6
әрекеттерін ақпараттық-логикалық моделдеу негізінде ұйымдастыру мен
басқарудың тәсілдерін айқындау.
3. Ақпараттық-логикалық модельдеуді физика курсын оқыту үдерісінде
қолданудың мазмұнын анықтау мен әдістемесін даярлау және тәжірибе-
эксперименттік жұмыстар арқылы оның тиімділігін дәйектеу.
Зерттеудің жетекші идеясы. Білім беруді ақпараттандыру және
колледждің оқу үдерісіне электрондық оқу жүйесін енгізу физиканы оқытуда
ақпараттық-логикалық модельдеуді қолдануға жаңа жағдай жасап, үлкен
мүмкіншіліктер туғызуда. Бұл арнаулы орта білім беру жүйесіндегі оқытудың
тиімділігін арттырып, білім дәрежесі жоғары, сапалы мамандар даярлауға
жағдай жасайды.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін білім беру
жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік
негіздері, жеке тұлғаның қалыптасуының жалпы философиялық ұстанымдары,
біртұтастық туралы диалектикалық теориясы, қазіргі білім беру проблемалары,
политехникалық және кәсіптік білім беру, педагогика, психология мен жеке
тұлғаны дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері
құрайды.
Диссертациялық зерттеудің теориялық, әдістемелік және ғылыми тәжірибе
қағидаларын жасауда орта білім беру үдерісін зерттеудегі жүйелілік, тұлғалық
және іс-әрекет тұрғысынан қараудың жалпы ғылыми ұстанымдары, іс-әрекеттің
философиялық, психологиялық, педагогикалық теориясы; проблемалық
оқытудың психологиялық-педагогикалық және әдістемелік негіздері туралы
теориялары мен идеялары қолданылды.
Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың,
педагогтардың, психологтардың және т.б. ғалымдардың еңбектері; ҚР
үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің орта
мектептің білім беру мәселелеріне қатысты кӛрсеткіш (норматив) құжаттары
мен оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары,
оқулықтар, оқу құралдары және т.б.); Қазақстан Республикасы міндетті білім
беру бағдарламалары; Білім беру саласын ақпараттандыру тұжырымдамасы мен
бағдарламасы; педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері;
ақпараттық-компьютерлік технологиялар саласындағы ғылыми еңбектері.
Автордың орта оқу орнында оқытушылық қызметтеріндегі кӛп жылдық
педагогикалық және зерттеушілік іс-әрекет тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық
(модельдеу,
аналитикалық-синтетикалық,
салыстырмалы,
индуктивті-
дедуктивті талдау), эмпирикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент,
педагогикалық озық іс-тәжірибелер); әлеуметтану (сауалнама); білім беру
жүйесі пайым нысаны (субъектілерінің) тәжірибесін талдау, салыстыру,
зерделеу,
жинақтау,
тәжірибелік-әдістемелік
жұмыстарды
жүргізу,
математикалық есеп-қисабын (статистикалық) ӛңдеу әдістері қолданылды.
Зерттеу кезеңдері: зерттеу үш кезеңде жүргізілді.
Бірінші кезеңде (2005-2006 жж.) педагогикалық зерттеулер әдіснамасы
мен теориясының жалпы және арнайы мәселелері бойынша отандық және
7
шетелдік әдебиеттерді мақсатты түрде зерттеу мен талдау; физиканы оқыту
тәжірибесін талдау жұмысы ұйымдастырылды. Орта білім берудің мемлекеттік
ӛлшеуіштері (стандарттары), білім беру саласындағы бағдарламалар және
бірқатар оқу орындарын негізге ала отырып оқу жоспарлары зерделенді.
Зерттеудің басты қағидалары анықталды, ғылыми тәжірибе жұмысының
әдістемесі жасалды. Орта оқу орнында оқушыларға физика пәнін оқытудың
әдістемесін қалыптастырудың қазіргі заманға лайықты мәселелерін зерттеу
деңгейі анықталды, анықтау эксперименті жүргізіліп, оның нәтижелері ӛңделді.
Екінші кезеңде (2006-2007 жж.) оқушыларға физика саласында білім
берудің кӛп сатылы құрылымдық ерекшеліктері негізделді. Ақпараттық-
логикалық модельдеу негізінде білім берудің мәні мен мазмұны және
құрылымы тұжырымдалды. Оның әдістемесі айқындалды сондай-ақ физиканы
оқытудың мазмұны жетілдірілді және оқыту эксперименті жүзеге асырылды.
Үшінші кезеңде (2007-2009 жж.) физика курсын ақпараттық-логикалық
модельдеу арқылы оқытудың дидактикалық жасақтамасын және әдістемесін
негіздеп, жетілдіру жұмыстары жалғастырылды. Оқушыларға ақпараттық
технологиялар арқылы ақпараттық-логикалық модельдеу білімдерін берудің
дидактикалық ұстанымдары анықталып, оқу үдерісінде қолданылды.
Оқушыларға компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану жағдайында
ақпараттық-логикалық модельдеу арқылы оқытудың әдістемесі даярланды. Ол
тәжірибелік-экспериментте тексерілді. Педагогикалық эксперимент нәтижелері
қорытындыланды, мәліметтер есеп-қисаптық ӛңдеуден ӛткізіліп, әдістемелік
ұсыныстар берілді. Пайдаланылған әдебиеттер бір жүйеге келтірілді.
Диссертациялық жұмыс талап бойынша дайындалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
1. Білімді
ақпараттандыру саласында ақпараттық технологияларға
негізделген білім беру, оқыту әдістері мен оқу бағдарламаларына талдау
жүргізу негізінде физиканы оқыту үдерісінде қолданылатын ақпараттық-
логикалық модельдеудің мән-мағынасы мен атқаратын қызметі анықталды.
2. Оқыту үдерісінде ақпараттық-логикалық модельдеудің дидактикалық
негіздері арқылы оқушылардың танымдық әрекеттерін компьютерлік оқыту
бағдарламалары негізінде ұйымдастыру мен басқарудың тәсілдері айқындалды.
3. Ақпараттық-логикалық модельдеуді физика курсын оқыту үдерісінде
қолданудың мазмұны анықталып, әдістемесі даярланды және оның тиімділігі
тәжрибелік-эксперимент жұмыстары арқылы тексерілді.
Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы. Орта оқу орындарында
ақпараттық-логикалық модельдеу арқылы білім беруді теориялық тұрғыдан
негіздеуден, оқыту үдерісінде компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану
жағдайында білім берудің дидактикалық негіздерін анықтаудан, ақпараттық-
логикалық модельдеу арқылы оқыту технологиясын даярлаудан, орта оқу
орындарында ақпараттық-компьютерлік білім беру мазмұнын анықтаудан және
физиканы оқытуда ақпараттық-логикалық модельдеу негізінде жасалған
компьютерлік оқыту бағдарламаларының құрылымын айқындаудан тұрады.
Бұлар - білім беруді ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесіне қосылған
қомақты үлес болып табылады.