13
2) Тек қана жекелеген сапалық қасиетін ( қуырщақ әдемі) немесе іс-әрекетін (қуыршақ тұрып
тұр) айтады.
3) Тапсырманы орындамайды тек қуыршақ сөзін қайталайды.
2.Қуыршақтың үстіндегі киімі қандай ?
1) Бала 4 зат атауын айтады.
2) Бала 2 зат атауын айтады.
3) Айтпайды, тек нұсқап көрсетеді.
3.Қуыршаққа жүгіру үшін, қолмен бұлғауы үшін қандай тапсырма бересің ?
1) Бала бұйрық райды дұрыс қолданады: Сәуле жүгірші, қолыңды бұлғашы.
2) Тек қана етістікті айтады: жүгір, қолыңды бұлға.
3) Дұрыс емес формадағы етістікті қолданады.
4.Қуыршаққа қонақтар келді. Үстел үстіне не қою керек ?
1) Бала ыдыс сөзін айтады.
2) Ыдыстың жекелеген түрлерін атап шығады.
3) Тек қана бір затты айтады.
5.Қандай ыдыс-аяқ түрлерін білесің ?
1) Бала 4 зат атауын айтады.
2) Бала 2 зат атауын айтады.
3) Бала тек бір зат атауын айтады.
6.Нанды, шайды, қантты қайда салады ?
1) Барлық сұраққа дұрыс жауап береді.
2) Тек қана 3 сұраққа жауап берді.
3) Тек қана 1 сұраққа жауап берді.
7.Ыдыстарды бір-бірімен салыстыру. «Мына заттарда қандай айырмашылық бар ? (Әр түрлі
ыдысы бар суретті көрсету)
1) Түсін ғана ажырата алады.
2) Жекелеген сапалық қасиетін айтады (мына кесе жасыл түсті, ал анау кесе –қызыл түсті).
3) Тек бір өзгешелігін айтады.
8.Айтшы, мынау не ?
Шыны әрі мөлдір стақан ба, құмыра ма ? Темір әрі жылтыр-шанышқы ма, пышақ па ? Саздан
жасалған
әрі оюланған- табақ па, кесе ме?
1) Барлық тапсырманы орындады.
2) Екі тапсырманы орындады.
3) Бір тапсырманы орындады.
9.Сөздің кері мағынасын тап. Бір стақан биік, екіншісі...... ;Мына кесе таза, ал анаусы-....;
1) Барлық тапсырманы орындады.
2) Екі тапсырманы орындады.
3) Бір тапсырманы орындады.
10.
Пышақтың сабы бар, Тағы ненің сабы бар ?
1) 3-4 заттың сабын айтады (үтік, шәйнек, сөмке).
2) 2 сапты айтады (қазан мен шәйнек)
3) Чашканың сабын көрсетеді.
Тапсырма 2.
1.Логопед допты көрсетіп «Бұл не ?» деп сұрайды.
1) Бала анықтама береді ( доп-ол ойыншық, ол дөңгелек болады );
2) Тек қана жекелеген сапалық қасиетін айтады.
3) Тапсырманы орындамайды, тек доп сөзін қайталайды.
2.Лақтыру, қағып алу сөздерінің мағынасы неде ?
1) Бала түсіндіре бастайды: лақтыру-біреуге
допты бердім, ал екінші адам алды.
2) Қимылмен көрсетіп-лақтырдым деп айтады.
3) Тек қана қимылмен көрсетеді.
3.Екі допты салыстыр: айырмашылығы мен ұқсастығы неде ?
1) Бала сипаттай бастайды: екеуі де дөңгелек,
резеңкеден жасалған, онымен ойнайды.
2) Тек түсі бойынша айырмашылығын айтады.
3) Тек бір сөз ғана айтады.
Қандай ойыншықтарды білесің ?
1) Бала 4 ойыншық атауын айтады.
14
2) Бала 2 ойыншық атауын айтады.
3) Бала 1 ойыншық атауын айтады. [1]
Жауапты бағалау.
Егер бала № 1 жауапты таңдаса-3 балл, № 2-2 балл, № 3-1 балл беріледі. Егер баланың
жауаптарының 2/3 3 баллға сәйкес келсе жоғары деңгей, ал 2 баллға есептелсе орта деңгей, ал 1
баллға есептелсе төменгі деңгей болып есептеледі.
Тексеруде балаға қуыршақ пен доп көрсетіліп, оның сапалық қасиетін, ерекшеліктерін атап өту
одан талап етілді. Сөздік қорын тексеруде бір-бірімен жалғасын табатын сұрақтар қойылды:
қуыршақтың киімі қандай,
қонақ келсе алдына не қоясың, қандай ыдыс түрлерін білесің және т.с.с.
Кесте 1
Жоғарғы деңгей
Орта деңгей
Төменгі деңгей
2 (10 %)
8 (40 %)
10 (50 %)
Диаграмма 1
Зерттеу нәтижесі (Кесте-1) СТЖД балалардың сөздік қоры балалрдың жартысында төмен
деңгейде екендігін анықтап берді. Ал орта деңгей 40 %, төменгі деңгей 10 % екендігі анықталып
отыр.
2-кезең. Стребелева бойынша сөйлеу тілінің дыбыстық құрылымының деңгейін тексеру
әдістемесі. (4-5 жас).
1. «Дұрыстап тыңда» әдістемесі
Мақсаты:берілген дыбыс қатарларынан белгілі бір дыбысты бөліп ала алу қабілеті.
Құрал-жабдықтар: экран.
Тексеру барысы:«А» дыбысын естігенде қолыңды көтер деген нұсқаулық балаға беріледі. Логопед
экранмен аузын жауып, келесі дыбыстарды айта бастайды: а, м, с, у, о, ш, а, ы.
2. «Қайтала» әдістемесі
Мақсаты:сөздің буындық құрылымын сақтай отырып қайталай алу қабілеті.
Тексеру барысы:Логопед баладан келесі сөздерді артынан қайталауын сұрайды. Сөздер қатары:
машина, түйме, құрбақа, көбелек, сабын салғыш.
3. « Ата» әдістемесі.
Мақсаты:күрделі дыбыстық құрылымы бар сөздерді айта алу қабілеті.
Құрал-жабдықтар:заттар бейнеленген
суреттер: тасбақа, аквариум,
велосипед, ескерткіш.
Тексеру барысы:бала суреттерді қарап, атауы қажет.
4.
« Суретті көрсет»әдістемесі
Мақсаты:бір-біріне ұқсас дыбысталатын сөздерді дифференциациялай алу қабілеті.
Құрал-жабдықтар:заттық суреттер.
Тексеру барысы:бала алдына қала-дала, түйме-күйме, сабын-табынның суреттер қойылады. Оған
мағынасына қарай түймені көрсет немесе күймені көрсет деген нұсқау беріледі.
5. «Эхо» ойыны
Мақсаты:есту зейінін тексеру.
Тексеру барысы:педагог келесі буын тізбектерін айтып, балаға артынан қайталауын өтінеді: па-ба,
ка-га, па-па-ба, та-да-та, па-бапа, та-та-да.
Жауапты бағалау.
Тапсырманың жартысын дұрыс орындаса орта деңгей , 1/3 бөлігін орындаса төмен деңгей, 2/3
бөлігін дұрыс орындаса жоғары деңгейге жатқызылады.
Балаларға күрделі сөздерді айту, дыбыстар қатарынан белгілі бір дыбысты бөліп алу, ұқсас
дыбыстарды шатастырмай айту тапсырмалары берілді. Нәтижесі: