Айтимов мұрат жолдасбекович



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет6/47
Дата05.03.2018
өлшемі0,5 Mb.
#11346
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

15                                           
 
3.  Қоршаған  ортаны 
ластауды  бақылаудың  жинақталған  ON-LINE 
жүйелерінде  қолданылатын  физикалық  шамалар  датчиктерінің  негізгі 
техникалық  ерекшеліктері  мен  номенклатурасына  арналған  шарттарды 
жобалау. 
4.  Көппараметрлі жиіліктік датчиктер негізіндегі қоршаған ортаны ластауды 
бақылаудың  жинақталған  ON-LINE  жүйелерінің  іске  асырылу 
нәтижелері. 
Алынған  ғылыми  нәтижелердің  сенімділігі  негізгі  жорамалдардың 
дұрыстылығымен,  математикалық  модельдеудің  сынақталған  әдістерін 
қолданумен,    сынақтамалар  нәтижелерімен,  алынған  патентпен,  халықаралық 
және  республикалық  ғылыми-тәжірибелік  конференцияларда  және  шетел 
журналдарында апробациясымен расталды. 
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы 

 
Жобаланған ақпараттық жүйеге арналған Arduino базасындағы мобильді 
қосымша  әртүрлі  көппараметрлі  датчиктер  негізінде  ақпаратты  алуға, 
жинақтауға, өңдеуге мүмкіндік береді, бұл ақпараттық және робототехникалық 
жүйелер  құрушы  студенттер,  инженерлер  және  құраушылар  үшін  жақсы 
практикалық мысал болып табылады. 

 
Құрылған  қоршаған  орта  күйін  жинақталған  ON-LINE  бақылау 
жүйелерінің нәтижесіне сүйене отырып «Техногенді объектілерден өндірілетін 
қоршаған  ортаны  ластаудың  жеке  есебін  алу  жүйесі»  атауымен    №29649 
инновациялық патент алынды 

 
Диссертациялық  зерттеудің    нәтижелері  Қ.И.  Сатбаев  атындағы 
ҚазҰТЗУ-дың  “Робототехника  және  автоматиканың  техникалық  құралдары” 
кафедрасының оқу үдерісінде, К.Г. Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік  
технология  және  басқару  университетінің  Пензадағы  филиалында  және  ЖШС 
“Бақылау  өлшеу  технологиялары”  ғылыми-өндірістік  орталығында  лекциялар 
оқуда және зертханалық жұмыстар орындауда қолданылды.  
Диссертация жұмысының нәтижелерін  апробациядан өткізу 
Диссертациялық  жұмыстың  негізгі  нәтижелері:  Қ.И.  Сатбаев  атындағы 
ҚазҰТЗУ-дың  “Робототехника  және  автоматиканың  техникалық  құралдары” 
кафедрасының  семинарларында,  «Инновациялық  зерттеулердің  ғылыми 
аспектілері»  5-ші  халықаралық  ғылыми–практикалық  конференциясында 
(Самара, 2013), The 12th Internаtionаl Conference on Mobile Systems аnd Pervаsive 
Computing 
 
(Belfort, 
France, 
2015), 
«АҚПАРАТТЫҚ 
ЖӘНЕ 
ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ    ТЕХНОЛОГИЯЛАР:  БІЛІМ,  ҒЫЛЫМ, 
ТӘЖІРИБЕ»  атты  ІІ  Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференциясында 
(Алматы,    2015),  «Жастар.  Ғылым.  Инновациялар  (Youth.Science.Innovation)»   
атты  XII  халықаралық  ғылыми–практикалық  интернет–конференциясында 
(Пенза, 2016)  баяндалды және талқыланды. 
Ғылыми жарияланымдар: Диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері 
Қазақстан  Республикасының  Білім  және  Ғылым  министрлігінің  ғылым 
саласындағы  бақылау  комитетімен  ұсынылған  басылымдарда,  сондай-ақ 
халықаралық  және  республикалық  ғылыми-тәжірибелік  конференцияларда 


16                                           
 
және шетел журналдарында жарияланған. Атап айтсақ, оның ішінде 6 уәкілетті 
орган  ұсынған  ғылыми  басылымдарда,  Scopus  компаниясының  деректер 
базасына  кіретін  3  нөлдік  емес  импакт-факторға  ие  халықаралық  ғылыми 
журналдар мен конференцияда,  6  халықаралық конференция материалдарында 
жарияланған.    «Техногенді  объектілерден  өндірілетін  қоршаған  ортаны 
ластаудың  жеке  есебін  алу  жүйесі»  атауымен  №29649  инновациялық  патент 
алынған, жарияланымы 16.03.2015, бюллетень № 3.  «Технические измерения в 
технологии  и  производстве  радиоэлектронной  аппаратуры  и  измерительных 
систем» атауымен оқу құралы баспадан шығарылған. 
Жұмыс  құрылымы  мен  көлемі.  Диссертация  төмендегідей  бөлімдерден 
тұрады: кіріспе, негізгі 4 бөлімі, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, 
қосымшалар.  
 


17                                           
 
1    ҚОРШАҒАН  ОРТАНЫҢ  ЖАҒДАЙЫН  БАҚЫЛАУ  ЖӘНЕ 
МОНИТОРИНГ  ЖАСАУ  ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ  ҚАЗІРГІ  ЖАҒДАЙЫ  МЕН 
АЛДАҒЫ ДАМУЫ  
 
1.1  Қазіргі  уақыттағы  қолданыстағы  қоршаған  ортаның  жағдайын 
бақылау  жүйелерінің  талдауы 
Кез келген зерттеу және бақылауды жүргізуді белгілі нысанның қандайда 
бір  тобын  зерттеуде  жалпы  нысанды  табудан  бастау  мақсатты  болады.  Яғни 
жіктеуіштен бастау оның зерттеудегі қателігін азайтады, шартты түрде алғанда 
кезекті  «велосипедті»  ойлап  табу  қажет  еместігін,  сонымен  қатар  еңбек 
сыйымдылығын төмендетуге мүмкіндік береді.  
Атап  көрсететіндей,  әдебиет  көздерінде  қоршаған  ортаның  жағдайын 
бақылау және мониторинг жасау жүйесінің әртүрлі жіктелуі сипатталған, олар 
архитектурасы,  шешетін  мәселелері,  аймақтық  тиістілігі  және  т.б.  бойынша 
бөлінеді (кесте 1.1). 
 
Кесте 1.1 -  Мониторинг жүйесінің (ішкі жүйелер) жіктелуі 
 
         
Осы деректерге сүйене отырып қоршаған ортаның жағдайын бақылау және 
мониторинг  жасау  жүйесінің  бірнеше  жіктелу  сызбасын  келтіреміз.  Олар 
Жіктелу принциптері  Іс  жүзіндегі  немесе  жасалынған  мониторинг 
жүйелері /ішкі жүйелер/ 
Әмбебап жүйелер 
Ауқымды 
мониторингі 
(негізгі, 
аймақтық, 
импактты деңгейлі) 
Ұлттық мониторингі 
Ұлт аралық  мониторингі 
Биоортаның негізгі 
құраушыларының 
реакциясы 
Геофизикалық мониторингі 
Биологиялық мониторингі 
Экологиялық  мониторинг  (жоғарыда  аталғандарды 
қосқанда) 
Әртүрлі орта 
Атмосфераның өзгеруі  және  ластану  мониторингі  , 
гидросфералық, топырақтың ластануы 
Әсер ету факторлары 
мен негіздері 
Қоспалар  мониторингі  (радиоактивті  өнімдер, 
шуыл). Ластану негіздерінің мониторингі 
Мәселенің 
ауқымдылығы мен 
өзектілігі 
Мұхит мониторингі 
Озонды орта мониторингі 
Тұқым/генетика мониторингі 
Бақылау тәсілдері 
Физикалық,  химиялық,  биологиялық  көрсеткіштер 
бойынша мониторинг 
Жер серіктік (қашықтық) мониторинг 
Жүйелік қатынау 
Дәрігерлік-биологиялық мониторинг 
Экологиялық мониторинг 
Белдеулік мониторингі 


жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау