Ахметов А., Ахметова Г


Кəсіптік  одақтар  туралы  заң



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет10/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   134

Кəсіптік  одақтар  туралы  заң  Қазақстан  Республикасында 

кəсіптік  одақтарды  құрудың  құқықтық  негіздерін  орнықтырды, 

олардың  негізгі  құқықтары  мен  қызмет  кепілдіктерін  бекітті, 

кəсіптік 

одақтардың 

қызметкерлер 

құқықтарын 

қорғауға 

байланысты жұмыс берушілермен жəне олардың бірлестіктерімен, 

мемлекеттік  билік  органдарымен  жəне  жергілікті  өзін-өзі  басқару 

органдарымен,  заңды  тұлғалармен  жəне  азаматтармен  қарым-

қатынастарын реттеді. 



Ұжымдық  еңбек  даулары  туралы  заң  ұжымдық  еңбек 

дауының  түсінігін,  ұжымдық  келіспеушіліктерді  шешу  мерзімін 

жəне  тəртібін  бекітті.  Заңда  ереуілге  шығудың  анықтамасы, 

ереуілді  қашан  жəне  қандай  тəртіппен  жариялап,  ұйымдастыруға 

болатыны,  кімдердің  ереуілге  қатыса  алмайтыны  көрсетіліп, 

ереуілге  қатысушылардың  кепілдіктері  мен  заңсыз  ереуілге 

шыққаны үшін жауапкершілік көзделген. 

Мемлекеттік 

қызмет 

туралы 

заң – мемлекеттік 

қызметшілердің арнайы еңбегін реттеуге бағытталған алғашқы заң. 

Заңда  мемлекеттік  қызметшілердің  түсінігі  берілген,  оларды 

қызметке  алу  жəне  босату  тəртібі,  олардың  құқықтары  мен 

міндеттері  анықталған.  Бұл  заң  мемлекеттік  қызметшілер  үшін 

арнайы нормаларды (мысалы, мемлекеттік қызметшілерге қатысты 

бірқатар  шектеулер)  жəне  демалыс  уақыты,  қосымша  ақы  төлеу 

бойынша  жеңілдік-нормалар  жəне  т.б.  белгіленген.  Бұл  актіде 

мемлекеттік  қызметшілерге  Қазақстан  Республикасының  еңбек 

туралы  заңнамасының  (заңдардың  өзінде  аталып  өткен  кейбір 

ережелерді  санамағанда)  əрекеті  таралатындығы  аталып  өткен. 

Аталған заң қызметке конкурстық тəртіппен алуды жəне біліктілік 

емтихандарын енгізді. 

Заңдардан  өзге  барлық  қайнар  көздер  заңға  сəйкес  актілер 

болып  табылады,  олар:  ҚР  Президентінің  жарлықтары,  ҚР 

Үкіметінің  қаулылары,  министрліктер  мен  ведомстволардың 

нормативтік  бұйрықтары,  ҚР  Еңбек  жəне  халықты  əлеуметтік 

қорғау министрлігінің қаулылары жəне т.б. 

Еңбек  құқығы  қайнар  көздерінің  арасындағы  заңға  сəйкес 

актілердің ішінде ұсынушылық сипаттағы актілер да бар. Олардың 

негізінде  локальдық  актілер  де  бар.  Мысалы,  ҚР  Еңбек  жəне 

халықты  əлеуметтік  қорғау  министрлігінің  «Еңбек  шартын 

(келісімін)  жазбаша  нысанда  жасау  туралы  ұсынысты  жəне  Еңбек 

шартының  (келісімінің)  үлгілік  нысанын  бекіту  туралы»  қаулысы. 




Бұл  актіде  еңбек  шартын  жазбаша  нысанда  қалай  жасасу  туралы 

ұсыныстар  жəне  келісімнің  үлгілік  нысаны  келтірілген. 

Ұсынушылық  актілердің  негізінде  жергілікті  жерлерде  еңбек 

құқығының локальдық нормалары жасалады. 

Локальдық  нормативтік  актілерді  басшылық  (жұмыс  беруші) 

белгілі бір өндірістің ерекшеліктерін ескере отырып, кəсіптік одақ 

комитетінің  қатысуымен  еңбек  ұжымының  жалпы  жиналысында 

қабылдайды.  Оларға,  мысалы,  мына  актілер  жатады:  ішкі  еңбек 

тəртібінің  ережелері,  еңбек  ұжымы  мен  жұмыс  берушінің  арасындағы 

ұжымдық  шарт,  жыл  бойғы  жұмыс  қорытындысы  бойынша  сый  ақы  төлеу 

туралы ереже, еңбекті қорғау мəселелері бойынша əр түрлі келісімдер. 

Еңбек  құқығы  қайнар  көздерінің  арасында  Қазақстан 

Республикасы 

Президентінің 

жарлықтарымен 

қабылданған 

бірқатар 

актілер 


де 

бар. 


