Айдан жасқа дейін қуан



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет10/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43

ҮЙДЕГІ ОЙЫНДАР
Баланың назарын үйдегі заттар мен бұйымдарға аударыңыз:
баланы қолынан ұстап, киімі жинаулы тұрған шкафтың 
жанына апарыңыз. «Бұл шкаф» деп айтыңыз;
балаға шкафты қолымен ұстауға, есігін ашып-жабуға 
мүмкіндік беріңіз.
Бұйымдармен «Заттарды орнына қою» сияқты қиын емес 
жаттығулар жасаңыздар, баланы ересек адамға қолынан келген 
көмегін көрсетуге баулыңыз: шкафтан бір затты алып шығыңыз. 
Заттың атын атаңыз, мысалы: «Бұл көйлек». Орнына қойыңыз. 
Балаға: «Көйлекті ала ғой» деңіз. Алған соң, оны орнына 
әдемілеп қайта қоюға көмектесіңіз. «Көйлекті орнына қоя ғой» 
деңіз.
Анасы даладағы гүлдер, 
құстар, жәндіктер, жыл 
мезгілдері, күн, жаңбыр, жел 
туралы қысқа тақпақтарды 
алдын-ала тауып, жаттап 
алуына болады, мысалы:
«Ара,ара,аралар,
Гүл қауызын жағалар.
Оны баққан ағалар,
Шелек-шелек бал алар.
Ұшып кірсе қосына,
Сен тимесең,тимейді,
Қастығы жоқ досына.»
«Көктем келіп көгілдір,
Жасыл көрпе төседі.
Күміс күн де төгіп нұр,
Көлеңкелер кешеді.
Шомылдырды даланы,
Құйып өткен нөсері,
Жаудыраған жанары
Шық та күбірлеседі.»
«Найзағайлар атылды,
Жерге бұршақ шашылды.
Нөсер жауып бір кезде,
Жұртты әуреге салдырды.» 
Немесе көбелек туралы 
тақпақ:
«Қызыл қанат көбелек,
Жасыл қанат көбелек.
Гүлден гүлге қонасың
Ұстатпайсың не керек.»
Гүл туралы:
«Гүлім, гүлім, өсе бер,
Әдемі боп, асыл боп.
Күндей жайнап кете бер,
Қызыл, сары, жасыл боп.» 
Мүмкіндігінше, көп уақытты 
табиғат аясында өткізіңіздер.
Әртүрлі жерде серуенде-
ген дұрыс: кептерге нан 
қоқымдарын алып, бүгін 
саябақта, ал ертең  жақын 
жерде орналасқан тоғанға, 
бұлаққа, жылғаға жол тартуға 
болады.
i
Кеңестер: баланы 
табиғат нысандары 
көп жерлерге серуендеуге 
жиі апарып тұрыңыз. Бақы-
лау нысанын өзі таңдауға 
мүмкіндік беріңіз. Баланың 
жинағандарын лақтыр-
маңыз.
36
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ДАЛАДА ЖӘНЕ
ҮЙДЕ ДАМЫТУШЫ ОЙЫНДАР ОЙНАТУ
5


ҮСТЕЛҮСТІ ОЙЫНДАРЫ
Баланы ерте жастан бастап-ақ, үстел үстінде өзін-өзі дұрыс 
ұстауды үйрете беру керек: баланы үстел басына отырғызыңыз. 
Жанына отырып, «Кел, тамақ ішейік» деңіз.
Өзіңіз үлгі көрсетіп, үстел үстіндегі құралдарды қалай пайдала-
ну қажет екенін көрсетіңіз:
қолыңызға қасық алыңыз, атын атаңыз. Қасықпен табақтан 
қалай тамақ ішуді көрсетіңіз;
қасықты баланың қолына ұстатып, аузына апарыңыз. 
«Дәмді ботқа» деңіз;
балаға қасықты өзі ұстап көріп, тамақ ішіп көруге рұқсат 
беріңіз. Егер бала қасықты ұстай алмаса, көмектесіңіз, 
қимыл-қозғалыстарын бағыттаңыз;
бала тамақ ішіп болған соң, оған майлық беріңіз. Оны 
қалай пайдалануды көрсетіп, «Аузымызды сүртеміз» деп 
айтыңыз;
Баланы кітап сөрелерінің жанына апарыңыз. «Кітап алып бер-
ші» деңіз. Кітапты баламен бірге қараңыз. Кітаптағы суреттерді 
көре алуы үшін кітап беттерін баланың саусағымен ақырын ау-
дарып тұрыңыз. Балаға: «Кітапты сөреге қоя ғой» деңіз. Кітапты 
сөреге қалай әдемілеп қоюға болатынын көрсетіңіз.
Балақайдың кез-келген өз бетінше жасаған әрекеттерін қол-
паштап отырыңыз. Балақайға көмектесіңіз:
балақайға киімі жатқан шкафқа баруын ұсыныңыз. 
«Шкафқа бар», «Көйлекті алып бере ғой» деңіз;
егер бала заттарды бейберекет алып, салса, көмектесіңіз.
i
Кеңестер: қандай да бір затты орнына ұқыптап қоя 
алмаса, баланы сөкпеңіз, қатесін бірге түзетіңіз. Өзіңіз 
үлгі болып, баланы айналадағы бұйымдарға ұқыпты қарауды 
үйретіңіз.
37
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ДАЛАДА ЖӘНЕ
ҮЙДЕ ДАМЫТУШЫ ОЙЫНДАР ОЙНАТУ
5


БОЯУЛАРМЕН ОЙНАУ
Балақаймен бірге мөлдір (шыны емес) құтыға су құйыңыз. 
«Су құтыда», «Су қайда, көрсетші?!» деңіз.
Балқайды үстел басына отырғызыңыз. Өзіңіз жанына 
отырыңыз.
Қылқаламды (жұмсақ №5-6, тиын жүнінен жасалған) 
алыңыз. Қылқаламмен баланың алақанынан жүріп өтіңіз. 
«Жұмсақ, мамық» деңіз. Қылқаламды балаға ұстатыңыз, не 
істейтінін қараңыз.  
Қылқаламды суға малып, суды араластырыңыз. Осы әре-
кетті баламен бірге жасаңыз.
Баланың түстерді қабылдау қабілетін дамытыңыз:
үстел үстіне бояу салынған құтыны қойыңыз, балақайдың 
қолымен қылқаламды бояуға малып, су құйылған құтыға 
апарып салыңыз, араластырыңыз. «Әдемі су», «Қызыл 
су» (түсіне қарай) деңіз. Құтыны баланың көз деңгейіне 
көтеріп, түрлі-түсті суды көрсетіңіз;
баланың алдына бояу бар 2-3 құты қойыңыз. Бала жат-
тығуды өзі жасап көрсін.
тамақ ішіп болған соң, балақайға «Табақты бере ғой», 
«Қасықты бере ғой» деңіз. Балаға қалай ыдыс
жуатыныңызды көрсетіңіз. Баланың өз бетінше әрекет 
етуіне кедергі болмаңыз. Оған көмектесіңіз: қолына ойын- 
шық ыдыс, су құйылған шылапшын беріп, не істейтінін 
бақылаңыз. Дұрыс жасамаса, балақаймен бірге ойнаңыз.
i
Кеңестер: үстел басына балақай-
мен бірге отырыңыз. Баланы 
асықтырмаңыз. Баланы әрдайым өзіңіз 
қасықпен тамақтандыра бермеңіз.
38
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ДАЛАДА ЖӘНЕ
ҮЙДЕ ДАМЫТУШЫ ОЙЫНДАР ОЙНАТУ
5


ҚАРЫНДАШТАРМЕН ОЙНАУ
Бейнелеу өнеріне арналған құралдарды дұрыс пайдалануға 
көмектесіңіз:
балаға қарындаш (түрлі-түсті, жұмсақ) беріңіз. «Қарын-
дашты ала ғой» деңіз. Баланың әрекеттерін бақылаңыз;
өзіңізге басқа қарындаш алыңыз (басқа түсті). Қағаздың 
бетінен қарындашпен жүріп өтіңіз. Балаға бір парақ қағаз 
беріңіз. Әрекеттерін бақылаңыз.
Жасаған кез-келген шығармашылық жұмысы үшін, тіпті қара-
пайым деңгейде болса да, мақтаңыз:
баланың қолымен қағаздың бетіне қарындашпен сызық, 
дөңгелек салыңыздар. «Қарындаш сызық салды», «Дөңге-
лек салды» деңіз. Дөңгелекті және сызықты көрсетіңіз. 
Бала суды бояған түстерді атап отырыңыз: «Көк су» және т.с.с. 
Баланы өз бетінше әрекет етуге ынталандырыңыз. Балақайға 
көмектесіңіз: ескі түсқағазды жайып, баланы еденге отыр- 
ғызыңыз. Кішкентай табаққа бояу құйыңыз. Баланың қолын 
бояуға малып, қағаз бетіне саусақ іздерін бастырыңыз. Бояуды 
қағаздың бетіне бір немесе екі саусақпен, алақанмен жағыңыз, 
алақанмен басып, іздер қалдырыңыз. Көңіл көтеріңіздер, 
бояумен ойнаудан ләззат алыңыздар. Ойыннан алған қуа-
ныш-шаттық әсерлерін баламен бірге бөлісіңіз! Қол сүрту үшін 
жаныңызға дымқыл майлық немесе шүберек қойып қойыңыз.
i
Кеңестер: балаға бірден көп бояу түстерін бермеңіз. 
Қылқаламды ұстауын түзетіп отырыңыз. Киімін немесе 
үстелді былғап алса, балаға ұрыспаңыз.
39
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ДАЛАДА ЖӘНЕ
ҮЙДЕ ДАМЫТУШЫ ОЙЫНДАР ОЙНАТУ
5


жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау