10
Екінші ұстаным – алгоритмдерді (бағдарланған мәтіндерді) оқып үйрену
кезінде оқушылардың белсенділігін арттыру, яғни оқушылардың терең де, жан-
жақты талдаулар машығын қалыптастыруға бағытталады.
Үшінші ұстаным – оқушының әрбір жауабына мұқият баға беру және ол
жауаптың бағасын тез хабарлап, дұрыс жауап берген болса келесі қадамға
кӛшу.
Төртінші ұстаным - оқудың қарқыны мен мазмұнын арттыру, яғни оқу
қарқынын дараландырып отыруды қамтамасыз ету.
Бесінші ұстаным – бағдарланған мәтіндердің сезім мүшелері арқылы
қабылдау (эмпирикалық) сенімділігін тексеру, яғни әрбір оқушының
мүмкіндігіне қарай тапсырманың қиындық дәрежесін реттеуді қарастыру.
Оқыту үдерісінде білім беру жүйесінің жаңа бағыттарының бірі - болашақ
маманның ақпаратты игеру мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Біз орта кәсіптік оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру ісі мен
оқыту сапасын жақсартуда оқу-әдістемелік жұмыстың маңыздылығын ескере
отырып, ақпараттық-логикалық модельдеуді қолданудағы оқу-әдістемелік
жұмыс жүйесін жасап ұсындық (Сурет 1).
Модельдеу қоршаған ортаны, табиғат пен қоғамда болып жатқан
ақпараттық процестерді тану әдісі ретінде ерекше мәнге ие болады. Сондықтан
да ақпараттық-логикалық модельдеуге ерекше назар аударуға тура келеді.
Себебі ол оқушылар меңгеруге тиісті білім қорын таным тәсілі мен мазмұны
тұрғысында қарастырылады. Бұл ақпараттық-логикалық модельдеу (АЛМ)
мәселесі, қоршаған шындықты танып-білудің әдістері ретінде оқып-үйренуді
қажет етеді.
А. Маслов ӛз еңбегінде «Ақпаратты ұсыну формалары, ақпаратты сақтау,
ӛңдеу және тасымалдауды ұйымдастыру», «Ӛндірісті басқару үшін ақпаратты
пайдалану», «ЭЕМ құрылғылары және оны қолдану», бӛлімдерімен қатар
«Информатиканың философиялық және саяси кӛзқарасы» деген бӛлімді
ендірген. Соңғы бӛлім оқушыларға қоршаған әлемді тану туралы, ойлау
үлгілерін тану әдістерінің даму тарихы туралы, логикалық ойлау элементтері
және оны қалыптастыру, математикалық модельдеу, модельдер және білімді
ұсыну үлгілері туралы түсініктерді алу мүмкіндігін беретін тармақтардан
тұрады.
Модельдеуді – оқытудың басты бір әдісі ретінде физика ілімінің
мамандары үлкен назарда ұстап отыр. Атап айтқанда, Л.И.Резник физиканы
оқып-үйренуде графикалық модельдерді қолданудың әдістемесін зерттеді.
С.Е.Каменецкий модель-аналогиялардың ролі мен мүмкіндіктерін кӛрсетті.
Л.Р.Калапуша және И.И.Логвинов белгілерді қолданатын модельдерді қолдану
ерекшеліктерін ашты. Д.И.Пеннер ядро құрылысын оқып-үйрену барысында
және физикалық оптикадағы модельдеудің ролін зерттеді. Ал физикалық
есептерді шешуде, құбылыстарды зерттеудегі ақпараттық-логикалық модельдер
әзірше, жете зерттелмегендігі байқалады.
11
Сурет 1 – Оқушыларды ақпараттық-логикалық модельдеуді қолданып
оқытудағы оқу-әдістемелік жұмыстардың жүйесі
Қоғамның әлеуметтік тапсырысы
Болашақ мамандарды оқытудағы мемлекеттік стандарттың талаптары
Маманды оқыту мақсаттары
Оқу және әдістемелік
әдебиеттер
Ғылыми-зерттеу жұмыстары
Материалдық-техникалық қорды ұйымдастыру
¤зіндік білімін жетілдіру
- Ұйымдастырушы-әдістемелік жұмыстар;
- Оқу-әдістемелік жұмыстар;
- Ғылыми-әдістемелік жұмыстар.
Оқу-тәбие
үдерісі
Оқытушылар
Теориялық
оқыту
Практикалық
сабақтар
Оқу-технол.
іс-тәжірибе
Педагогикалық
іс-тәжірибе
Оқушылар
Негізгі білім беру
Кәсіби білім беру
Кәсіби іскерлік жұмыстары
АЛМ-ді қолданып
оқытудың
педагогикалық шарттары
АЛМ-ді қолдану
ұстанымдары
АЛМ-ді қолданып
оқытудағы іс-
әрекеттік үлгілер
АЛМ-ді қолдану
әдістері
Студенттердің оқу-әдістемелік жұмыстары
Тереңдетілген кәсіби
Мақсаты
Мазмұны
Формалары, әдістері мен
құралдары
Шығармашылық белсенділігі
Дидактикалық
Жалпы кәсіби
12
Осы аталған ғалымдардың еңбектеріне жүргізілген талдау нәтижелеріне
сүйенсек, олардың жалпы ортақ мақсатты кӛздейтіндіктерін байқауға болады.
Физика курсында модельдеуді оқып-үйренудің негізгі мақсаты, бұл «оқушылар
арасында қазіргі замананың ғылыми кӛзқарасын қалыптастыру, бұл жерде
ақпарат - табиғаттың іргелі сӛз мағнасының қасиеті ретінде қарастырылады, ал
ақпараттық үдерістер кез-келген техникалық, әлеуметтік және табиғи
жүйелердің, оның ішінде адамзатты қоршаған ортаны тану үдерістерінің де
маңызды интелектуальды компоненттері болып табылады». Сонымен бірге
аталған зерттеулер бүгінгі заманның ғылыми әдістемелерін негізге ала отырып,
ақпараттық модельдеудің теориялық мәселелерін оқып-үйренуге бағытталады.
Ал Т.А.Яковлева ЭЕМ кӛмегімен есепті шешудің келесі кезеңдерін атап
кӛрсетеді: есептің нақты зерттеу нысанында қойылуы, формальдау және
модельдеу, алгоритм және бағдарлама құру, ЭЕМ жұмысының нәтижелерін алу
және талдау. Модельдеу элементтерімен, ғылыми танымның әдісі ретінде
оқушылар кіші сыныптарда математика курсында танысады. Модельдер сызба,
схема, формула, теңдеулер және т.б. қалыпта ұсынылуы тиіс. Сонан соң
модельдеу басқа пәндерді (химия, биология, информатика, физика және т.б.)
оқып-үйрену барысында қолданылады. ЭЕМ-ді қолдану арқылы модельдеу,
яғни компьютерлік моделдеу технологиясы қазіргі ғылыми танымның
неғұрлым жемісті (продуктивті) технологияларының бірі болып табылады. Ол
«оқушылардың эксперименттік және зерттеушілік әрекеттерін арттырады
(күшейтеді), модельдеу технологиясына негізделген оқыту үдерісін нақты
таным үдерісіне жақындату мүмкіндігін береді». Біздіңше осы айтылған
пікірлерге сүйене отырып физика курсының кез-келген тақырыбы,
мүмкіндігінше, компьютерлік модельдеу идеологиясына сәйкес құрылуы тиіс.
Сондықтан физика курсының оқулықтарындағы есептерді модельдеу
элементтерін
оқып-үйренудің
дидактикалық
шарттарына
байланысты
топтастыру қажет.
Сондықтан физика курсын оқыту ӛзара әрекеттесетін модельдерді кеңейте
түсетін жаңа жүйе ретінде құрылуы тиіс.
Физиканы оқытудағы модельдеу әдісінің мәні мынада, яғни қандай да бір
зерттеу нысанын оқып-үйрену барысында, алдыңғы зерттеу нысанын
алмастыратын басқа зерттеу нысаны қолданылады. Түпнұсқаны алмастыратын
зерттеу нысанын модель деп атайды. Модельдеу кезінде, бір зат (модель)
туралы білімдер басқа бір зерттеу нысанына (түпнұсқаға) тасымалданады.
Молекулалық физиканы, электродинамиканы, оптиканы, атомдық және
атомдық ядро физикасын, заттардың құрылысы және ӛрістер, молекула мен
атомдардың құрылысын, олардың қозғалысын оқып-үйрену үдерісінде
оқушыларда модельдік ұғымдарды және олар туралы түсініктерді
қалыптастыру қажеттігі туындайды. Бұл кезде кӛрнекі құрал ретінде
модельдерді жиі пайдалануға тура келеді. Ал құбылыстар туралы тұжырым мен
қорытындыны ұқсастық бойынша жасайды. Бұл жерде техникалық және
зертханалық құрылғылар мен тәжрибелердің модельдері қолданылады, яғни
олар Резерфорд тәжірибесі, Штернь тәжірибесінің моделі, үдеткіш, циклотрон,