Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет12/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   134

аумағы  нормативтік  құқықтық  актілердің  əрекет  ету  күшінің 

құқықтық кеңістігі болып табылады. 

Егер  актілердің  өзінде  немесе  осы  актілердің  күшіне  енуі 

туралы  актілерде  өзгеше  көзделмесе,  ҚР  Президенті,  ҚР 

Парламенті  жəне  ҚР  Үкіметі,  орталық  атқарушы  жəне  өзге  де 

орталық  уəкілетті  органдары  қабылдаған  нормативтік  құқықтық 

актілердің  күші  Қазақстан  Республикасының  бүкіл  аумағына 

таралады. 

Нормативтік  құқықтық  актілердің  кеңістіктегі  күші  туралы  сөз 

қозғай  отырып,  олардың  күші  Қазақстан  Республикасының 

елшіліктеріне, өкілдіктеріне, сауда кемелеріне жəне шетелдегі өзге 

де  аумақтық  құрылымдарына  таралатынын  ескеріп  өткен  жөн. 

Себебі, «Қазақстан  Республикасының  аумағы»  түсінігі  жер-

аумақтық,  теңіз  жəне  əуе  шектерімен  ғана  шектеліп  қоймайды, 

сонымен қатар, халықаралық-құқықтық актілермен де анықталады. 

Атап  өтетін  тағы  бір  жайт,  егер  сыртқы  еңбек  миграциясы 

саласындағы

 

халықаралық  келісімдерде  көзделсе,  Қазақстан 



Республикасы  еңбек  туралы  нормативтік  құқықтық  актілерінің 

күші  өзге  мемлекеттерде  жұмыс  істеп  жүрген  азаматтарға  да 

таралады. 

Жергілікті  өкілдік  жəне  атқарушы  органдар  қабылдаған 

нормативтік  құқықтық  актілердің  күші  тиісті  əкімшілік-аумақтық 

бірліктің аумағына ғана таралады. 

Қазақстан  Республикасының  жекелеген  жерлеріндегі  (шалғай 

елді  мекендер,  сусыз  жерлер,  таулы  өлке  жəне  т.б.)  еңбек 

жағдайының  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  қызметкерлердің 

жекелеген 

санаттарының 

жалақысына 

қатысты 

аудандық 

коэффиценттерді,  əр  түрлі  жеңілдіктерді,  кепілдіктерді  жəне  т.б. 

көздейтін арнайы құқықтық актілер қабылданады. 



Нормативтік  құқықтық  актілердің  тұлғалар  шеңбері 

бойынша  күші.  Бұл  ерекшелік  белгілі  бір  тұлғалар  санатына 

қандай  да  бір  нормативтік  құқықтық  актіні  күшінің  таралу 

ерекшелігінен көрініс табады. 

Егер  ҚР  Конституциясында,  заңдарда  жəне  Қазақстан 

Республикасы бекіткен

 

халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, 



нормативтік құқықтық актілердің күші Қазақстан Республикасында 

еңбек  қызметін  жүзеге  асырушы  ҚР  азаматтарына,  шетелдік 

азаматтарға жəне азаматтығы жоқ тұлғаларға таралады. 



Қазақстан 

Республикасының 

аумағында 

орналасқан, 

құрылтайшылары  немесе  меншік  иелері  (толығымен  немесе 

ішінара)  шетелдік  заңды  жəне  жеке  тұлғалар  болып  табылатын 

ұйымдардың қызметкерлеріне ҚР еңбек заңнамасының нормалары 

қолданылады. 



Қазақстан  Республикасындағы  шетелдік  азаматтар  ретінде 

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын жəне 

өздерінің өзге мемлекетке тиесілігі жөнінде дəлелдері бар тұлғалар 

танылады. 

Қазақстан  Республикасының  азаматтары  болып  табылмайтын 

жəне  өздерінің  өзге  мемлекетке  тиесілігі  жөнінде  дəлелдері  жоқ 

тұлғалар азаматтығы жоқ тұлғалар ретінде танылады. 

Шетелдік 

азаматтар 

еңбек 


қатынастарында 

Қазақстан 

Республикасының  азаматтарына  тиесілі  құқықтарды  иеленіп, 

міндеттерді орындайды. 

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес осындай 

лауазымға  тағайындалу  немесе  еңбек  қызметімен  айналысу 

Қазақстан 

Республикасының 

азаматтығына 

тиесілігімен 

байланысты  болса,  шетелдік  азаматтар  белгілі  бір  лауазымдарға 

тағайындала  алмайды  немесе  белгілі  бір  еңбек  қызметімен 

айналаса  алмайды  (ҚР  Президентінің 1995 жылғы 16 маусымдағы 

«Қазақстан  Республикасындағы  шетелдік  азамтатардың  құқықтық 

жағдайы туралы» заң күші бар жарлығы). 

Тəуелсіз  Мемлекеттер  Достастығына  қатысушы-мемлекеттер 

азаматтарының    Қазақстан  Республикасы  аумағындағы  еңбек 

қызметі  осы  мемлекеттер  арасында  екіжақты,  сонымен  қатар, 

көпжақты  негізде  бекітілген  шарттарға  жəне  заңға  сəйкес  жүзеге 

асырылады  (ҚР 1997 жылғы 13 желтоқсандағы  «Тұрғындардың 

көшіп-қонуы туралы» заң). 

Еңбек саласындағы құқықтық нормалар екі үлкен топқа бөлінеді 

(бұлай  бөлудің  негізіне  объективтік  факторлар,  соның  ішінде, 

Қазақстанның  əр  түрлі  аудандарындағы  ауыр  табиғи-климаттық 

жағдайлар алынған): 

1)  экономика  саласына  жəне  еңбек  жағдайына  қарамастан, 

жалданбалы  еңбек  қызметкерлерінің  барлығына  таралатын  жалпы 

нормалар.  Мысалы,  ҚР  «ҚР  еңбек  туралы»  заңының  күші  тек 

Қазақстан  Республикасының  азаматтарына  ғана  емес,  сонымен 

қатар,  Қазақстан  Республикасы  аумағында  еңбек  қызметін  жүзеге 




асырушы  шетелдік  азаматтар  мен  азаматтығы  жоқ  тұлғаларға  да 

таралады; 

2)  қызметкерлердің  жекелеген  санаттарына  (əйел  адамдарға, 

кəмелетке  толмағандарға,  бюджет  саласының  қызметкерлеріне, 

ауыр  жəне  зиянды  өндіріс  жұмысшыларына,  уақытша  жəне 

маусымдық қызметкерлерге жəне т.б.) таралатын арнайы нормалар. 

Осы заңда қызметкерлердің белгілі бір санаттары – еңбек құқық 

қабілеттігі  шектеулі  тұлғалар,  кəмелетке  толмағандар,  жасы  кіші 

балалары бар əйелдер үшін жеңілдіктер көзделген. 

ҚР  «ҚР  еңбек  туралы»  заңының 4-тарауы  «Қызметкерлердің 

жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттеу» деп аталады. 

Бұл  заңда 18 жасқа  толмаған  қызметкерлер  үшін  еңбек  жағдайы 

саласында  бірқатар  жеңілдіктер  көзделген,  түнгі  уақытта  жұмыс 

істеуге  қатысты,  қосымша  жұмысқа  жəне  т.б.  қатысты  тыйым-

нормалар 

бар. 


Мұндай 

қызметкерлер 

санатының 

еңбек 


қатынастарын реттеу «ҚР еңбек туралы» заңмен де, сонымен қатар, 

қызметкерлердің тиісті санаттарының еңбек жағдайын анықтайтын 

өзге де заң шығарушы актілермен де жүзеге асырылады. 

Еңбек қабілеттігі шектеулі тұлғалар үшін жекелеген жеңілдіктер 

көзделген.  ҚР 1991 жылғы 21 маусымдағы  «Қаз  КСР-да 

мүгедектердің 

əлеуметтік 

қорғалуы 

туралы» 

заңында 


мүгедектердің  еңбек  қатынастары  саласындағы  құқықтары 

анықталған.  Олар  үшін  жеке  сауықтыру  бағдарламасына 

негізделген  еңбек  жағдайы  жасалады.  Ұжымдық  шартта 

мүгедектер  үшін  еңбек  жағдайы,  соның  ішінде,  жалақы  төлеу 

мəселесі,  жұмыс  уақыты  мен  демалыс  уақыты  жəне  өзге  де 

жағдайлар көзделіп өтуі тиіс. Бұл жағдайлар өзге қызметкерлермен 

салыстырғанда  мүгедектердің  құқықтарын  шектемеуі  немесе 

олардың жағдайын нашарлатпауы керек. 

Жекелеген қызметкерлер санатының еңбек жағдайы тек ҚР «ҚР 

еңбек  туралы»  заңмен  ғана  емес,  сонымен  қатар,  өзге  де 

нормативтік  құқықтық  актілермен  реттелуі  мүмкін.  Мысалы,  ҚР 

«Мемлекеттік  қызмет  туралы»  заңы  барлық  мемлекеттік 

қызметшілерге таралады. 

Мемлекеттік  қызметке  қабылданатын  тұлғаларға  төмендегідей 

талаптар қойылады: 

1) Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек; 




жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау