11. АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚТЫ ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ САЯСАТЫ
ЖОО деңгейіндегі интернационалдылық – бұл ұлттық ЖОО-ны интернационалдыққа айналдыру, оқыту мен зерттеу сапасын арттыру және қажетті құзыреттерге қол жеткізу мақсатында халықаралық аспектіні университетті басқарудың барлық компоненттеріне қосу процесі. Қазіргі уақытта университетті интернационализациялау қазіргі университеттің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды сипаттамаларының бірі ретінде қарастырылады, ал интернационалдылық көрсеткіштері, сәйкесінше, университет тиімділігінің басқа көрсеткіштерінің арасында үлкен салмаққа ие.
Университеттегі білім берудің интернационалдылығы мен академиялық ұтқырлығының негізгі бағыттары:
мәдениетаралық коммуникация элементтерін ескеретін жаңа бағдарламалар мен курстар әзірлеу; шет тілдерін оқыту; қашықтықтан оқытуды қоса алғанда, жаңа технологияларды пайдалану; ағылшын тілінде оқытылатын пәндер санын ұлғайту (ҚАТУ-да көптілді білім беруді ұйымдастыру туралы ереже);
қосымша құзыреттер мен кредиттерді игеру мақсатында мемлекетаралық және жоғары оқу орындары арасындағы келісімдер негізінде студенттермен алмасу;
оқытушылардың тағылымдамаларын ұйымдастыру және алмасу (академиялық және ғылыми-зерттеу жұмысында тәжірибе алмасу);
бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру;
қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру;
бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;
білім беру сапасын бағалау, сертификаттау, білім беру процесінің сапасын тану және бағалау саласындағы ынтымақтастықты дамыту, білім беруде халықаралық стандарттар жүйесін енгізу, білім туралы құжаттарды тану.
шет тілдерінде білім беру бағдарламаларын, пәндер курстарын әзірлеу және қалыптастыру;
шетелдік студенттерді "С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ" КеАҚ оқуға түсуге дайындау үшін тілдік бағдарламаларды (қазақ, орыс тілдерінде) ұйымдастыру және іске асыру.
Шетелдік студенттерді қабылдау, алмасу бағдарламаларын ұйымдастыру, сондай-ақ жеке студенттік ұтқырлықты ұйымдастыру Білім алушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Оқытушылар алмасу, бірлескен оқу және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын, тағылымдамаларды құру және өткізу, қарқынды тілдік курстар мен жазғы мектептерді ұйымдастыру ПОҚ академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру туралы ережеге және Дәріс оқуға шетелдік ғалымдар мен профессорларды тарту туралы ережеге сәйкес жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |