Адам аѓзасы жєне денсаулыќты саќтау


-мәтін. Таза ауа – денсаулық кепілі



жүктеу 1,53 Mb.
бет3/8
Дата14.02.2018
өлшемі1,53 Mb.
#9624
1   2   3   4   5   6   7   8

1-мәтін. Таза ауа – денсаулық кепілі


Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады. Ауаның құрамындағы оттегі алдымен өкпеге барады. Одан қанға сіңіп, бүкіл ағзаға тарайды. Өкпе бейне сүзгі сияқты ауа құрамында түтін, шаң-тозаң болса, тұтып қалады. Зиянды заттары бар ауамен тыныс алған адамның жұмысқа қабілеті кемиді. Тез шаршап қалады. Бұл жағдай түрлі ауруға (рак, туберкулез) шалдықтырады.

Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет. Орман ішінде, теңіз немесе өзен мен көл жағалауында ауа таза болады. Ал елді қоныстарда ауаға адамның денсаулығына зиянды түрлі қоспалар араласып жүреді. Әсіресе, өндірісті қалаларда ауа көп ластанады. Фабрика, зауыт, жылу орталықтарының мұржасынан будақтап шығып жатқан қара көк түтіннен өте майда күл, шаң-тозаң ауаға көтеріледі. Ауаның тазалығын сақтау үшін ірі кәсіпорындардың мұржаларына ыс, шаң-тозаң, түрлі улы газдарды тұтатын қондырғылар орнатылады.

Ірі қалалардағы ауаның ластануының тағы бір көзі – автомашиналар. Бензинмен жүретін көліктер көп мөлшерде улы заттарды бөліп шығарады.

Айналадағы ауаның тазалығын сақтауда көгалдандырудың маңызы зор. Өсімдік ауаның құрамындағы көмірқышқыл газын, зиянды заттарды, шаңды жұтып, оның орнына көп мөлшерде оттегін бөліп шығарады.

Сондықтан көше бойлай ағаш отырғызу, гүлзарлар жасау, демалыс бақтарының көлемін кеңейту ауаның тазалығын сақтаудың бір жолы болып табылады.
Есте сақтаңыздар

Ауаның құрамы, қабілеті кемиді, өкпе, тәулік, шалдықтырады, майда күл, кәсіпорындардың мұржалары, улы заттар, көмірқышқыл газы, гүлзарлар, демалыс бағы.




Тапсырмалар
1. Мәтін соңында берілген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыздар.

2. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыздар.

3. Мәтінді ықшамдап мазмұндаңыздар.

4. Тақырып бойынша шағын эссе жазыңыздар.

5. Тапқыр болсаң тауып көр:

- Түсі бар көрінбейтін,

Бір тұтас бөлінбейтін.

Тынысы ол тірліктің,

Ешқашан жерінбейтін. (Ауа);

- Көшіп жүріп желменен,

Сеуіп шықты тамшысын,

Қыраттарға шөлдеген. (Бұлт);

- Келістіріп өрнегін,

Құрып қойды өрмегін. (Кемпірқосақ);

- Аспанды от қамшы осады,

Ащы үнін ышқынып қосады. (Найзағай).

6. Берілген сөз тіркесінен көркемдеп бірнеше сөйлем жасаңыз.

Күн бұлттанды – Күннің көзін бұлт жапты; Күннің көзі көмескі тартып, бұлт астында қалды; Күнді ентелеп, бұлт қамап тұр; Аспан түнеріп, дала күңгірт тартты; Күн қара бұлт уысында қалды.

Су тасыды – Өзен ернеуінен асты; Сең бұзылды; Сел тасқыны күшті болды; Су кемерінен асты; Телегей-теңіз; Жайқын су; Су кернеуден өтті.

7. Ауа райын танытатын сөздерді атаңыз. (жаймашуақ, жылымық, бүркеу, ызғар, тұман, шаңыту, бұрқақтау, қапырық, борандату, т.б.).


2-мәтін. Табиғаттағы су

Жер бетіндегі ең көп таралған зат – су. Глобусқа немесе жартышарлар картасына қарасаңыз, онда Жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол – су: мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер. Судың біразы жер астына шоғырланған. Мұның бәрі – сұйық күйіндегі су.

Егер күн салқындап, температура 0°С-дан төмен түссе, су сұйық күйден қатты күйге, яғни қар мен мұзға айналады.

Жердегі тіршілік және сан алуан табиғат құбылыстары сумен байланысты. Сусыз жер бетінде өсімдік өспейді, жануарлар тіршілік ете алмайды. Өсімдік топырақтағы қоректік заттарды суда еріген ерітінді күйінде ғана сіңіре алады. Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 8095 %-ы судан тұрады. Жануарлар мен адам денесінде де су көп. Адам ағзасының бүкіл салмағының жартысынан көбі судың үлесіне тиеді. Ол қанның, ас қорытатын сөлдің, сілекейдің құрамына кіреді.

Жер бетіндегі көптеген табиғат құбылыстары суға байланысты. Су тау жыныстарын бұзады, оларды бір жерден екінші жерге тасымалдайды. Соның нәтижесінде жер бедері өзгереді – таулар, қыраттар тілімделіп аласарады, ойпаттар шөгінді жыныстарға толып, тегістеледі.
Есте сақтаңыздар


Жер шары, мұхит, теңіз, өзен, көл, шоғырланған, қоректік заттар, сіңіре алады, тау жыныстары, жер бедері, қырат, ойпат.


Тапсырмалар
1. Мәтін соңында берілген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыздар.

2. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыздар.

3. Мәтінді ықшамдап мазмұндаңыздар.

4. Тақырып бойынша шағын эссе жазыңыздар.

5. Берілген мақал-мәтелдердің мағыналарын ашып беріңіздер:

- Судың да сұрауы бар;

- Су ішкен құдығыңа түкірме;

- Сыйлап берген су да тәтті;

- Шешінген судан тайынбас.

6. Су түрлерін атаңыздар.

(Ірінді су, шалшық су, лай су, жайдақ су, мөлдір су, тұнық су, ішінді су, т.б.)

7. Жауын түрлерін атаңыздар.

(Сілбілеу, сіркіреу, бүрку, себелеу, сауылдау, төпеу, шүмектеу, боз жаңбыр, нөсер, сатырлау, сытырлау, сылбыр жауын, ақ жауын, т.б.)
3-мәтін. Өзен және көл

Сайдың түбінен шыққан бұлақ ылдиға қарай сылдырап ағады. Оны жылға дейді. Оның суы жапа-тармағай жайылып кетпей, бір ізбен ағады. Әзірге оның күші де әлсіз. Жаяу келе жатқан кісі ағып жатқан судан аттап өтіп кете алады.

Жылға баяу жылжып аға береді. Оған жолшыбай басқа жылғалар қосылады. Сөйтіп, ағыс молая түседі. Жылғалар бір-бірімен қосылып өзен құрайды. Өзеннің ағып шығатын жері бастауы деп аталады. Уақытша пайда болатын ағыстардан ерекшелігі - өзен жер бетіндегі белгілі бір ойысты бойлап ағады. Ол арна деп аталады.

Жолда негізгі өзенге бүйірден басқа ұсағырақ өзендер келіп қосылады. Мұндай жолдан қосылатын өзендер негізгі өзеннің саласы деп аталады.

Өзен көлге немесе теңізге барып құяды. Оның көлге, теңізге барып қосылатын жерін сағасы деп атайды. Жазық жердегі өзендер баяу ағады. Қазақстанның көптеген өзендері (Жайық, Сырдария, Ертіс) сондай. Бұған керісінше тау өзендері қатты ағады.

Адам баласы өзенді ерте заманнан бері өз қажетіне пайдаланып келеді. Одан ауыз су алады, мал суарады, балық аулайды. Өзен суы егістіктерге жіберіледі. Ірі өзендерде жолаушы және жүк таситын кемелер қатынайды.

Құрлық бетіндегі түрлі ойыстарды көлдер алып жатады. Көлдердің көлемі әртүрлі болады. Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды. Ал ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді. Ірі көлдерде теңіздегі сияқты үлкен кемелер жүзеді. Ондай көлдерде күшті дауыл соққанда биік толқын көтеріледі.

Көлдер тұщы немесе тұзды болуы мүмкін. Ыстық жақтарда жазда көл суы көп буланады. Ағын сумен шайылып келген тұздар түбіне тұнып қала береді де, тұзды айдындар пайда болады. Қазақстанда тұзды теңіздер мен көлдер (Каспий, Арал, Балқаш) көп кездеседі.

Көлдің шаруашылыққа пайдасы үлкен. Өзен сияқты көлден де балық ауланады, ауыз су алынады, мал суарылады. Тұзды көлдерден тұз өндіріледі.

Суға тапшы құрғақшылық жерлерде қолдан көл жасалынады. Оны жасанды көл деп атайды. Қолдан көл жасау үшін құрғақ сайдың алдына топырақ үйіп, бөгейді. Көктемде еріген қар суы бөгетке жиналады. Жасанды көл шағын өзендерді бөгеу арқылы да жасалады. Ол мал суаруға, қолдан балық өсіруге, бау-бақшаға пайдаланылады.


Есте сақтаңыздар

Сай, ылди, сылдырлап ағады, жылға, ағыс, бастау, арна, сала, саға, жазық жер, құрлық, бөгет, ауыз су, суға тапшы, көп буланады, құрғақ сай, еріген қар, шағын өзендер.




Тапсырмалар
1. Мәтін соңында берілген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыздар.

2. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыздар.

3. Мәтінді ықшамдап мазмұндаңыздар.

4. Қазақстандағы өзен мен көл атаулары, географиялық орналасуы туралы мәлімет дайындап келіңіз.

5. Берілген мақал-мәтелдердің мағыналарын ашып беріңіздер:

- Көл толқыса – жар құлайды,

Көп толқыса – хан құлайды;

- Көп түкірсе көл болады;

Адамгершілікке арналған үш сауал бар:

Шөлге құдық қазған бір сауап,

Өзенге көпір салған бір сауап,

Жолға ағаш еккен бір сауап;

- Адам қатесіз болмас,

Көл бақасыз болмас.

6. Тапқыр болсаң тауып көр:

- Еш тесікке тұрмайды,

Ол жоқта жер құрғайды. (Су);

- Қиы шыңнан құлайды,

Тасты бұзып арыны.

Ақ жалданып тулайды,

Құлақ жарар сарыны. (Сарқырама);

- Бұйра жасап сан қилы,

Сұйық жазық шалқиды. (Теңіз);

- Сынаптай жылтырап,

Биіктен сырғиды,

Ән салып былдырап,

Іздейді ылдиды. (Бұлақ);

- Туған жердің белбеуі,

Шұбатылып қалыпты.

Керемет-ау кернеуі,

Тасты тесіп, жарыпты. (Өзен)
4-мәтін. Ауаның ластануы. Ауаны қорғау

Табиғаттағы заттар айналымы арасында белгілі бір үйлесімділік бар. Олар әр қабаттағы өзінің белгілі бір мөлшерін сақтайды. Сондықтан ауаның құрамы тұрақты болып шығады.

Өркениет пайда болған кезден бастап ауаға кездейсоқ заттар қосыла бастады. Оған дейін ауа табиғи жолмен ғана ластанатын. Жанартаулар атқылағанда ауаға бу күйіндегі заттар, улы газдар араласады. Жел арқылы шаң, тозаңдар ұшып шығады.

Орман өртенген кезде көп мөлшерде газдар ұшып шығады. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдығы шірігенде түзілетін газ заттары да ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи ластануға жатады. Заттар айналымы кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі тазартып отырады.

Қазіргі кезде ауаның ластануы адамның іс-әрекеті салдарынан жиілеп отыр. Оны ластайтын жылу электр станциясынан, мұнай өңдеуден, металл өндіруден, көліктерден, т.б. шығатын қалдықтар.

Ірі қалалардағы ауаның ластануы қауіпті шегіне жетті. Қалаға сырттан қарағанда оның үстін түтінді тұман басып жатқанын көресің. Ол тұман газ бен тозаңның араласуынан түзіледі. Содан келіп қаланың ауасы нашарлайды. Ауа температурасын біршама көтереді. Қала ауасының құрамында су буы көп болады да, ылғал ауамен тыныс алу қиындайды.

Ауаның ластануы тіршілік етушілерге өте зиянды. Өсімдіктердің жапырағына қонған шаң оның тыныс алуын, суды буландыруын баялатады. Ормандағыдан гөрі қалада өсетін ағаштар тіршілігі ерте тоқтайды. Орманда 400 жыл жасайтын жөке ағашы қала ауасында 5080 жыл ғана өмір сүреді.

Жануарлар да, адам да ауа құрамына сәйкес газ қоспасымен тыныс алуға үйренген. Қоспаның құрамы өзгергенде, басқа газдар араласқанда ағзаның тыныс алуы бұзылады. Сөйтіп ол ауруға шалдығады.

Ауаға тарайтын кездейсоқ заттардың көбеюінен ауа қабаты өзін-өзі тазарта алмайды. Оны қорғау қажет. Ол үшін арнайы шаралар жүзеге асырылады. Зауыттарға тазартқыш қондырғылар орнатылады. Автокөліктерден шығатын түтіннің жолына сүзгі қойылады. Сұйық отын газбен алмастырылады.

Ауаны тазартудың ең тиімді жолы – көгалдандыру. Бұл аса маңызды іске өздерің де қатыса аласыңдар. Сенің еккен әр ағашың ауаны тазартуға қосқан үлесің болып табылады.


Есте сақтаңыздар

Үйлесімділік, мөлшер, өркениет, кездейсоқ, жанартаулар, мұнай өңдеу, жөке, тыныс алу, тазартқыш қондырғылар, сұйық отын, арнайы шаралар, алмастырылады, көгалдандыру, үлес.


Тапсырмалар
1. Мәтін соңында берілген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыздар.

2. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыздар.

3. Мәтінді ықшамдап мазмұндаңыздар.

4. Тақырып бойынша шағын эссе жазыңыздар.

5. Қардың түрлерін атаңыздар.

(Қалың қар, аппақ қар, жапалақ қар, ақша қар, ұлпа қар, қиыршық қар, сонар қар, күртік қар, оппа қар, т.б.)

6. Жел түрлерін атаңыздар.

(Леп, өлпек, желкем, ескектеу, үру, уілдеу, ызғар, ызыңдау, үскіру, азынау, ызғыру, ұйытқу, т.б.)

7. Мәтіннен жалпы зат есім мен жалқы зат есімдерді тауып, сөйлем құрастырыңыздар.

8. Халық ауа райын қалай болжаған? Бұған қосар ойыңыз.

Тауық биікте қонақтаса не болады? (жаңбыр)

Үйрек бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына тықса не

болады? (аяз)

Қаздар аяқтарын бауырына тығып жатып алса не болады?

(боран)

Бозторғай ән салса не болады? (күн ашылады)



Құмырсқалар илеуінің аузын бекітіп алса не болады? (нөсер)

Бұлт жер бауырласа не болады? (күн суытады)

Қарлығаштар төмендеп ұшса не болады? (жел)

Ордалы жылан, құрт-құмырсқа топ-тобымен басқа жаққа көше

бастаса не болады? (жер сілкінісі болады)

Ит ұлыса не болады? (жаманшылық немесе табиғат апатының

белгісі)

Жауын немесе боран жұма күні басталса не болады? (келесі

жұмаға дейін созылады).
5-мәтін. Қазақстан табиғаты

Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтардың барлық түрі орасан зор көлемде бар деуге болады.

Қазақстандағы ең ірі өзендер – Ертіс, Сырдария, Іле, Есіл және Тобыл.

Қазақстан аймағының ауқымдығына қарай ауа райы әр түрлі болып келді. Барлық территория үшін ортақ сипаттама ол – жердің қуаңдығы мен континенталдылығы.

Қазақстандағы ең биік шың республикамыздың оңтүстік-шығысындағы Тянь-Шань тауындағы Хан Тәңірі шыңы болып табылады.

Қазақстанда 158 түрлі сүтқоректілер, 485 түрлі құстар, 15-ке жуық балықтар мен көптеген жануар – жәндіктер кездеседі.

Қазақстанның өзіне тән өсімдіктері сан-алуан, әрі бай. Мысалы, бір ғана дәрі жасайтын өсімдіктің өзі 150-ге жуық.

Қазақстанда мемлекеттік қорық бар.

Көптеген жанауарлар мен өсімдіктер өкіметтің қамқорлығында. Олардың ішінде Алматы қаласының рәмізіне айналған тау барысы мен Республика байрағында бейнеленген нұрлы болашаққа самғап бара жатқан елді көрсететін бүркіт те бар.
Есте сақтаңыздар


Жер қойнауы, ең биік шың, сүтқоректілер, жәндік, сан-алуан, дәрілік өсімдіктер, қорық, өкімет қамқорлығы, бүркіт, болашаққа самғау.


Тапсырмалар
1. Мәтін соңында берілген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыздар.

2. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыздар.

3. Мәтінді ықшамдап мазмұндаңыздар.

4. Табиғат тақырыбына байланысты 12 шумақ өлең шығарып көріңіздер.



жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау