Академиялық саясат
1. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Университеттің Академиялық саясаты (бұдан былай - Саясат) білім саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық актілер негізінде, «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КеАҚ-ның басым міндеттері мен стратегиясын ескере отырып дайындалды.
Саясат Ережелері Қазақстан Республикасында білім беру қызметін реттейтін нормативтік актілері, Университет Жарғысы мен стратегиясы, білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптары өзгерген жағдайда қайта қарастырылады.
Академиялық саясат білім алушыға бағдарланған оқытуды іске асыруына және білім сапасын арттыруға бағытталған білім беру қызметін жоспарлап, басқару және оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру мақсатында шаралар, ережелер мен рәсімдер жүйесі болып табылады.
Университеттің академиялық стратегиясы бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға және оқу кезеңінде қосымша құзыреттерді дамытуға, интеграцияланған білім беру-зерттеу құрылымдарын құруға, академиялық кезеңдерді дербес анықтауға, оқу процесін ұйымдастыруға, ішкі және сыртқы еңбек нарығының сұраныстары бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын болжауға және әзірлеуге бағытталған.
Академиялық саясаттың мақсаты- білім алушыларға бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын қалыптастыру және академиялық ұтқырлықты дамыту арқылы сапалы білім беру қызметтерін ұсыну.
Академиялық саясаттың міндеттері:
өзінің ғылыми нәтижелеріне, кәсіби стандарттарға сәйкес келетін, мультидисциплинарлық, пәнаралық және трансдисциплинарлық тәсілдерге ие алдыңғы қатарлы шетелдік ғылыми жетістіктерге негізделген білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жетілдіру;
студентке бағдарланған оқыту үшін білім беру ортасын және әлеуметтік инфрақұрылымды құру;
білім беру ортасын басқарудың тиімділігін арттыру үшін жоғары білікті профессор-оқытушы құрамын қалыптастыру.
2. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ САПАЛЫ КОНТИНГЕНТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЯСАТЫ
"С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ" КеАҚ-да білім беру бағыттары мен деңгейлері бойынша білім алушылар контингентін қалыптастыру келесі қағидаттар бойынша жүзеге асырылады:
әр түрлі оқыту технологияларын, оның ішінде дәстүрлі, қашықтықтан және аралас технологияларды қолдана отырып, ҚР және шетел азаматтарының барлық санаттары үшін университеттің білім беру бағдарламаларының тең қол жетімділігі;
ҚР Білім беру қызметтері нарығына және шетелде білім беру өнімін дамытуға ықпал ететін маркетингтік іс-шараларды кеңінен қолдана отырып, университет мамандарын даярлау бағыттарының білім беру бағдарламаларына бағдарланған талапкерлерді іріктеу;
жоғары оқу орнына дейінгі білім беруді дамыту мақсатында "С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ" КеАҚ түсу үшін мектептер мен колледждерге биология, математика, физика, химия және информатика пәндерін тереңдетіп оқытуға көмек көрсету ;
жеке қасиеттерін, ерекшеліктері мен қабілеттерін дамыту негізінде мектеп пен колледж оқушыларының ерте кәсіби таңдауын қалыптастыру үшін мектеп пен колледж оқушыларын университет қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту арқылы мектеп пен ЖОО арасындағы дидактикалық кедергіні жеңу;
университеттің білім беру бағдарламаларына талапкерлердің қосымша сынағын (емтихан, әңгімелесу, тестілеу) өткізу арқылы конкурстық іріктеу;
Талапкерлерді қабылдау Қабылдау комиссиясы туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |