Материалдар мен әдістер. Тазалау қондырғыларының станцияларына ағынды сулар ашық жеткізу арналары арқылы келіп түседі. Ал тазалау қондырғысынан кейін ағынды суларды қабылдағыш реттеуші бассейндердің – сақтау резервуарларына, сондай-ақ алқапты егістіктерді суаруға ашық каналдар жүйелерімен тасымалдайды.
Сақтау резервуарынан ағынды суларды тазартудың технологиялық процесінің бөлігі болып табылатын яғни, ауыл шаруашылығының техникалық дақылдардың, мал-азықтық өсімдіктер үшін қолдануға жіберіледі.
Бұл ұсынылып отырған тұжырымдамада технологиялық процесстің елеулі өзгерістері ретінде тұнбаларды жылу бөлігінің оттегісіз ашыту процессін енгізу арқылы өзгертеді. Сақталу резервуарында жиналған артық лайлы тұнбаларды қайта өңдеу үшін нығыздау ғимараттарына жіберіледі. Содан кейін нығыздалған лайлы аралас тұнбалар келесі резервуар бөлігіне келіп түседі [6].
Сақталу резервуарына жиналған аралас (ылғалды және артық) тұнбалар 37-38oС температурада және 20 күннен астам мерзімде ашыту процесі арқылы (мезофильді анаэробты биологиялық процессі бойынша) қайта өңделеді.
Жылу жүйесімен пайдаланбаған жағдайда, артық жылу үшін салқындату жүйелері (ауа салқындатқыштары, соның ішінде салқындату қондырғылар жүйелері) қарастырылған.
Когенерациялық қондырғылардың жылуды өңдеу тиімділігі шамамен 85,1%, ал газ қазандықтары - шамамен 94%-ға жетеді.
Ашыту процесінен кейін дайындалған лайлы тұнбаларды сусыздандыру және дезинфекциялау жұмысы күтіледі.
Тұнбаны залалсыздандыру процесі үшін лайдың құрғақ массасы Q=600 кг/Мг (т) мөлшерінде кальций оксиді (СаО) пайдаланылады (құрғақ салмағы 20% болатын бір тонна лайлы тұнбалар үшін шамамен 120 кг) қолданылады. Нәтижесінде қатты биологиялық заттардың массасының температурасы 55°С-тан жоғары көтеріледі, pH деңгейі 12-ден жоғары болады. Жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты лайлы тұнбаларды залалсыздандыру және суды буландыру процессі жүреді. Соның нәтижесінде судың көп бөлігі булануға кетеді.
Арнайы қоймада сақтау процессі лайлы құрылымды қосымша тұрақтандыруға және қатты биологиялық заттардағы құрғақ заттардың құрамын 50-60%-ға дейін айтарлықтай арттыруға және рН деңгейін жоғарылатуға алып келеді, бұл тұнбаны бірнеше ай бойы сақтауға мүмкіндік береді. Лайлы тұнбаны ауыл шаруашылық құрылымдарына, көгалдандыруға және т.б мақсаттар үшін пайдаланылады.
Қоғамдық ағынды суларды тазарту қондырғыларының лайлы тұнбалары органикалық, қоректік және биологиялық белсенді заттардың ең маңызды көзі болып табылады. Тазарту қондырғыларының ағынды суларының тұнбалары тікелей тыңайтқыштар ретінде пайдаланады, егер оларды белгілі бір табиғи және өндірістік жағдайларда дұрыс қолданылатын болса, бұл тұнбалардың қалдықтарын пайдалану әдістері тиімді болып табылады.
Ағынды сулардың ластану көздері өндірістік-өнеркәсіптік, тұрмыстық және ауылшаруашылық ағынды сулары, жер беті ағынды сулары, көлік жасау құралдарын тазалау, полиграфиялық және химиялық өнеркәсіптік, энергетикалық және т.б. суды ластаудың негізгі ластаушы заттары ауыр металдар, биогендер, пестицидтер, мұнайлы өнімдер, фенолдар, радионуклидтер, жер беттік белсенді заттар және т.б. болып табылады. Соның нәтижесінде судың физикалық және органолептикалық қасиеттері, су объектілерінің химиялық құрамы мен биохимиялық режимі, микроорганизмдердің құрылымы мен биоөнімділігінің өзгеруіне алып келеді.
Суды пайдалану мен қамтамасыз ету мәселесін алдын алудың ғылыми жолдары суды үнемдеу технологияларына негізделу болып саналады. Суды ұтымды пайдаланудың тиімді тетіктерін әзірлеу және қолдану экологиялық таза өндірістік процесстерді құру және өнеркәсіптік, энергетикалық, тұрмыстық және ауыл шаруашылығы объектілерін – суды, топырақты және атмосфераны ластаудың негізгі көздерін жедел жаңғыртудың сенімді негіздері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |