Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 201 жылғы
« » №
өкіміне 2-қосымша
«Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
Осы «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленген.
1. Жалпы ережелер
«Үкімет – азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы (бұдан әрі - Комиссия) консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ болуы тиіс.
2. Комиссияның негізгі міндеті мен функциялары
Комиссияның негізгі міндеті мемлекеттік органдар ұсынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талдауы негізінде қалыптастырылған мемлекеттік қызметтердің тізбесін (бұдан әрі - тізбе) қарау нәтижелері бойынша «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу болып табылады.
Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Комиссияның отырысында қарауға шығарылған мәселелерді талқылауға қатысады;
2) Дауыс беру жолымен Комиссияның отырысына шығарылған мемлекеттік қызметтер бойынша шешім қабылдауға қатысады;
3) Тізбені қарау қорытындысы бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің орындылығы туралы оң немесе теріс қорытынды шығарады.
6. Комиссияның төрағасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Комиссия отырысының күн тәртібін бекітеді;
2) Комиссия отырысының күнін болжамдаған отырыс өткізу күніне дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей тағайындайды;
3) Комиссияның жалпы жұмысын ұйымдастырады және оның отырыстарында төрағалық етеді;
4) Комиссияның қызметі үшін қажетті өзгеде функцияларды жүзеге асырады.
3. Комиссияның құқығы
7. Комиссия өз міндеттерін жүзеге асыру үшін:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) мемлекеттік органдардан және олардың лауазымды тұлғаларынан, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардан қажетті материалдар мен ақпаратты белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
3) заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Комиссияның жұмыс тәртібі
Комиссияның төрағасы Комиссияның қызметіне басшылық етеді, отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды және шешімдердің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке және Комиссия әзірлейтін шешімдерге дербес жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
9. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша орталық мемлекеттік органдардың тізімінен құрылған уәкілетті орган болып табылады (бұдан әрі- жұмыс органы).
10. Комиссияның жұмыс органы Комиссияның қызметін ұйымдастырушылық - техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Комиссияның отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Комиссияның мүшелеріне жіберілуі тиіс.
11. Комиссияның отырысы өткізілгеннен кейін Комиссияның хатшысы хаттаманы ресімдейді.
12. Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
13. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін кемінде үш жұмыс күні бұрын Комиссияның әрбір мүшесіне жеткізіледі.
14. Жұмыс органы:
1) жыл сайын 20 наурыздан кешіктірмей Комиссияда қарау үшін Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастырады.
2) жыл сайын 20 сәуірден кешіктірмей, қалыптастырылған тізбені Комиссияның қарауына енгізеді.
15. Комиссияның отырысы Комиссияның төрағасы белгілеген күні өткізіледі.
Комиссия отырысы жылына бір рет өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса заңды болып есептеледі.
16. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссияның отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі.
Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың
24-тармағында көзделген Комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Комиссияның хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссияның мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссияның мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап жолдайды.
17. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсетілуін түсіндіру мақсатында Комиссияның отырысында мемлекеттік органдардың және Жұмыс органының өкілдері қатысуы мүмкін.
18. Дауыс беру парақтарымен қоса, Комиссияның материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
5. Комиссияның қызметін тоқтату
19. Комиссия өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне сәйкес тоқтатады.
Достарыңызбен бөлісу: |