22 бап. Еңбекті қopғay мəселелері жөнінде қызметкерлерді
оқыту, нұсқау беру жəне білімін тексеру
Кəсіпорын əкімшілігі тиісті нормативтік актілермен белгіленген
тəртіппен жəне мерзімде барлық қызметкерлердің еңбекті қорғау
мəселелері жөніндегі оқуын ұйымдастыруға, нұсқау беруге жəне
білімін тексеруге, қайта аттестаттауға міндетті.
Еңбекті қорғау жөніндегі оқудан, нұсқау алу мен білімін
тексеруден өтпеген адамдар жұмысқа жіберілмейді.
23 бап. Қызметкерлердің еңбек жағдайларының жайы жəне
оны қорғау туралы хабардар болу құқығы
Кəсіпорын
қызметкерлері
жұмыс
орындарында
еңбек
жағдайлары мен еңбекті қорғау, оның үстіне тиісті жəне қорғаныс
құралдары, жеңілдіктер мен өтемдер туралы ақпарат талап етуге
құқылы, ал əкімшілік оны беруге міндетті.
Жұмыс берушілер ақпарат бермегені немесе бұрмаланған
ақпарат бергені үшін Қазақстан Республикасы Заңдарында
белгіленген тəртіппен жауапты болады.
24 бап. Kəcіпорында еңбекті қорғау жөніндегі заңдар мен
басқа да нормативтік актілердің сақталуын қоғамдық бақылау
Еңбекті қорғау жөніндегі заңдар мен басқа да нормативтік
актілердің сақталуын қоғамдық бақылауды еңбекті қорғау
жөніндегі уəкілдік берілген адамдар арқылы еңбек ұжымдары мен
кəсіподақ ұйымдары жүзеге асырады.
Арнаулы əзірліктен өткен еңбекті қорғау жөніндегі уəкілдік
берген адам жұмыс орындарында еңбекті қорғаудың жайын
бөгетсіз тексеруге, ашылған тəртіп бұзушылықты жою туралы
жəне оған айыпты адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныс
енгізуге құқылы. Еңбекті қopғay жөніндегі уəкілдік берілген
адамның өз міндеттерін орындауының шарттары ұжымдық шартта
реттеледі.
25 бап. Кəсіптік одақтардың қызметкерлердің еңбегін
қорғау жөніндегі құқықтары
Кəсіптік одақтар меншік иесінің (əкімшіліктің), мемлекеттік
жəне шаруашылық органдарының алдында қызметкерлердің
еңбекті қopғay құқын қорғайды, оның icкe асырылуын бақылауды
жүзеге асырады, еңбекті қopғay жөніндегі бағдарламаларды,
заңдарды жəне нормативтік актілерді əзірлеуге қатысады.
Кəсіподақтардың өкілдері өндірістегі жазатайым жағдайларды
тексеруге қатысады, еңбекті қopғay жайын оны жақсарту жөніндегі
кəсіпорындардағы ұжымдық шараларды тексереді жəне олардың
нəтижелері бойынша анықталған тəртіп бұзушылықты жою туралы
ұсыныстар енгізеді.
Қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне тікелей қауіп
төнген жағдайда кəсіподақтар ол жойылғанша белгіленген
тəртіппен жұмысты тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізуге қақылы.
Кəсіподақтар
қызметкерлердің
еңбектегі
міндеттеріне
байланысты мертігуден немесе денсаулыққа зақым келуден шеккен
зиянның орнын толтыру құқығын қорғап, қызметкерлердің еңбекті
қорғау құқығына қысым жасаудың басқа да жағдайларында
талапкерлік арызбен сотқа жүгіне алады.
5 Т А Р А У
ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢ ЖƏНЕ БАСҚА
ДА НОРМАТИВТІК АКТІЛЕРДІ БҰЗҒАН ҮШІН
ЖАУАПТЫЛЫҚ
26 бап. Кəсіпорынның еңбекті қорғау талаптарын
қамтамасыз етпегені үшін экономикалық жауаптылық.
Қадағалау жəне бақылау органдары еңбекті қорғау туралы
заңның бұзылғанын анықтаған кезде кəсіпорындар өз қаржылары
есебінен еңбекті қорғау қорларына Қазақстан Республикасының
заңдарымен белгіленген тəртіп пен айыппұл төлейді.
27 бап. Кəсіпорындардың өндірістік бағыттағы, еңбекті
қорғау талаптарына жауап бермейтін өнімдер шығарғаны жəне
өткізгені үшін экономикалық жауаптылығы
Еңбекті қорғау талаптарына жауап бермейтін жаңа техниканы,
технологияны,
өндірістік
объектілерді
жасаушылар
мен
дайындаушылар
əлеуметтік
сақтандыру
органдары
мен
тұтынушылардың осы тəртіп бұзушылықты жоюдан шеккен
зиянын, соның ішінде жазатайым жағдай мен кəсіби аурулар
нəтижесінде зардап шеккендерге төленетін өтемдік төлемдерге
байланысты шығындарды өтейді. Зиян мөлшерін белгілеген
тəртіппен төрелік сот белгілейді жəне өндіреді.
Өндіріс құралдары мен технологиялардың жоболарын еңбекті
қорғау нормалары мен талаптарын бұза отырып жасаған жəне
оларды өндіріске енгізуді талап еткен ғылыми-зерттеу жəне
жобалау-конструкторлық ұйымдар тапсырыс берушілерге осы
тəртіп бұзушылықты жою жөнінде келтірілген зиянды өтеуге
міндетті. Зиян мөлшерін белгілеген тəртіппен төрелік сот
белгілейді жəне өндіреді.
Еңбекті қорғау жөніндегі стандарттардың, ережелер мен
нормалардың белгіленген талаптарына сай келмейтін, соның ішінде
шетелден сатып алынған өнімді өндіру, жарнамалау жəне сату
заңсыз болып табылады. Кəсіпорынның мұндай қызмет
нəтижесінде тапқан пайдасы еңбекті қорғау қорына алып қоюға
жатады.
28 бап. Лауазымды адамдардың еңбекті қорғау жөніндегі заң
жəне өзге де нормативік актілерді бұзғаны үшін жауаптылығы
Еңбекті қорғау жөніндегі заң жəне өзге де нормативтік актілерді
бұзуға кінəлі не қадағалау мен бақылауға кедергі келтіруші
лауазымды адамдар заңдарда белгіленген тəртіппен əкімшілік,
тəртіптік, материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
29 бап. Қызыметкелердің еңбекті қорғау талаптарын
бұзғаны үшін жауаптылығы
Еңбекті қорғау жөніндегі номативтік актілердің талаптарын
бұзғаны
үшін
кəсіпорын
қызметкерлері
Қазақстан
Республикасының заңдарына сəйкес жауапқа тартылады.
30
бап.
Кəсіпорынның
өндірісте
зардап
шеккен
қызметкерлерге немесе қызметкерлер опат болған жағдайда
талап етуге құқылы адамға келтірген зиянды өтеудегі
материалдық жауаптылығы
Кəсіпорын немесе оның заңды мирасқоры өндірістегі
жазатайым жағдай немесе кəсіби ауру нəтижесінде толық немесе
ішінара еңбек қабілетінен айырылған қызметкерге немесе
қызметкер опат болған жағдайда талап етуге құқылы адамға бір
мəрте жəрдемақы төлейді жəне заңдарда белгіленген тəртіп пен
Достарыңызбен бөлісу: |