Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет122/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   134

2.  Мемлекеттік  органдарда  саяси  партиялардың  ұйымдарын 

құруға  жол  берілмейді.  Мемлекеттік  қызметшілер  лауазымдық 

міндеттерін атқарған кезде олардың талаптарын басшылыққа алады 

жəне  саяси  партиялардың,  қоғамдық  бірлестіктер  мен  олардың 

органдарының шешімдеріне байланысты болмайды. 

 

4 бап. Осы Заңның қолданылуы 

Осы  Заң  барлық  мемлекеттік  қызметшілерге  қолданылады, 

бұған 


Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясында, 

конституциялық  заңдарында  немесе  өзге  де  заң  актілерінде  олар 

үшін  өзгедей  құқықтық  мəртебе  белгіленген  жағдайлар 

қосылмайды. 

Техникалық  қызмет  көрсетуді  жүзеге  асыратын  жəне 

мемлекеттік  органдардың  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  ететін 

адамдар  мемлекеттік  қызметшіге  жатпайды.  Мұндай  адамдардың 

тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 

 

5  бап.  Мемлекеттік  қызмет  істер  жөніндегі  уəкілетті  орган 

мен  оның аумақтық бөлімшелері  

 1.    Мемлекеттік  қызмет  істер  жөніндегі  уəкілетті  орган  (бұдан 

əрі – уəкілетті  орган)  Қазақстан  Республикасының  Президентіне 

тікелей  бағынысты  жəне  есеп  беретін,  мемлекеттік  қызмет  саласында 

бірыңғай  мемлекеттік  саясатты  іске  асыруды  жүзеге  асыратын 

мемлекеттік орган, оған мынадай өкілеттіктер жүктеледі; 

1)  мемлееттік  қызметті  жетілдіру  жəне  тиімділігін  арттыру 

саласында  мемлекеттік  бағдарламаларды  əзірлеуге  жəне 

іске асыруға қатысу; 

2)  мемлекеттік  қызметті  жүзеге  асыру  үшін  нормтивтік 

құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар əзірлеу, сондай-ақ 

өз  құзіреті  шегінде  заңдарда  көзделген  тəртіппен  нормативтік 

құқықтық актілер қабылдау; 

 3)  мемлекеттік  əкімшілік  лауазымдар  санаттарына  үлгілік 

біліктілік талаптарын белгілеу жəне бекіту; 

4)  мемлекеттік  қызмет  қызметшілері  жөніндегі  республикалық 

кадрлары 

жай-күйінің 

мониторингін 

жүргізу, 

сондай-ақ 

мемлекеттік қызметтің кадрлар резервін қалыптастыру; 

5)  мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу  жүйесін   жетілдіру, 

оларды əлеуметтік-құқықтық қорғау жөнінде ұсыныстар əзірлеу; 




6) мемлекеттік əкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізбесін 

жəне  осы  Заңға  сəйкес  өзге  де  актілерді  əзірлеу  жəне  оларды 

Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсыну; 

7) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілер даярлау, 

қайта  даярлау  жəне  біліктілігін  арттыру,  оның  ішінде  шетелдерде 

де, мəселелері жөніндегі қызметін үйлестіру; 

8) 

мемлекеттік 



бағдарламалар 

бойынша 


мемлекеттік 

тапсырысты  қалыптастыру  мен  орналастыруды  жəне  мемлекеттік 

қызметшілерді  қайта  даярлау  мен  олардың  біліктілігін  арттыруды 

үйлестіру; 

9)  мемлекеттік  органдардың  мемлекеттік  қызмет  саласындағы 

зыңдарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру; 

10)  мемлекеттік  əкімшілік  лауазымды  атқаруға  арналған 

конкурстарды  өткізу  тəртібін  белгілеу,  сондай-ақ  конкурстардың 

дұрыс өткізілуін бақылауды жүзеге асыру; 

11)  мемлекеттік  органдардың  Заңды  жəне  де  нормативтік 

құқықтық актілерді бұза отырып,  қабылдаған шешімдерінің күшін 

жою туралы ұсыныстар шығару; 

12)  мемлекеттік  қызметшілердің  мемлекеттік  қызмет  туралы 

заңдардың 

қолданылу 

мəселелері 

бойынша 

мемлекеттік 

органдардың  немесе  лауазымды  адамдардың  іс-əрекеті  мен 

шешіміне жасалған шағымдарын қарау; 

13) осы Заң бұзылған жағдайда сотқа жүгіну; 

14)  мемлекеттік  қызмет  мəселелері  жөніндегі  халықаралық 

шарттардың жобаларын дайындауға қатысу; 

15)  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  көзделген  өзге  де 

өкілеттіктерді жүзеге асыру жүктеледі. 

 2.  Мелекеттік  қызмет  істері  жөніндегі  органдардың  бірыңғай 

жүйесін уəкілетті орган бағынысты аумақтық бөлімшелер құрады. 

Аумақтық  бөлімшелер  өз  қызметін  уəкілетті  орган  белгілеген 

құзырет шегінде жүзеге асырады. 

3.  Уəкілетті  орган  мен  оның  аумақтық  бөлімшелерінің 

шешімдері бұйрықтар нысанында ресімделеді. 

 

6 бап. Мемлекеттік органдардың кадр қызметі 

Мемлекеттік органдардың кадр қызметі өз құзіреті шегінде:  

1)  мемлекеттік  органдардың  мемлекеттік  қызметшілердің,  мемлекеттік 

қызмет  өткеруіне  байланысты  шешімдерін  ресімдейді,  қызметшілердің  жеке 



істерін жүргізеді, мемлекеттік қызметшілердің еңбек кітапшаларына ( қызмет 

ету тізімдерін) қажетті жазбалар енгізеді; 

2)  мемлекеттік  қызметшілердің  заңда  белгілеген  шектеулерді  

қабылдауы  туралы  келісімін  жазбаша  нысанда  белгілейді ( өзіне 

қабылдаған  шектеулерді  бұзған  жағдайда  құқықтық  салдарлар 

туралы хабардар етеді); 

3)  мемлекеттік  қызметшілерге  олардың  құқықтық  жағдайының 

мəселелері  жөнінде  ақыл-кеңес  береді,  мемлекеттік  қызметте 

болумен байланысты шектеулердің сақталуын бақылайды; 

4)  уəкілетті  орган  ұсыну  үшін  бос  лауазымдар  тізімін,  бос 

лауазымдарды  толтыру  жөнінде  өтінімдер  жəне  өзге  де  қарекетті 

ақпарат дайындайды; 

5)  мемлекеттік  қызметшілерді  оқытуды, (қайта  даярлауды) 

қайта  мамандандыруды)  жəне  олардың  біліктілігін  арттыруды 

ұйымдастырады; 

6) заңдарда белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

 

2  Т А Р А У 



 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ 

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

 

 

7 бап. Мемлекеттік қызметшілердің қызметін саралау 

1)  Мемлекеттік  қызметшілер  лауазымдарының  құрмына 

мемлекеттік қызметшілердің саяси жəне лауазымдары кіреді.  

2. Саяси лауазымдарға: 

1)  Қазақстан  Республикасының  Президенті  тағайындайтын 

мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары; 

2) Қазақстан Республикасының Парламентінің палаталары жəне 

Парламент  палаталарының  Төрағалары  тағайындайтын  жəне 

сайлайтын қызметшілер, олардың орынбасарлары; 

3) Конституцияға сəйкес Президенттің жəне Үкіметтің өкілдері 

болып табылатын қызметшілер; 

4)  орталық  атқарушы  органдар  мен  ведомстволардың 

басшылары жəне олардың орынбасарлары. 

3)  əкімшілік  мемлекеттік  қызметшілер  үшін  санаттар 

белгіленеді. 




жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау