ТЕМА 1. ЕҢБЕК ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АДАМЗАТ РЕСУРСТАРЫ
СӨЖО тапсырмалары
Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру
Тестілік сұрақтарға жауап беру
Сабақ сұрақтары дәстүрлі формада талқыланатын болады
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
Еңбек пен іскерлік бейімделушіліктің тарихи дамуына сипаттама беріңдер
Ұйымдағы адамның ролі туралы басқару теорияларын қарастырыңдар
Адамзат ресурстарын басқаруды дамыту кезеңдеріне сипаттама беріңдер
Еңбек ресурстарын басқарудың мемлекеттік жүйесіне талдау жасаңдар.
Тестілік сұрақтар
1. Персоналды басқаруға не кіреді?
а) кадрлық саясатты өңдеу және жүзеге асыру, еңбек ақы төлеу және ынталандыру
б) экономикалық әдістер;
в) НИОКР өткізу, өндірістің дамуын қамтамасыз ету, оөнімнің өткізілуін қамтамасыз ету;
г) бизнес-жобаларды өңдеу;
д) материалды техникалық ресурстармен өндірісті қамтамасыз ету.
2. Ұйымның мақсаттары қандай болуы керек және осы мақсаттарға жету үшін ұйым мүшелері не істеу керек деген шешімді қамтитын басқару қызметі қалай аталады?
а) координация;
б) ұйымдастыру;
в) стратегия;
г) жоспарлау;
д) бақылау
3. Шешім қабылдау барысында жетекші алдында тұратын 2 негізгі мәселені атаңдар.
а) шешімнің мүмкін болатын нұсқаларын өңдеу;
б) ең жақсы шешімді таңдау;
в) мамандармен кеңесу;
г) А және С дұрыс;
д) А және В дұрыс.
4. Әлеуметтік-экономикалық жүйенің басты құраушылары:
а) мемлекет;
б) адам;
в) кәсіпорын;
г) басқару;
д) барлық жауаптар дұрыс.
5. Коммуникация деген не?
а) басқарушылық ақпарат берілетін немесе алынатын процесс;
б) ең жақсы шешімді таңдау;
в) стандартты орнату;
г) алғашқы жоспардан ауытқуды анықтау;
д) мақсатқа жетудің нақты жолдарын анықтау.
6. Басқарылатын жүйе:
а) басқару процесін қамтамасыз ететін жүйе;
б) ұйымды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету қызметін атқаратын жүйе;
в) материалды игіліктерді құру немесе қызмет көрсету процесін қамтамасыз ететін жүйе;
г) ол жүйені сыртқы ортамен байланыстырады;
д) дұрыс жауабы жоқ.
7. Процестік тәсілдемеде басқарудың 5 негізгі қызметті жүзеге асыру үшін не қажет?
а) күш;
б) билік;
в) ақша;
г) коммуникация;
д) дұрыс жауабы жоқ.
8. Басқару қызметтері деген не?
а) өзгелердің көмегімен мақсаттарға жету процесі;
б) жұмыстарды атқарудың бір уақыттық актісі;
в) өзара байланысты әрекеттерден құралған ұйым мақсаттарына жету процесі;
г) А және В дұрыс;
д) дұрыс жауабы жоқ.
9. Процестік тәсілдемеде басқару қызметтері нені жалпылайды?
а) ұйымдағы жоспарларды өңдеу қажеттілігі;
б) әрбір қызмет үшін шешім қабылдау қажеттілігі;
в) коммуникация қажеттілігі;
г) А және В дұрыс;
д) В және С дұрыс.
10. Процестік тәсілдемеде басқару қызметтері 2 ортақ сипаттамаға ие болады. Олардың біреуін көрсетіңіз.
а) барлық басқару қызметтері тек менеджерге ғана жүктеледі;
б) барлық басқару қызметтері шешім қабылдауды талап етеді;
в) басқару қызметтері қатаң ілеспелілікпен орындалады;
г) басқару қызметтері өндіріс процесін реттейді;
д) дұрыс жауабы жоқ.
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпты қарастыру барысында адамзат ресурстарын басқарудың классикалық теорияларының қалайша қалыптасқанына назар аударып, адамзат қатынастары мен адамзат ресурстары теорияларының мәнін айқындаңдар.
ТАҚЫРЫП 2. АДАМЗАТ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
СӨЖО тапсырмалары
1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру
Тестілік сұрақтарға жауап беру
«Дамыған елдерде персоналды басқару философиясы» тақырыбына реферат дайындау.
«Персоналды басқару әдістері» тақырыбына ауызша баяндама дайындау.
Тақырып сұрақтары презентация түрінде талқыланатын болады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Ұйымдағы персоналды басқару мәні мен қызметтерінің мәнін ашыңдар.
Ұйым персоналын басқарудың жапондық, американдық, германдық, француздық философиясының мәні неде?
Персоналды басқару әдістемесінің, жүйесі мен технологиясының мәні неде?
Ұйымдағы адамдарға ықпал ететін факторларды атаңдар.
Функционалды ішкі жүйелерге сипаттама беріңдер.
6. Персоналды басқару жүйесінің құрылу әдісін ашыңдар.
Тестілік сұрақтар
1. Ұйымдағы адамзат ресурстарын басқару бойынша негізгі құрылымдық бөлімше болып не табылады?
а) Бухгалтерия
б) Кадрлар бөлімі
в) Қаржылық бөлім
г) Жоспарлы бөлім
д) Персоналды бағалау бөлімі
2. Адамзат ресурстарын басқарудің элементарлы ұйымдастыру құрылымы қандай деңгейдегі бөлінуді бейнелейді?
а) Бір деңгейлі
б) Екі деңгейлі
в) Үш деңгейлі
г) Төрт деңгейлі
д) Бес деңгейлі
3. Жұмыстағы салыстырмалы автономдылықты сипаттайтын қандай ұйымдастыру құрылымы байланыстың бір шамалылығымен ерекшеленеді?
а) Горизонталды
б) Вертикалды
в) Функционалды
г) Сызықтық
д) Топтық
4. Жұмыскерлердің тізімдік санының құрамын атаңдар?
а) Тұрақты, уақытша, созылмалы
б) Тұрақты, уақытша, маусымдық
в) Уақытша, маусымдық, созылмалы
г) Маусымдық, тұрақты емес, созылмалы
д) Дұрыс жауабы жоқ
5. Ұйымдағы басқару технологиясы қандай негізгі элементтерден тұрады?
а) Кадрлық жоспарлау
б) Қызметті бағалау
в) Резервті дайындау
г) Қызмет бабы бойынша көтерілу
д) Жауаптардың барлығы дұрыс
6. Еңбектің неғұрлым жоғары өнімділігі мен жұмысқа қанағаттану үшін мотивацияны не құрауы қажет?
а) Кадрлық жоспарлау
б) Кадрлық болжамдау
в) Кадрлық стратегия
г) Кадрлық бағдарлама
д) Дұрыс жауабы жоқ
7. Адамзат ресурстарын басқару стратегиясының бір элементін атаңдар?
а) Жұмыс күші ағыны жоспарлау
б) Біліктілікті бағалау
в) Ақпараттың толықтығы, негізділігі
г) Жұмыскердің сәйкестігін ескере отырып, жұмысқа қабылдау
д) Жауаптардың барлығы дұрыс
8. Жұмысқа қабылдау - бұл?
а) Персоналды тарту көздері
б) Ұйым алдындағы мақсатқа жету үшін қажетті қасиеттерге ие кандидаттарды тартуға бағытталған әрекеттер қатары.
в) Жаңа жұмыскерлерді қабылдау
г) Жұмысқа қабылдау
д) Дұрыс жауабы жоқ
9. Жұмысқа қабылдау көздері қандай?
а) Жұмыс іздеу мақсатында кездейсоқ кірген адамдар
б) Газеттердегі хабарландыру бойынша
в) Мектеп түлектері
г) ЖОО түлектері
д) Жауаптардың барлығы дұрыс
10. Жұмыскер белгілі жұмысорындауға келісетін, ал ұйым оған жалақы төлеуге міндеттенетін маман мен жұмыс беруші арасындағы белгілі мерзімге жасалған келісім қалай аталады?
а) Шарт
б) Келісім-шарт
в) Акт
г) Келісім
д) Дұрыс жауабы жоқ
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпты қарастыру барысында ұйым персоналын басқару мәні мен қызметтерінің мәнін ашып, дамыған елдердегі ұйым философиясын қарастыру керек. Персоналды басқару заңдылықтары мен қағидаларынн талдау жасап, персоналды басқару жүйесінің қрылуына назар аударыңдар.
тақырып 3. ҰЙЫМНЫҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ
СӨЖО тапсырмалары
Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру
Тестілік сұрақтарға жауап беру
«Персоналды басқарудың ұйымдық жүйесі» тақырыбына реферат дайындау.
3 семинарға презентация дайындау.
Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Ұйымдық жобалау деген не?
Ұйымдық жобалау процесі қандай кезеңдерден өткен?
Персоналды басқарудың негізгі мақсаттары мен қызметтерін атаңдар.
Ұйым мақсаттарының жиынтығы нені білдіреді?
Персоналды басқару жүйесін құжаттық және кадрлық қамтамасыз ету қалай жүзеге асырылады?
Персоналды басқару жүйесінің ақпараттық және техникалық қамтамасыз етілу жолдарын атаңдар.
Тестілік сұрақтар
1. ПБ - моделі мынадай басты объектілерді қамтиды:
а) сыртқы және ішкі шарттар;
б) адамзаттық және қаржылық ресурстар;
в) еңбек ресурстарын ұйымдастыру;
г) кәсіпорын, персонал, сыртқы және ішкі шарттар.
2. ПБ моделінің сыртқы факторларын ата:
а) үкіметтік реттеу, жұмыс стилі, жұмыскер мақсаттары, қасиеттері, жұмысшы топ;
б) үкіметтік реттеу, жұмыс стилі, кәсіподақтар, экономикалық шарттар, жұмыс күшінің құрылымдық құрамы, кәсіпорынның орналасқан орны;
в) үкіметтік реттеу, мақсаттар, кәсіподақтар, кәсіпорынның орналасқан орны;
г) жұмыс стилі, мақсаттар, мәселелер табиғаты, жұмысшы топ, лидердің стилі мен тәжірибесі, экономикалық шарттар.
3. Ішкі факторлар:
а) үкіметтік реттеу, жұмыс стилі, жұмыскер мақсаттары, қасиеттері, жұмысшы топ;
б) үкіметтік реттеу, жұмыс стилі, кәсіподақтар, экономикалық шарттар, жұмыс күшінің құрылымдық құрамы, кәсіпорынның орналасқан орны;
в) үкіметтік реттеу, мақсаттар, кәсіподақтар, кәсіпорынның орналасқан орны;
г) жұмыс стилі, мақсаттар, мәселелер табиғаты, жұмысшы топ, лидердің стилі мен тәжірибесі, экономикалық шарттар.
4. ПБ - моделі бірнеше блоктардан құралған. Оларды атаңдар:
а) ішкі, сыртқы факторлар, кадрлық саясат;
б) экономикалық және әлеуметтік-саяси факторлар;
в) позитивті және жағымсыз факторлар;
г) кадрлық саясат және адамзат ресурстарының дамуы.
5. Фирманың кадрлық саясатын өңдеу барысында менеджер нарықтағы жағдайды ескеруі тиіс, яғни бәсекелесуші фирмалардың экономикалық шарттарына бағдарлануы керек. Мұндай шарттар төменде келтірілген:
а) еңбекақы төлеу жағдайы мен шарты;
б) жеңілдіктер мен зейнетақылық қамтамасыз ету;
в) әлеуметтік-экономикалық шарттар.
г) дұрыс жауабы жоқ;
д) жауаптардың барлығы дұрыс;
е) А және В дұрыс.
6. Басқарудың қандай қызметіне менеджердің кәсіпорын үшін қолайлы ахуалды құруға ынтасын жатқызуға болады?
а) бақылау;
б) ұйымдастыру;
в) мотивация;
г) жетекшілік;
д) коммуникация.
7. Осы жүйелер негізінде адамдардың қызығушылықтары жатыр, себебі олардың басты құраушысы болып адам табылады, аталмыш жүйелер аса тұрақты, бірақ динамизмге де ие болуы мүмкін. Бұл қандай жүйелер?
а) технологиялық;
б) биологиялық;
в) әлеуметтік-экономикалық;
г) саяси;
д) С және Д дұрыс.
8. Ұйым — бұл:
а) ортақ мақсаты бар адамдар тобы;
б) формальды ұйымдағы адамдар тобы;
в) ортақ мақсат үшін саналы түрде құрылатын адамдар тобы;
г) қоршаған әлемнен тәуелді адамдар тобы.
9.Басқарушылық шешімдер — бұл:
а) баламаларды таңдау;
б) жүйе қызметін реттейтін нормативті құжат;
в) мақсаттың қойылуы;
г) мақсатқа жету құралы.
10. Басқарудың ұйымдық құрылымына қатысты талаптарды атаңыз:
а) оптималдылық, оперативтілік;
б) сенімділік, үнемділік;
в) иілгіштік;
г) тұрақтылық
ТАҚЫРЫП 4. ҰЙЫМДАҒЫ КАДРЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ
СӨЖО тапсырмалары
Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру
Тестілік сұрақтарға жауап беру
«Ұйымдағы кадрлық жоспарлаудың орны мен ролі» атты тақырыпқа реферат дайындау
Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
Ұйымдағы стратегиялық басқарудың негізгі қағидалары қандай?
Мемлекеттің кадрлық саясатын қалай түсінесіз?
Мемлекеттік кадрлық саясатты қалыптастырудың негізгі қағидаларын атаңдар.
Мемлекеттік қызметтің кадрлық саясатын қалыптастырудың негізгі кезеңдерін атаңдар.
Персоналды басқару стратегиясын жүзеге асыру неден тұрады?
Тестілік сұрақтар
1. Кәсіпорынның қай бөліміне персоналды қабылдау және жұмыстан босату қызметі жүктелген?
а) координациялық
б) жоспарлы
в)маркетингтік
г) кадрлық
2. Кадрлар бөлімінің мақсаты:
а) біліктілікті арттыру
б) жұмыскерлерді жұмыстан босату
в) тұрақсыз өндіріс жағдайында біліктілікті жұмыскерлерді сақтау және кадрларды жұмысқа алу
г) лауазымдық міндеттемелерді бөлу
3. Персонал еңбегін бағалау төмендегілер үшін жүзеге асырылады:
а) қайтатрубация
б) өндірістік шешімдерді қабылдау
в) жұмыскерлер еңбегінің нормалануын болжамдау
г) әкімшілік шешімдерді қабылдау
4. Басқару жүйесін қалыптастырудың қандай қағидалары болады?
а) басқару жүйесін қалыптастыруға қатысты қойылатын талаптарды сипаттайтын қағидалар
б) даму бағытын анықтайтын қағидалар
в) басқару жүйесіндегі қажеттілікті анықтайтын қағидалар
г) а) және б) жаупатары дұрыс
5. Күрделі құбылыстарды неғұрлым жеңіл құбылыстарға бөлуге мүмкіндік беретін әдісті атаңдар?
а) динамикалық әдіс
б) салыстыру әдісі
в) декомпозиция әдісі
г) құрылымдық мақсаттар әдісі
6. Бір көрсеткіште ондаған құраушылар қасиеттерін бейнелеуге мүмкіндік беретін әдісті атаңдар?
а) басты құраушылар әдісі
б) баланстық әдіс
в) ұқсастық әдісі
г) блоктық әдіс
7. Қызметті жіктеу мен декомпонизациялау қандай кезеңде жүзеге асырылады?
а) ақпараттықм
б) дайындық
в) аналитикалық
г) шығармашылық
8. персоналды басқару жүйесінің жобасы қандай кезеңде талданып, бекітіледі?
а) енгізу
б) ұсынушылық
в) аналитикалық
г) шығармашылық
9. Басқару деңгейлері нені құрайды:
а) горизонталды еңбек бөлінісін;
б) вертикалды еңбек бөлінісін;
в) басқару қызметтерін;
г) басқару процесін.
10. Басқарушыылқ шешім - бұл:
а) процесс;
б) басқару механизмінің элементтері
в) тактикалық жоспарлар
г) баламалар
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпты қарастыру барысында ұйымның кадрлық саясатының мазмұнын ашыңдар. Әрі қарай мемлекеттік кадрлық саясатты қалыптастыру мәні мен қағидаларын қарастырыңдар. Ұйымды стратегиялық басқарудың негізгі қағидаларына сипаттама беріңдер. Стратегиялық басқару процесінің кезеңдерін талдап, персоналды басқару стратегиясын жүзеге асыру ерекшеліктерін көрсетіңдер.
ТАҚЫРЫП 5. ПЕРСОНАЛДЫ ЖАЛДАУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ
СӨЖО тапсырмалары
Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру
Тестілік сұрақтарға жауап беру
«Ұйымның сыртқы ортасын стратегиялық талдау», «Еңбек өнімділігін жоспарлау» атты тақырыптарға рефераттар дайындау.
Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
Сабақ сұрақтары презентация формасында талқыланатын болады
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
Ұйымдағы кадрлық жоспарлаудың негіздерін атаңдар.
Кадрлық жоспарлаудың негізгі мақсаттары мен мәселелерін атап өтіңдер.
Ұйымның сыртқы ортасын стратегиялық талдау қалай жүзеге асырылады?
Ұйымдағы кадрлық контроллинг қалай жүзеге асырылады?
Персоналмен жұмыс жасаудың жедел жоспарының құрылымы қандай?
Персонал маркетингінің қызметтері қандай?
Еңбек бойынша көрсеткіштерді жоспарлау мен талдау қалайша жүзеге асырылады?
Тестілік сұрақтар
1 .Адамзат ресурстарын басқару жүйесін құру әдістеріне не кірмейді?
а) Блоктық әдіс
б) мақсаттарды құрылымдау әдісі
в) Ұжымдық блокнот әдісі
г) Баланстық әдіс
д) Морфологиялық талдау
2.Функционалды-құндық талдаудың қандай кезеңінде басқару қызметтерін орындау тәсілдері жүзеге асырылып, олардың негізінде қызметтерді жүзеге асыру нұсқалары қалыптастырылады?
а) дайындық
б) ақпараттық
в) аналитикалық
г) шығармашылық
д) ұсынушылық
3.Кадрлық саясатқа қатысты қойылатын негізгі талаптар?
а) Жұмысекрлер қабілеттіктерін талқылау жүйесін өңдеу
б) Кадрлық қызметтер іс-әрекетін белсендендіру
в) кадрларды басқарудың үнемді әдістеріне өту
г) еңбек етушілердің басқаруға қатысуын ұйымдастыру
д) жауаптардың барлығы дұрыс
4.Адамзатресурстарын басқару қызметінің қызметерлері нені жақсы білулері тиіс?
а) еңбек заңын
б) Нормативтік және өзге де материалдарды
в) Педагогика, социология және еңбек психологиясының негіздерін
г) Персоналды басқарудың қазіргі таңдағы әдістерін
д) жауаптардың барлығы дұрыс
5.Кадрлық жоспарлау мәселелеріне не жатқызылады?
а) Ұйымның кадрлық саясатын қалыптастыру
б) персоналды таңдау және жалдау
в) еңбек нарығын талдау және зерттеу
г) карьераны басқару, кадрларды іріктеу және орналастыру
д) жауаптардың барлығы дұрыс
6. Кадрлық шаралар жоспарын жүзеге асыру шығындарын анықтау неге жатқызылады?
а) кадрлық мәселелерге
б) кадрлық мақсаттарға
в) кадрлық стратегияға
г) кадрлық шараларға
д) А және В дұрыс
7. Персонал жөніндегі ақпаратқа қатысты қандай талап жедел де уақытылы болуы керек?
а) өзектілік
б) салыстырушылық
в) біртектілік
г) көрнекілік
д) қарапайымдылық
8. Ұйымның өндірістік және әлеуметтік көрсеткіштерін өңдеудің негізі болып не табылады?
а) адамзат ресурстарының шығындары
б) еңбек өнімділігі
в) адамзат ресурстарының табыстары
г) адамзат ресурстарына кететін шығындар
д) адамзат ресурстарының біліктілігі.
9.Төменде келтірілгендердің қайсысы адамзат ресурстарын тартудың ішкі көздерінің артықшылықтарына жатқызылмайды?
а) кадрларды тартудың төменгі шығындары
б) Таңдаудың неғұрлым кең мүмкіндіктері
в) кадрларды іріктеудің шектелген мүмкіндіктері
г) ынталандыруды арттыру
д) жұмысқа қабылдау кадрларға деген абсолютті қажеттілікті жабады
10.Персоналды тартудың ішкі және сыртқы көздерінің артықшылықтарына не жатқызылады?
А) қызметтік өсім үшін шанстың пайда болуы
В) кадрларды тартудың неғұрлым жоғары шығындары
С) компанияны нашар білу
О) бейімделудің ұзақ мерзімі
Е) жаңа жұмыскерді ұжым нашар біледі
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпты қарастыру барысында кадрлық жоспарлау мәніне ерекше назар аударып, ұйымдағы сыртқы ортаны стратегиялық талдауды қарастырып, персонал маркетингінің қағидаларын анықтаңдар.
ТАҚЫРЫП 6. КАДРЛАРДЫ ІРІКТЕУ
СӨЖО тапсырмалары
Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру
Тестілік сұрақтарға жауап беру
4. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
Персоналды жадау, іріктеу және қабылдау қалай жүзеге асырылады?
Кадрларды іріктеу мен орналастыру қалайша ұйымдастырылады?
«Персоналды іскерлік бағалауға» анықтама беріңдер.
Персоналдың ішкі және сыртқы көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар.
Персоналды кәсіби бағдарлау қалай жүзеге асырылады?
Еңбекті ғылыми ұйымдастыру мәселелерін атаңдар.
Тестілік сұрақтар
1. Қабылданған жұмыскерлер сапасын бағалау есептеледі:
а) Кн = (Рк + Пр + Ор):Ч
б)Кн = (Рк + Пр + Ор)*Ч
в) Кн = (Рк-Пр + Ор):Ч
г) Кн = (Рк + Пр - Ор)*Ч
2. Жеке шарттың субъектісі болып табылады:
а) жұмыс беруші
б) жұмыскер
в) мемлекет
г) қызметкер
3. Шарттардың қайсысы ұйым әкімшілігі мен жұмыскерлер топтары арасындағы шартты білдіреді?
а) жеке
б) ұжымдық
в) жетекшімен жасалатын шарт
г) маманмен жасалатын шарт
4. Келісім-шарт мыналар бойынша бөлінбейді:
а) екі жақтық келісіммен
б) жұмыскер талабы
в) әкімшілік талабы
г) жұмыс беру орталығының талаптары
5. Персоналды басқару мынадан басталады...
а) жұмысқа тарту және қабылдау
б) өндірістік іс-әрекеттің басталуы
в) еңбек нормасы мен хронометражды анықтағаннан кейін
г) белгілі уақыт мерзімін өткеннен кейін
6. Төмендегі шарттардың қайсысы мерзімді еңбек шартына жатқызылады?
а) ұжымдық
б) жеке
в) жетекшімен жасалатын шарт
г) маманмен жасалатын шарт
7. Қандай әдістер ауыспалылар арасындағы қатаң функционалды байланыстарды болжайды?
а) макроэкономикалық;
б) қолданбалы;
в) детерминацияланған;
г) оптимизациялық;
д) стохастикалық.
8. Қандай модельдер экономикалық объекттің қызмет ету параметрлерін бағалап, тәжірибелік шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді?
а) макроэкономикалық;
б) теориялық;
в) тепе-тең;
г) микроэкономикалық;
д) қолданбалы.
9. Имитациялық модель немен сипатталады?
а) белгілі және белгісіз шамалар арасындағы тікелей байланыспен;
б) экономикалық процесс немесе құбылыстың нақты бейнесімен;
в) эндогенді шамаларға қатысты теңдеулер жүйесін пайдаланумен;
г) экономикалық объектілердің жоспарлануы мен қызмет етуінің түрлі объектілерін сипаттаумен;
д) дұрыс жауабы жоқ.
10. Басқарудың қандай стилінде жетекші өзінің араласуын минимумға жеткізеді?
а) авторитарлы;
б) демократиялық;
в) эксплуатациялық;
г) бюрократиялық;
д) либералды.
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпты қарастыру барысында мына жағдайларға назар аударыңдар: персоналды қабылдау, жалдау, іріктеу, персоналдың социализациясының мәніне, олардың еңбегін ұйымдастыру негізіне.
ТАҚЫРЫП 7. ПЕРСОНАЛДЫҢ КӘСІБИ БАҒДАРЛАНУЫ ЖӘНЕ БЕЙІМДЕЛУІ
СӨЖО тапсырмалары
Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру
Тестілік сұрақтарға жауап беру
Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
«Кадрлық дұмыстағы жаңашылдықтарды басқару қағидалары мен әдістері» атты тақырыпқа реферат дайындау.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
«Ұйымның әлеуметтік дамуы» түсінігінің мәнін ашыңдар.
Әлеуметтік қызметтің мәндеттері қандай.
Әлеуметтік бөлімнің қызметтерін атаңдар.
Персоналды оқытудың негізгі әдістеріне сипаттама беріңдер.
Персоналды кешенді бағалау процедурасы қалай ұйымдастырылады?
Тестілік сұрақтар
1. Кәсіби бағдарлауды басқару әдісін неге жіктеуге болмайды?
а) ұйымдық-әкімшілік
б) экономикалық
в) әлеуметтік-психологиялық
г) аналитикалық
2. Бейімделудің қанша бағыттары болады?
а) 5
б) 4
в) 2
г) 1
3. Өндірістік бейімделуге не жатқызылады?
а) кәсіби, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, психофизикалық
б) тұрмыстық жағдайларға бейімделу
в) ұжыммен өндірістік емес байланыс жасауға бейімделу
г) демалыс уақытындағы бейімделу
4. Бейімделу процесі қашан басталады?
а) өзінің жаңа жұмыс орнына келгенде
б) жұмысқа орналасып, құжаттарды рәсімдегенде .
в) ұжыммен танысқан кезде
г) бейімделу процесі болмайды
5. Бейімделудің қандай әдісі жеңілдіктерді ұсынумен сипатталады?
а) экономикалық
б) ұйымдық-әкімшілік
в) әлеуметтік-психологиялық
г) аналитикалық
6. Бейімделудің қандай әдісі жұмыскердің бейімделу барысын бақылаумен байланысты?
а) әлеуметтік-психологиялық
б) ұйымдық-әкімшілік
в) аналитикалық
г) экономикалық
7. Бейімделудің қандай әдісі ұжымда тікелей қолданылалды?
а) ұйымдық-әкімшілік
б) экономикалық
в) аналитикалық
г) әлеуметтік-психологиялық
8. Бейімделу бағдарламасы бөлінеді:
а) жалпы, қосымша
б) жалпы, арнайы
в) жалпы, арнайы, болжанатын
г) арнайы, қосымша
9. Мамандықты таңдауға ықпал ететін қабілеттіктер, мүдделер мен жарамдылықты қалыптастыруға бағытталған өзара байланысты экономикалық, әлеуметтік, медициналық, психологиялық, педагогикалық шаралар кешені:
А) персоналдың бейімделуі;
б) кәсіби бағдарлану;
в) кәсіби ағарту;
г) кадрларды тарту және іріктеу
10.Кәсіби бағдарлау жұмысының негізгі формасы:
а) кәсіби ағарту;
б) еңбекке деген саналы қажеттілікті тәрбиелеу;
в) кәсіби ақпарат;
г) кәсіби кеңес беру;
д) жауаптардың барлығы дұрыс.
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпты қарастыру барысында ұйымның әлеуметтік дамуын басқарудың мазмұнына, әлеуметтік қызметтің міндеттеріне, кадрлық жұмыстағы жаңашылдықтарды басқару қағидалары мен әдістеріне ерекше назар аударыңдар.
ТАҚЫРЫП 8. ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ
СӨЖО тапсырмалары
Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру
Тестілік сұрақтарға жауап беру
Сабақ сұрақтары дәстүрлі формада талқыланатын болады
Семинар презентациия формасында өтеді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
Персоналдың еңбек іс-әрекетін ынталандыру жолдарын тізіңдер.
Әділдік теориясының мәнін қысқаша сипаттаңдар.
Риторика негіздері қандай?
Жанжалды және стрессті басқару қалай жүзеге асырылады?
Ұйымдастыру мәдениеті деген не?
Тестілік сұрақтар
1. Перспективалық жоспарлау мына кезеңдерге арналған:
а) бес жылдан аса
б) үш жылдан кем
в) он жылдан аса
г) 2-3 жыл және одан аса
2. Белсенді талдаудың қандай әдісінде білім мен ептілік шығармашылық-зерттеушілік жағдайда қабылданып, ал материал мәселелер күйінде қарастырылады?
а) рольдік
б) мәселелік
в) бағдарламалық
г) дистанциялық
3. Белсенді оқытудың қандай әдісінде оқу құралдарының орнын ауыстыру қажет
а) бағдарламалық
б) дистанциялық
в) мәселелік
г) рольдік
4. Белсенді оқытудың қандай әдісінде тікелей компьютер қолданылады?
а) мәселелік
б) рольдік
в) дистанциялық
г) бағдарламалық
5. Дистанциялық оқытудың артықшылығы қандай?
а) бай теориялық материал
б) қарастырылатын мәселелердің кең спектрі
в) уақыт үнемділігі
г) жұмыс орнында біліктілікті арттыру мүмкіндігі
6. Мәселелік оқытудың қандай әдісі менеджерлер арасындағы ара-қатынасты талдау үшін әсіресе ыңғайлы?
а) инциденттер әдісі
б) конференция әдісі
в) «ми шабуылы» әдісі
г) «эмоцияны анықтау» әдісі
7. Басқарушылық персоналдың біліктілігін арттыруды бағалаудың қандай критериялары болады?
а) аналитикалық
б) қатысушылар реакциялары бойынша
в) ішкі
г) ішкі, сыртқы, қатысушылар реакциялары бойынша
8. Ұйым жоспарларының орындалуын қамтамасыз ететін күнделікті процесс:
а) координация;
б) жоспарлау;
в) басқару;
г) бақылау;
д) дұрыс жауап жоқ.
9. Басқарудың қандай қызметі үшін келесілер тән:
негізгі бағыттарды анықтау, ұйым мақсаттары мен оларға жету жолдарын анықтау?
а) зерттеу;
б) координация;
в) жоспарлауе;
г) мотивация;
д) басқару.
10. Қандай да бір жүйе динамикалық тепе-теңдікке жету үшін ол мынаған ие болуы керек:
а) тұрақтылық;
б) бірқалыптылық;
в) дифференциацияға деген қабілеттілік;
г) жабықтық;
д) кері байланыс.
ТАҚЫРЫП 9. ҰЙЫМ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ МОТИВАЦИЯСЫ
СӨЖО тапсырмалары
Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру
Тестілік сұрақтарға жауап беру
Сабақ сұрақтары дәстүрлі формада талқыланатын болады
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
Әлеуметтік қызметтің міндеттері қандай?
Әлеуметтік бөлімнің қызметтерін ата.
Персоналды оқытудың негізгі әдістері.
Персоналды кешенді бағалау қалай жүзеге асырылады ?
Тестілік сұрақтар
1. Коэффициенттер әдісі мег балдық әдіс мыналарға жатқызылады:
а) сандық әдістер
б) комбинацияланған әдіс
в) сандық әдіс
г) аналитикалық әдіс
2. Биографиялық сипаттау әдісі әдістердің қандай тобына жатқызылады?
а) сандық әдістер
б) сапалық әдіс
в) аналитикалық әдіс
г) комбинацияланған әдіс
3. Іс-әрекеттің нәтижеге әкелетін әрекеттері - бұл...
а) мақсаттар
б) жүйелер
г) әдістер
д) мәселелер
4. Білімді бағалау жүйесінің қандай қызметтері тыңдаушылардың білім деңгейін анықтайды?
а) бағалау
б) диагностикалық
в) коммуникативтік
г) мотивациялық
5. Білімді бағалау жүйесінің қандай қызметтері тыңдаушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты орнатады?
а) мотивациялық
б) диагностикалық
в) коммуникативтік
г) бағалау
6. Персоналды бағалауда шешіші рольде болады ...
а) кадр бөлімінің қызметкерлері
б) кәсіпорынның меншік иесі
в) жетекші
г) қызметкер
7. Өндіріс процесін кезеңдер мен процестерге бөлуге негізделген ішкі жүйе алдыңғы қатарлы ішкі жүйелердің қайсысына жатқызылады?
а) әлеуметтік;
б) техникалық;
в) технологиялық;
г) экономикалық;
д) дұрыс жауабы жоқ.
8. Мак-Кинси моделінің қай ішкі жүйесі интеграцияланатын болып табылады?
а) стратегия;
б) дағды;
в) құрылым;
г) штат;
д) дұрыс жауап жоқ.
9. Бернард бойынша қандай шарттар менеджердің жоғары нәтижеге жетуі барысында ең қиыны болып табылады?
а) жүйе әрекеттері үшін қажетті күш салу;
б) коммуникация жүйесін қамтамасыз ету;
в) ұйым мақсаттарын қалыптастыру;
г) В және С дұрыс;
д) А және В дұрыс.
10. Әлеуметтік-экономикалық жүйелер негізінде мыналар жатады:
а) адамдар мүдделері;
б) кәсіпорын мүдделері;
в) жалпымен қабылданған құндылықтар;
г) мақсатқа жету;
д) дұрыс жауабы жоқ
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талқылаудан бастау керек. Аталмыш тақырыпты қарастыру барысында ұйымдағы персонал еңбегінің нәтижелерін бағалауға, іс-әрекет нәтижелерінің көрсеткіштеріне, басқару жүйесі мен технологиясын жетілдіруге ерекше назар аударыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |