Айтимов мұрат жолдасбекович



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет4/47
Дата05.03.2018
өлшемі0,5 Mb.
#11346
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

11                                           
 
– әртүрлі типті датчиктер (бұл бүтін сегментте алынған мәліметтерді  ON-
LINE режимде біріктіріп өңделуі); 
–  әртүрлі  типті  платформа  (әр  жүйе  үшін  датчиктерді  өндірушіге 
байланысты арнайы бағдарламалық жабдықтар ортасының қажеттілігі); 
–техникалық мүмкіндіктері (құрал–жабдықтар өлшемдері мен жұмыс істеу 
технологиясын сақтау); 
–мобильділігі; 
–мәліметтерді  жинау  және  сақтау  (нақты  уақыт  режимінде  талдау  және 
орындалатын іс–шараларды алдын ала анықтау); 
–масштабталуы  (қосымша  аппараттық  ресурстар  қосылған  уақыттағы 
жүйенің өз еңбек өнімділігін арттыра алуы); 
-–  сенімділігі  (жүйенің  жұмыс  барысында  өзінің  шекті  параметрлерін 
берілген режимдерде толық қамти алуы); 
–  құны  (құрал–жабдықтарды  сатып  алуға,  құруға,  персоналды  оқытуға, 
техникалық және сервистік қызмет етуге кететін шығындар). 
Электрониканың, 
микроэлектрониканың, 
сандық 
жүйелердің, 
микроконтроллерлердің,  робототехниканың,  ақпараттық  технологиялардың 
және т.б. бағыттардың дамуы мен жетілуі арқасында бақылау мен мониторинг 
жасау үшін ақпараттық жүйелер мен ұялы қосымшаларды жасаудың қарқынды 
дамуы байқалады.  
Қазіргі уақытта ауаның, температураның сапасын, көмір қышқыл газының 
немесе  ауадағы  уытты  заттардың  деңгейін,  ылғалдылықты  және  т.б.  өлшеу 
мүмкін  болатын  тасушы  құрал  түріндегі  технологиялық  экологиялық  жеке 
датчиктер  саны  айтарлықтай  өсті.  Бұл  құрылғылардың  мөлшері  шағын  және 
жиналған  деректер  талдау  мен  оларды  бастапқы  жиналған  ақпараттармен 
салыстыруға мүмкіндік беретін қосымша Bluetooth и Wi-Fi-мен жабдықталған. 
Дегенмен, халық саны 1 миллион және одан да көп қалалар үшін атмосфералық 
ауа  сапасының  мәселесі,  мегаполистің  табиғи-климаттық  шарттары  ластанған 
түтін, тұман мен шаң қоспаларының қалыптасуына алып келетін атмосфераның 
жер  бетіне  жақын  қабатта  ластаушы  заттардың  шектен  тыс  жиналуымен 
сипатталатындықтан,  талдау  жасауды  барынша  көп  талап  етеді.  Желсіз  ауа 
райында  немесе  әлсіз  табиғи  желдету  жағдайында  атмосфералық  ауаның 
ластануы халық денсаулығына кері әсерін тигізетіні және жедел шешуді талап 
ететін анағұрлым өзекті экологиялық мәселе болып табылатыны белгілі.   
Қоршаған ортаның ағымдағы жай күйін анықтау үшін, нәтиженің дәлдігін 
арттыратын  терең  талдау  мүмкіндігі  бар  дұрыс  мәліметтер  мен  нақты  уақыт 
режиміндегі  жүйелер  қажет.    Дәл  мәліметтер  алу  үшін  көбінесе  берілгендерді 
тіркеу жиілігін арттыру және жүйенің датчиктері мен элементтерінің ақпаратты 
өңдеу  жылдамдығын  аз  қателіктермен  арттыру  қажеттілігі  туындайды,  бұл 
көптеген ҚО БМЖ техникалық шешімдерге байланысты (ақпаратты жинақтау, 
сақтау,  тасымалдау,  өңдеу)  мүмкін  емес  немесе  қосымша  үлкен  шығындарды 
талап етеді.  
Қоршаған ортаның бұзылуы адамдар мен техногендік  апаттар салдарынан 
болуы мүмкін. Адамдар әсері көбінесе су мен ауаның ластануы, таулы және тау 


12                                           
 
бөктеріндегі  ормандарды  құртудан,  өзен  бассейндері,  дала  аудандардың 
ластануынан көрінеді. 
        Техногендік  апаттар  бірінші  кезеңде  тау  және  таулы  аймақтардың 
сейсмикалық  белсенділігіне,  сонымен  қатар  өзендердегі  су  тасқыны,  қардың 
еруі  теңіз,  көл  суларының  толуы  мен  тасқындауына  байланысты,  нәтижесінде 
аймаққа айтарлықтай экономикалық залал келтіріледі [1, 2]. 
Қазақстан  бойынша  табиғи  сипаттамалары  бар  ТО  келген  шығындар 
көбінесе  сел  құбылыстарына  тиесілі.  Сел  ағындары,  ереже  бойынша  кенеттен 
және қысқа уақытта болады, негізгі жағдайларда  апатты  салдарлы  – өте үлкен 
қаржылық шығындар және кейбір кездері адам өлімі болады [3, 4]. 
Әлемде қоршаған ортаны қорғау және бақылауда, экологиялық  жағдайды 
тұрақтандыруда экологиялық мониторинг жүйелерін құрау ерекше орын алады, 
олардың  негізгі  міндеті–  табиғат  қорғау  және  экологиялық  қауіпсіздік 
аумағында қабылданатын шешімдерді ақпараттық қамтамасыз ету және қолдау. 
Осылайша, көпдеңгейлі ҚО БМЖ бұлтты және мобильді технологияларды 
қолдана  отырып  жасау  тек  Қазақстан  үшін  ғана  емес,  барлық  елдер  үшін  де 
өзекті мәселе.  
Диссертациялық  зерттеу  жұмысының  өзектілігіне,  негізгі  стратегиялық 
және ғылыми бағытқа сәйкестігіне мыналар дәлел бола алады: 

   «Қазақстан  Республикасының  Экологиялық  кодексі»  9  қаңтар  2007 
жылғы  №  212-III  Қазақстан  Республикасының  кодексі  (өзгерістері  мен 
толықтырулары бойынша 27.02.2017 ж.).  

 
Диссертация  тақырыбының  өзектілігін  ҚР  «Табиғи  және  техногенді 
төтенше  жағдайлар  туралы»  Заңы  растайды  [5].  Заңда  авария,  апаттар  және 
апаттар  қауіпі  бар  жағдайларды    ғылыми-зерттеу,    бақылау,    болжау  және 
ескерту жасау қарастырылған. Сонымен қатар қоршаған ортаны бақылау және 
мониторинг  жасау  жүйесінің  негізгі  міндеттеріне  табиғи  және  техногендік 
сипаттағы  төтенше  оқиғалар  аймағында    мониторинг  тәсілдерін  әзірлеу  және 
төтенше  оқиғалар  деректер  банкін  жасау,  жобалау  тәсілдері,  ескерту  жасау, 
бақылау  шаралары  мен  қорғаныс  құралдары,  төтенше  оқиғалар  салдарларын 
бағалау,  алдын  алу  және  жою  жұмыстары  бойынша  мақсатты  және  ғылыми-
техникалық бағдарламалары кіреді. 
Атап  көрсеткендей,  қоршаған  ортаны  бақылау  және  мониторинг  жасау 
жүйесін  құру  тым  қиын  және  көп  еңбекті  қажет  ететін  міндет,  оны  дәстүрлі 
тәсілдермен  шешу  тек  арнайы  мамандандырылған  құрамында  аппараттық 
бөлім, бағдарламашылар, құрастырушылар, технолог және т.б. мамандары бар 
әзірлеме дайындайтын ұжымның қолынан ғана келеді. Бірақ замануи ақпаратық 
өлшеу  жүйелері,  технологиялық  үдерісті  басқарудың  автоматтандырылған 
жүйесі, СКАДА және басқада басқару және бақылау жүйелерінің теория және 
тәжірибе  жүзінде  дамуының  нәтижесінде  стандартты  технологиялық 
платформаны, стандартты интерфейсті қолданатын ашық жүйелер қабылданды, 
ол ҚО БМЖ әзірлемесін орталықсыздандыруға мүмкіндік береді [6, 7]. 


жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау