Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы «__» ____________
№ ___ бұйрығына
2-қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 9-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, қаржыландыру және оларға халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан азаматтар және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер жұмыспен қамтудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
3. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады.
4. Әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және мынадай ерекшеліктері бар:
1) арнайы нысаналы топтарға арналған;
2) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары пайдаланылмайды.
5. Жұмыстан босатылу сәтіне дейінгі бір жыл ішінде жұмыс берушімен еңбек қатынасында болған адамдарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жүзеге асырылмайды.
6. Өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесi (бұдан әрі – уәкілетті орган) және (немесе) халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыс берушілерге әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері бойынша консультация береді;
2) жыл сайын, 10 қаңтарға дейінгі мерзімде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерден осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдерді жинауды жүзеге асырады, өтінімдер қажеттілігі бойынша жыл бойы қабылданады;
3) барлық ұсынылған өтінімдер 15 жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге жинақталады, өңірлік еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес қарастырылады және тиісті ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органының шешімімен бекітіледі. Жұмыс берушілер тізбесі қажеттілігі бойынша жыл бойы жаңартылады.
7. Уәкілетті орган және (немесе) халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушімен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы шарт жасайды.
3. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуына жәрдемдесу
8. Уәкілетті органдар және (немесе) халықты жұмыспен қамту орталықтары:
1) азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға байланысты мәселелер бойынша консультация береді;
2) жасалған шарттарға сәйкес халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу үшін жұмыс берушілерге жібереді.
9. Азаматтарды ұйымдастырылған әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасу үшiн жiберу кезiнде мыналар ескерiледi:
1) жіберілетін азаматтар уәкілетті органда «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген және халықтың нысаналы топтарына жатуы тиіс;
2) жолдама беру сәтiнде жiберiлетiн азаматтар үшiн уәкiлеттi органда және (немесе) халықты жұмыспен қамту орталығында лайықты тұрақты жұмыс болмаған болуы керек.
10. Ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына азаматтарды жұмысқа орналастыру он екі айлық кезеңде бір рет қана және тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
11. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған азамат жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмысқа қабылданады. Бұл ретте жұмыс беруші уәкілетті органға немесе халықты жұмыспен қамту орталығына тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру
12. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмыс берушінің шығыстарын өтеуге мемлекеттік бюджеттен субсидия беруді қамтиды.
13. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды жұмыс берушілермен жасалған шарттар негізінде, ай сайын қаржыландырудың бекітілген жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген сомалар шегінде уәкілетті орган және (немесе) халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.
14. Уәкілетті орган және (немесе) халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын, жұмыс берушінің Халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы үлгiлiк шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынған мәліметтері негізінде, жұмыс берушінің жұмысқа орналастырылған азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарын өтеуге арналған соманы, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінен аспайтын, 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушінің есеп айырысу шотына аударуды жүргізеді.
15. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтарға еңбекақы төлеуді ай сайын, нақты орындалған жұмыс уақыты үшін еңбек шартында белгіленген мөлшерде жүргізеді.
Орындалатын жұмыстың көлеміне, сапасы мен күрделілігіне қарай жұмыс беруші нақты орындалған жұмыс үшін өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы белгілеуге құқылы.
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы есептілікті ұсыну
16. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 2-күніне қарай облыстың уәкілетті органына «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 60 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6835 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес нысан бойынша есепті ұсынады және аталған есепте:
1) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтардың саны туралы;
2) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтардың жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер қамтылады.
17. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 4-күніне қарай орталық атқарушы органға өңір бойынша «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 60 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6835 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес нысан бойынша тиісті жиынтық есепті ұсынады.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
______________ ауданының,
қаласының уәкiлеттi органына _________________________
Өтінім
____________________________________________________________ (жұмыс берушiнiң толық атауы, мекенжайы, БСН (ЖСН), байланыс жасайтын адамдары мен телефондары)
халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтар үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушiлер тiзбесiне қосуды сұрайды.
Мәселе оң шешiмiн тапқан жағдайда азаматтарға тiзбеге сәйкес мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:
Р/с
№
|
Қандай кәсiпке қабылдау жоспарланып отыр
|
Жұмыс орындарының жоспарланған
саны
|
Жұмыстардың
жоспарлы ұзақтығы (айлар)
|
Айлық жалақы мөлшерi, теңге
|
Өтемақының жоспарлы мөлшерi, теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша:
1. Заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі.
2. Ұйым жарғысының немесе құрылтай шартының көшiрмесi.
Басшы Күнi
М.О.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы
№ _____ шарт
_____________ауылы (қаласы) 201__жылғы «__»_________
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _______________ ауданының (қаласының) уәкілетті органының (халықты жұмыспен қамту орталығының) атынан бастығы (директоры) __________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
және _______________________________________________________ атынан
(жұмыс берушінің атауы)
__________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
(бұдан әрі — Жұмыс беруші) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және
________________________ауданы (қаласы) әкімдігінің 20___ жылғы «__»_________ № ___ қаулысының негізінде төмендегі туралы осы шартты жасады:
1. Шарттың мәні
1. Халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды уақытша жұмысқа орналастыру мақсатында олар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру.
2. Шарт сомасы_______________________________________________ (жазбаша)
мың теңгені құрайды.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Тапсырыс беруші:
1) азаматтарды олардың келісімімен Жұмыс берушіге ______________
___________________________________ адамды жіберуге;
(жазбаша)
2) Жұмыс беруші ұсынған мәліметтерге сәйкес Жұмыс беруші белгілеген жалақының _______ % есебімен, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінен аспайтын, нақты орындаған жұмыс уақытына, бір адамға жұмыс істеген толық айына _________________________________________________________ теңге
(сомасы жазбаша)
сомасында жұмыс берушінің жұмысқа қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарын өтеуді жүргізуге міндеттенеді.
4. Жұмыс беруші:
1) жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасуы үшін азаматтарға мынадай әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынуға:
Р/с №
|
Қандай кәсіпке қабылдау жоспарланып отыр
|
Саны
|
Жұмыстардың жоспарлы ұзақтығы, айлар
|
Айлық жалақы мөлшері, теңге
|
Өтемақының жоспарлы мөлшері, теңге
|
|
|
|
|
|
|
2) азаматтармен 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес еңбек шартын жасасуға;
3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтардың алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін азаматтарға төленетін жұмыс берушiнiң қызметкерлерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарынан әлеуметтік аударымдарды аударуды жүргізуге;
4) қажет болған жағдайда, қабылданған азаматтарға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлемін жүргізуге;
5) әрбір азаматпен жеке қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;
6) қажет болған жағдайда, азаматтарды арнайы киіммен, құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етуге;
7) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге;
8) азаматтардың еңбек міндеттерін атқаруы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;
9) Тапсырыс берушіге әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтар туралы ұсынылатын ақпараттың дәйектілігі үшін жауапты болуға;
10) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін азаматтар туралы мәліметтерді ұсынуға міндеттенеді.
3. Еңбекақы төлеу
5. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуді жасалған еңбек шарттарының негізінде Еңбек кодексіне сәйкес жүргізеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі
6. Осы шартта көзделген міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.
7. Осы шартты орындау кезінде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
8. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.
9. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.
5. Форс-мажор
10. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күштің, яғни өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери іс-қимылдар және т.б. сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың (форс-мажор) пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды.
11. Осы шарт бойынша міндеттемелерін орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Форс-мажор жағдайының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.
12. Егер жоғарыда аталған жағдайлар 30 күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.
6. Қолданылу мерзімі
13. Осы шарттың қолданылу мерзімі 201__ жылғы «__» ________ бастап 201__ жылғы «__» ___________ дейін.
14. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
15. Шарт әрқайсысының бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары:
Тапсырыс беруші
|
Жұмыс беруші
|
______________________ ауданының (қаласының) уәкілетті органы (халықты жұмыспен қамту орталығы) ________________________________
|
_______________________________
|
мекенжайы: _____________________
|
мекенжайы: _____________________
|
ЖСК
|
ЖСК
|
БСК
|
БСК
|
БСН (ЖСН)
|
БСН (ЖСН)
|
Коды
|
Коды
|
___________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
|
__________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
|
М.О.
|
М.О.
|
Халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру туралы
үлгiлiк шартқа
қосымша
Нысан
___________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін азаматтар туралы
201__ жылғы ____________
МӘЛІМЕТТЕР
Р/с №
|
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
|
Жеке куәлігінің №,
берілген күні
|
Туған күні
|
Еңбек шартының нөмірі мен күні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
Жиыны:
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Шарт бойыншажалақының мөлшері
|
Айдағы жұмыс
күндерінің саны
|
Нақты жұмыс
істеген
күндер
|
Есептелген
жалақының мөлшері, теңге
|
Зейнетақы жарналарының сомасы
|
Бюджеттен өтемақы төленуге тиіс, теңге
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшы_____________
Бас бухгалтер_____________
М.О.
Достарыңызбен бөлісу: |