Айтимов мұрат жолдасбекович



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет3/47
Дата05.03.2018
өлшемі0,5 Mb.
#11346
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

8                                           
 
Физикалық  шаманың  мәні  –  өлшенетін  шаманың  өлшеу  нәтижесінде 
алынған сандық мәні.  
Аппараттық  –бағдарламалық  кешен  –  бұйымның,  аспаптың  немесе 
жүйенің  өзгеде  функцияларын  қамтамасыз  етуге  арналған  аппаратты  және 
бағдарламалық құралдар жиынтығы. 
Датчик-сенсор:  өлшеу  ақпаратынан    сигналды  өндіруге    ыңғайлы 
формаға  келтіретін  беруге  ыңғайлы,  әрі  қарай  түрлендіруге,  өңдеуге  және 
(немесе)  сақтауға  арналған,  бірақ  бақылаушының  тікелей  қабылдауына 
берілмейтін өлшеу құралы. 
Физикалық  шаманың  түрлендіргіші  [ФШТ]:  шығыс  сигналындағы 
бақыланатын  физикалық  шаманы  қабылдауға  және  түрлендіруге  арналған 
құрылғы. 
Электронды  датчик  (ЭД)    электронды  техника  бұйымдары  –
құраушылары негізінде орындалған датчик. 
Көпқызметті  (көппараметрлі)  датчик:  екі  немесе  одан  көп  физикалық 
шамаларды өлшеуге (бақылауға) және түрлендіруге арналған датчик. 
ЭД  құраушылары  –  электронды  датчиктің  функционалдық  бөлігі, 
нұсқалған функцияларды орындауға арналған. 
Сезімтал  элемент  (СЭ):  ФШ  тікелей  әсерінде  болатын  датчиктің 
функционалды бөлігі. 
ЭД өлшеу электр тізбегі: Электрондық датчиктің электрлік тізбегі шығыс 
сигналын түрлендіру мен қалыптастыруды  өлшеуді жүзеге асырады, сонымен 
қатар ЭД жүйелік қателіктің жекеленген құраушыларын түзетеді. 
ЭД  кіріс  сигналының  ақпарттық  параметрі:  ЭД    кіріс  сигналының 
параметрі бақылатын ФШ функциональды байланысы.  
ЭД шығыс сигналының ақпарттық параметрі: ЭД  шығыс сигналының 
параметрі  ЭД  кіріс  сигналының  ақпараттық  параметрімен  функциональды 
байланысы 
ЭД  түрлендіру  функциясы:  ЭД  шығыс  сигналының  ақпараттық 
параметрінің оның кіріс сигналының ақпараттық емес параметріне тәуелділігі 
 
 


9                                           
 
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
 
ТҮБАЖ – технологиялық үдерісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі 
ҚО БМЖ - қоршаған ортаны бақылау және мониторинг жасау жүйесі 
БМЖ - бақылау және мониторинг жасау жүйесі 
ҚО - қоршаған орта 
ТЖ - төтенше жағдай 
ЭД - электронды датчик 
ЭТ – электронды түрлендіргіш 
ФШД - физикалық шаманың датчигі 
ФШ - физикалық шама 
СЭ - сезімтал элемент 
БҚ - бағдарламалық қамтама 
АБК - аппараттық-бағдарламалық кешен 
МК- микроконтроллер 
АСТ - аналогты-сандық түрлендіргіш 
САТ - сандық-аналогты түрлендіргіш 
ҚҚ - қашықтан қатынау 
ТКШ - тұрғын үй – коммунальдық шаруашылық 
БАТ - беттік-акустикалық толқын 
ҚТТ- қарсы-түйреуішті түрлендіргіштер   
МЭЖ - микроэлектромеханикалық  жүйе 
ТС - терможиілікті сипаттама 
ТСҰК - температуралық-сызықтық ұлғаю коэффициенті 
КПЭ - кварцты пьезоэлемент 
ЖЖРД  – жоғары жиілікті резонаторлық датчик  
КЖТ - кернеу жиілік түрлендіргіші 
ЖЖОТ- жиілік жинақтайтын орналастырушы түрлендіргіші 
 


10                                           
 
КІРІСПЕ 
 
Жұмыстың  өзектілігі    қоршаған    ортаның    жағдайы    және    төтенше 
оқиғалардың  (сел  қаупі  бар,  су  көздерінің  ластануы,  стратегиялық  нысандар, 
жоғары қауіпті өнеркәсіп, т.б.) болу мүмкіндігін бағалау туралы нақты ақпарат 
алу қажеттілігіне негізделген. 
Қоршаған  орта  материалдық  жағдайды  білдіреді,  адамзатпен  байланыста 
болып, сондай-ақ әрбір адам ағзасына планетада жұмыс істеуі үшін мүмкіндік 
береді.  Қоршаған  ортаға  су  және  ауа  ортасы,  жер  кіреді.  Егерде  қоршаған 
ортаның  көрсетілген  құраушылары  белгілі  талаптарға  сәйкес  келмесе,  онда 
экологиялық  жағдайы  бұзылған  аймақтарда  тұрғындардың  өмір  сүруі 
қиындайды немесе мүмкін болмайды. 
Қоршаған  ортаның  бұзылуына  адамдар  мен  техногендік    апаттар 
салдарынан болуы мүмкін. Адам әсері көбінесе су мен ауаның ластануы, таулы 
және  тау  бөктеріндегі  ормандарды  құрту,  өзен  бассейндері,  дала  аудандардың 
ластануынан көрінеді. 
Қоршаған  ортаға  мониторинг  жасау  жүйелері  арқасында  шешім 
қабылдауға  қажетті  ақпаратты  өңдеу  және  талдау  негізінде  қоршаған ортаның 
мақсатты  көрсеткіштерін  және  қоршаған  ортаға  әсер  етуші  өндірістік 
үдерістерді реттеу құралдарын анықтау жаңа деңгейге көтерілуде.   
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2010-
2014  жылдар  аралығына  арналған  стратегиялық  жоспарына  сәйкес  министрлік 
Қазақстан  Республикасының  гидрометеорологиялық  қауіпсіздігін  қамтамасыз 
ету  және  қазіргі  заманғы  экологиялық  мониторинг  жүйелерін  ендіру  үшін 
арнайы іс–шаралар кешенін ұсынды. 
Қоршаған  ортаның  жай–күйі  мониторингінің  141  бабында  қарастырылғандай 
оларға мыналар жатады: 
1. Атмосфералық ауаның жай күйі мониторингі 
2. Атмосфералық жауын–шашын мониторингі 
3. Су ресурстарының сапасының мониторингі 
4. Топырақтың жай күйі мониторингі 
5. Метеорологиялық мониторинг 
6. Радиациялық   мониторинг 
7. Транс шекаралық ластану мониторингі 
8. Фондық мониторинг 
Жоғарыда  айтылған  мақсаттар  мен  міндеттерді  шешуге,    мониторинг 
жүйелерінің өнмділігін арттырып, алынатын мәліметтердің сапасын арттыруға 
электрониканың, 
микроэлектрониканың, 
цифрлық 
жүйелердің, 
микроконтроллердің,  робототехниканың,  ақпараттық  жүйелердің  және  т.б. 
техникалық бағыттардың дамуы мен жетілуі себеп болады. 
Әдебиеттерді талдай келе, қоршаған орта күйін бақылау және мониторинг 
үшін  жасалған  ақпараттық  жүйелер  мен  мобильді  қосымшалардың  қарқынды 
дамуымен қатар, олардағы мынадай ерекшеліктерді көруге болады:  


жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау