Ахметов А., Ахметова Г


ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТАР ЖƏНЕ КЕЛІСІМДЕР



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет18/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   134

5   Т А Р А У 

 

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТАР ЖƏНЕ КЕЛІСІМДЕР

 

 

Ұжымдық  шарттың  түсінігі  жəне  қағидалары.  Ұжымдық  шарттар 

жəне  əлеуметтік-əріптестік  келісімдер  жұмыс  берушілердің 

қанауына  қарсы  жұмысшылардың  күресінің  нəтижесінде  ғана 

пайда  болды.  Алғаш  рет  ұжымдық  шарттар  Англияда  ХІХ 

ғасырдың ортасында еңбек пен капитализмнің үйлесу негізі ретінде 

пайда  болды.  Алайда,  оларды  құқықтық  реттеу,  соның  ішінде, 

Халықаралық 

еңбек 


ұйымының 

халықаралық-құқықтық 

актілерімен  реттеу  тек  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап 

қана мүмкін болды. 

Бұрынғы  Кеңестер  Одағының  аумағында  бірінші  ұжымдық 

шарт  Ресейде 1904 жылы  Баку  мұнау  өндіру  орындарындағы 

қарулы  қақтығыстың  нəтижесінде  бекітілді.  Алайда,  ұжымдық 

шартты алғаш рет құқықтық реттеу 1918 жылғы бекітілді, ал 1922 

жылғы  Еңбек  туралы  заңдар  кодексі  ұжымдық  шарттарды 

құқықтық  реттеуді  одан  əрі  дамыта  түсті.  ҚР  «Қазақстан 

Республикасындағы  еңбек  туралы»  заңында  ұжымдық  шарттарға 

жеке тарау арналған. 

ХІХ 

ғасырдағы 



«жабайы» 

капитализм 

жұмысшылар 

қозғалысының  нəтижесінде  икемдірек  бола  түсті,  жұмысшылар 

табының  өз  құқықтарын  қорғауына  мүмкіндік  берді,  олардың 

жағдайына  икемделе  түсті.  Əлеуметтік  əріптестіктің  дамуының 

нəтижесінде  өнеркəсібі  дамыған  батыс  елдерінде  еңбек  пен 

жұмысшылар 

табына 

жаңа 


көзқарасты 

қалыптастырған 

өнеркəсіптік  деморатия  пайда  болды.  Əлеуметтік  əріптестік  еңбек 

пен  капиталдың  арасындағы  қарама-қайшылықтарды  жояды, 

жұмысшылар 

мен 


жұмыс 

берушілердің 

қарама-қайшы 

мүдделерінің  үйлесімді  шешімі  болып  табылады,  өндірістегі 

жетістіктерге  əкеледі.  Сонымен  қатар,  қызметкерлер  ұжымдық 

шарттарды  бекіту  жөнінде  ұжымдық  келіссөздерді  жүргізуге  де 

мүдделі,  себебі,  осы  актілер  арқылы  олар  еңбек  пен  тұрмыс 

жағдайын  жақсартуға  жете  алады.  Қазіргі  кезде  көптеген  дамыған 

батыстық 

мемлекеттерге 

өмір 

сүрудің 


жоғары 

деңгейі, 

қызметкерлердің əлеуметтік қорғанғандығы тəн. 



Əлеуметтік əріптестікті реттеудегі негізгі нормативтік құқықтық 

акт болып ҚР «Ұжымдық шарттар туралы» заңы табылады. Бұл заң 

ұжымдық шарттар мəселесін де құқықтық тұрғыдан реттейді. 

ҚР «Ұжымдық шарттар туралы» заңының мəні мыналардан 

көрініс табады: 

·  алғаш  рет  Қазақстан  Республикасының  еңбек  құқығында 

ұжымдық  шарттарды  жүргізу  тəртібін  бекітті  жəне  əлеуметтік-

əріптестік  қатынастарды  ұйымның  деңгейінен  жоғары  деңгейде 

реттеуді көздеді; 

·  ұжымдық  шарттарды  жасаудың,  бекітудің  жəне  олардың 

əрекет етуінің қағидалары мен құқықтық негіздерін бекітті; 

·  еңбек  жағдайы  мен  əлеуметтік-еңбек  мəселелерін  ұжымдық-шарттық 

жəне əлеуметтік-əріптестік тұрғыда реттеуді кеңейтті; 

·  ұжымдық  шарттың  заңдық  түсінігін  бекітті,  мұндай 

шарттардың мазмұнын жəне оларды кепілдеуді анықтады; 

·  еңбек  заңнамасының  шарттық  заңнамамен  арақатынасын 

белгіледі; 

·  ұжымдық  шарттардың  қай  жерде  жəне  қалай  бекітілетінін 

жаңаша  белгіледі,  оларды  қолдану  салаларын  анықтады  жəне 

ұжымдық  шартты  бекіту-бекітпеу  құқығын  еңбек  ұжымдарына 

тиесілі етті; 

·  ұжымдық  келіссөздерді  жүргізу  кезіндегі  келіспеушіліктерді 

шешу жолын белгіледі; 

·  ұжымдық  келіссөздерге  қатысудан  бас  тартқаны  жəне 

ұжымдық шарттарды орындамағаны үшін жауапкерлішікті көздеді. 

ҚР «Ұжымдық шарттар туралы» заңының қысқаша сипаттамасы 

осындай. 

Нарықтық  қатынастардың  қалыптасу  жəне  меншіктің  əр  түрлі 

түрлерінің  орын  алу  жағдайында  еңбек  қатынастарын  реттеудің 

ұжымдық-шарттық əдісінің рөлі ерекше өседі. Бұл жағдайда еңбек 

заңнамасы 

жалданбалы 

еңбектің 

қызметкерлері 

үшін 


кепілдіктердің  белгілі  мөлшерін  белгілейді.  Сондықтан,  еңбек 

қатынастарын тек ұжымдық-шарттық реттеу кезінде ғана тараптар 

еңбек  жағдайын  белгілеу  жəне  өзара  мүдделер  мен  табысты  əділ 

бөлудің негізінде ақы алу мүмкіндігіне ие болады. 

ҚР  «ҚР  еңбек  туралы»  заңы  жұмыс  берушінің,  кəсіптік  одақ 

ұйымдарының жəне қызметкердің арасында ұжымдық шарт бекіту 

мүмкіндігін көздеді. Егер кəсіптік одақ ұйымы жəне қызметкерлер 



ұжымдық  шарт  бекіту  ниетін  білдірсе,  жұмыс  берушінің  бас 

тартуға құқығы жоқ. 

Ұжымдық  шарттарды  жасау,  бекіту  жəне  орындаудың  жалпы 

құқықтық  жəне  ұйымдастырушылық  негіздері  ҚР 1992 жылғы 4-

шілдедегі  «Ұжымдық  шарттар  туралы»  заңында,  ҚР  «ҚР  еңбек 

туралы»  заңында (3-тарау),  ҚР  Президентінің 1994 жылғы 19 

желтоқсандағы  «Əлеуметтік-экономикалық  еңбек  қатынастар 

саласындағы 

əлеуметтік 

əріптестік 

туралы» 

жарлығында, 

халықаралық  конвенцияларда,  Халықаралық  еңбек  ұйымының 

ұсыныстарында  жəне  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілерде 

белгіленген. 

Ұжымдық  шарт – бұл  əлеуметтік-еңбек  қатынастарын 

реттейтін жəне қызметкерлермен жұмыс берушінің арасында 

жасалатын жазбаша шарт ретінде ресімделген құқықтық акт. 

Бұл  бір  немесе  бірнеше  жұмыс  берушілер  (олардың  өкілдері) 

жəне  бір  немесе  бірнеше  кəсіптік  одақтар,  не  кəсіптік 

одақтарға  мүше  емес,  келіссөздер  жүргізу  үшін  өз  ұйымын 

құрған  қызметкерлер  қол  қойған  жазбаша  шарт  түрінде 

ресімделген құқықтық акт (Еңбек туралы заңның 1-бабы). 

Тиісті түрде рəсімделген ұжымдық шарт локальдық (жергілікті) 

нормативтік  құқықтық  акт  болып  табылады.  Жеке  еңбек  шартына 

қарағанда  ұжымдық  шарт  тараптардың  еңбек  жағдайының  жалпы 

ережелеріне байланысты келісімі болып табылады, бүкіл ұжымның 

немесе  қызметкерлердің  жекелеген  топтарының  мүдделерін 

қамтиды. 

Ұжымдық шарт келесі қағидаларға негізделе отырып бекітіледі: 

·  тараптардың  құқықтар  мен  міндеттерді  ажырата  білу,  өзара 

сенім жəне құрмет, əлеуметтік əріптестік; 

·  еңбек  ұжымы  мүшелерінің  шарттың  ережелерін  жасауға 

қатысуы; 

· тараптардың ұжымдық шарттың жасаудағы тең құқылығы; 

·  шынайы  мүмкіндіктерді  ескеру,  заңды  құқықтар  мен 

мүдделерді сақтау; 

· тараптардың міндеттемелерді орындауға, заңды құқықтар мен  

мүдделерді сақтауға қатысты жауапкершілігі жəне бақылауы; 

·  тараптардың  шартқа  енгізілген  міндеттемелерді  орындауға 

қатысты  жауапкершілігі  жəне  бақылауы  (ҚР  «Ұжымдық  шарттар 

туралы» заңының 2-бабы). 




жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау