Ахметов А., Ахметова Г


Ұжымдық  шарттың  тараптары



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет19/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   134

Ұжымдық  шарттың  тараптары.  Ұжымдық  шарттың 

тараптары болып мыналар табылады: 

1) қызметкерлер – өз өкілдері арқылы; 

2)  жұмыс  беруші – ұйымның  басшысы  немесе  ұйымның 

жарғысына  (не  өзге  де  локальдық  актіге)  сəйкес  өкілеттіктерге  ие 

өзге де тұлға арқылы. 

Ұжымдық шарттың бір тарапы болып жұмыс беруші табылады. 

Жұмыс  берушінің  өкілі  оның  атынан  келіссөздер  жүргізіп, 

ұжымдық  шартты  бекіту  мəселелерін  шеше  алады.  Заңнамаға 

сəйкес  жұмыс  берушінің  өкілі  ретінде  құрылтай  құжаттарының 

негізінде  жұмыс  берушінің  (немесе  жұмыс  берушілер  тобының) 

мүдделерін  білдіруге  уəкілетті  жеке  немесе  заңды  тұлға  болуы 

мүмкін. Мысалы, мемлекеттік кəсіпорында жұмыс берушінің өкілі 

болып кəсіпорынның басшысы, ал мемлекеттік емес кəсіпорында – 

меншік иесі немесе меншік иесінің өкілі болуға уəкілетті кəсіпорын 

басшысы табылады. 

Аталған  лауазымды  тұлғалардың  өкілдік  уəкілеттері  жұмыс 

берушінің ерекше бұйрығымен (өкімімен) рəсімделуі тиіс. 

Ұжымдық шарттың екінші тарапы болып кəсіпорынның немесе 

ұйымның  қызметкерлері  табылады.  Қызметкерлер  ұжымдық 

шарттың тарапы бола отырып, шартқа жекелеген тұлғалар ретінде 

емес,  заңды  тұлғаның  құқықтарына  ие    дербес  субъект – жалпы 

еңбек  ұжымы  не  оның  жекелеген  құрылымдық  бөлімшесі  ретінде 

қатысады.  Жəне  де  қызметкерлердің  немесе  еңбек  ұжымының  өзі 

ұжымдық  шартты  бекітуге  тікелей  қатыспайды,  олардың  атынан 

өкілдері – кəсіптік одақ ұйымдары немесе өзге де уəкілетті өкілдік 

органдар  əрекет  етеді.  ҚР  «ҚР  еңбек  туралы»  заңының 1-бабына 

сəйкес, қызметкерлердің өкілдері болып кəсіптік одақтардың жəне 

олардың  бірлестіктерінің  құрылтай  құжаттарына,  сенімхатқа  не 

жиналыста  қабылданған  шешімге  сəйкес  өкілдік  етуге  уəкілетті 

органдары,  сондай-ақ  қызметкерлер  уəкілдік  берген  өзге  де 

тұлғалар мен ұйымдар табылады. 

Сонымен,  ұжымдық  шарттың  тарапын  айқындап  алған  жөн: 

тараптар  ретінде  қызметкерлер  (еңбек  ұжымы)  жəне  ұжымдық 

шарттық үрдістің қатысушылары шартқа қатысады. Жоғарыда атап 

өткеніміздей,  шартқа  қызметкерлер  тарапынан  кəсіптік  одақ 

органдары  не  ұйым  қызметкерлерінің  жалпы  жиналысында 

(конференцияда)  құрылған  жəне  арнайы  уəкілеттіктерге  ие 

қоғамдық органдар қатысады. 



Ұжымдық  шарттың  мазмұны – бұл  нақты  бір  кəсіпорында 

немесе 


ұйымда 

əлеуметтік-экономикалық 

жəне 

еңбек 


қатынастарды  реттеу  үшін  тараптармен  келісілген  жəне 

қабылданған  ережелер  (жағдайлар).  Ұжымдық  шарттың  негізгі 

ережелері  ҚР  «ҚР  еңбек  туралы»  заңының 33-бабында  жəне  ҚР 

«Ұжмдық шарттар туралы» заңының 5-бабында көзделген.  

Аталған  ережелерді  үш  түрге  бөлуге  болады:  нормативтік, 

міндетті жəне ақпараттық. 

Ұжымдық  шарттың  нормативтік  ережелері – бұл  тараптардың 

өз    құзыреті  шегінде  белгіленген,  тұрақты  түрде  қолдануға 

арналған,  жалпы  сипаттағы  құқықтың  локальдық  нормалары.  Бұл 

құқықтың локальдық нормалары белгілі бір ұйымның немесе оның 

өндірістік 

бірлігінің 

барлық 

қызметкерлеріне 



таралады. 

Нормативтік  ережелер  құқықтық  мəселелердің  үш  тобын  шешуге 

бағытталған:  а)  заңнамада  құқықтық  мəселелерді  шешудің 

ұжымдық-шарттық  тəртібі  тікелей  көзделген  жағдайда;  ə) 

заңнамада  олқылықтар  орын  алса  жəне  құқықтық  сауалдарды 

ұжымдық-шарттық  жолмен  шешу  заңнама  мен  құқықтың 

қағидаларына  жəне  нормаларына  қайшы  келмесе;  б)  заңнаманың 

жалпы  ережелері  нақты  бір  ұйымның  ерекшеліктеріне  қарай 

түсінідірілген жəне нақтыланған жағдайда. 

Нарықтық  қатынастарға  өткелі  бері  ұжымдық  шарттардың 

нормативтік  ережелерінің  саны  күн  санап  өсуде.  Оның  себебі, 

жүргізілген 

реформалар 

барысында 

əлеуметтік-еңбек 

қатынастарын  құқықтық  реттеу  орталықтандырылған  (заң 

шығарушылық) реттеуден локальдық (ұжымдық-шарттық) реттеуге 

ауысуда. Заң шығарушылық реттеу ең алдымен қызметкерлер үшін 

жалпы  міндетті  кепілдіктерді  (еңбек  ақысының  заңда  көзделген 

мөлшерден  кем  болмауы,  демалыс  ұзақтығы  жəне  т.б.)  белгілеуді 

көздесе,  ұжымдық-шарттық  реттеу  белгілі  бір  ұйымдағы  кəсіби 

қатынастар  мен  еңбек  ерекшелігімен  байланысты  нақты 

мəселелердің кеңірек ауқымын қамтиды. 

ҚР  «Ұжымдық  шарттар  туралы»  заңында  ұжымдық  шарт  пен 

заңнаманың 

нормативтік 

ережелерінің 

арасындағы 

нақты 

арақатынас белгіленген. 



Ұжымдық  шарттың  мейлінше  жиі  кездесетін  нормативтік 

ережелерінің  қатарына  нормаланбаған  жұмыс  күнінде  жұмыс 

істейтін  қызметкерлердің  тізімін,  оларға  берілетін  қосымша 

демалыстардың  ұзақтығын,  жоспардан  тыс  аванстарды  төлеу 




тəртібін; олар үшін жалақы төлеудің кесімді, мерзімді немесе өзге 

де  жүйелері  белгіленген  қызметкерлер  кəсібінің  тізімін;  кəсібін 

басқа  кəсіппен  айналыса  отырып  жүргізуге  рұқсат  берілген 

қызметкерлердің тізімін жəне т.б. белгілейтін нормалар жатады. 

Ұжымдық шарттардағы нормалар өздерінің құқықтық табиғаты 

бойынша  норма-келісімдер  болып  табылады.  Оларда  шарт 

тараптарының  өзара  еркі  жəне  тараптарға  локальдық  заңнама 

арқылы құқықтарды тиесілі еткен мемлекеттің (заң шығарушының) 

еркі көрініс табады. 

Ұжымдық шарттың міндетті ережелері нормативтік ережелерге 

(жоғарыда аталып өткендей, бұл нормалар жалпы сипатқа ие жəне 

бірнеше  рет  қолдануға  бағытталған)  қарағанда  əрқашанда  нақты 

сипатқа  ие  жəне  тараптардың  өзара  міндеттемелерін  қамтиды.  ҚР 

«Ұжымдық  шарттар  туралы»  заңының 5-бабына  сəйкес,  ұжымдық 

шартқа  қызметкер  мен  жұмыс  берушінің  келесідей  сауалдары 

бойынша  өзара  міндеттемелері  енгізілуі  мүмкін.  Ол:  еңбекті 

ұйымдастыру мен ақы төлеу жүйесі. 

«Ұжымдық  шарттар  туралы»  заңның 5-бабында  ұжымдық 

шартта  жұмыс  беруші  мен  қызметкердің  арасындағы  келесідей 

сауалдар бойынша өзара міндеттемелері көрініс табуы мүмкін деп 

көзделген.  Ол:  еңбекке  ақы  төлеудің  нысаны,  жүйесі  жəне 

мөлшері,  ақшалай  сыйақылар,  жəрдемақылар,  өтемақылар; 

бағаның өсуіне байланысты еңбекке ақы төлеуді реттеу механизмі, 

медициналық жəне əлеуметтік сақтандыру бойынша сауалдар жəне 

т.б.  

Ұжымдық  шартта  мыналар  көзделеді:  еңбекті  жəне  жалақыны 



ұйымдастыру;  ең  төменгі  тарифтік  ставкалар  мен  лауазымдық 

жалақылардың мөлшері; тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуіне 

байланысты  қызметкерлер  табысын  өтеу  тəртібі  мен  мөлшері; 

қызметкерлер жұмысынан айырылған жағдайда оларды сақтандыру 

тəртібі  мен шарттары;  өндіріс  уақытша  тоқтаған жағдайда оларды 

қорғау  шаралары;  жұмыссыздық  жөніндегі  жəрдемақы  төлеу 

мерзімін  үлғайту  мүмкіндігі  мен  мөлшері;  зейнеткерлерге, 

мүгедектерге, көп балалы жəне жартыкеш отбасыларына қосымша 

жеңілдіктер  беру  мен  көмек  көрсету;  еңбек  пен  тұрмыс  жағдайы; 

ерікті  жəне  міндетті  медициналық  əрі  əлеуметтік  сақтандыру; 

қызметкерлерді  жұмыспен  қамту  жəне  қайта  оқыту;  өндірісті 

дамыту  мəселелері;  еңбек  жəне  өндіріс  тəртібін  сақтауда  еңбек 




жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау