Академиялық саясат жалпы ақпарат университеттің Академиялық саясаты


БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ПӘНДЕРІН ТАҢДАУ ЖӘНЕ ТІРКЕУ САЯСАТЫ



жүктеу 39,27 Kb.
бет3/11
Дата02.10.2022
өлшемі39,27 Kb.
#39468
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Академиялык саясат

5. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ПӘНДЕРІН ТАҢДАУ ЖӘНЕ ТІРКЕУ САЯСАТЫ
Білім алушылардың оқу пәндерін таңдау және тіркеу студенттерге бағдарланған білімге бағытталған. Оқытудың жеке траекториясын қалыптастыру және құру мынадай қағидаттар бойынша жүзеге асырылады:

  • пәнді оқытудың логикалық реттілігі және пререквизиттердің болуын есепке алу;

  • қажетті құзыреттілікке ие болу үшін пәндерді таңдаудың еріктілігі;

  • жеке оқу жоспарын қалыптастыру және орындау үшін білім алушының дербестігі мен жауапкершілігі;

  • модульдік білім беру бағдарламасынан жоғары оқу орны компонентінің (ЖООК) және таңдау компонентінің (ТК) пәндерін немесе пәндер модулін міндетті түрде таңдау;

  • аралас немесе бейінді білім беру бағдарламалары(Міпог) бойынша қосымша құзыреттер алу мүмкіндігі;

Академиялық ағындарда, топтарда, кіші топтарда білім алушылардың саны осы пәнге және осы оқытушыға жазылған білім алушылардың жеткілікті саны бойынша қалыптастырылады (кіші топқа кемінде 12-15 адам, топқа 25-30 адам, академиялық ағынға 100-150 адам);
Білім алушыларды оқу пәндеріне жазуды білім алушыны тіркеу және аттестаттау бөлімі ұйымдастырады. Білім алушылармен әдістемелік және кеңес беру жұмыстарын эдвайзерлер жүргізеді.
6. БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ САЯСАТЫ
"С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ" КеАҚ-да оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру "белгілі бір қағидаттарға сай болуы керек:

  • студентке бағдарлану, пәнаралық, практикаға бағдарлану,Ұлттық біліктілік шеңберіне (ҰБШ) сәйкес білім беру деңгейлері бойынша кәсіптік стандарттардың талаптарына сәйкес келу;

  • сыни және проблемалық-бағдарланған ойлауды дамыту, өмір бойы оқыту, коммуникативтілік, көшбасшылық және командалық жұмыс, корпоративтік этика, сапа мәдениеті және академиялық адалдық;кәсіпкерлік, инновация және тәуекелдерді қабылдауға дайын болу;

  • ғылыми негізділігі және практикалық қолданылуы (мазмұны жас ерекшелік психологиясы мен педагогикасының негізгі ережелеріне сәйкес келуі тиіс, бұл ретте бұқаралық практикада қосымша білім беруді іске асыру мүмкіндігі болуы тиіс);

  • білім алушылар мен оқытушылардың болашақ маман үшін қажетті құзыреттілікті алу үшін қажетті оқу траекториясын бірлесіп жоспарлауы, яғни оқытушының бірлескен қызметін технологиялық жұмысты орындауға ғана емес, ең алдымен шығармашылық және зияткерлік әлеуетті дамытуға бағыттай білуі;

  • дамыта білім беру, қатысушыларды оқытудың басынан бастап шығармашылық өнімді қызметке қосу және білім беру процесін білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес құруды болжау;

  • толықтық, қажеттілік және жеткіліктілік өлшемдеріне сәйкес болу (қойылған мақсаттар мен міндеттерді тек қажетті және жеткілікті материалда шешуге мүмкіндік беру, ақылға қонымды «минимумға» барынша жақындау.

Бір оқу жылы шеңберінде университетте білім беру процесі университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітілетін академиялық күнтізбе негізінде әртүрлі технологияларды (дәстүрлі күндізгі, күндізгі - қашықтықтан, аралас) қолдану арқылы жүзеге асырылады. Әр түрлі оқыту технологияларын қолдана отырып, білім беру қызметтерін ұсыну үшін университет оқытушылары мен білім алушылары "Platonus" ААЖ, МООDLe ҚБЖ, жазбаша жұмыстарды тексеру ААЖ (UniHab), сондай-ақ ZOOM, CiscoWebex және т. б. онлайн-сабақтар өткізуге арналған платформаларды пайдаланады.
Университетте академиялық кезең 10 аптаға созылатын триместр анықталған. Бір оқу жылы үш триместр мен жазғы семестрді қамтиды. Әрбір академиялық кезең (триместр) емтихан сессиясымен аяқталады, тиісінше әрбір оқу пәні бір академиялық кезеңде оқытылады және қорытынды бақылаумен (емтиханмен) аяқталады. Білім алушыларды аралық аттестаттау емтихан тапсыру, курстық жұмыстарды (жобаларды) және кәсіптік практика бойынша есептерді қорғау нысанында міндетті түрде баға қоя отырып өткізіледі және емтихан сессиясы ретінде айқындалады. Білім алушыларды аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) академиялық күнтізбеге, оқу жұмыс жоспарына және оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Кәсіптік тәжірибе, дипломдық жұмыстар (жобалар), магистерлік/докторлық диссертациялар (жобалар) білім беру бағдарламаның тиісті модульдеріне енгізіледі. Бұл ретте кәсіптік тәжірибенің әр түрі модульдердің әр түрлеріне енгізіледіКәсіптік тәжірибе білім алушының міндетті оқу түрі болып табылады. Кәсіптік тәжірибені академиялық кезеңнен тыс, сонымен қатар, академиялық кезең аясында жүргізуге болады.
Білім алушының тәжірибеден өту кезінде нормативтік жұмыс уақыты апта ішінде 30 сағатқа (5 жұмыс күндік апта ішінде күніне 6 сағатқа) тең екендігін есепке ала отырып, тәжірибелер ұзақтығы аптамен есептелінеді. Студенттердің практикалық дайындығын ұйымдастыру және өткізу тәртібі ӘН; СМЖ ӘН 02.20-2017 Докторант, магистранттардың практикалық дайындығын ұйымдастыру және өткізу тәртібі; Дуалды оқыту ережесі.
Кәсіптік практиканың барлық түрлеріне басшылықты бітіруші кафедралардың оқытушылары және (немесе) өндірістен және ҒЗИ-нан практик-мамандар жүзеге асырады.
Ғылыми тағылымдамаларға, зерттеу практикаларына басшылықты ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы бар және (немесе) ғылыми зерттеулермен белсенді айналысатын оқытушылар және (немесе) білім алушының оқу қызметінің осы түрлерінің бейініне сәйкес келетін ғылыми жарияланымдары бар ғылыми қызметкерлер, практик-мамандар жүзеге асырады.
Ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмысының нәтижелерін магистрант және докторант есеп түрінде ресімдейді және әрбір оқу кезеңінің (триместрдің) соңында кафедра отырысында тыңдалады.
Білім алушылар жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін магистрант/докторант жеке жұмыс жоспарын орындау бойынша академиялық аттестаттаудан өтеді.
Әрбір оқу пәнінің көлемі академиялық кредиттердің бүтін санын құрайды. Бұл орайда пән көлемі 5 академиялық кредиттен кем болмау керек. Жекелеген жағдайларда пәндерге 3-4 академиялық кредиттен бағала кредиттен беруге рұқсат етіледі. 1 академиялық кредит 30 сағатқа тең. 1 академиялық сағат 50 минутқа тең.
Дене шынықтыруды, тілдерді қоспағанда, әрбір оқу пәні бір қайталанбайтын атауға ие. Бір модульдің көлемі екі және одан да көп оқу пәндерін немесе бір және одан да көп пәндерді оқу жұмысының басқа түрлерімен ұштастыра отырып қамтиды.
Дәріс оқуға ғылыми дәрежесі (ғылым докторы (немесе) ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) және (немесе) бейіні бойынша доктор дәрежесі, ғылыми атағы (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) бар профессорлар, доценттер, аға оқытушылар және (немесе) оқытушы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе бейіні бойынша кемінде бес жыл практикалық жұмыс өтілі бар аға оқытушылар жіберіледі, сондай-ақ, ғылыми қызметкерлер, еңбек сіңірген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері, шығармашылық одақтардың мүшелері немесе тәжірибелі мамандар тартылуы мүмкін.
Игерілген академиялық кредиттерді есепке алу оқу пәні бойынша емтиханды оң бағаға тапсырған кезде ғана жүзеге асырылады. "Қанағаттанарлықсыз" деген бағаға емтихан тапсырған жағдайда оқу пәнін қайта тапсыруға немесе қайта оқуға рұқсат етіледі.
Қашықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, білім беру процесін ұйымдастыруда оқу сабақтары "on-line" немесе "on-line"және "off-line" (аралас оқыту) режимінде өткізіледі.
"On-line" режиміндегі оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-қимыл процесін көздейді: бейнеконференция (ZOOM, Hangouts және т.б.)
"Off-line" режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасы асинхронды түрде, яғни "PLATONUS" ААЖ, "MOODLE" ҚБЖ жеке платформасы және олардың ішкі байланыс сервистері, чаттар мен форумдар арқылы жүзеге асырылатын оқудың өзара іс-қимыл процесін көздейді. Аралас оқыту кезінде дәрістер "on-line" режимінде, ал практикалық және зертханалық сабақтар университеттің мамандандырылған аудиторияларында өткізіледі.
Академиялық кезеңде білім алушы күн сайын "PLATONUS" ААЖ платформасындағы жеке кабинетке оқу материалын алу үшін университет сайтының "Қашықтықтан оқыту" бөліміндегі "Сабақ кестесі" бөлімінде орналастырылған сабақ кестесіне сәйкес кіреді, "тапсырма" модуліндегі тапсырмаларды өз бетінше орындайды және оларды оқытушылардың талаптарына сәйкес ұсынады. Оқу процесінде университет кітапханасының электрондық ресурстары және қол жетімді электрондық ресурстар (МООК, шетелдік жоғары оқу орындарының тегін курстары және олар ұсынатын вебинарлар) пайдаланылуы мүмкін.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау "PLATONUS" ААЖ платформасында "ТАПСЫРМА" және "Тестілеу" модульдерінде пәннің силлабусында көрсетілген жұмыстарды тапсыру кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Оқытушы бағаларды жүйенің электрондық журналына қояды. Білім алушылар өздерінің логині мен паролін пайдалана отырып, оқу жетістіктері бойынша өз бағаларын қарай алады.
Білім алушылар ағымдағы және қорытынды бақылау тапсырмаларын орындау кезінде Академиялық адалдық кодексін сақтауы тиіс.
Қашықтан оқыту технологиясы кезінде білім алушылардың оқу сабақтарына шығуы (веб-конференцияның сәйкестендіру нөмірінің, "PLATONUS" ААЖ логині мен паролінің көмегімен) міндетті болып табылады және сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. On-line режимінде өткізілетін сабақтарға кешігуге және шықпауға жол берілмейді. Оқытушы сабаққа қатысуды белгілейді және күнделікті мониторинг жүргізеді.
"PLATONUS" ААЖ порталындағы "ОӘК" бөлімінде әрбір пән үшін ПОӘК және силлабустар, ал "Тапсырма" бөлімінде әр тақырып бойынша орындауға арналған тапсырма орналастырылған. "MOODLE" ҚБЖ порталында да силлабус, оқу материалдары мен тапсырмалардан тұратын пәндер бойынша курстар орналастырылған. Moodle пайдалану үшін кез-келген веб-браузер жеткілікті.
Бітіруші курстардан қорытынды аттестаттауды қабылдауды ұйымдастыруда кешенді емтихан қашықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, компьютерлік тестілеу нысанында емтихандар кестесіне сәйкес өткізіледі ("PLATONUS" ААЖ-дағы "ТЕСТІЛЕУ" модулі).

жүктеу 39,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау