8
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Зерттеудің нәтижелері
бойынша колледжде физиканы оқытуға арналған ақпараттық-логикалық
модельдеу негізінде жасалған компьютерлік оқыту бағдарламалары кейбір
колледждердің тәжірибесіне және Ұлттық ақпараттандыру орталығы
дайындаған электрондық оқулықтардың мазмұнына енгізілді. Мұндай
компьютерлік
оқыту
бағдарламаларын
жасаудың
тәсілдерін
және
бағдарламаның ӛзін орта мектептің физика мұғалімдері ӛздерінің іс-
тәжрибелерінде
қолдана
алады.
Зерттеу
жұмысының
нәтижелерін
мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарының әдіскерлері мен физика
оқулығының авторлары ӛз жұмыстарын жетілдіру үшін қолдануына болады.
Диссертацияда айтылған пікірлерді білімді ақпараттандыру жағдайында
колледждер мен орта мектептің басқа пәндерінің оқытушылары да ӛздерінің іс-
тәжірибелерінде қолдана алады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1. Физиканы оқыту үдерісінде қолданылатын ақпараттық-логикалық
модельдеудің мән-мағынасы мен атқаратын қызметі.
2. Ақпараттық-логикалық модельдеуді физика курсын оқыту үдерісінде
қолданудың мазмұны мен әдістемесі.
3.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ақпараттық-логикалық
модельдеу негізінде жасалған компьютерлік оқыту бағдарламалары арқылы
ұйымдастыру мен басқарудың тәсілдері.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі алғашқы әдіснамалық
және теориялық кӛзқарастармен; практикалық жұмыс мазмұнының ғылыми
аппаратқа сәйкестілігімен; зерттеу проблемасын зерделеуде зерттеу
міндеттеріне барабар әдістер кешенін пайдаланумен; зерттеу мәліметтерінің
дәлелділігімен;
тәжірибелі-әдістемелік
жұмыстарының
жоспарлы
кезеңділігімен; ұсынылған әдістеменің тиімділігімен; бастапқы және соңғы
кӛрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылаумен; олардың тиімділігін
тәжірибе-әдістемелік жұмыстар арқылы тексеруімен және оқу-тәрбие үдерiсіне
кешенді ендірілуімен дәлелденеді.
Зерттеу базасы. Ғылыми-тәжірибелік жұмысы Ұлттық ақпараттандыру
орталығында, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжі,
Мырзакент колледжі, Жетісай медициналық колледжі, «Тұран» мектеп-
гимназиясында жүргізілді.
Тәжірибелік-зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға
ендіру ғылыми-тәжірибе барысында жүзеге асырыла отырып, халықаралық,
республикалық ғылыми-практикалық, ғылыми-теориялық конференцияларда
(Алматы -2009, Жетісай -2007, -2009, Түркістан -2010;), республикалық
педагогикалық оқуларда, Сырдария университетінің жыл сайынғы ӛтетін
конференцияларында, ғылыми-әдістемелік іс-шараларда (семинарларында),
мерзімді ғылыми-педагогикалық басылымдарда және жинақтарда кӛрініс
тапты. Зерттеу нәтижелері Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық
колледжнің және Мырзакент колледжі, Жетісай медициналық колледжі,
«Тұран» мектеп-гимназиясының оқу үдерісіне ендірілді.
9
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бӛлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан
тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының кӛкейкестілігі мен маңыздылығы
айтылды. Зерттеу жұмысының нысаны мен пәні, оның мақсаты, болжамы мен
міндеттері анықталып, әдіснамалық және теориялық негіздері, зерттеу әдістері
мен кезеңдері, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы,
қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен
негізділігі баяндалған.
«компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану жағдайында Орта
оқу орындарында ақпараттық-логикалық модельдеу арқылы білім
берудің теориялық негіздері» деп аталатын бірінші бӛлімде орта оқу орнында
оқытудың ақпараттық-компьютерлік технологияларын қолдануды айқындау
негізінде білім беру үдерісінде ақпараттық-логикалық модельдеудің оқытудағы
мән-мағынасы мен атқаратын қызметі анықталған. Ақпараттық-логикалық
модельдеу арқылы білім берудің ғылми-әдістемелік кӛзқарастары негізделіп,
оқыту үдерісінде ақпараттық-компьютерлік білім берудің дидактикалық
негіздері мен оқушылардың танымдық әрекеттерін ақпараттық-логикалық
модельдеу негізінде ұйымдастыру мен басқарудың тәсілдері айқындалған.
«Компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану жағдайында физика
курсын ақпараттық-логикалық модельдеу арқылы оқытудың әдістемесі»
деп аталатын екінші бӛлімде ақпараттық-логикалық модельдеу арқылы
оқытудың технологиясы түсіндіріліп, компьютерлік оқыту бағдарламаларын
қолдану жағдайында орта оқу орнында ақпараттық-компьютерлік білім беру
мазмұны мен білім берудегі ақпараттық-логикалық модельдеудің құрылымы
анықталған. Сонымен қатар, бұл бӛлімде ғылыми-тәжрибелік зерттеу
жұмыстарын жүргізу және олардың нәтижелері баяндалған.
Қорытындыда диссертациялық зерттеудің негізгі қорытындылары мен
ұсыныстары тұжырымдалған, проблеманы әрі қарай жалғастырып зерттеудің
болашағы анықталған.
Қосымшада зерттеу барысында қолданылған материалдар мен құжаттар
келтірілген.
Негізгі бөлім
Білім беруді ақпараттандыру үдерісінде, компьютерді оқу жүйесінде
пайдалануы арқылы халыққа білім беру жүйесін реформалаудың негізгі
буынының бірі болып саналады. Қазіргі қоғамның қажеттілігіне сай оқытудың
әдісі мен қалпын, білім берудің мазмұнын түбірімен ӛзгертуде компьютердің
мүмкіндігін пайдаланбай жүзеге асыру мүмкін емес деп есептейміз.
Компьютерлік оқыту бағдарламаларын оқу үдерісіне пайдалануда
оқытудың мынадай жалпы ұстанымдарын қолдануға тура келеді:
Бірінші ұстаным - ӛзара тығыз байланыстағы материалдарды блоктарға
бӛлу (қадамдарға). Ал бағдарлама авторларынан оқу материалдарын тиянақты
талдауды, мәтін бӛліктері арасындағы ӛзара байланыстың ерекшеліктері мен
мазмұнын анықтауды талап етеді.