Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет14/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   134

ҚР  Конституциясына  сəйкес  азаматтың  еңбек  құқығының 

субъектісі  ретіндегі  құқықтық  мəртебесі  барлық  азаматтар  үшін 

тең.  Алайда,  оны  қызметкердің  құқықтық  мəртебесінен  ажырата 

білген жөн (бұны азамат еңбек шартын бекітіп, қызмет берушімен 

еңбек  құқығы  қатынастарына  түскен  кезде  иеленеді).  Бұл  кезде 

қызметкердің құқықтық мəртебесі еңбек заңдарымен анықталады. 

Азамат  жұыс  іздеп,  жұмысқа  орналастыру  бойынша 

органдармен  құқықтық  қатынастарға  түскен  кезде  еңбек 

құқығының  субъектісіне  айналады.  Ал  қызметкердің  құқықтық 

мəртебесі,  ол  жұмыс  берушімен  еңбек  шартын  жасасқан  кезде 

туындайды. Сонымен, азаматтың құқықтық мəртебесі ол жұмысқа 

орналасқан кезде қызметкердің құқықтық мəртебесіне айналады. 



Негізгі  (статуттық)  еңбек  құқықтары  мен  міндеттері.  Бұл 

құқықтар  мен  міндеттер  ҚР  Конституциясында  жəне  еңбек 

саласындағы  нормативтік  құқықтық  актілерде  көрсетілген.  Оларға 

еңбекке  құқық,  мемлекетпен  кепілденген  ең  төменгі  жалақыға 

құқық,  демалуға  құқық,  еңбектің  қауіпсіз  жағдайларына  құқық, 

кəсіби 


дайындыққа 

жəне 


біліктілігін 

көтеруге 

құқық, 

кəсіподақтарға бірігу құқығы, еңбек тəртібін сақтау міндеті, еңбек 



нормасын  орындау  міндеті,  сеніп  тапсырылған  мүлікті  сақтау 

міндеті жəне т.б. жатады. Статуттық құқықтар мен міндеттер еңбек 

құқығының субъектілері болып табылатын барлық қызметкерлерге 

таралады.  Бұл  құқықтар  мен  міндеттер  қызметкерлердің  еңбек 

қатынастары  жəне  еңбек  үрдісіндегі  жүріс-тұрысын  анықтайды. 

Статуттық  құқықтар  мен  міндеттердің  мазмұны  əрекет  ету,  талап 

ету, 

міндеттеу, 



құқықтар 

мен 


міндеттерді 

пайдалану 

мүмкіндіктерінен  жəне  еңбек  құқығының  өзге  де  субъектілерінің 

мүдделері  мен  қажеттіліктерін  белгіленген  шекте  қанағаттандыру 

міндетінен көрініс табады. 

Осы құқықтар мен міндеттердің заңды  жалпы жəне ерекше 



кепілдіктері  келесідей:  біріншіден,  олар  ҚР  Конституциясымен 

кепілденген,  екіншіден,  заңдар  еңбек  құқығы  субъектілерінің 

құқық  бұзушылықтарының  алдын-алады;  үшіншіден,  міндетті 

тұлғалардың  əрекет  ету  шектерін  белгілейді;  төртіншіден,  аталған 

құқықтарды  бұзатын  əрекеттерге  шағымдануға  мүмкіндік  береді 

жəне  бесіншіден,  кінəлі  тұлғалардың  құқық  бұзушылықтарының 

нəтижесінде келген материалдық зиянды өтетуді қамтамасыз етеді. 



Қызметкерлердің  еңбек  құқықтары  мен  міндеттерін  заңды 

тұрғыдан кепілдеудің өзіне тəн ерекшелігі болып осы кепілдіктерді 

жүзеге  асыруға  қызметкерлердің  құқықтары  мен  мүдделерінің 

заңды  өкілдері  болып  табылатын  еңбек  ұжымдары  мен 

кəсіподақтардың қатысуы табылады. 

Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде. 

Азаматтар  еңбек  құқығы  субъектілерінің  ішінде  саны  жағынан 

көп  жəне  ең  кең  таралған  тобы.  Азаматтар  еңбек  құқықғының 

субъектілері 

ретінде 

жалданбалы 

еңбек 

қызметкерлеріне, 



кəсіпкерлерге,  жұмыс  істейтін  меншік  иелеріне  бөлінеді. 

Жалданбалы  еңбек  қызметкерлері,  өз  кезегінде,  жұмысшыларға, 

инженерлік-техникалық  құрамға,  қызметшілерге,  жұмыс  істейтін 

зейнеткерлерге жəне т.б. бөлінеді. 

Осыған  сəйкес  азаматтар  мəртебесінің  көптеген  түрлерін  де 

бөлуге болады. 

Алайда,  барлық  азаматтарға  еңбек  құқық  қабілеттігінің  жалпы 

талаптары  да  таралады,  олар:  жасына  қатысты  қойылатын  талап, 

ерікті жəне əлеуметтік талаптар. 

Азаматтардың  еңбек  құқығының  субъектілері  ретінде  еңбекке 

қатысты  іс  жүзіндегі  қабілеті  болуы  тиіс.  Əрине,  бұл  қабілеттер 

жекелеген  адамның  дене  жəне  ақыл-ой  ерекшеліктеріне 

байланысты болады. Мұндай қабілеттер адамға туа бітпейді. 

Тəжірибе  көрсетіп  отырғандай,  адамның  еңбекке  қатысты  іс 

жүзіндегі қабілеті ерте, шамамен төрт жасына таман пайда болады. 

Адам өскен сайын еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеттік те өседі. 

Алайда, заңнама азаматтарда жай еңбекке қатысты емес, құқықтық 

санат  ретіндегі  еңбекке  қатысты    іс  жүзіндегі  қабілеттік  пайда 

болған  сəттен  бастап  қана  оларды  еңбек  құқығының  субъектілері 

ретінде  таниды.  Азаматтар  құқық  нормаларымен  жүйелі  түрде 

реттелетін  еңбекке  қабілетті  болған  кезде  ғана  оларда  жоғарыда 

аталған  қасиет  бар  деп  танылады.  Еңбек  заңнамасына  сəйкес 16 

жасқа  толған  азаматтарды  ғана  жұмысқа  алуға  болады.  Жекелеген 

жағдайларда 15 жастағы,  кейде 14 жастағы  жасөспірімдерді  де  жұмысқа 

алуға  рұқсат  етіледі  (ҚР  «ҚР  Еңбек  туралы»  заңының 11-бабы). 

Мемлекеттік  қызметке  кіруші  тұлғалардың  жасы 18 жастан  кем 

болмауы тиіс. 

Жасына  қатысты  қойылатын  талаптың  құқықтық  табиғатын 

заңнама  осы  жасқа  жеткенде  ғана  тұлғаның  еңбектегі  кəмелет 

жасына толуымен байланыстырады. Еңбекті қорғау, жұмыс уақыты 




жəне т.б. салаларда белгілі бір жеңілдіктер мен артықшылықтарды 

иеленетініне  қарамастан,  еңбек  құқығы  қатынастарында  олар 

азаматтық кəмелет жасына теңестіріледі. 

Ерікті талап азаматтардың еңбекке жəне кəсіпкерлік қызметке 

қатысты ерікті қабілетінің жағдайын білдіреді. Соттың шешімімен 

əрекет  қабілеттігінен  айырылған  тұлғалар  еңбек  құқығының 

субъектілері  бола  алмайды.  Сонымен  қатар,  соттың  шешімімен 

əрекет  қабілеттігі  шектелген  тұлғалар  мемлекеттік  қызметке 

алынбайды.  Бұл  ережені  мына  жағдаймен  түсіндіруге  болады: 

жүйке  ауруының,  ақыл-ой  қабілетінің  нашарлауы  салдарынан 

азамат  өзінің  еңбектегі  міндеттерін  саналы  түрде  орындай 

алмайды,  қызметтік,  кəсіпкерлік  жəне  еңбек  қызметін  бақылай 

алмайды. 

Азаматтардың еңбек құқықсубъектілігінің іс жүзіндегі мазмұны 

еңбекке  қатысты  іс  жүзіндегі  қабілетке,  соның  ішінде,  денсаулық 

жағдайына  байланысты.  Сондықтан,  мүгедектің  денсаулық 

жағдайына  сəйкес  көлемде  жəне  шекте  рұқсат  етілген  еңбек  ету 

қабілеті  оның  еңбек  құқықсубъектілігінің  мазмұнында  ескеріледі. 

Ал  мұндай  қабілеттерді  бағалауды  мүгедектің  өзі  емес,  мемлекет, 

жұмыс беруші жəне басшылық еңбек шартын бекіту кезінде жүзеге 

асырады. 

Əлеуметтік  талап  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының 

барлығы  үшін  тең  еңбек  құқықсубъектілігін  білдіреді,  яғни, 

қолданыстағы  заңнамада барлық еңбекке  қабілетті  азаматтар  үшін 

еңбек саласындағы тең мүмкіндіктер белгіленген. 

Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  сəйкес  əрбір 

азаматтың  еңбек  ету  бостандығына,  қызмет  пен  кəсіп  түрін  еркін 

таңдауына құқығы бар. 

Жұмысқа  алу  кезінде  жынысына,  нəсіліне,  ұлтына  жəне  дінге 

көзқарасына байланысты құқықтарды тікелей  не  жанама  шектеуге 

немесе қандай да бір артықшылықтарды белгілеуге жол берілмейді. 

Тек  заңда  тікелей  көзделген  жағдайларда  ғана  еңбек 

құқықсубъектілігін шектеуге жол беріледі. Азамат қылмыс істеген 

жағдайда  соттың  шешімінің  негізінде  белгіленген  мерзімге  дейін 

белгілі  бір  лауазымдарды  иелену  немесе  белгілі  бір  қызметпен 

айналысу 

құқығынан 

айырылуы 

мүмкін. 


Еңбек 

құқықсубъектілігінен айыру тек ішінара жəне тек уақытша болады. 

Азаматтарды  еңбек  құқықсубъектілігінен  толық  жəне  тұрақты 

түрде айыруға жол берілмейді. 




жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау