ӘОЖ 377.5.02:37.016:53:519.711.3
Қолжазба құқығында
АЛДЕШОВ САПАРҒАЛИ ЕРГЕНҰЛЫ
Колледжде компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану
жағдайында ақпараттық-логикалық модельдеудің әдістемесі
(физиканы оқыту мысалында)
13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта
және жоғары білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру)
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
2
Жұмыс Ұлттық ақпараттандыру орталығында орындалған
Ғылыми жетекшілері:
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Сыдықов Б.Д.
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор
Баймұханов Б.Б.
Ресми оппоненттері:
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Үсенов С.С.
педагогика ғылымдарының кандидаты
Ниязова Г.Ж.
Жетекші ұйым:
С. Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университеті.
Диссертация 2010 жылы 7-шілде сағат 17
00
Абылай
хан атындағы
Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде (050022,
Алматы қаласы, Мұратбаев кӛшесі 200, мәжіліс залы – 208) педагогика
ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жӛніндегі БД- 14.08.04.
диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.
Диссертациямен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар
және әлем тілдері университетінің ғылыми оқу залында танысуға болады.
Автореферат 2010 жылы 5 маусымда таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы п.ғ.д., профессор А.Қ.Қозыбай
3
Кіріспе
Зерттеудің
көкейкестілігі.
Қоғамдағы
ӛндірістің,
әлеуметтік,
экономикалық және саяси ӛмірдің күрделенуі мен адамзат іс-әрекетінің барлық
саласындағы үдерістердің серпінді ӛзгерісі, біріншіден білімге деген
сұраныстың
ӛсуіне
алып
келсе,
екіншіден
осы
сұраныстарды
қанағаттандырудың жаңа құралдарын жасау мен технологияларын анықтауды
талап етеді.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім
беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі заманауи педагогикалық
технологияларды ұтымды қолдана білуге тікелей қатысты. Сол себепті
ақпараттық-компьютерлік технологиялар құралдарын педагогикалық іс-
әрекетте кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы
орта арнаулы оқу орындары мамандарының кәсіби дайындығына қойылатын
талаптар қатарына енеді. Осы орайда, орта арнаулы оқу орындарының
педагогикалық үдерісінде ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық
құралдарды қолдану және осының негізінде ақпараттық-логикалық модельдеуді
оқыту үдерісінде пайдалану ӛзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі ақпараттық
қоғамның материалдық технологиялық қоры компьютерлік техникалар мен
компьютерлік желілер, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық
байланыстарға негізделген жүйелер болып табылатындығы айқын болып отыр.
Сондықтан оқушыларға білім беруде ақпараттық–логикалық модельдеуді
физиканы оқытуда қолдану арқылы тәжрибелік іс-әрекеттер барысында пайда
болатын мәселелерді қалыпты түрде сипаттау, яғни ақпараттық–логикалық
модельдеу әдістері туралы біліктілік, іскерлік пен машықтар жүйесін
қалыптастыруды қажет
етеді. Сонымен
бірге
негізгі
алгоритмдік
құрылымдарды,
бағдарламалау
технологияларын
білу,
есептерді
математикалық модельдер бойынша шешу, ЭЕМ-мен, оның құрылғыларымен,
ақпараттық технология құралдарымен жұмыс істеу, құрылған алгоритм
бойынша бағдарламалау тілдерінің кӛмегімен ЭЕМ-ге арнап бағдарлама құру
және бұл білімдер мен іскерліктерді зерттеу нысанының, құбылыстың
ақпараттық-логикалық моделін құру үшін қолдану негізгі мәселе болып
саналады.
Осы аталған талаптардың қажетті кӛлемде жүзеге асырылуы оқушылардың
ақпараттық–логикалық модельдеу бойынша сауаттылығының жоғары деңгейде
қалыптасуын қамтамасыз етеді. Ақпараттық–логикалық модельдеу ұғымы
«ақпараттық мәдениеттілік» ұғымына компьютерлік сауаттылықтың құрауышы
ретінде енді және ол жаңа ұғымдарды енгізу арқылы пайда болады, яғни
барлық жаңа ұғымдар ЭЕМ кӛмегімен физикалық есептерді шешу үшін
ақпараттық–логикалық модельдеу әдістерін қолдану мәселелеріне арналады.
Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде білім беруді
жетілдіруге педагогика саласы ғалымдарының [А.А.Кузнецов, И.Н.Антипов,
И.В.Роберт, И.Е.Вострокнутов, В.В.Лукин, И.А.Трубина, И.А.Румянцева,
Ю.А.Первин, М.П.Лапчик, В.М.Монахов, А.Г.Кушниренко, А.Г.Гейн және
т.б.] еңбектері арналған.