«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары
С-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
С-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.
-"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимаратының 4-ші кіреберісі, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 75-02-69, kadry@minfin.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
1.Бюджеттік жоспарлау департаменті Бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік, уақытша бос лауазым (негізгі қызметкердің 04.11.2020 ж. дейін бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде)
Функционалдық міндеттері: Басқарма қызметіне басшылық ету, тиісті үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын және алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік және республикалық бюджеттердің болжамды көрсеткіштерін қалыптастыру; республикалық бюджет туралы заң жобасын, көрсетілген заңды іске асыру туралы Үкіметтің шешімдерін әзірлеу; Республикалық бюджет комиссиясының жұмысы үшін қажетті ақпарат дайындау; бюджет жобасы бойынша талдамалық және анықтамалық материалдар, баяндамалар дайындау мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару).
Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда мерзімді қайта даярлықтан өткені туралы сертификаттарының болғаны жөн.
2. Әлеуметтік сала бюджеті департаменті Денсаулық сақтау бюджеті басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік
Функционалдық міндеттері: Басқарманың құзіреті шегінде тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет, оған енгізілетін ӛзгерістер мен толықтырулар туралы заңдардың жобаларын әзірлеуде, сондай-ақ оны түзетуде, секвестрлеуде, тиісті жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру және оған енгізілетін ӛзгерістер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының жобаларын әзірлеуде, үш жылға арналған бюджет параметрлері болжамын әзірлеу бӛлігінде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуде, тиісті есепті жыл бойынша республикалық бюджетті атқару туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылдық есебінің жобасын қалыптастыруда, бюджет қаражатын басқару бойынша мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалауды іске асыру
бойынша жұмыста, бюджет заңнамасын жетілдіруде, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобалардың мониторингін жүргізуде қатысу. Басқарманың құзіреті шегінде мемлекеттік органдардың бюджеттік ӛтінімдерін қарауды, олар бойынша қорытындылар дайындауды қамтамасыз ету. Басқарманың құзіреті шегінде Стратегиялық жоспарлардың, бағдарламалық құжаттардың, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын олардың қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан қарау және келісу. Басқарманың құзіреті шегінде қосымша қаржы қаражатын бӛлуді талап ететін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін қорытындылар дайындау. Басқарманың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпаратты, анықтамалаық материалдарды, баяндамаларды дайындау. Басшылықтың ӛзге де тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе менеджмент, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша.
Негізгі қызмет бейіні бойынша мерзімді қайта даярлау курстарынан ӛткен сертификаттардың болғаны жӛн.
3. Әлеуметтік сала бюджеті департаменті Әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту және көші-қон бюджеті басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік
Функционалдық міндеттері: Басқарманың құзіреті шегінде тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет, оған енгізілетін ӛзгерістер мен толықтырулар туралы заңдардың жобаларын әзірлеуде, сондай-ақ оны түзетуде, секвестрлеуде, тиісті жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру және оған енгізілетін ӛзгерістер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының жобаларын әзірлеуде, үш жылға арналған бюджет параметрлері болжамын әзірлеу бӛлігінде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуде, тиісті есепті жыл бойынша республикалық бюджетті атқару туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылдық есебінің жобасын қалыптастыруда, бюджет қаражатын басқару бойынша мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалауды іске асыру бойынша жұмыста, бюджет заңнамасын жетілдіруде, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобалардың мониторингін жүргізуде қатысу. Басқарманың құзіреті шегінде мемлекеттік органдардың бюджеттік ӛтінімдерін қарауды, олар бойынша қорытындылар дайындауды қамтамасыз ету. Басқарманың құзіреті шегінде Стратегиялық жоспарлардың, бағдарламалық құжаттардың, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын олардың қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан қарау және келісу. Басқарманың құзіреті шегінде қосымша қаржы қаражатын бӛлуді талап ететін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін қорытындылар дайындау. Басқарманың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпаратты, анықтамалаық материалдарды, баяндамаларды дайындау. Басшылықтың ӛзге де тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе менеджмент, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша.
Негізгі қызмет бейіні бойынша мерзімді қайта даярлау курстарынан ӛткен сертификаттардың болғаны жӛн.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz
___________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________
__________ ____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
«____»_______________ 20__
Достарыңызбен бөлісу: |