Айдан жасқа дейін қуан



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет27/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43

КЕЛЕСІ БІРНЕШЕ ОЙЫНДЫ 1,5-2 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАР-
МЕН ОЙНАУҒА БОЛАДЫ, ОЛАР, СОНДАЙ-АҚ, ӨСІП КЕЛЕ 
ЖАТҚАН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ДА ҚЫЗЫҚТЫ БОЛА-
ДЫ.
1. 
Балаға құммен (құрғақ немесе дымқыл болса да болады) 
ойнауды ұсыныңыз: құмды аударыстыру, қолды құмға 
көму, құмнан ұсақ ойыншықтарды іздеп табу, құмға алақан 
ізін, әртрүрлі пішіндердің ізін салу… Баланы табақтың 
ішіне құрғақ жарма (күріш, бұршақ, үрме бұршақ) салып, 
ойнатуға да болады.

Балаға «жабысқақ» құралмен қалай қызықты ойнауға 
болатынын көрсетіңіз: саз, пластилин, тұзды қамыр (илеуді 
үйретіңіз; үзу; бір кесек етіп жинау; жұқалап, сопақтап 
жаю; мыжу; дөңгелек жасау; жаншу; қол ізін қалдыру; 
мүсін жасау).
3. 
Пирамидаға сақина кигізуін, бауға немесе сымтемірге ірі 
моншақ немесе түйме кигізуін сұраңыз. Қатты қағазды 
тесіп, әртүрлі бау өткізуді немесе түйіншек, бант жасау-
ды көрсетіңіз. Баулардан қос өрім немесе өзіңіз білетін 
өрімді қалай жасау керек екенін көрсетіңіз. Икемді 
сымтемірмен ойнатыңыз – сымтемірді фломастерді 
айналдыра орап, серіппе жасаңыз, адам, мысық сұлба-
сын келтіріңіз… Бір кесім шүберекке әртүрлі ілгектерін 
іліңіз: ілгек, бүркеншікті шеге, түйме. Ол, мысалы, ілгектер 
салынған қалталары бар аспалы «көмекші» болуы мүмкін, 
оның ішіне ұсақ ойыншықтарды, кітаптарды, қарын-
даштарды салып қойған ыңғайлы.
111
ҰСАҚ МОТОРИКАНЫ ДАМЫТУ
16


4. 
Ендірмелер. Кішірек балаларға ойылған саңылаулар және 
соларға дәл келетін ендірмелері бар жазықтықтық «мо-
заикалар» жарайды, ал 2-3 жастан бастап балаға әртүрлі 
геометриялық пішіндегі ірі көлемді мүсіндерді қорап 
ішіне арнайы саңылау арқылы тастап ойнаған қызықты 
болады.
6. 
Саусақтарға арналған жаттығу. Балаларға ырғақты 
тақпақтармен («Санамақ» есіңізде ме?) ілестіре отырып 
жасаған осындай жаттығу қызықты болады. Саусақтарға 
арналған ойындар үшін көптеген қызықты тақпақтарды 
«Играем пальчиками и развиваем речь», авторы В.В. 
Цвынтарный, «Развивающие игры с малышами до трех 
лет», құрастырушысы Т.В.Галанова, кітаптарынан табуға 
болады.
 
Үлкенірек балаларға жүріп және жүгіріп бара жатқан 
адамдарды (үстелдің үстінде сұқ және ортаңғы саусақтар-
мен тыпырлатыр жүріңіз) және пілдерді (үстелдің бетіне 
барлық 5 саусақты қосып, ортаңғы саусағыңызды пілдің 
тұмсығы ретінде көтеріңіз) бейнелеген ұнайтын болады; 
үстелдің үстін саусақпен даңғырлатып, ат тұяқтары-
ның дүбірін келтіруді үйретіңіз, музыкалық аспаптарда 
ойнауды келтіріңіз. Біресе сол қолмен, біресе оң қолмен, 
артынша қос қолмен ойнаңыз. 
 
Баладан сіздің саусақтарыңызбен жасайтын әрекеттерді 
қайталауын сұраңыз: бас бармақты кезек-кезекпен 
сұқ, ортаңғы және т.б. саусақтармен қосыңыз, керісінше 
тәртіпте қайталаңыз. Бір-біріңізге қарама-қарсы отырып, 
алақандарыңызды үстелге қойыңыздар. Кезек-кезекпен 
бір саусағыңызды көтеріп, үстел бетінен 1-2-3 рет 
қағыңыз; бала оны көріп, қайталайды.
5. 
Бұрау. Балаңызға аузы бұралатын қажетсіз құтылар сый-
лаңыз, әзілдеп жарыс ұйымдастырыңыз: кім бірінші аузын 
бұрап ашар екен (балаға озып кетуге мүмкіндік беріңіз). 
Гуашь толтырылған құтылардың аузын бұрап ашуға және 
жабуға рұқсат етіңіз.
112
ҰСАҚ МОТОРИКАНЫ ДАМЫТУ
16


ТӨМЕНДЕ КЕЛТІРІЛГЕН ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ 
4-7 ЖАСАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН.
Жазуды үйрену барысында баланың жетекші қолын жаттықты-
рыңыз. Егер ол көбінесе сол қолын пайдаланса – оны қайта 
үйретуге тырыспаңыз, жұмыс орнын бала сурет салғанда, 
ою-қиюмен айналысқанда жарық оң жағынан түсетіндей және 
сабақта пайдаланатын заттары өзіне ыңғайлы жерде жататын-
дай етіп ұйымдастырыңыз.
1. 
Балаңызға қол көме-
гімен 
көлеңкелер 
театрын көрсетіңіз.
3. 
Құрастырғыштар: 
әртүрлі ірі және ұсақ 
бөлікті, бөлшектері 
өзара түймешік не-
месе бұранда арқылы 
жалғанатын заттар 
пайдалы болады. 
Сондай-ақ, түймешікті 
мозаикаларды да 
пайдаланыңыздар.
2. 
Қайшымен жұмыс 
жасауды ұсыныңыз 
(алдымен жай ғана 
қағазды кесу, кейінірек 
– бір сызық бойымен, 
бір сұлбаны айналды-
ра кесу), аппликация 
(бастырма) жасаңыз- 
дар.
4. 
Есеп таяқшаларынан және сіріңкеден құрастыру. Аталған-
дардан қалай «құдық» жасауға болатынын көрсетіңіз. 
Өзіңіз үлгісін жасап көрсетіңіз: төртбұрыш, үшбұрыш, 
үйшік… қайталауын өтініңіз. Сіріңкені оң және сол қолмен, 
бас бармақпен және шынашақпен ұстауын сұраңыз.
5. 
Трафареттер және қалыптар: дайынын сатып алыңыз 
немесе қатты қағаздан геометриялық фигураларды 
және адамдардың, жануарлардың, көлік құралдарының 
сұлбасын өзіңіз қиып алыңыз… Баладан оларды сұлбасы 
бойынша бастырып шығуын сұраңыз (трафарет ішінен, 
ал қалыптар сыртынан бастырылады). Бояп шығуды 
ұсыныңыз. Кейін суреттерді қиып алып, ойындарды және 
бастырмаларды қолдануға болады.
5. 
Сызықпен түрлеу. Балаға сұлба ішінде қалай сызық 
салынатынын көрсетіңіз: 3-4 мм қашықтықта белгілі бір 
бағытта (жоғарыдан төмен, төменнен жоғары, солдан оңға 
және қиғашынан) қатарлас сызықтар салыңыз. Баланың 
назарын сызықтар сурет сұлбасының шекарасынан 
шықпайтынына аударыңыз. Сызықпен түрлеу жаттығуын 
геометриялық фигуралардан бастап, кейін қоршаған орта-
дан тануға оңай бейнелерді енгізіңіз. Тапсырманы күрде-
лендіріңіз: «Үйді сызықпен түрле, терезелеріне тиіспе».
113
ҰСАҚ МОТОРИКАНЫ ДАМЫТУ
16


жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау