Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет117/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   134

—  өндірістегі  жазатайым  жағдай  мен  кəсіби  ауруларды  есепке 

алудың  бірыңғай  тəртібін  белгілеуді;  еңбек  жағдайы  жəне  оны 

қopғay  жөнінде  есеп  берудің  келісілген  бірыңғай  жүйесін  жасау 

мен  енгізуді,  басқарудың  автоматтандырылған  жүйесі  негізінде 

еңбек  жағдайының  жəне  оны  қорғаудың  жайы  туралы  ақпарат 

базасын жасауды;  

—  республикада  еңбекті  қорғаудың  жайы,  авариялардың, 

өндірістік  жарақтар  мен  кəсіби  аурулардың  себептері  туралы  жыл 

сайын  ақпарат  дайындауды  жəне  халықты  хабардар  етуді; 

республикада еңбек қорғаудың насихатталуын ұйымдастыруды;  

—  өндірістік  жарақат  пен  кəсіби  ауруларды  болдырмау 

мəселелері  жөніндегі  қызметті  үйлестіруді,  келісілген  шаралар 

өткізуді;  

— еңбекті қорғау құрал-жабдықтарын жасап, шығаруда кəсіпорындардың 

бұл icтeгi экономикалык мүдделілігін туғызуды;  

— республикалық бюджеттен еңбекті қорғауға арналған қаржы 

бөлуді жүзеге асырады.  

 

7  бап.  Мемлекеттік  басқару  органдарының  еңбекті  қорғау 



саласындағы негізгі міндеттері мен өкілеттігі  

Қазақстан  Республикасының  Yкіметі  жəне  басқа  мемлекеттік 

басқару органдары:  

— 

еңбекті 



қорғау 

саласындағы 

ұлттық 

саясатты 



қалыптастырады жəне оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;  

—  еңбекті  қорғау  мен  еңбек  жағдайын  жақсартудың 

мемлекеттік бағдарламасын бекітеді;  

— министрліктер мен мемлекеттік басқарудың басқа да орталық 

органдарының  салауатты  жəне  қауіпсіз  еңбек  жағдайын  жасау 

жөніндегі қызметтерін белгілейді;  

—  еңбекті  қорғауға  шығындарын  қаржыландыру  тəртібін 

айқындайды.  

Үкімет арнайы құрған мемлекеттік орган:  

—  еңбекті  қорғауды  мемлекеттік  деңгейде  кешенді  басқаруды 

жүзеге асырады;  

—  министрліктердің,  мемлекет  басқарудың  басқа  да  орталық 

органдарының,  атқарушы  өкіметтің  жергілікті  органдары  мен 

кəсіпорындарының,  басқа  да  бірлестіктерінің  еңбек  жағдайы 

(гигиена жəне өндірістік орта) саласындағы жұмысын реттейді;  



—  еңбекті  қорғау  жөніндегі  мемлекеттік  бағдарламалар 

жасауды ұйымдастырады жəне оның орындалуын бақылайды;  

— 

еңбекті 


қорғау 

жөніндегі 

ғылыми 

зерттеулерді 



ұйымдастырады жəне үйлестіріп отырады;  

— еңбекті қорғауға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;  

еңбек жағдайларын мемлекеттік сараптауды жүзеге асырады;  

халықаралық ынтымақтастыққа қатысады;  

—  кəсіпорындардан  еңбекті  қорғау  мəселелері  жөнінде  тегін 

ақпарат алады.  

Бұл  органның  еңбекті  қорғау  мəселелері  жөніндегі  шешімдері 

барлық  министрліктер,  ведомстволар  мен  кəсіпорындар  үшін 

міндетті.  

 

8  бап.  Еңбекті  қорғауды  мемлекеттік  қадағалау  жəне 



бақылау органдары  

Қазақстан  Республикасының  аумағында  еңбекті  қорғау 

жөніндегі  заңдар  мен  басқа  да  нормативтік  актілердің  сақталуын 

мемлекеттік қадағалау мен бақылауды;  

—  Қазақстан  Республикасының  еңбекті  қорғау  жөніндегі 

мемлекеттік  органның  Үкімет  тарапынан  арнайы  құрылған 

Мемлекеттік еңбек инспекциясы;  

—  Қазақстан  Республикасының  өнеркəсіпте  жұмысты  қауіпсіз 

жүргізуді  қадағалау  жəне  кең  қадағалау  жөніндегі  мемлекеттік 

комитеті  (Қазақстан  Республикасының  Кентехқадағалаумемкомы) 

жүзеге асырады.  

 

9 бап. Мемлекеттік қадағалау жəне бақылау органдарының 

негізгі құқықтары  

Мемлекеттік  қадағалау  жəне  бақылау  органдары,  олардың 

уəкілдік  берілген  лауазымды  адамдары  өз  қызметінде  жұмыс 

берушілерге,  шаруашылық  органдарына,  қоғамдық  бірлестіктерге, 

жергілікті  мемлекеттік  өкімет  пен  басқару  органдарына  тəуелсіз 

Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тəртіппен 

бекітілген ережелерге сəйкес қызмет етеді;  

Мемлекеттік  қадағалау  жəне  бақылау  органының  уəкілдік 

берілген адамы:  

—  меншік  пен  шаруашылықты  жүргізу  түрлеріне  қарамастан 

кəсіпорындарға  бөгетсіз,  алдын  ала  ескертусіз  жəне  кез  келген 

уақытта  баруға,  министрліктерден,  басқа  да  орталық  жəне 




жергілікті  мемлекеттік  басқару  органдарынан,  кəсіпорындардан, 

жұмыс берушілерден қажетті ақпарат aлyғa;  

—  кəсіпорындардың  басшылары  мен  басқа  да  лауазымды 

адамдарына міндетті тұрде орындалуға тиісті бұйрықтар беруге;  

—  кəсіпорындарды,  жекелеген  өндірістерді,  цехтарды, 

учаскелерді,  жұмыс  орындарын  жəне  жабдықтарды  пайдалануды 

тоқтата тұруға (тыйым салуға);  

—  кəсіпорындардың  басшыларына,  лауазымды  адамдарына, 

жұмысшыларына  еңбекті  қорғау  жөніндегі  заңдар  мен  басқа  да 

нормативтік  актілерді  бұзғаны  үшін  айыппұл  салуға,  аталған 

адамдарды  атқаратын  қызметінен  босату  жөнінде  ұсыныс  жасауға 

қажетті  жағдайларда  оларды  қылмыстық  жауапқа  тарту  туралы 

мəселені  шешу  үшін  материалдарды  прокуратура  органдарына 

беруге қақылы.  

Жұмыс беруші мемлекеттік қадағалау жəне бақылау органдары 

өкідерінің  жүктелген  міндеттерді  орындауы  үшін  барлық  қажетті 

жағдайларды жасауды қамтамасыз етеді. 

Мемлекеттік  қадағалау  жəне  бақылау  органдарының  уəкілдік 

берілген  лауазымды  адамдары  өкілеттігін  артық  пайдаланғаны 

жəне 


негізсіз 

санкциялар 

қолданғаны 

үшін 


Қазақстан 

Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.  

Шағын  кəсіпкерлік  субъектісінің  қызметіне  сот  шешімінсіз 

тыйым  салуға  немесе  оны  тоқтата  тұруға  бақылау  жəне  қадағалау 

міндеттерін  жүзеге  асырушы  мемлекеттік  органдарға,  олардың 

уəкілетті  лауазымды  адамдарына  авариялық  жағдайлар  пайда 

болған,  қызметкерлердің  өмipi  мен  денсаулығына  тікелей  анық 

қауіп төнген ерекше жағдайларда талап арызды 3 күннен аспайтын 

мерзімде  сотқа  табыс  ету  міндеттеліп,  аталған  мерзімге  рұқсат 

етіледі  Бұл  орайда  қызметке  тыйым  салу  немесе  оны  тоқтата 

тұру туралы акт сот шешімі шыққанға дейін қолданылады. 

  

10 бап. Қазақстан Республикасы кəсіпорындарының немесе 



азаматтары  мен  шетел  азаматтарының  қатысуымен  жұмыс 

атқарғанда еңбекті қорғау  

Қазақстан  Республикасы  кəсіпорындары  мен  азаматтары  халықаралық 

шарттар  немесе  келісімдер  негізінде  шетелде  жұмыс  атқарғанда 

оларда  еңбекті  қорғау  жөнінде  белгіленген  халықаралық 

нормалардан кем емес талаптар көзделеді.  



жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау