Әож 378+159. 923 Білімгерлердің шығармашылық Қабілеттерін арттыру



Дата06.02.2020
өлшемі44 Kb.
#28388

ӘОЖ 378+159.923
БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Тажиева М.Т., Битанова Б.Ш.

Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті, Тараз қ.
Қазіргі таңда еліміздің рухани күш – қуатын одан әрі жетілдіру, жастарға білім беру реформасын жүзеге асыру жаңа тұрпатты білім ордасында бүкіл білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жаңарту арқылы жүзеге аспақ.

Шетел тілін оқытудың басты мақсаты – практикалық тіл дайындығы. Өйткені білімгерлердің шетел тілін меңгерудегі практикалық қабілеттерін арттыруда кәсіби біліктілігі осымен тығыз байланысты. Тілдік емес жоғары оқу орындары үшін ағылшын тілі бойынша бағдарламаның түпкі талаптары білімгерлердің шетел тілі бойынша білімі толық тілді тасушы деңгейіне жақындастырылған болуы керек деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Соған байланысты шетел тілін толыққанды меңгерудің негізгі критерийлері анықталады: шетел тілінің барлық тілдік және стилистикалық нормаларын сақтаған қарапайым коммуникация құралы ретіндегі сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін еркін пайдалану (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым); шетел тілін кәсіби меңгеру. Оған әр түрлі топтардағы білімгерлердің тілді білу деңгейіне қарай өзінің сөйлеу тәжірибесін бейімдендіру қабілеті де кіреді, тілдік материалды дұрыс әрі қонымды түсіндіру, тілдік қателерді анықтау мен түзету қабілеті. Аталған барлық қасиеттер оқу процесінде тиімді әдісті қолдана отырып, әдістемені мақсатты ұйымдастыру арқылы қалыптастырылады [1].

Өскелең жас ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беру үшін мүғалімдер ғылыми - педагогикалық инновациялық іс-әрекет негіздерін меңгеруі шартты нәрсе. Өйткені ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген XXI ғасырда жеке тұлғаны қалыптастыру ұстаздардың басты міндеті болып саналады. Сондықтан да бұл ұстаздан үнемі шығармашылық ізденісті, жаңа әдісті қолдануды талап етеді.

«Жақсы мұғалім маған әр уақыт қат, қымбат, өйткені, ол мектептің жүрегі» деп ағартушы педагог Ы. Алтынсарин айтқанындай, мектеп үшін ең керегі – жаңашыл мұғалім [2].

Жаңа ғасырда прогрессивті өмірге аяқ басқан жастар заман талабына сай өзгеше өмір сүруге дайын болуы керек. Парасатты да саналы азамат болу үшін бүгінгі жастардың білімдері терең де, жан – жақты да болуы тиіс. Жастарды бүгінгі заман талабына сай маман ретінде дайындауда олардың шет тілдерін еркін меңгерулері өте пайдалы. Шет тілін үйретуде студенттердің тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыруда олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру өте маңызды болып табылады.

Жас ұрпақты шығармашылық потенциалын көтермей дамыту мүмкін емес. Білімгерлерді шығармашылық жұмыстарға тарту үшін оларды қызықты материалмен қамтамасыз ету, оқытудың дәстүрлі емес түрлерін қолдану, шығармашылыққа бағытталған тапсырмалар беру, әрбір істе жаңа әдістер қолдану қажет.

Педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ болып табылады. Сабақтың негізгі сипаттары:


  • білімгерлердің тұрақты тобы;

  • білімгерлердің қызметін әрқайсысының дара ерекшеліктерін ескере отырып, басқару;

  • сабақта берілген материалдарды меңгеру.

Сабақтың құрылымы оның кезеңдерінің жиынтығынан тұрады, бұл кезеңдер белгілі бір кезектестікпен өзара байланысып жатады. Оның ерекшеліктері: құрылымын жан-жақты ұйымдастыру, үнемділік, білімгерлердің өзара байланысы, оқу үрдісінде тәрбиелеу. Бірақ оның кемшіліктері де кездеседі: оқытудың жалпыға бірдей жылдамдығы, студенттердің дара ерекшеліктерін ескерудің қиындықтары, оқыту үрдісінің жеткіліксіз байланысы.

Білімгерлердің шет тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыруда оқытудың әдістері мен құралдары, тіпті сабақты ұйымдастыру жағынан да өзгеше болатын дәстүрлі емес сабақтарды өткізудің маңызы өте зор. Өз тәжірибемде дәстүрлі емес сабақтардың төмендегі түрлерін жиі өткізіп тұрамын:



  • конференция, ауызша журнал;

  • жарыс сабақтары, викторина, іскери ойындар;

  • репортаж, сұхбаттасу.

Білімгерлерге дәстүрлі сабақтарға қарағанда аталған сабақтарды өткізу ұнағанымен, оларды өткізуді оқытудың негізгі формасына айналдырған дұрыс емес, себебі көп уақыт кетеді, жоғары нәтиже бермейді.

Білімгерлердің жауапкершілік сезімдерін жетілдіретін, олардың өз бетінше іздену арқылы дамуларына себін тигізетін, үлкен тәрбиелік маңызы бар тапсырманың бірі үйге берілетін тапсырма.

Оқуға ниеттенген студенттерді шет тіліне деген қызығушылығын тудыра білу үшін оларды жан – жақты дамытатын үй жұмыстары қолданылады. Бұл жаттығуларды орындау барысында білімгерлердің шығармашылық қабілеттері артады, әрі лексикалық және грамматикалық материалдарды жеңіл үйренуге жол ашылады және өз алдымен жұмыс істеу дағдылары артады. Осындай жұмыс түрлеріне жататындар:


  • эссе, хат жазу;

  • слайд-презентациялар әзірлеу;

  • баяндама, реферат дайындау;

  • әңгіме, диалог құрастыру немесе оларды аяқтау, толықтыру;

  • жобалар дайындау.

Аталған тапсырмалар білімгерлердің сабаққа жан – жақты дайындалуына, көп ізденулеріне себін тигізеді. Сонымен қатар, үй жұмысын тексеру «оқытушы – білімгер» емес, «білімгер - білімгер» режимі арқылы жүзеге асады, ал оқытушы жұмыс барысын қадағалап отырады. Шет тілдерін оқыту барысында кейінгі жылдары «жоба қорғау» әдісі кеңінен қолданылуда. Бұл істе білімгер жеке тұлға ретінде көрінеді, ол өзін дамытумен қатар, қоғамдық өмірдің жақсаруына септігін тигізеді. Білімгер жобада өзінің қызығушылығын білдіре отырып, қоғам ретінде де, қоғамдық өмірдің мәселелерін шешу үшін өзінің ойларын ұсыну арқылы шығармашылық тұлға ретінде де қатысады. Жобаның тәсілі – білімгердің белсенді жеке ойлауына бағытталған, әрі оны тек есте сақтап және айтып қана қоймай, сонымен қатар практикада қолданылуына бағытталған. Жобаның түпкі мақсатында мәселелерді шешу жатыр. Сол себепті білімгер ойлай білу қабілеттілігіне, шығармашылық әрі қарым – қатынас жасай білу қасиеттеріне ие болу керек. Бұл қабілеттерге мәтінмен жұмыс істеу, алған мәліметтерге талдау жасау, оны сараптау, қорытынды жасау секілді жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Білімгерлер «жоба қорғау» барысында дискуссия жүргізе білу, пікірлесін тыңдай алу, өзінің көзқарасын айта білу және т.б. жатады. [3]

Жоба дегеніміз – орындалған жұмыстардың нәтижесі болып табылады және жобамен жұмыс білімгерлердің лексикалық және грамматикалық материалды белсенді меңгерулеріне, олардың бұрын өткен материалды қайталауларына, мәселелерді шеше алуларына жол береді. Жобаның тәсілі білімгерге маңызы бар практикалық шешімге, нәтижеге негізделген. Жобамен жұмыс білімгерлерге өзін күтпеген қырынан ашылуларына мүмкіндік береді. Жоба арқылы білімгер өзінің ұйымдастыру қабілетін бұрын – соңды көрінбеген таланттарын ашады. Шығармашылық жұмыстар жасату арқылы білімгерлерді шет тіліне деген қызығушылықтарын арттыра аламыз. Жоба арқылы білімгерлер шет тіліне қызығып, ойлай білу, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады.

Шетел тілдерін үйретуде сөйлеу, тыңдап түсіну, оқу талаптарымен қатар аударма және жазу талаптарымен міндетті түрде беріледі.Шетел тілі мұғалімі мамандығында оқу мен сөйлеу басты әрекет болады, оқытудың тәрбиелік, білім беру, жетілдіру мақсаты нақтылана түседі. Атап айтқанда, оларға төмендегілер кіреді:


  • өзінің болашақ мамандығына шетел тілдерін іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін сезінуін тәрбиелеу;

  • өз мамандығына деген жалпы ой-өрісін кеңейту, болашақ мамандығына қызығушылығын арттыру;

  • таным үрдісіне оқушының ойлауы, есте сақтауы, тіл мәдениеті, ғылыми көзқарасы мен тілді қолдану білімін, сөйлеу мәдениетін дамыту;

  • ауызша және жазбаша түрде болашақ мамандықтарына байланыстарына өзара мәдени қарым-қатынас жасай білуге дайындау.

Шетел тілі сабақтарында білімгерлердің жеке бас ерекшеліктеріне сай түрлі әдіс-тәсілдер қолданылғаны жөн. Ал әрбір өткізілген сабақ білімгерлерді өз бетімен ізденіп білім алуға, оқуға жетелесе құба – құп. білімгерлердің мәселені тани білуі, алған білім, біліктерін жаңа тапсырмаларды шешуге, міндеттер қоя білуге тәрбиелейді. Сабақ үрдісінде шәкірттер оқуға үйренеді, өз бетімен ізденіп білім алудың жаңа жолдарын, тәсілдерін білуге бейімделеді. Бұл өз бетінше жүргізілетін жұмыстарға реферат жазуға, қолжазбалар дайындау, баспасөз беттерінен, оқулықтардан ақпарат алу, түрлі хабарламалар дайындау жатады [4].

Білімгерлердің шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін шығарма, яғни эссе жазуды көп қолдану тиімді. Білімгерлердің жазған шығармалары олардың сөйлеу қабілеттерін де арттырады. Білімгерлер эссе жазумен сөйлесу, әңгімелесу кезінде айналыса алмайды. Бірақ олар әңгіме арқылы басқа білімгердің ойын біліп, өз ойларын ортаға салуға, сол арқылы жазбаша тілдерін дамыта алады. Егер білімгерлер эссе тапсырмасын сабақ үстінде орындайтын болса, олар не жазу, не туралы жазу және қалай жазу керектігін бір – бірінен сұрап, талдай алады. Әрбір білімгер жазған эссесін сабақта оқып, қалған студенттер оған сұрақ қояды және жазылған эссені бірге тексере алады. Осыдан кейін оқытушы түзетілген эссені дауыстап оқып, басқа студенттер оның қысқаша мазмұнын айтады. Білімгерлердің шығармашылық қабілеттерін арттыру - белсенді процесс. Сондықтан әр сабақта олардың шығармашылықтарына көп көңіл бөлу олардың өмірге деген көзқарасын өзгертіп, шет тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттырып, тілдерін дамытатыны сөзсіз.

Біз болашақтың жоғары техникалық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Мысалы педагог мамандықтарына, оның ішінде шетел тілі мұғалімдері мамандығы бойынша ғылыми жобалар жасап, сол жоба бойынша жұмыс жасап, жаңа технологияларды қолдана отырып, шетел тілін оқушыларға үйрету жолдарын жобалауды және сол бойынша жұмыс алып бару арқылы гуманитарлық мамандықтарды дайындай алады. Сонымен бірге ғасырдың жаңашыл ұстаздың бойында ғаламдық ойлау, әлемді түрлі жағдайда көре білу, басқа ел мәдениетін көруге және басқадай көзқарастарға қызығушылығының болуы, ғаламдық білім берудің негізгі идеясы ұлттық мәдениетті білу, отаншыл қабілеттердің болуы қажет.
Әдебиет
1. Оқушылардың оқу белсеңділігін арттыру жолдары. Сабыров Т. А., Мектеп, 1978 ж.

2. Қазақстан мектебі №2, 2004 ж.



3. Мектеитегі шет тілі №1, 2008 ж.

4. Бастауыш мектеп №9 , 2003 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау