Айдан жасқа дейін қуан



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет26/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43

Осы даму кезеңінде көрнекілік қағидасын ұстанған жөн, яғни, 
балаңызға айтқан әр затты көрсету қажет.
Есіңізде болсын, бала сөзді меңгеріп алғанға дейін 3 сатыдан 
өтеді:
1. 
ол сөзді түсінуді өзі үйренеді, бірақ сөзінде әзірге қолдана 
алмайды;
2. 
затты (әрекетті, қандай да бір қасиетті) тек өзіне үйрен-
шікті үйлестікте, жағдайда ғана атайды және таниды;
3. 
содан соң барып қана сөзді түсіне бастайды және өзіне 
түсінікті кез-келген байланыстарда және қарым-қатынас- 
тарда дұрыс пайдалана бастайды.
Баланы үйрету барысында қажетті сөзді бірнеше рет қайта-
лаңыз, сіз атаған затты көрсетуін сұраңыз, артынан сол сөзді өзі 
айтуын өтініңіз. Бала қателессе, қамықпаңыз, сөзді тағы бір рет 
қайталаңыз.
БАЛАНЫ МАҚТАП 
ОТЫРУДЫ ҰМЫТПАҢЫЗ, 
ЖЕТІСТІКТЕРІНЕ НАЗАР 
АУДАРЫҢЫЗ!
3 жастан асқан соң, бала серуенде көргенін өзіне көрсетілген 
суретті ауызша қысқаша сипаттаумен (2-4 сөйлем) салыстыруды 
үйренеді.
Жоғарыда аталғанның барлығы сізге балаңыздың тілі қанша-
лықты жетілген екенін білуге көмектеседі, бірақ, есіңізде бол-
сын, әрбір бала – жеке тұлға, сондықтан, әр баланың тілі өзіне 
сай қарқынмен дамиды.
Бәлкім, жоғарыда айтылғандар кейбір ата-аналарға тым қа-
рапайым болып көрінетін шығар – балаңыз айтылғандардың 
көпшілігін біледі және әлдеқашан үйреніп алған. Ал басқаларын 
керісінше қынжылтуы мүмкін – балаңыз әзірше артта қалып 
отыр.
i
Қамықпаңыз, балаңызға көмектесуге тырысыңыз!
Бастапқыда балаңызға күнделікті тұрмыстық сөздік 
қорын толықтыруға көмектесіңіз. Балаға әртүрлі өмірлік жағдай-
ларда кездесетін заттардың атауларын есте сақтауға қолғабыс 
етіңіз, сонда бала оларды кейін түсіне, пішініне, көлеміне қара-
мастан атап, танитын болады. Сіздің көмегіңізбен ол сіз атаған 
белгіні басшылыққа алып, заттарды өзара топтастыра алатын 
болады. 
Мысалы: «Қара, бұл алма. Алма – жеміс. Ол ағашта 
өседі. Алма домалақ, қызыл, тәтті».
106
БАЛАҒА СӨЙЛЕП ҮЙРЕНУДЕ
ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ
15


Екіншіден, ұсақ қол моторикасының дамуына көңіл 
бөліңіз, себебі, оның дамуы кішкентай бала тілінің қалып-
тасу үдерісімен әсіресе тығыз байланысты. Қол қимылын 
дамыту жұмысы жүйелі түрде жасалуы тиіс, сонда ғана 
мейлінше жоғары нәтиже шығады. Тапсырмалар балаға 
қуаныш сыйлауы тиіс, әрі ойын түрінде өткені дұрыс.
БАЛАНЫҢ ҰСАҚ МОТОРИКАСЫН ДАМЫТУ ҮШІН НЕМЕН 
АЙНАЛЫСУҒА БОЛАДЫ?
Кішкене зырылдауықтарды жүргізу.
Саусақпен пластилин, саз-балшық илеу.
Гуашьпен саусақ көмегімен сурет салу.
Әр саусақпен кезек-кезек ұсақ тас, моншақ, шар 
домалату.
Жұдырықты жұму және ашу, бұл ойында жұдырықты 
гүл қауызы деп елестетуге болады (таңертең оянып, 
ашылды, ал кешке ұйықтап, жабылды, тығылды).
Ересек адам саусағын кіргізе алатын жұмсақ жұды-
рық жасау және ашылмайтын қатты жұдырық жасау.
Үстел үстінде қос саусақтап (сұқ және ортаңғы сау-
сақтар) «жүру», алдымен баяу, әлдене жасырынып 
келе жатқандай, ал содан соң, жылдам, жүгіріп келе 
жатқандай жүру. Жаттығу алдымен оң, ал сосын сол 
қолмен жасалады.
Тек бір саусақты көрсету – сұқ саусақ, сосын екі (сұқ 
және ортаңғы саусақтар), кейін үш, төрт, бес саусақ 
көрсету.
Бір саусақты бөлек көрсету – бас бармақ.
Қос қолдың бүкіл саусақтармен үстел бетін даңғы-
рлату.
Ауада тек саусақтармен сермеу.
Қол білегінен «шам» (фонарь) жасау.
107
БАЛАҒА СӨЙЛЕП ҮЙРЕНУДЕ
ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ
15


Біресе бәсең, біресе қатты, әртүрлі қарқынмен қол 
шапалақтау.
Барлық саусақтарды бір шымшымға жинау (сау-
сақтар бірге жиналды – қашты).
Жіпке ірі түйме, кішкентай шарлар, моншақтар 
өткізу.
Қалып жіпке, бауға түйін байлау.
Түймелерді түймелеу, ілгектерді ілу, сыдырмаларды 
сыдыру, қақпақтарды бұрау, механикалық ойын-
шықтарды қосу.
Бұрандалар бұрау.
Құрастырғыштармен, мозаикамен, текшелермен 
ойнау.
«Матрешка» ойыншығын бір-біріне салу, бір-бірінен 
шығару.
Ендірмелермен ойнау.
Ауада сурет салу.
Құммен, сумен ойнау.
Қолмен поролон шарларды, ысқыштарды мыжу.
Сурет салу, бояу, сызықпен түрлеу.
Қайшымен кесу.
Әртүрлі құралдармен сурет салу (қаламмен, қарын-
дашпен, бормен, түрлі-түсті бормен, акварь, гуашь 
бояуларымен және т.б.).
Балаңызбен қай жерде жүрсеңіз де: көшеде, балабақ-
шаға баратын жолда, асүйде, ваннада, ұйықтар алдында, 
жол үстінде болсын, білгеніңізді, үйренгендеріңізді 
тәжірибе жүзінде қолданып жүріңіз. Есіңізде сақтаңыз, 
шыдамдылығыңыз, мейрімді және жылы сөзіңіз балаңы-
зға тезірек сөйлеп кетуге сөзсіз көмектеседі.
Бала сөйлей бастайды…
108
БАЛАҒА СӨЙЛЕП ҮЙРЕНУДЕ
ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ
15


ҰСАҚ
МОТОРИКАНЫ
ДАМЫТУ
16
109


Мұндай жағдайларда балаңызға бірге ойнағанда қызықты ойын 
және іс ретінде келесі жаттығуларды жасауды ұсыныңыз. Шығар-
машылық сарын (қиялға беріліп, табан астында оқиға ойлап
тауып, рөлдік ойындар ойнатып…) қосып, баланың қызығушы- 
лығын оятуға тырысыңыз. Мәліметті немқұрайды жеткізуден 
аулақ болыңыз – балаңыз сізге ұнайтындықтан (оның мотори-
каға қатысты қиындықтары болғандықтан емес), онымен ойнап 
отырғаныңызды сезсін.
Тапсырмаларды «қарапайымнан 
күрделісіне қарай» қағидасы 
бойынша беру керек, әрі, әлбет-
те, баланың жетістіктерін мүлт 
жібермеңіз, мақтап, қолдап-қол-
паштап отырыңыз, тапсырманы 
орындау оған оңай соққан жоқ!
К
өбінесе ұсақ білек бұлшық еттерінің жеткілікті дамыма-
уы және оларды әлсіз басқару қиындығы бала мектепте
жазуды игеруде қиналғанда тап болады. Алайда, ата-ана 
баланың ұсақ моториканы мақсатты дамытуға мұқтаж 
екенін байқай алады және байқауы тиіс.
Назар аударыңыз, егер мектепалды жасындағы балаңыз 
сурет салуды және бояуды ұнатпаса, қолынан келмейтінін 
алға тартып, бас тартса; саусақтары бау байлауға, түйме 
түймелеуге икемсіз болса, сондықтан, ол ұзақ уақыт бойы 
ересектердің көмегіне жүгінсе; қасықты, фломастерді, 
қылқаламды, тіс қылсабын «дұрыс ұстауды» игере алмаса 
немесе епсіз болса.
110
ҰСАҚ МОТОРИКАНЫ ДАМЫТУ
16


жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау