді бақылайды. Диқан еңбегі көпке ортақ. Ол бидай, тары, арпа, мақта т.б. дақылдарды өсіреді. Сол арқылы елдің дастарқаны тағамға толады. Сонымен адам айналадағы дүниені танып білу, бақылау арқылы зерделейтінін түсіндік. Ал адам өзіне қажетті дүниені табиғаттан еңбектену арқылы алады. Адам табиғаттың берген сыйын кәдеге жаратып қоғамдық өмір сүреді.



Сергіту сәті.

(Ноутбуктен бейне сергіту сәтін крсетіп, қимылды қайталайды)


жүктеу 324 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау