Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Шемонаиха ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, индекс 071800, ВКО Шемонаиха қаласы, Б. Момышулы көшесі, 43-үй, анықтама үшін телефон: 8(723332)3-21-00, факс 8(72332)3-24-15, e-mail: shemonaiha@taxeast. nalog.kz Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-R-4 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
C-R-4
|
73 288
|
99106
|
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс:
1. Шемонаиха ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің бас маман- бағдарламашысы С-R-4 санаты, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтуіне байланысты демалысы мерзіміне 10.08.2017 жылға дейін) – 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: WIN NT операциялық жүйесінде жұмыс дағдысының болуы. Офистік қосымшаларда жұмыс істей алу. Компьютерлік, серверлік және сеть құрал-жабдықтарына техникалық қолдау көрсету. Жұмыс үдерісінде пайда болған бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қолдану. Бағдарламалық қаматамасыз етудің жаңа түрлерін енгізу, қолданыстағыны жалғастыру. ҚР БСАЖ серверлерін әкімшілендіру. Кадрлардың біліктілігін арттыру және дайындау жұмыстарын ұйымдастыру. Қарастырылған есептілікті құрастыру, басшылық тарапынан болған тапсырмаларды орындау. Кіріс құжаттарды қабылдау, тіркеу, өңдеу. Шығыс құжаттарды беру, соның ішінде Мемлекеттік кірістер басқармасының электронды құжаттармен алмасу жөнінде өтініштерді қабылдау және өңдеу. Криптографиялық кілттерге рұқсат береді. Салық есептілігі болжамдарының өзгергендігі туралы салық төлеушілерді және Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерін мерзімінде ақпараттандырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. (қаржы,менеджмент,мемлекеттік және жергілікті басқару,маркетинг,есеп және аудит), гуманиарлық ғылымдар, техникалық білім (физика және математикалық компьютерлік модельдеулер, автоматтандыру және басқарма, ақпараттық жүйелер, есептеуші техника және бағдарламалық қамсыздандыру).
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптарды. Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi: ішкі конкурс туралы хабарландыру уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні 2016 жылдың 07 қазанынан бастап 2016 жылдың 11 қазанын қоса алғанда.. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Шемонаиха ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, индекс 071800, ШҚО Шемонаиха қаласы, Б. Момышулы көшесі, 43-үй, анықтама үшін телефон: 8(723332)3-21-00, факс 8(72332)3-24-15, e-mail: shemonaiha@taxeast.nalog.kz мекен-жайына, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) нысандағы өтініш; 2) персоналды басқару қызметімен (кадр қызметі) расталған қызметтік тізім. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы
хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті Шемонаиха ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, ШҚО Шемонаиха қаласы, Б. Момышулы көшесі, 43-үй өтеді.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |