|
«АҒынды суларды қайта өҢдеудің ауылшаруашылық деңгейіндегі ғылыми негізделген ерекшеліктерін талдау»
|
бет | 3/7 | Дата | 09.12.2023 | өлшемі | 60,79 Kb. | | #44617 |
| Статья СОҢЫ АЙНУРА 01.02.2023 (3) посл (2)Зерттеу нәтижелері. Қазіргі заманауи ауылшаруашылық салаларында ағынды суларды тұтынудың проблемалары геологиялық ортаның экологиялық ғылыми негізделген практикалық деңгейінде ерекшеліктерін зерттеу жағдайында мүмкін болады. Бұл ретте су ресурстарының гидроқұрылымдық динамикасын урбанизация және индустрияландыру әсерінен жылыту - балансының өзгеруі мен бұзылуына байланысты ескеру маңызды.
Дегенмен, әртүрлі өнеркәсіптерден пайда болатын ағынды сулардың барлығы осы күнге дейін толық зерттелмеген. Көптеген өндірістік орындардың ағынды сулары әлі де санитарлық-сараптама тұрғысынан жеткілікті түрде зерттеліп бағаланбаған. Мұндай жағдайларда жұмыс істеп тұрған немесе жаңадан жобаланатын кәсіпорындарға қажетті материалдарды тек осы немесе ұқсас кәсіпорындарды зерттеу арқылы алуға болады. Әрине, бір кәсіпорынның мәліметтерін екінші бір кәсіпорынға біршама сақтықпен және осы кәсіпорындардың құрылымы мен технологиясын сыни тұрғыда салыстырғаннан кейін ғана байланыстыру қажет. Дегенмен, осылайша алынған деректер жеткілікті сенімді және санитарлық сараптамалы ағынды суларды тазарту туралы шешім қабылдау үшін негіз ретінде пайдалануға әбден мүмкін болады. Кейбір жағдайларда ағынды сулардың сипаттамаларын жаңа технологиялық процесті қайта шығаратын зертханалық немесе жартылай өндірістік қондырғыны зерттеуден кейін алуға болады.
Кәсіпорындарды ағымдағы тәртібімен тексеру, қадағалау қолданыстағы ағынды сулардың зиянды әсерінің дәрежесін анықтау немесе оларды тазарту бойынша қабылданған шаралардың санитарлық тиімділігін арттырумен байланысты болады. Сондықтан да нақты мәліметтерді алу үшін су қоймасын санитарлық зерттеуді және ағынды сулар шығатын жерден төмен орналасқан елді-мекендерді санитарлық-топографиялық зерттеуден бұрын олардың сипатын және су қоймасына түсу режимін алдын ала оңтайландыру қажет. Ағынды сулар туралы мұндай деректер көбінесе су қоймасын зерттеу және оның суын талдау бағдарламасын анықтайды, өйткені өнеркәсіптік ағынды сулардың зиянды әсері негізінен оларға тән белгілі бір ластану арқылы әсер етуін әрқашан есте ұстау керек.
Ағынды суларды тазарту қондырғысы 12 га тегіс аумақта орналасқан. Тазалау қондырғысына ағынды сулар ашық жеткізу арнасы арқылы келеді. Ағынды сулар қабылдау камерасына түседі, содан кейін торлы блогтар арқылы - құм ұстағыштарға, Вентури науасына және бастапқы тұндырғыштарға аэротенк камераларының алдындағы ағынды суларды тарату камерасына түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|