Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және смайликтер беру арқылы қолдау көрсетіледі.
Оқушыларға анықтама мен жануарлар тобын біріктіру үшін жұмыс парақтары беріледі. Қабілеті жоғары оқушылар бұл жұмысты өздері орындайды.
|
Оқушылардың жануарларды түрлеріне қарай (жәндіктер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер тобына) классификациялай алу дағдысын бағаланады.
|
Оқушылар жануарларды бақылау кезінде таза ауаға шығады;
Оқушылар мектеп маңына серуенге шығар алдында денсаулыққа байланысты қауіпсіз ережелерін сақтау ескертіледі: мұғалімнің рұқсатынсыз жәндіктерді ұстамау, белгіленген аумақта серуендеу, қолды жуу.
|