Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет102/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   134

4)  ұзаққа  созылған  жұмыссыздық — 12 жəне  одан  да  көп  айға 

созылған жұмыссыздық;  

5) 

жұмыспен 



қамтылу — азаматтардың 

Қазақстан 

Республикасының  Конституциясына,  заңдары  мен  өзге  де 

нормативтік  құқықтық  актілеріне  қайшы  келмейтін  жеке 

қажеттерін  қанағаттандыруға  байланысты  жəне  оларға  табыс 

немесе кіріс əкелетін қызметі;  

6) табысы аз адамдар — Қазақстан Республикасының заңдарына 

сəйкес  атаулы  əлеуметтік  көмек  алуға  құқығы  бар,  еңбекке 

жарамды жастағы адамдар;  

7) қоғамдық жұмыстар — атқарушы органдар ұйымдастыратын, 

қызметкердің  алдын  ала  кəсіби  даярлықтан  өтуін  талап  етпейтін, 

əлеуметтік  пайдалы  бағыттағы  жəне  азаматтарды  уақытша 

жұмыспен  қамтуды  қамтамасыз  ету  үшін  жұмыспен  қамту 

мəселелері  жөніндегі  уəкілетті  органдардың  жолдамасы  бойынша 

олар орындайтын еңбек қызметінің түрлері;  

8)  жұмыспен  нəтижелі  қамтылу — тұрақты  экономикалық  өcy 

мен əлеуметтік нəтижені қамтамасыз ететін жұмыспен қамтылу;  

9)  рантье — негізгі  кіріс көзі  несиеге берілген  ақшадан  немесе 

сатып  алынған  бағалы  қағаздардан  алатын  проценттер  болып 

табылатын тұлға;  

10) еңбек рыногы — экономикалық тұрғыдан белсенді халыққa 

сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;  

11)  өз  бетінше  жұмыспен  айналысушылар — өздеріне  кіріс 

əкелетін жұмыспен қамтамасыз еткен еңбекке жарамды азаматтар;  

12)  еркін  таңдап  алынған  жұмыс — азаматтардың  өздерінің 

еңбекке,  жұмыс  орны  мен  кəсіпті  таңдауға  қабілетін  еркін 

пайдалану арқылы таңдап алған қызметі;  

13) жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғау — осы Заңда жəне өзге 

де  нормативтік  құқықтық  актілерде  белгіленген  тəртіппен 

мемлекет жүзеге асыратын шаралар кешені;  

14)  еңбек  делдалдығы — уəкілетті  органның,  сондай-ақ  жеке 

жұмыспен қамту агенттігінің жұмысқа орналастыру ісінде халыққа 

көрсететін жəрдемі;  

15)  жұмыспен  қамту  мəселелері  жөніндегі  уəкілетті  орган - 

жергілікті  атқарушы  органдардың  аймақтық  деңгейде  халықтың 

жұмыспен    қамтылуына    жəрдемдесу    іcін  жəне  жұмыссыздықтан 

əлеуметтік  қорғауды  қамтамасыз  ететін  құрылымдық  бөлімшесі 

(бұдан əрі — уəкілетті орган);  




16)  нысаналы  топтар — жұмысқа  орналасуда  қиындық  көріп 

жүрген жəне əлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде осы 

заңмен белгіленген адамдар топтары;  

17)  орталық  атқарушы  орган — халықты  жұмыспен  қамту 

саласындағы  мемлекеттік  саясатты  жүзеге  асыруды  үйлестіріп 

отыратын мемлекеттік орган;  

18) 

жеке 


жұмыспен 

қамту 


агенттігі — Қазақстан 

Республикасының  заңдарында  белгіленген  тəртіппен  тіркелген, 

жұмысқа  орналастыруда  жəрдем  көрсететін  кез  келген  жеке  жəне 

заңды тұлға;  

19)  экономикалық  тұрғыдан  белсенді  халық  (жұмыс  күші)— 

еңбекке  жарамды  жастағы  адамдар  (экономикада  жұмыспен 

қамтылғандар жəне жұмыссыздар);  

20)  экономикалық  тұрғыдан  енжар  халық — экономикалық 

тұрғыдан  белсенді  халықты  есепке  алу  үшін  белгіленген  жасқа 

толмаған  адамдарды  да  қоса  алғанда,  жұмыс  күші  құрамына 

кірмейтін  халық,  жұмыс  істемейтін  жəне  жұмыс  іздемейтін 

азаматтар, оның ішінде: үй шаруасындағы əйелдер, жұмыс істейтін 

мүгедектер,  жұмыс  істемейтін  зейнеткерлер,  оқушылар  мен 

студенттер, 

күндіз 

оқыту 


нысанындағы 

бөлімдердің 

тыңдаушылары мен курсанттары (магистратура мен аспирантураны 

қоса 


алғанда), 

рантье, 


сондай-ақ 

жылжымалы 

немесе 

жылжымайтын  мүлікті  жалға  беруден  кіріс  алатын  өзге  де 



тұлғалар. 

  

2 бап. Жұмыспен қамтылған халық  

Жұмыспен қамтылған халыққа:  

1) жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін, оның ішінде толық не 

толық  емес  жұмыс  уақыты  жағдайларында  сыйақы  үшін  жұмыс 

орындайтын немесе өзге де ақы төленетін жұмысы (қызмет), кipici 

бар;  

2) кəсіпкерлік қызметпен шұғылданатын;  



3) өз бетінше жұмыспен айналысатын;  

4)  қосалқы  кəсіпшілікпен  айналысатын  жəне  өнімді  шарттар 

бойынша өткізетін;  

5)  жұмысты  азаматтық-құқықтық  сипаттағы  шарттар  бойынша 

орындайтын  азаматтар,  сондай-ақ  өндірістік  кооперативтердің 

(артельдердің) мүшелері;  




6)  ақы  төленетін  қызметке  сайланғандар,  тағайындалғандар 

немесе бекітілгендер;  

7)  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштерінде,  ұлттық 

қауіпсіздік  органдарында,  Қазақстан  Республикасы  Ішкі  істер 

министрлігінің  ішкі  əскерлерінде,  Республикалық  ұланда, 

Қазақстан  Республикасының  Төтенше  жағдайлар  жөніндегі 

агенттігінің  бөлімдерінде  жəне  өзге  де  əскери  құралымдарда 

қызмет өткеріп жүрген азаматтар жатады. 

  

3 бап. Халықты жұмыспен қамту туралы заңдар  

1.  Қазақстан  Республикасының  жұмыспен  қамту  туралы 

заңдары 

Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясына 

негізделеді,  осы  заңнан  жəне  өзге  де  нормативтік  құқықтық 

актілерден тұрады.  

2. Жұмыспен қамту туралы заңдар Қазақстан Республикасының 

азаматтарына,  шетелдіктерге  жəне  азаматтығы  жоқ  адамдарға 

қолданылады.  

3.  Қазақстан  Республикасы  бекіткен  халықаралық  шарттар  осы 

Заңнан  басым  болады  жəне  халықаралық  шарттар,  оны  қолдану 

үшін  заң  шығару  талап  етілетін  реттерді  қоспағанда,  тікелей 

қолданылады. 

  

4 бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік 



саясаттың негізгі принциптері жəне бағыттары  

1. Мемлекет азаматтардың жұмыспен нəтижелі əрі epкін таңдау 

арқылы қамтылуына жəрдемдесетін саясат жүргізілуін қамтамасыз 

етеді.  


2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат:  

1)  Қазақстан  Республикасының  азаматтарына,  Қазақстан 

Республикасында  тұрақты  тұратын  шетелдіктер  мен  азаматтығы 

жоқ  адамдарға  қызмет  пен  кəсіп  түрлерін  еркін  таңдауға  бірдей 

мүмкіндіктерді, 

əділ 


де 

қолайлы 


еңбек 

жағдайларын, 

жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге;  

2) 


нəтижелі 

жұмыспен 

қамтуды 

қамтамасыз 

етуге, 

жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға;  



3)  білім  беру  жүйесін  еңбек  рыногының  қажеттеріне  жəне 

инвестициялык 

саясатты 

ескере 


отырып, 

оның 


даму 

перспективасына сай кадрлар даярлау iciнe бағдарлауға;  




жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау