Этика. Құндылықтар философиясы және өнер философиясы
Этика (грек. Ethos – дағды, әдет-ғұрып) – адамгершілік әртүрлі қоғамдық құбылыстардағы сан алуан түрі мен нормалары туралы ілімдер жүйесі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады.
Аристотель «этика» деп этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтады.
Аристотель бойынша, адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады: этикалық және дианэтикалық. Егер этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, темпераментіне жататын болса, дианэтикалық ізгіліктер адамның ақыл-парасатына тиеселі дүниеле.
Аристотель этикалық ізгіліктер құрамына: жомарттық, батылдық, шыншылдық, ал дианэтикалық ізгіліктерге: ақыл, парасатты жатқызады.
Этика үш бөліктен тұрады:
Теориялық этика;
Нормативті этика;
Эмпириялық этика.
Теориялық этика — этиканың негізгі үғымдарын, оның зерттеу пөнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді.
Нормативті этика — негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен катыгездік, ізгілік пен жауыздык, ар-үждан, үят, абырой, парыз және т.б. қарастырады.
Эмпириялық этика — белгілі бір кезеңдердегі адамзат үйымдарының накты адамгершілік келбеті туралы түсінік береді.
Құндылық — объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым.
Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне, т.б. баға беру қатынасынан тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Құндылықтар адам мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Оның шынайы өмірге құндылықтық қатынасы тек сана негізінде болуы мүмкін. Құндылықтық сана заттың біз үшін қаншалықты бағалы, оның құндылығы неде екенін зерттейді.
Өнер философиясы – өнердің табиғаты мен мәнін зерттейтін философияның бір саласы. Ол өнердің не екенін, оның бізге қалай әсер ететінін, оны қалай қабылдайтынымызды және түсінетінімізді және ол қандай құндылықтарды жеткізеді деген сұрақтарды зерттейді. Өнер философиясының тарихында көптеген мектептер мен бағыттар бар. Ең ерте және маңызды бағыттардың бірі – эстетика, ол Ежелгі Грецияда пайда болды. Эстетика сұлулық пен көркемдік қабылдауды зерттейді. Содан кейін әр дәуірде романтизм, реализм, модернизм және постмодернизм сияқты жаңа ағымдар пайда болып, олардың әрқайсысы өнер философиясына өз үлесін қосты. Өнер философиясы сонымен қатар шығармашылық процесс, суретші мен көрермен рөлі, өнер этикасы және оның әлеуметтік әсері туралы сұрақтарды зерттейді. Ол бізге өнерді жақсырақ түсінуге және бағалауға көмектеседі және оның өміріміздегі және қоғамдағы орны туралы маңызды сұрақтар қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |