30
- Еркін шығармашылық ізденіске құқығы.
Оқытушының рөлі:
- педагог 8 жылы бойы балаларды пәндерге жетелейтін маман.
~ Мұғалім - дос.
~ Пәнмен баларға емес, ал балалармен пәнге қарай жүретін бағытты ұстану.
~ Білім беру емес, ал балаларды сабақ барысында өмір сүруге бейімдеу.
-
Мұғалім мен оқушының біртұтас рухани өмірі.
- Табиғат берген күштің толысуына көмектесу.
- Балаға «жоқ», «болмайды» деген сөздердің айтылмауы.
- Ескету жасалмайды (күшті мен әлсіз деп бөлмеу).
- Жаман баға қоймау.
- Екінші жылға қалдырмау.
- Баланы өз қабілетіне сай қабылдау (барлық бала талантты).
Вальдорфтық мектеп баланың ой-өрісі мен зиятын, физикалық және адамгершілік
қабілеттерін қатар дамытады. Тәрбиелеу жұмысын ұйымдастырудың негізгі принципі – еркіндік.
Мектептің директоры жоқ. Маңызды мәселелерді шешуге ата-аналар қатысады. Сонымен қатар
ата-аналар мектепті ашу туралы да шешімді өздері қабылдайды. Вальдорфтық мектепте жалпыға
бірдей әдістеме, оқыту жоспары мен оқулықтар болмайды. Мұғалімдерге оқыту-тәрбиелеу
үдерісінің мазмұнын, формасын және әдістерін таңдауға толық құқық берілген.
2. Френе селестеннің еркін еңбек технологиясы(1896-1966) - француз педагог әрі
ойшылы. С. Френе технологиясы бойынша жұмыс атқаратын білім беру мекемелері «Жаңа
француз мектебі»деп аталып кетті.
Тұжырымдамасы:
- Оқыту –табиғи жағдайда өткізіліп, бала дамуының ерекшеліктеріне сай жүргізіледі.
- Балалардың арасындағы қарым-қатынасы мен құндылықтарға бағдарлануы оқыту-
тәрбиелеу үдерісінің негізі болып табылады.
- Оқытудың барлық кезеңдеріндегі қоғамдық маңызды еңбек.
- Мектептік өзін-өзі басқаруға көп көңіл бөлінеді.
- Балалардың эмоционалдық және зияттық белсенділігі белсендіріледі.
- Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа материалдық технологиялары қолданылады.
Мектептің негізгі мақсаты –баланың физикалық және рухани күшін дамыту. Бұл мектеп
жүйесінің барлық элементтерінде көрініс табады. Оқыту мен тәрбиелеу процесін өнермен
ұштастыру жүзеге асады.
• Қосымша ағарту жұмыстары (музей, театржәне т.б.).
• Пәнаралық байланыс.
• Еңбектік тәрбиеге көп мән беріледі.
С.Френе мектебінің ерекшеліктері:
- оқыту жоқ, оның орнына мәселелрді шешу, тәжірибе жүргізу, талдау мен салыстыру бар;
- үй тапсырмалары жоқ, бірақ үйде, көшеде және мектепте сұрақтар қойылады;
- қоңыраудан қоңырауға дейінгі сабақ жүйесі жоқ;
- баға қойылмайды, бірақ үлгерім тіркеледі;
- қәтелік емес, көпшілікпен бірігіп щещімі табылатын келеңсіздіктер болады;
- бағдарлама орнына жеке және топтық жоспарлар құрылады;
- дәстүрлі мұғалімнің орынына, оқушының көмекшісі бола білетін педагог келеді;
~ педагог оқытып-тәрбиелемейді, ал жалпы мәселелерді шешуге қатысады;
- жалпы қағидалар болмағанымен, сыныпта балалардың өздері құрастырған ережелер
болады.
Монтессори технологиясы.
Мария Мантессори -1870 жылы 31тамыз айында дүниеге келген. Итальяндық педагок, әрі
ғалым. Ол балаларды еркін тәрбилеу идеясын жасап, өмірге енгізді.1896ж Рим Университетінің
медициналық факультетін бітіргеннен кейін М.Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан
бірінші медицина докторы болып табылады.
Университеттің емханасында ақыл-ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді.1900ж
Марияның өзі дамуында ауытқушылықтар бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына
басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сөйлегендіктен, ол саусақтардың ұсақ
моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардың
31
өзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және
ойындар әзірледі. Сөйтіп, Монтессори өзінің бірегей дидактикалық құралдарын әзірлей бастады.
Бірқатар уақыт өткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу, жазу және есептеуді кәдімгі мектептегі
өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді.
1909ж бастап М.Монтессори жүйесі өмірге белсенді түрде енгізіле бастады. Түрлі елдердің
педагогтары үшін курстар ашылды.1910ж әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Монтессори
әдісі» атты кітап жарық көрді.
1929ж Мария Монтессори қазіргі кезде де жұмыс істеп жатқан халықаралық Монтессори
Ассоциациясының (АМІ) негізін салды. Италиядағы фащистік тәртіп кезеңінде Марияның елден
кетуіне тура келді. ОлЕуропаға 76 жасында қайтып келді. Көптеген еңбектерін шығарды, оқу
курстарын жүргізді, психологиялық еңбектер жазды.1950ж оған Амстердам университетінің
профессоры атағы, докторлық құрметті дәрежесі берілді.
Бұл әдіс бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және
логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Монтессори
әдісінің негізгі қағидасы- «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес
тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен
сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ,
олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори бөлмесінде
«Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталады.
Бүгінде осы әдіспен жұмыс істейтін бала бақшалар көптеп ашылып жатыр. Балабақшадағы
ұстаздар міндетті түрде дайындық курсынан өтеді. Монтессори әдісінде сыныптық сабақ
системасы жоқ, мектеп партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар,
кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды.
Монтессори әдісі үш негізгі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз.
Монтессориәдісініңмақсаты:
• балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу;
• өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру;
• балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.
Монтессори ұстазының міндеті:
• балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу;
• негізгі түстерді айыра білуге үйрету;
• ұсақ моториканы дамыту;
• алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру;
• зейінін тұрақтандыру;
• тәртіпке үйрету;
Монтессорибөлмесі 5 аймаққабөлінген:
1.Сенсорлық аймақ.
2.Математика-лық аймақ.
3.Күнделікті өміржаттығуларыаймағы.
4.Тілдік аймақ.
5.Ғарыштықаймақ.
Мария Монтессори
тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір
тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балаларды дидактикалық
материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым мен ырғақта
дамиды. Балалардың табиғи қажеттіліктері мен үрдістері үшін даярланған.
Жоғарыда аталған авторлардың білім берудегі альтернативті технологияларын негізге ала
отырып, білім беруде арнайы қажеттіліктері бар балалардың тілін дамытудағы әдіс-тәсілдерін
келесі принциптер бойынша таңдауға болады:
• тәсілдің бала қызығушылығына сай болуы; яғни тілдік дамыту жұмыстарын атқару
барысында педагогтың ешқандай қинап сөйлетуі немесе баланың қызығушылығын туғызбаған
тапсырмалардың болмауы;
• баланың таңдау еркіндігі; жалпы түзету-педагогикалық сабақ мазмұны бала таңдауына
негізделуі тиіс. Мысалы, бала сабаққа келіп бір ойыншыққа немесе кітапқа назары ауды, ал
педагог сол таңдауға сай бала тілін дамыту мақсатында әр түрлі ойындар мен тапсырмалар
ұсынуы қажет;
Достарыңызбен бөлісу: |