«адамзат ресурстарын басқару» пәні бойынша



жүктеу 0,64 Mb.
бет1/3
Дата25.11.2017
өлшемі0,64 Mb.
#1449
түріНұсқаулар
  1   2   3


ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«АДАМЗАТ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ» пәні бойынша

СӨЖ (СӨЖО) МАТЕРИАЛДАРЫ

БАКАЛАВРИАТ

Мамандық 050510 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы


ҚАРАҒАНДЫ – 2010

СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқауларды құрады: «Адамзат ресурстарын басқару» пәнінің типтік бағдарламасы және 050510 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының оқу бағдарламасы негізінде ҚҚЭУ-МИ-85-05.00-2005 пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымына қойылатын талаптарға сай э.ғ.к., доцент Байгуренова М.А.


Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасының оқу-әдістемелік семинар отырысында талқыланды.


ОӘС Хаттамасы № 10 «10» маусым 2010

Экономикалық теория және ХЭ

Кафедрасының меңгерушісі Жетпісбаева М.Қ.

Оқытушы туралы мәліметтер:

Экономикалық теория және ХЭ кафедрасының оқытушысы э.ғ.к., доцент Байгуренова М.А. 125 б.қ. көлемінде басылымдарға ие. «Экономикалық теория», «Микроэкономика», «Макроэкономика» курстары бойынша дәріс сабақтарын жүргізеді.

Офисі: Экономикалық теория және ХЭ кафедрасы аудитория №266

Қарағанды қаласы, Академиялық көшесі 9

Тел: 44 16 24 (143)

Консультациялық сағаттар (office hour): СӨЖО графигі бойынша

Уақыты: сабақтар келісімді бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.

СӨЖ(СӨЖО) БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР
СӨЖ тапсырмаларын студент өзіндік жұмыс ретінде орындайды. СӨЖ негізі семинар және дәріс сабақтарына дайындау. Семинар сабағында тақырыптың негізгі сұрақтары талқыланады. Семинар сабақтың тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, семинар сабақтың тақырыбына әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинар сабағының тақырыбына берілетін әдістемелік кеңестерді назар аудара оқып, семинар сабақтың тақырыптық жоспар сұрақтарына өз жауабыңызды дайындаңыз. Әр сұраққа жауапты қысқа және нұсқалы дайындап, формулаларды және символдарды СӨЖ арнайы дәптерге жазып отырыңыз. Дайындықты аяқтамас бұрын, біліміңізді өзіңізге сұрақтар қоя отырып, тексеріңіз. Өзіндік жұмысты орындауда қиын сұрақтарға жауап таппаған жағдайда дәптерге жазып, оқытушыдан сұраңыз.

СӨЖ тапсырмалары дәріс сабағынан бұрын орындалады. Дәріс сабағында алған білімді, әрі қарай тереңдету керек.

Бірақ семинар сабағына жоспарланған сұрақтар тақырып мазмұнын толық қамтымайды. Сол себептен студент білімін тереңдетуді ОСӨЖ процесінде жүзеге асырады. Сондықтан СӨЖО –да тақырып бойынша қосымша сұрақтар, есептер, жаттығуларды орындау арқылы тақырып мазмұны толық қарастырылады.

СӨЖ мазмұны және өңдеу формасы.

«Адамзат ресурстарын басқару» курсын оқытуда СӨЖ формаларын кең қолдануға мүмкіндік бар:


  • оқытушымен берілген дәріс конспектісін меңгеру;

  • негізгі әдебиетпен семинар сабағына дайындалу;

  • нақты тақырып бойынша баяндама жасау;

  • эссе, баяндама, рефератқа өзара сын-пікір жасау;

  • есептер шығару;

  • статистикалық мәліметтерді талдау;

  • курс терминдері бойынша глоссарий және сөзжұмбақ жасау;

  • топтық жобаларға қатысу;

  • таңдалынған тақырыпқа презентация жасау;

  • тақырып бойынша кіріспе дайындау және т.б.

Студентке СӨЖ (СӨЖО) тиімді ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстары:

Өткен материалдарды пысықтау. Өткен дәріс материалдарын пысықтау өзіндік жұмыстың ең маңыздысы. Өткен материалдар терең талданса, басқа өзіндік жұмыстар жеңіл орындалады. Үнемі және жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отыру, алдағы уақытта берілетін материалдарды жақсы түсінуге мүмкіндік береді.



Өткен материалдарды пысықтау үшін қажетті жайлар:

  • дәріс конспектісінің болуы;

  • курс бағдарламасының болуы;

  • ұсынылған әдебиеттердің қолда болуы (оқулық, есептер жинағы).

Жұмыс әдістері:

  • дәріс материалын жете түсіну;

  • конспект жасауда әдебиеттерге сілтеу жасау және қажетті толықтырулар, қажет болса түзетулер енгізіп отыру;

  • әр тақырыппен жұмыс материалды жете түсініп, еске сақталғанша жалғасу керек;

  • тақырыппен жұмыс, әдебиеттер мен оқулықтарда берілетін мысалдар мен есептерді шешу әдістерін меңгерген жағдайда ғана аяқталуы қажет;

  • түсінбеген сұрақтар болса, келесі дәрісте оқытушымен бірге талқылау қажет.

Есептерді шығару. Есептерді шығару әдісі:

  • есептерді шешу үшін берілген тақырып бойынша дәрістік материалды толық білу керек;

  • есеп шартын мұқият оқып шығу;

  • шешу жоспарын ойластыру;

  • есепті шығаруға қажетті формулаларды анықтау;

  • формула құрамындағы шамалар мәніне назар аудару;

  • алдымен жалпы түрде шешу, сонан кейін сандық мәндерін формуламен есептеу;

  • аралық және соңғы шешім нәтижелердің өлшем бірліктерін көрсету;

  • шешімнің дұрыстығына талдау жасау.

Коллоквиумға дайындық. Кейбір пәндер бойынша курстың теориялық бөлімі қандай деңгейде меңгерілгенін бағалау үшін коллоквиум өткізіледі. Сондықтан коллоквиумда қойылатын сұрақтар жауабын қайталап, пысықтау керек.

Бақылау жұмысына дайындық. Бақылау жұмысын өткізудің мақсаты:

  • студенттің ағымдағы үлгерімін тексеру;

  • топ студенттерінің дайындығын анықтау;

  • үлгерімі нашар студенттермен жұмыс әдістемесін ұйымдастыру;

Студент бақылау жұмысына дайындалуда:

  • бақылау жұмысының тақырыбын білуі;

  • берілген тақырып бойынша теориялық материалды, есепті шығару формулалары мен әдістерін қайталауы;

  • әдебиеттерді, практикалық сабақта шығарылған есептер мен мысалдарды қайталап, еске түсіруі қажет.

Егер студент үнемі жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отырса, бақылау жұмысына дайындық ешқандай қиындық туғызбайды.

Жобаларды орындау. Жобаларды орындауда кафедрамен берілетін әдістемелік нұсқауларға сүйену қажет:

  • белгіленген уақыттан кеш қалмай орындау;

  • тапсырманы орындауда қиындықтар болса, тапсырмаға сай тақырыпты қайта оқып шығу.

  • қиындықтар болса, оқытушыдан кеңес алу;

  • алынған шешімдерді талдау;

  • тапсырманы қорғауға дайындықта, сол тақырыпқа сай теория негізін тексеріп және кейбір мәліметтер өзгере қалғанда, оның шешімін ойластырып қою.

  • тапсырманы орындауда қолданылатын әдісті жете түсіну;

  • тапсырма уақытында қорғалу қажет, кері жағдайда академиялық қарыз болып есептеледі.

Студенттің өзіндік жұмысына берілетін уақыт шектеулі, сондықтан алдын -ала орындау жоспарын жасап, өзіндік жұмыс әдістерін үйреніп, тәжірбиелерді меңгеру қажет және жұмысқа қабілеттілікті сақтау үшін демалыс уақытын дұрыс өткізген жөн. Сондықтан студенттің өзіндік жұмыс әдістерін үйренуіне кафедра мен әр оқытушының жауапкершілігі жоғары.


«Адамзат ресурстарын басқару» курсы бойынша СӨЖО өткізу формалары




Тақырыптар атауы
СӨЖО өткізу формалары




Тақырып 1. Еңбек іс-әрекетінің адамзат ресурстары

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу.*

Тақырып 2. Адамзат ресурстарын басқару жүйесін ұйымдастыру әдістемесі

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, мақсаттар бұтағын құру.*

Тақырып 3. Ұйымның кадрлық саясаты

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 4. Ұйымдағы кадрлық жоспарлау

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, рефераттарды рецензиялау. *

Тақырып 5. Персоналды жалдау және қабылдау

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *

Тақырып 6. Кадрларды іріктеу

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, жеке шолу жасап, статистикаға талдау жасап, оны рецензиялау және оппонирлеу.*

Тақырып 7. Персоналдың кәсіби бағдарлануы және бейімделуі

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру, мақсаттар бұтағын құру. *

Тақырып 8. Іскерлік карьера және оның дамуы

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат жазу, жек шолу жасап, топтық жобаларды өңдеу.*

Тақырып 9. Ұйым персоналының мотивациясы

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу, топтық жобаны өңдеу, қосымша глоссарий құру. *


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау