Абдул-баха



жүктеу 0,66 Mb.
бет3/3
Дата26.05.2018
өлшемі0,66 Mb.
#17911
1   2   3
Ол- Құдай!

Уа, менің сенімді достарым!

Ақиқат бір Құдайдың көз алдында, барлық елдер, өз мәнінде бір ел және қалалар мен ауылдардың барлығы өз маңыздылығы бойынша тен. Ешқандай да жерге артықшылық берілмеген. Барлық жерлер Құдайдың егіндері және адамдардың жанынын мекендері. Дегенмен, адамдардың сенімдерінің және сенгендіктерінін арқасында, сондай-ақ, олардың алда болуға жеткендіктерінін арқасында, кейбір елдер құрметке бөленді, өйткені, мекен етуші- мекеніне құрмет көрсетіп, содан әдеттен тыс дәрежеге ие болды. Сонымен, Еуропа мен Американың кейбір елдері, өзінің игілі ауа райымен және сауықтыратың суларымен аты шығып немесе өзінің тауларынын сұлулығымен, алқаптары және бөктерлерімен басым түседі; бірақ, бүкіл елдердің ішінде нақ Палестина ғана биіктеп тұр, өйткені, Құдайдың қасиетті Елшілерінің барлығы, Ыбырамның заманынан бастап Мұхаммедтің келуіне дейін осы жерде өмір сүріп немесе осы жер арқылы саяхаттаған. Осы тәрізді, Мекке мен Медина да шексіз даңққа бөленген, өйткені, онда Пайғамбарлықтың жарығы жарқыраған. Палестина мен Хиджаздың неліктен таңдаулы жерлер болғаны міне,сондықтан. Сол сияқты, американдық құрлық та, ақиқат, бір Құдайдың көз алдында, Оның жарығынын әсемдігі жарқырап, Оның Сенімінің құпиялары ашылатын болатын, тақуаларға арналған үй мен еркіндікте болғандар үшін жиналатын орын болатын, алғыс-батаға ие болған өлке болып табылады. Сондықтан да, мұнда әр жер алғыс-батаға ие болған; бірақ, осы тоғыз штатта сенім мен иланып-сенушілік әбден ерекше нығайтылған болғандықтан, оларға рухани басымдылық берілген. Осы рақымның маңыздылығын ұғыну керек; осы баға жетпес игілік пен осыншама ұлы сыйды бергені үшін Билеуші Иемізге ризашылығымызды айту үшін, сенушілер Құрандағы: «Құдай көк пен жердін жарығы болып табылады. Оның жарығы қабырғадағы шам тәрізді: шам шыны ыдыста, шыны ыдыс жұлдыз сияқты жарқырайды. Оның ішінде, шығыста да, батыста да жоқ,ақ батаға ие болған бір ағаш жанып тұр, оның ішіндегі майы болса- ол зәйтүн майы, оған от тимей-ақ жана бастайды. Жарық-жарыққа! Құдай кімді қаласа, Өзінің жарығына соны алып жүреді»,- деген ақ батаға ие болған аятты естерінде ұстап, Құдіреттінің жұпар иісін таратуға көтерілсін.

Ол айтады: «Табиғилықтын әлемі қара түнектін әлемі, өйткені, одан мындаған күнәлар шығады; одан қала берді, бұл оның қабаттары бірінен-бірі өтетін қара түнек.Табиғи әлемдегі ағартушылық Мәңнің Күнінің жарқыраған сәулелерін әкеледі. Тәлімгерлік қасиет, білім мен даңалықтың ыдысында жанған шам тәрізді, ал ол ыдыс болса- оның ішінде адамзаттың нағыз болмысы көрінетін айна тәрізді. Шам Алғыс-батаны иеленген Ағаштың жемісінін майымен тұтанады, бұл май тазартылған және оның табиғаты да, оның өз-өздігінен отсыз тұтанатындығында. Жанудың жап-жарық болуы да, ыдыстың жарқырауы да, айнаның тазалығы да болған кезде, көзді қарықтыратындай жарқырап шыға келеді- «жарыққа-жарық!». Осы тоғыз ақ батаға ие болған штаттарда, бір кездері, Абдул-Баханың да саяхаттағаның еске сала кетпекпіз, қаладан-қалаға көшіп отырып, Ол адамдарға Құдіретті кітаптардың даңалығын түсіндіріп, олардың араларында қасиеттіліктің жұпар иісін таратқан. Көптеген қалаларда Ол Құдіреттінің Құрылысының негізін салып және онда тәлімгер болуға жол ашқан. Осы штаттардың жеріне ол сұрыпталынып алынған дәндерді тастап және ол жерге ақ батаға ие болған ағаштарды отырғызып отырған.

Бүгінде, Бәріне рақымдының қызмет етуші ерлері мен әйел адамдары, дәндер өсіп-шығып және мейірімді өскіндерді беруі үшін және де ақ бата да және өркендеу де осы жерге жетіп әрі оны орып алу ұланғайыр көп болуы үшін, осы егістіктерді суарып және Құдайдың жерлерін зор ұмтылыспен күтіп-баптаулары тиіс болады.

Құдай Патшалығы жерді өндеуші тәрізді, құнарлы, астықты жерлердін бөлігін өзінің меншігіне алған. Себуші осы жерлерге Құдіреттінің дәндерін себеді, көктін Құдіретті күшінін бұлттары оған жауын болып құйылады; мәңнің сәулелері, оған жарық пен жылуды беріп оған жарығын шашып тұр.

Бүгінде осы игіліктердің барлығы толығымен осы штаттардың әрқайсысына жіберілген. Егінге Құдіреттінің Ілімінің сұрыпталып алынған дәнін тастаған Көктін Себушісі осы ақ баталы жерлермен өткен еді; Құдайдың жомарттығының жауыны оны сеуіп өтті және Мәңнің Күнінің ыстық жарығың, Оның рақымды қолдауы- өзінің бар жарқылымен оның үстінен жарық шашып тұр. Сенушілердің әрқайсысы, білікті және теңдессіз жер өндеуші бола алады және де осы ақ баталы жандардың еңбектерінің арқасында, Американың барлық шегі тамаша жұмақ бағына айналады, сонда сендер биік шындағы топтардан шығатың ұранды естисіндер: «Сендер ақ батаға ие болғансындар, мәңгі бақи ақ батаға ие болғансындар!».

Бейбітшілік пен мадақ сендерге жауа берсін!
Уа, Рақымды Билеуші Ием! Мадақ саған болсың, өйткені, Сен бізге тура жолды көрсеттін, патшалықтың қақпасың аштың және Мәңнің Күні арқылы Өзінді көрсеттін. Көздері көрмейтіндерді Сен көретіндей еттін, құлағы естімейтіндерді Сен ести алатындай еттін, Сен өлілерді тірілттін, Сен кедейлерді құрметтедің, Сен адасқандарға жол көрсеттін; кімнің ерні кеберсіп қалған болса, соларды құдіретті күштін бастауына алып келдін; Сен аңсап-шөлдеген балыққа ақиқаттың мұхитына жетуге мүмкіндік бердін, Сен кезбе құстарынды рақымның алқызыл бағына шақырдың.

Уа, Ең Құдіреттім! Біз Сенің түкке тұрғысыз құлдарынбыз, Сен бізді қалдырып кеттін және де біз Сенің қатысқанынды аңсаудамыз, біз Сенің бастауындағы суынды аңсаймыз, біз Сенің емдеуінді тілеп, күтудеміз. Барлық жандар: «Уа, Тәңірім, бізді тура жолмен жүргіз»,- деп жар салсың деп, біз Сенің жұпар иісінді таратудан басқа мақсатты немесе үмітті іздемей-ақ, Сенің жолынмен жүрудеміз. Олардың көздері ашылып және жарықты көріп, содан олар білместіктін қара түнегінен босанып шықсын. Олар Сенің Жетекшілігіңнің шырағының айналасына жиналсыншы. Үлесінен құрғалған әрқайссы өз үлесін алсыншы. Айырылып қалғаңның әрқайссы Сенің құпияларына жақындасың.

Уа, Ең Құдіреттім! Бізге рақымды жүзбен қара. Көктегі тазаруды бізге бере гөр. Біз Саған қызмет етуде көмекке ие болуымыз үшін және де жарқ-жұрқ еткен жұлдыздар тәрізді, осы жерлерде Сенің жетешілігіңнің жарығымен жарқыраулары үшін бізге Қасиетті Рухтың демін сыйла.

Сен, ақиқатында, Билік етуші, Аса күшті, Даңа әрі Көрушісің.
ОҢТҮСТІК ШТАТТЫҢ

БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ


1917 жылдың 3 ақпанында Хайфада, Измаил-Аканың бөлмесінде ашылып және Америка Құрама Штаттарының оң алты оңтүстік штаттарының бахаиларына арналған: Делавэр, Мэриленд, Виргиния, Батыс Виргиния, Солтүстік Каролина, Джорджия, Флорида, Алабама, Миссисипи, Теннеси, Кентукки, Луизиана, Арканзас, Оклахома мен Техасқа.
Уа, ақ батаны иеленіп және лайық болған жандар!

Бұрынғы заман философтары, орта ғасырдың ойшылдары, сондай-ақ, бүгінгі және өткен ғасырдағы оқымыстылардың барлығы да, адамның мекен етуіне әлдеқайда сай әрі жағымды болатын ауа райының қоңыржай қалыпты жері деп есептеген, өйткені, осы қалыптағы жердін жағдайында, кісінін инттелектісі мен ойлау қабілеті толысып жетілудін ең жоғары дәрежесіне жетіп және өркениеттің дамитың мүмкіндіктері толық шамада көрініс береді екен. Егер тарихқа көз тіге қарайтын болсақ және оның фактілері туралы ойланып-толғанар болсақ, көрнекті қайраткер адамдардың көбісі ауа райының қоңыржай қалпы бар жерде өмір сүріпті және де тропикалық немесе полярлық елдерден шыққан адамдар болса өте аз екен.

Сендердің оң алты оңтүстік штаттарының ауа райы қоңыржай қалпы бар жерде орналасқан, табиғат ол жерге әлемінің бар кәміл жетілгендіктерін молынан берген. Осы жерлердін игілі ауа райы, жер бетінін көрінісінін сұлулығы мен географиялық жағдайлардың лайықты болуы адамның ойлануының дамуына жағымды әсер етеді. Бұл дерек бақылаумен және тәжірибемен расталған.

Сондай-ақ, Қасиетті Құдіреттінің Елшілері де табиғи мүлтіксіздікпен айырықшаланған: тамаша тұлғасымен және денсаулығымен, физикалық күшімен, сезіну ағзаларының қабылдай алуының өткірлігімен, сезіну мен ақыл-есінін үндестігі- осының барлығына олар толығымен бөленген.

Табиғи жағдайлар соншалықты жағымды болған осы оң алты штатта, Құдіреттінің Ілімі өзінің бар ұлылығымен көрінетінінде күмәнім жоқ: оларды бәрін бойлай алатын Қасиетті Рухтың аса қуатты лебі желпіп, Құдайға деген махаббаттың теңізі толқын атып, Құдіреттінің рақымының бағынан жүйткіп ескен самал желдер желпи келіп, содан қасиеттінің жұпар иісі тез аралықта тарай бастайтын болады.

Құдайға шүкір- Құдіреттінің құйылуының қайнар көзі де сарқылмауда; Құдайдың заңдарының әуені аса қуатты аккордпен шығуда; аса ұлы Шам-Шырақ көкжиекте өзінің мүлтіксіз жарқылымен шықты; кедергілердін барлығын құртушы, биік шындағы топтардың әскерінін асқан қуатынан өту мүмкін емес; сөздері семсерден өткір; сенушілердің жандарының ұлылығы болса, өткен замандағы және болашақтағы ұрпақтардың бәрінен басым түсіп жатыр; адамдардың рухы Құдіреттіге ұмтылған және Құдайға деген махаббаттың оты жарқын болып жалын атуда.


Бүгінде, осы күндерде, біз осы аса ұлы мүмкіндікті жіберіп алуға құқымыз жоқ. Бір минут та, біз әрекетсіз болуға тиіс емеспіз; бізге тыныштықтан, демалыстан, өмірдін қуаныштарынан, мүліктен, жағдайлардан, материалдық нәрселердін барлығына байланып қалудан бас тартқан жөн болады.Патшалықтың күштері өзінің бар асқан қуатын көрсете алуы үшін және де осы Жаңа Дәуірде көз қарықтыратың жарық нұр ақыл мен идеялар әлемің нұрға бөлеуі үшін, біз бәрін де Оның Қасиеттілігіне, бар мәңістің Иесіне құрбандыққа әкелуге тиіспіз.

Американы Құдайдың хош иісі желпіп жатқанына, міне, жиырма үш жыл болды, бірақ, бұл жерде Істің көзге көрінетіндей жылжи түсуі байқала қойған жоқ: Сенімді лайықты боларлықтай мойындау да жоқ, оны таратудың жылдамдатылған жүрісі де жоқ. Мен, жоғарғы топтар мен періштелер әскерінін хош иісінің есуінін және аспан игілігінің түсуінін арқасында, Құдіреттіге рухтың таратылуының және Құдайдың махаббатының бастауынан аса қуатты қыйылу арқылы, сенушілер серпіліп және Оның жүзін көре алатын зор рақымға ие болады; Мәңнің Күні жарқырап шығатыны соншалық, табиғи әлемнің қара түнегі мүлде жоғалып және сейілетін болады; жан-жақтан ғажайып әуендер шығатын болады; таңғы құстар тамаша әнді шырқайтыны соншалық, адамдар әлемінің барлығы қозғалысқа еніп және өмірге толы болады, Құдайға деген махаббаттың жалынымен тұтанған жеректер жіби бастайды да және дөрекі болып әрі тас сияқты қатып қалған жандар болса тіріліп, қанаттарын жайып және аспанға қарай самғап ұшатын болады.

Екі мын жылға жуық бұрын Армения көрінбейтін қара түнекке оранған болатын. Бірақ, Иса Мәсіхтың шәкірттерінін санына жататын, ақ батаға кенелген бір жан осы жерге келген соң, содан оның еңбегінің арқасында, осы ел тез арада жарықпен нұрға бөленді. Осылайша Құдай Патшалығының аса күшті қуаты көрінген болатын!

Сондықтан да, Бәріне рақымдының қолдайтынына сенімді болындар және Ең жоғарғының көмегіне де; әлемнің және оны мекендеп жатқандардың үстінен жоғары көтеріліндер; бұ дүниеліктің бәрінен тазарындар және бұқара халықтың игілігіне қарай өздеріңнің ой-ниеттерінді ұмтылдырып бағыттандар; рухтың мәңінің өзі сияқты, сендердің жандарын сәулеттенген және асқақ болуы үшін бұ дүниедегілерден бас тартындар. Ал, содан соң, жүрек тазалығы мен рухтың нұрлылығына ие болып, берік шешімділікпен және шешендікпен қаруланып алып, адамдар әлемінің бірлігі өзінің шатырын Американың үстінен айқара жайып салып және әлем халықтарының барлығы Құдайдың шақыруына құлақтарын түрулері үшін Құдіреттінің заңдарын орнататың іске өздерінді арнандар. Құдай жер бетінде тұрып жатқандардың барлығына қатысты әділеттік пен мейірімділікті көрсетуге әмір етеді. Өйткені, әлем халықтары өз мәнінде, Құдайдың діншілдері, ал Құдай- олардың мейірімді шіркеушісі. Ол осы қойларды, осы діншілдерін жаратты, Ол сақтап, оларға азығын беріп және өсірді. Бұдан өткен игілік бола ма? Және де, қай сәтте де, біз, Құдай мадақтала берсін, надандық пен наным-сенімдердің қара түнегінен босанып шығып және Құдайдың қойларынын бәрін жақсы көріп, бәріне және әрқайссына қызмет етуді өзіміздің ең жоғары ұмтылысымыз етіп әрі қай жанды да болмасын әкелік сыпайылығымызбен үйретуге тиіспіз.