ҚР 

Президенті 

Қазақстан 

Республикасының  бүкіл  аумағында  міндетті  күшке  ие  жарлықтар 

мен  өкімдер  шығарады,  олар  заңға  сəйкес  актілер  болып 

табылғандықтан  ҚР  Конституциясына  жəне  заңдарына  сəйкес 

болуы тиіс. 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  қаулыларымен  еңбектің  əр 

түрлі мəселелеріне қатысты заңдарды орындауға қатысты нормалар 

қабылданады.  Еңбек  жөніндегі  арнайы  орган – ҚР  Еңбек  жəне 

халықты  əлеуметтік  қорғау  министрлігі.  Бұл  министрлік  еңбекті 

қорғау,  жалақы,  халықты  еңбекпен  қамту  жəне  əлеуметтік  қорғау 

жəне өзге де мəселелер жөнінде актілер қабылдайды. 

Мəслихаттар  жəне  əкімдер  өз  құзыреті  шегінде  өздеріне 

бағыңысты  аумақтарда  еңбекті  қолдану  жəне  ұйымдастыру 

мəселелері  бойынша  нормативтік  шешімдер  қабылдайды. 

Қазақстан Республикасының Конституциясының 88-бабына сəйкес 

мəслихаттар  мен  əкімдердің  нормативтік  шешімдері  тиісті 

əкімшілік-аумақтық  бірліктің  аумағында  міндетті  күшке  ие.  Егер 

мəслихаттардың  шешімдері  ҚР  Конституциясына  жəне  заң 

шығарушы  актілеріне  қайшы  болса,  олардың  күші  сот  тəртібімен 

жойылуы мүмкін. Ал əкімдердің шешімдері ҚР Конституциясы мен 

заң  шығарушы  актілеріне  қайшы  болса,  олардың  күші  ҚР 

Президентінің,  ҚР  Үкіметінің  немесе  жоғары  тұрған  əкімдердің 

актілерімен жойылады, сонымен қатар, сот тəртібімен де жойылуы 

мүмкін. 


Нормативтік  құқықтық  актілер  өз  күшіне  келесі  мерзімдерде 

енеді: 



1.  Қазақстан  Республикасының  заңдары,  ҚР  Президентінің 

жарлықтары,  ҚР  Үкіметінің  қаулылары – егер  осы  актілердің 

өздерінде  не  олардың  күшіне  енуі  туралы  актілерде  өзге  мерзім 

көрсетілмесе,  ресми  түрде  алғаш  жариялағаннан  кейін  күнтізбелік 

он күн өткен соң; 

2.  ҚР  Парламентінің  жəне  оның  Палаталарының  қаулылары – 

егер  осы  актілердің  өзінде  өзге  мерзім  көзделмесе,  ресми  түрде 

алғаш жарияланған күннен бастап; 

3.  ҚР  Конституциялық  Кеңесінің  қаулылары – қабылданған 

күннен бастап; 

4.  ҚР  Үкіметінің  құрамына  кіретін  жəне  кірмейтін  орталық 

атқарушы  жəне  өзге  де  орталық  мемлекеттік  органдардың,  соның 

ішінде,  ҚР  Жоғарғы  Сотының,  ҚР  Ұлттық  Банкісінің 

нормативтік  құқықтық  актілері – егер  осы  актілердің 

өзінде  өзге  мерзім  көзделмесе,  ресми  түрде  алғаш 

жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң. 

Бұл  заңның  тек  күшіне  енген  сəтінен  бастап  қана  құқықтық 

қатынастарды  реттеп,  белгілі  бір  заңды  салдарды  тудыратынын 

білдіреді. 

Еңбек  заңнамасы  саласында  негізгі  нормативтік  құқықтық 

актілерден  туындайтын  бірқатар  туынды  нормативтік  құқықтық 

актілер бар. Мұндай актілердің қатарына мыналар жатады: 

1)  қағида – қандай  да  бір  қызмет  түрін  ұйымдастыру  жəне 

жүзеге асыру тəртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт; 

2)  ереже – қандай  да  бір  мемлекеттік  органның  немесе  оның 

құрылымдық  бөлімшесінің  мəртебесі  мен  өкілеттігін  белгілейтін 

нормативтік кұқықтық акт; 

3)  регламент – қандай  да  бір  мемлекеттік  орган  мен  оның 

құрылымдық  бөлімшелері  қызметінің  ішкі  тəртібін  реттейтін 

нормативтік құқықтық акт; 

4) нұсқаулық – заңдардың  коғамдық қатынастардың  қандай да   

бір 


саласында 

қолданылуын 

егжей-тегжейлі 

көрсететін 

нормативтік құқықтық акт. 

Аталған  нормативтік  құқықтық  актілердің  барлығы 

туынды  сипатқа  ие  жəне  негізгі  актілерге  қатысты  қосымша 

рөлді атқарады. 

 

Еңбек 

құқығы 

қайнар 

көздерінің 

жүйесі 

келесі 

ерекшеліктерге ие: 



жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау