13
ҚО БМЖ-ның негізгі деңгейі төменгі деңгей болады: датчиктер –
физикалық шамаларды түрлендіру деңгейі, олардың сенімділігі, дәлдігі және
ақпараттығынан бүкіл мониторингілеу жүйесінің жұмысы тәуелді болады [8].
Бұл жағдайда ақпараттылық толымдылығын арттыру және ФШД типтері
мен санын төмендету үшін олар көпқызметті болуы керек, бұл бір датчикпен
бір уақытта бірнеше шамаларды өлшеу болып табылады [9, 22, c. 54].
Жоғарыда айтылған мәселелерді шешу үшін қоршаған орта күйін бақылау
және мониторинг үшін ақпараттық жүйе жобалау қажеттілігі туындайды.
Бұл мәселеге оң әсерін тигізетін факторлардың бірі - электронды
конструктор және электронды құрылғыларды жедел жасаудың ыңғайлы
платформасы - Arduino. Бұл платформа бағдарламалау тілінің ыңғайлылығы
мен қарапайымдылығының, сонымен қатар түрлі техникалық салалардағы
ашық архитектурасы мен бағдарламалық кодының арқасында кең қолданымға
ие.
Диссертациялық зерттеу жұмысында анықталған проблемаларды шешу
үшін біздер АЖ мобильді бағдарламалық жабдығын жобаладық және ұсындық,
оның негізін әртүрлі көпқызметті датчиктерді пайдалана отырып қоршаған орта
туралы ақпарат алуға, қосымша құрылғыларды басқаруға мүмкіндік беретін
Arduino базасындағы құрылғы мен мобилді қосымша және техногенді
объектілер өндіретін, қоршаған ортаны ластаудың жеке есебін жүргізетін жүйе
құрайды.
Қоршаған орта күйін бақылау және мониторинг мәселелерімен «Қаз сел
қорғау» кәсіпорны, Қазақстан Республикасының ұлттық академиясының
автоматика және ақпараттық технологиялар институты, Ломоносов атындағы
ММУ және ТМД елдерінің бірнеше жобалау ұйымдары мен институттары,
басқада ұйымдар белсенді жұмыс жасайды. Осы бағытта жұмыс жасайтын
отандық және шетел ғалымдары: Замай В.И., Добровольский Н.С., Медеу А.Р.
Жұмыстың мақсаты Қоршаған орта күйін көппараметрлі интеллектуалды
жиіліктік датчиктерін пайдалана отырып, ON-LINE бақылау жүйесін және
техногенді объектілер өндіретін, қоршаған ортаны ластаудың жеке есебін
жүргізетін жүйені жобалау болып табылады.
Зерттеудің міндеттері мыналар болып табылады:
–Қоршаған орта күйін бақылау жүйелерінің даму ерекшеліктері мен қазіргі
жағдайын талдау.
–Табиғи және өнеркәсіптік объектілерді мониторингтеу жүйелерін іске
асыру әдістері мен міндеттерін талдау.
Қоршаған
орта
күйін
бақылау
жүйелеріндегі
көппараметрлі
датчиктердегі физико-химиялық шамалардың түрлену принциптерін зерттеу
және таңдау.
Екінші ретті электронды жиілік түрлендіргіштері бар көппараметрлі
датчиктердің құрылымдық және ақпараттық ерекшеліктерін зерттеу және
талдау.
–ҚО
БМЖ
ақпараттық
және
бағдарламалық
қамтамасыз
ету
құрылымдарын жобалау.
14
–Жинақталған ON-LINE жүйелер үшін көппараметрлі интеллектуалды
жиіліктік датчиктердің жұмыс алгоритмдері мен бағдарламаларын жобалау.
–Техногенді объектілерден өндірілетін, қоршаған ортаны ластаудың жеке
есебін жүргізетін жүйені жобалау.
–Жобалау нәтижелерінің эксперименталды апробациясы.
Жұмыстың негізгі болжамы ұсынылған көппараметрлі жиіліктік ФШД
мен бұлтты және мобильді технологиялар негізіндегі бағдарламалық
жабдықтарды пайдалана отырып, қоршаған ортаның күйін бақылау жән
мониторинг үдерістерінің өткізілу сапасын көтеру болып табылады.
Зерттеу нысаны көппараметрлі жиіліктік ФШД бар қоршаған ортаның
күйін бақылау және мониторинг жүйесі болып табылады.
Зерттеудің әдістемелік негізі. Диссертациялық ғылыми-зерттеу жұмысын
жүргізу барысында зерттеу жұмысының міндеттері квалиметрияның
математикалық аппараты, қатты дене физикасы теориясы, математикалық
модельдеу әдістерін, жоспарлау теориясы және ғылыми танымның өзге
әдістері арқылы (өлшеу, салыстыру, талдау, синтездеу) шешілді. Алынған
ғылыми тұжырымдар мен қорытындылар көпқызметті датчиктердің
эксперименталды үлгілерін тексеру арқылы расталды.
Зерттеудің теориялық негізін қоршаған орта күйі, қоршаған орта күйін
бақылау және мониторинг жүйелерінің өзекті мәселелерін зерттеген отандық,
жақын және алыс шетел ғалымдарының талдаулары мен тұжырымдары
құрайды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы
1. Қоршаған орта күйін бақылау жүйелерінің техникалық және
бағдарламалық құрылғыларының қазіргі жай-күйі мен дамуының талдауы мен
зерттеуі жүргізіліп, негізгі құраушылары анықталған.
2. Қоршаған орта күйін бақылау жүйелерінде қолданылатын физикалық
шамалар датчиктеріне қатысты техникалық талаптар жобаланған.
3. Физикалық шамалардың көппараметрлі интеллектуалды датчиктерінің
физико-математикалық моделдері жобаланған.
4. Көппараметрлі интеллектуалды датчиктердің сапасын көтерудің
құрылымдық және бағдарламалық әдістері зерттелген және талданған.
5. Көп параметрлі датчиктерді сынақтау және метрологиялық аттестаттау
әдістемесі жобаланды.
6. Табиғи және өнеркәсіптік объектілерді мониторингтеу жүйелерін іске
асыру әдістері мен міндеттерін талдау негізінде ҚО БМЖ ақпараттық және
бағдарламалық қамтамасыз ету құрылымдары жобаланған.
Диссертациялық жұмыста қорғалатын қағидалар:
1. Қоршаған орта күйін бақылау және мониторинг жүйелері мен
техникалық құрылғылар кешендерінің қазіргі заманға жай күйі мен
дамуы жайлы зерттеулер нәтижелері.
2. Жинақталған ON-LINE қоршаған орта күйін бақылау және мониторинг
жүйелерінің элементтері, құрылу және қызмет ету принциптері.
Достарыңызбен бөлісу: |