Бейбітшілік пен мадақ сендерге бола берсін!


Осы штаттардың қалаларына, ауылдары мен поселоктарына сапар шегушілердін қайыссы болмасын, Құдайдың хош иісін таратып, күн сайын, тәңертенгілікте мойынсұнғандықпен жалбарынуы тиіс:
Уа, менің Аллам! Уа, менің Тәңірім! Ұлы істі қолына алып, адамдардың арасында Сенің сөзінді жария етіп және Өзіңнің халықтарыңның арасында Сенің Іліміңді тарату үшін көтерілген мойынсұнған және әлсіз мені Сен көріп тұрсың. Егер де Сен, мені Қасиетті Рухтың демімен нығайтпасан, маған Өзіңнің даңқты Патшалығыңның әскерін көмекке жібермесен және Өзіңнің қолдауын арқылы,- шыбын- бүркітке, тамшы- теңізге, ал біртұтас атом- жарықты шашқан күннің көзіне айналдыратынынды, осынынды маған сыйламасан, мен жетістікке жете алар ма едім? Уа, менің Билеуші Ием! Менің аузым Саған мадақ айта алуы үшін және адамдардың арасында Сенің атынды жариялауы үшін, ал менің жаным Сенің махаббатың мен Сенің біліміне толы болуы үшін, мені Өзіңнің аса қуатты да әрі бәрін женуші күшінмен қолдай гөр.

Сен, ақиқатында, Ең құдіреттісің және Өзіңнің еркінді Іс жүзіне асырушысың.

ОРТАЛЫҚ ШТАТТАРДЫҢ

БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ
1917 жылдың 8 ақпанында, Бахаулланың бөлмесінде, Аккадағы Абудтың үйінде ашылған және Америка Құрама Штаттарының оң екі орталық штаттарының бахаиларына арналып жазылған: Мичиган, Висконсин, Иллинойс, Индиана, Огайо, Миннесота, Айова, Миссури, Солтүстік Дакота, Оңтүстік Дакота, Небраска мен Канзасқа.

Ол- Құдай!

Уа, менің шынайы сенген сүйікті достарым!

Құдай ұлы Құранда: «Ол кімді қаласа, Өзінің рақымы үшін соны таңдайды»-деп айтқан.

Америка Құрама Штаттарының оң екі орталық штаттары- ол Американың жүрегі. Жүрек адам денесінін барлық ағзаларымен және мүшелерімен байланысқан, және де егер жүрек мықты болса, онда бүкіл ағзалар да күшті, ал егер ол әлсіз болса, онда дененін барлығы да әлсіздікке ұшырайды.

Құдайға шүкір, Чикаго да, оның барлық манайы да, алғашқы күннен бастап, Американың үстінен Құдайдың жұпар иісі ескен кезде, өз мәнінде осындай жүрегінін мықтылығың көрсеткен болатын. Сондықтан да, аспан рақымының және құдіретті күштін арқасында, осы қалаға, оның барлық ұлы бастамаларында жоғарыдан қолдау жіберілген болатын.



Біріншіден. Патшалықтың Шақырғаны жарияланған Американың ең бірінші қаласы Чикаго болып шықты. Ақиқатында, бұл ең жоғары басымдылық және де болашақ ғасырлар мен дәуірлерде, бұл Чикагоның ұлы даңққа бөленуінін себебі болып қызмет етпек.

Екіншіден. Ақ батаға ие болған қалада, берілген және адал жандар, діни сенімдерінде нығайа түсіп, өздерінің жүректерін тазартып және бұ дүниеліктін барлығынан безініп, Құдайдың Ісіне қызмет етуге көтеріліп және өздерің Оның Ілімін таратуға арнаған болатын. Биік шындағы топтардан шығатын осы іске деген мадақтар үздіксіз шырқалуда. Үшіншіден. Өзінің Америкаға саяхат жасаған кезінде, Абдул-Баха бірнеше рет Чикагода болған және онда Билеуші Иеміздің достарыменен қатынаста болған. Біраз уақыт бойы Ол осы қалада тұрған. Онда болған кезінде, Ол күнімен де, түнімен де, ақиқат бір Құдайды аузына алып және адамдарды Құдайдың Патшалығына шақырды.

Төртіншіден. Жүректін жұмыс істеуі, дененін барлық ағзалары мен мүшелерінен байқалатыны сияқты,Чикагода жасалынған қай бастаманың әсері болмасын, жан-жаққа және барлық бағыттарға таралып отырды.

Бесіншіден. Чикагода, америка құрлығындағы ең бірінші Машрикуль-Азкарды (Табыну Үйін) салуға шешім қабылданған болатын және де бұл құрметті ештенемен де салыстыруға болмайды. Шүбәсіз, бұл Ғибадатхана мындаған басқа да Табыну Үйлерінің салынуына бастама болмақ.

Чикагода бірінші, жыл сайынғы Жалпы құрылтайлар өткізілген болатын, «Стар ов зе Вест»,- жұрналынын басылымы шыға бастады, Баспа қоғамының негізі салынып, Американың барлық бөліктерінде Киелі Жазбалардың басылымымен және таратумен айналысуда, ал бүгінде, Құдай Патшалығының Жария етілуінін жүзжылдық Алтын ғасырын тойлауға дайындық жүріп жатыр. Мен осы мереке мен бұған арналған көрме жоғары рухани жағдайда өтеді және әлемнің бірігуіне шақыру да жария етілетін болады деген үміттемін. «Жалғыз бір Құдайдан басқа, ешқандай да Құдай жоқ және де Оның Елшілерінің барлығы, ең басынан бастап, Пайғамбардың Мөрі болған- Мұхаммедке дейін,- ақиқат, бір хақ Құдайдан келген!».

Мен, жақын арада, адамзат әлемінің бірлігінін туы биікке желбіреп, содан Ғаламдық Әлемнің музыкасы жан-жақта шырқалатыны туралы армандаймың, жолдардың барлығы ашылып және түзетілетін болады, барлық жүректер Құдайдың Патшалығына қарай ұмтылып, Американың үстінен бірлік шатыры құрылып, сонда, Құдайға деген махаббат әнін естіп, барлық ұлыстар мен халықтар серпіліп және қуанып әрі жердін беті мәңгі жұмақ бағына айналатын болады, содан қара түнек бұлттар сейіліп және Мәңнің Күні бар толығымен жарқырайтын болады.

Уа, Билеуші Иеміздің достары! Бірлік, махаббат, жүректердің арасында өзара түсіністік пен келісім орнатылуы үшін, барлығы бір мақсатқа ұмтылулары үшін, барлық әндер бір әуенде қосылып және Қасиетті Рухтың шексіз қуатты күші, табиғи әлемнің күштерін тас-талқан етіп, өзінің бар толығымен көрінуі үшін бар жүректерінмен және жандарынмен еңбек етіндер. Күштерінді аямандар; сендерге ештенемен де салыстыруға келмейтін міндет жүктелген. Егер сендердің еңбектерін табыспен аяқталатың болса, онда Америка, еш күмәнсіз, рухани қуатты күштін өзегіне айналып, содан, Құдай Патшалығының тағы онда әсемдік пен даңқтың жарқырағанымен орнығатын болады.

Осы өткінші әлем бір сәт те өзгерусіз қалмайды. Әр секунд сайын, онда өзгерістер мен өткелдер, асулар болып жатады. Қай ғимарат болмасын, ақыр аяғында, құлайды, қай даңқ пен әсемдік болмасын сөніп және жоғалады, бірақ, Құдай Патшалығы өтпелі емес, және аспан үстемдігі мен ұлылық өзгеріссіз әрі мәңгі болып қала береді. Сондықтан да, даңа адамның түсінігінде, Құдай Патшалығындағы сабан жердегі билеушінің тағынан әлдеқайда артық.

Менің ойым үздіксіз орталық штаттарға қарай ұмтылуда; Құдайға деген махаббаттың кернейлері тәрізді, қасиеттілік пен күнәсіздіктің көкжиегіндегі жұлдыздар, осы қара түнек мекенді жарықпен нұрландырып және осы өлі әлемді өмірге оятуға қабілеті бар сол жандардың,- ол жақтан ақ батаға ие болған жандардың әңдері жақың арада маған жететін болады. Абдул-Баханың қуанышының қайнар көзі де осында! Осы істе сендерге жоғарыдан қолдау өзгеріссіз болатынына мен сенемін.

Мүлде безінудін күйіне жеткен сол адамдар, табиғи әлемнің шектеулерінен өтіп және жердегілерге байланып қалудан босанып, мәңгі өмірдін демі кімдерді желпіп жатса, солар, кімдер нұрлы жүрекке бөленсе, солар, көктін рухымен және жанының ұлылығына, Құдіреттіге ұмтылып және шешендікке ие болып әрі ойдың анық айтылатын қасиетіне ие болғандар- осындай адамдар қызмет етуге көтерілулері тиіс және үйлерін қалдырып, орталық штаттардың түкпір-түкпіріне аттанулары керек. Қай қалада және ауылда болмасын, олар адамдарды ағартып және адамзат әлемінің бірлігін бекіту үшін Құдіреттінің уағыздары мен ақыл-кеңестерін таратқандары жөн болады. Кімнің өмірі сөнген болса, сол қайта серпіле алатындай және өлі қайта тіріліп, ал немқұрайлы болған тамсаныспен жалын атуы үшін, олар жалпылай татуластыратың әндерді, оны, тіпті, санырау да ести алатындай етіп, сондай бір күшпен шырқаулары тиіс. Бұл шүбәсіз, еңбектердің лайықты боларлықтай аяқталуы болып шығады.
Құдайдың хош иісін таратушылар, күн сайын тәңертенгілік кезде, мынадай дұғаны айтуына болады:
Уа, Билеуші Ием! Уа, Билеуші Ием!Мені Патшалықтың жолына алып шығып, маған осы тура да әрі ұзын жолға түсуіме мүмкіндік беріп, менің жүзімді сәулеттендіретін отты келтіріп, менің құлағым үшін, Құпиялар Патшалығынан қасиетті құстардың әуендерін ашып және Өзіңнің тақуаларына деген махаббатынды менің жүрегіме тартқаның үшін мадақ пен алғыс Саған болсың.

Уа, Билеуші Ием! Мен Сенің Есімінді халықтардың арасында жария етіп және Сенің Патшалығыңның келгені туралы қуанышты хабарды оларға жеткізе алуым үшін Қасиетті Рухпен мені қолда.

Уа, Билеуші Ием! Мен әлсізбін, мені Өзіңнің күшінмен және құдіретті қуатынмен нығайт. Менің тілім түсініксіз, маған дауыстап Сені аузыма алуыма және мақтауыма рұқсат ет. Мен жалғызбын, Өзіңнің Патшалығына алып жүруінмен маған құрмет көрсет. Мен Сенен алыстамың, Өзіңнің рақымдылығыңның босағасына мені жақындата гөр.Уа, Билеуші Ием! Мені жарық шырақ, жарқыраған жұлдыз ет және жемістерімен әшекейленіп, бұтақтары осы өлкелердін бәрін жауып тұратын, ақ батаға ие болған ағаштай ет.

Ақиқатында, Сен Бәрін істей алушысың, Өктемшісің, Тосқауыл дегенді білмеушісің.

БАТЫС ШТАТТАРЫНЫҢ

БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ
1917 жылдың 15 ақпанында Бахаулланың бөлмесінде, Аккадағы Аббудтың үйінде ашылған және Америка Құрама Штаттарының оң бір батыс штаттарының бахаиларына арналған. Нью-Мексико, Колорадо, Аризона, Невада, Калифорния, Вайоминг, юта Монтана, Айдахо, Орегон и Вашингтонға.
О- Құдай!

Уа, Ең рақымдының достары мен қызметшілері,

Құдай Патшалығының таңдаулылары!
Ақ батаға ие болған Калифорния, Қасиетті Жермен- Палестинамен үлкен ұқсастыққа ие. Бұл жердін ауа райы қолайлы, ауа райы жылы, жиектері ауқымды және Палестинадағыдай сол ғажап жемістер молынан өсуде. Өзінің саяхаттаған кезінде, Абдул-Баха осы жерлерден өткен кезде, оған ол Палестинада болған сияқты болды, өйткені, барлық жағынан да осы екі өлке өте ұқсас.Тынық мұхит жағалауы кейбір жерлерде Қасиетті Жерлердің теңіз жағалауын керемет еске түсіреді- осы жағалауларды сол баяғы өсімдіктер әшекейлейді және де бұл әртүрлі ойланып-толғануларға алып барады.

Калифорния штаты мен басқа да Батыс штаттарында табиғат әдеттен тыс, олардың ғажайыптығы адамдардың ой-қиялын қайран қалдырады. Өткізбейтін таулар, терен каньондар, аса қуатты тамаша су ағыстары мен алып ағаштар бұл жерде әр аттаған сайын кездеседі, топырағы болса, әдеттен тыс құнарлы да әрі өсінкі. Ақ батаға ие болған штат Калифорния шын мәнінде де Қасиетті Жерден айнымайды және осы екі өлке тамсанарлық жұмақ бағы тәрізді. Бірақ, сыртқы ұқсастықтан басқа, олардың арасында рухани мәңнің ұқсастығына да жету керек.

Палестинаны Құдіреттінің Қатысуының нышандары нұрға бөлейді. Осы қасиетті өлкеде, Құдай Патшалығының ұранын жария етіп, Израильдің Пайғамбарлары уағыз айтқан.Олардың уағыздары хош иісін шашып, рухқа жақындауды аңсағандардың жүректерін қуантқан, олардың жарығы, кімдердің жаны таза болса, соларды өздеріне қаратып отырған, олардың әуені, кімдер тындаса, солардың құлағының құрышын қандырған; Мәңнің Күнінің сәулелерінін жарқырағанымен нұрланып, Патшалықтың жаңа ескен лебінен жүректер мәңгі өмірге ие болған. Ал, содан соң, осы Жерден шыққан жарық нұр Американың, Азияның, Африка мен Австралияның барлық жерлеріне таралған.

Бүгінде Калифорния мен басқа да штаттар Қасиетті Жермен рухани ұқсастыққа ие болулары тиіс, сонда, осы аймақтардан Қасиетті Рухтың ескен лебі Америка мен Еуропаның барлық шегіне таралып, содан Құдай Патшалығының шақыруы, оған кім құлағың түрсе, солардың барлығын серпілтіп және қуантады әрі құдіреттінің заңдары жаңа өмірдін басын қалайды: қарама-қайшы партиялар қосылады, идеялық алауыздықтар жоғалады, Шығысы пен Американың Батысы достық құшақта қосылады, адамдар әлемінің бірлігінің ұраны адамдарға жаңа дәуірдін туғанын хабарлайды да, содан Ғаламдық әлемнің шатыры Американың үстінен тігілетін болады. Еуропа мен Африка Қасиетті Рухтың ескен лебінен тіріледі де, әлем түрленіп, ал Калифорния штаты мен өзінің таңқаларлық табиғатымен даңққа бөленген онымен көршілес штаттарда, Құдай Патшалығының ұлы нышандары көрінетін болады; сонда сыртқы, физикалық руханилықпен үндестікке келеді де, сыртқы әлем ішкі әлемнің символы болады, ал жер- аспан мекенінін кәміл жетілгендігін көрсететін Патшалықтың айнасы болмақ.

Менің осы өлкелерде саяхаттаған кезімде, менің көз алдымда гүлденген бақтарымен және тыныш суларымен тамаша көріністер мен ландшавтар тұрды, мен ұлттық парктерде болып және қоғамдық жиналыстарға қатыстым, құм далаларды көрдім, алқаптарды, көк шалғындар мен көгалды аймақтарды көрдім; осы жерде қандай жемістер мен бидайықтардың өсетінін білу маған қызық болды; және де осы күнге дейін осының барлығы менің есімде сақтаулы.

Маған Сан-Франциско мен Оклендтегі жиылыстар, Лос-Анджелестегі кездесулер ерекше әсер етті; сенушілердің оларға тіпті басқа қалалар мен штаттардан келгеніне мен қайран қалдым. Әр кез, менің ойлы жүзімнін көз алдына олардың түрлері келіп тұра қалғанда, мені шексіз бақыт сезімі орап алады.

Құдіреттінің Ілімі, күңнің сәулелері тәрізді, батыстын барлық штаттарын көмкеріп, содан олар Құраңның ақ баталы аятында не жайында айтылса, соған ие болды деген үміттемін: «Бұл Қала игілі және Билеуші Бәрін кешіруші!» Және де: «Сен жер бетін кезбеп пе едін және Құдайдың Рақымының дәлелдерін көрмеп пе едін?»- деген сөздер толығымен орындалатын болады.

Құдайға шүкір, Билеуші иеміздің рақымымен және Құдіретті күштін еркімен, бұл өлкеде қызмет етуге топырақ та жәйлі: бұл жерде алдынғы қатардағы ойлар үстемдік етеді және сана жоғары дамыған, ғылым мен өнер өркендеп, адамдардың жүректері таза әрі айқын айна тәрізді, ал достар болса, Құдайға шынайы берілген. Сондықтаң, жақын арада бұл жерде өміршен әрі әрекетті Жиылыстар пайда болатынына мен сенемін, олар Ілімді тарататын болады және де даңа Тәлімгерлер, барлық жерге Құдайдың хош иісін апарып, қалалар мен кішкене ауылдарға тарататын болады.

Істің Тәлімгерлері қасиеттілік пен сенімге толы болып және олардың жандары айқын жарықпен сәуле шашулары тиіс. Қызмет етуге көтерілгендер, рухтың және толысып, жетілген ақылдың нағыз өзі болулары тиіс, беріктікті, мызғымастық пен қайсарлықты бейнелеулері тиіс.

Сапар кезінде, олардың ойлары күнделікті нан тауып жеудін қамымен айналыспасың. Олар өздерінің ниеттерін Құдай Патшалығының нышандарына қарай ұмтылдырсын және Қасиетті Рухтың көмегі жайында өтініп, Билеуші Иемізге жалбарынсың. Көктін күшімен, ізгі хабармен және биік шыңның әлемдерінің қасиеттілігімен көмкеріліп алған олар, Абханың Жұмақтарының Бақтарының жұпар иістерін адамдарға жеткізсін.


Келесі дұға күн сайын оқылады:
Уа, Құдайым! Уа, Тәңірім! Сенің алдында қанаты сынған құс, оның ұшуы өте баяу,- ол өркендеудің және құтқарудың биік шынына ұша алуы үшін оған көмектес, оның ұшуын шексіз кеңістіктерде жоғары қуанышқа толтыр, Өзіңнің Өсиетіңнің Аты үшін елдердің барлығына оның әуендерін тарат, осы шақыруынмен құлақтарының құрышын қандыр және көздерін жетекшіліктің нышандарын көрумен сәулеттендір.

Уа, Билеуші Ием! Менің отбасым жоқ, жалғыз әрі жапа шегушімін. Сенен басқа, менде бөтен қолдау жоқ, Сенен басқа, бөтен көмекші жоқ, Сенен басқа, бөтен сүйеніш жоқ. Өзіне қызмет етуімде, мені нығайта түс, Сенің Сөзінді таратуымда маған жеңіс әпер, Сенің даңалығынды Өзіңнің жаратқандарына айтуға рұқсат ет. Ақиқатында, Сен кедейлердің сақтаушысысың және аз ғана адамдардың қорғаушысысың, әрі Сен, ақиқатында, Билеушісің, Аса құдіреттісің, Тосқауыл дегенді білмейсің.
КАНАДА БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ
1917 жылдың 21 ақпанында, Бахаулланың бөлмесінде, Аккадағы Абудтың үйінде ашылған және Канаданың: Ньюфаундлендтің,Эдуард Ханзада, Жаңа Шотландия, Нью-Брансуика, Квебека,Саскачевана, Манитобы,Онтарио, Альберта, Британ Колумбиясы, Юкона, Маккензи, Кивотина, Унгава аралдары, Франклин мысы мен Греландия аралдарының бахаиларына арналып жазылған.

Ол- Құдай!

Уа, Билеуші Иеміздің сенімді достары және

Бәріне Рақымдының қызметшілері!
Құдай ұлы Құранда: «Құдайдың жаратқандарының арасынан айырмашылық көрме»- дейді. Басқа сөзбен айтқанда,- идеал деген көзқарасты алғанда, Құдайдың жаратқандарының арасында айырмашылық болмайды, өйткені, олардың барлығы Онымен жаратылған. Айтылған сөзден мынаны шығаруға болады: елдердің арасында да айырмашылық жоқ, сонда да болса, Канада Доминионына ұлы болашақ анықталып берілген және осы елді даңқты істер күтіп тұр. Құдайдың игілігі мен рақымы бұл елге молынан құйылып және ол Ең даңқтының ұлы сыйларын көрсететін болады.

Өзінің осы елге сапар шеккен кезінде, Абдул-Баха ұлы қуанышты басынан кешті. Алғашқыда көбісі мені Монреальға бармауымды өтінді, ондағы адамдар католик болғандықтан, тым шектен тыс фанатизммен айырықшаланады деп сендіруге тырысты, олар істен шыққан салт-дәстүрлерімен қатып қалған және Құдай Патшалығының шақыруына құлақ асуға қабілетсіз, өйткені, наным-сенімдердің пердесі олардың жүзін жауып тастап, оларға ұлы тәлімгерліктін нышандарын көруге кедергі жасаған, олардың жүректері қасан қағидалардың тұтқынында болуда, сондықтан, ақиқат үшін жабық деді. Маған, тіпті, Мәңнің Күнінің өзі, өзінің бар жарқылымен осы елдін үстінен көтеріліп шығып және оны өзінің жарығымен көмкеретін болса да, сонда да, оның сәулелерін ешкім де көре алмайды, өйткені, ондағы көкжиек теріс ұғымнын қара түнек қалын бұлттарына оранып алған.

Бірақ, бұл сендірулер Абдул-Баханың шешімділігін тежей алмады.Құдайға сеніп, Ол өзінің жүзін Монреальға бұрған. Ол сол жерге келген кезде, барлық есіктердін ашылғанын және адамдардың жүректерінін қабылдағыш екенін көрді; содан Ол, қандай да болмасын кедергілерді жоюға қабілеті бар Құдайдың Патшалығының ең жоғары күшіне сенім артты. Жарқын қуанышқа толы болған Ол, адамдарды шіркеулер мен жиылыстарда Құдай Патшалығына кіруге шақырды; Оларды Құдіреттінің Күші азықтандырады деген үмітпен, Ол дәндерді топыраққа лақтырған болатын.Осы дәндердің, ерте ме кеш пе жайқалған жасыл өскін беріп өсіп шығатындықтарында және бай егін әкелетін болатындықтарында күмән жоқ. Құдіреттінің негіздерін орната отырып, Ол болса, ол жерде Өзіне деген дұшпандық көзқарасты кездестірмеді. Сол қалада, Ол, рухтары Құдіреттінің хош иісіне таң қалған сенушілермен танысқан болатын. Билеуші Иеміздің қызметшісі Максвел ханымның күш-жігерінін арқасында, Патшалықтың ұлдары мен қыздары осы елде және бір-бірімен үнемі қатынасып тұрады әрі олардың бірлігінін игілі күші күннен-күнге берік болуда. Менің онда болуым ұзақ созылған жоқ- бірнеше күн ғана, бірақ, болашақта оның жемісі зор болады. Жер иесі өзінің иелігіне егістік жерлерді алған кезде, тез арада кен алқап жыртылған болып шығады.Сондықтан да, мен, болашақта Монреаль рухани жағынан соншалықты жоғарлайтын болатынына, онда шырқалған Патшалықтың музыкасы бүкіл жер бетіне және одан ескен Қасиетті Рух Американың түкпір-түкпіріне таралады ғой деген үміттемін.

Уа, Құдайға сенушілер! Сендерді өздеріңнің аз болғандарын және сенбегендердін көп болғаны қысылтпасың. Бір уыс бидайдың дәндеріне аспаңның ақ батасы жауғанда, мындаған тонн арам шөптер болса, пайда да, жеміс те бермейді. Жабайы өскен өскіндердін бүтіндей бір орманынан гөрі, жеміс беруші бір ағаш адамдар үшін пайдалырақ.Үлкен кеністіктерде тастар шашырап жатыр, бірақ, солардың ішінде жарқыраған жауһар тастар да сирек кездеседі.

Құм даладағы топырақты төбеден гөрі, бір маржан қымбаттырақ, әсіресе, оны көктін баталары көмкеріп жатқан болса. Уақыты жеткенде, одан мындаған жаңа інжу-маржандар шығады. Тастармен шағылысқанда, ол оларды да маржанға айналдырады.

Мен тағы да және қайталап айтамын- материалдық жағынан да, сондай-ақ, рухани жағынан да Канаданы ұлы болашақ күтіп тұр. Оның мәдениетінін деңгейі өсе түсетін болады және де қоғам еркіндік пен ағартушылықтың жоғары деңгейіне жетеді. Патшалықтың бұлттары оған жауын болып құйылады да және бір кездері осы жерде себілген тәлімгерліктін дәндерін ылғалдылықпен нәрлейтін болады.

Сондықтан да, өздеріне демалыс бермендер, тыныштық іздемендер, осы түкке тұрғысыз әлемнің ләззаттарына ұмтылмандар, ындын-құмарлықтарыннан тазарындар, жүректерінмен әрі бар жандарынмен еңбек етіндер, сонда, Құдай Патшалығында қабылданатың боласындар. Аспаңның қазыналарын жинандар, сонда сендердің жандарын жарықпен нұрланатын болады. Бірліктін босағасына қарай ұмтылындар.Сарқылмайтың жарықтың кернейлері болып, Рухани игілікті көрсетіндер! Мүмкіндік болғанша, тәлімгерлерді Канаданың басқа да аймақтарына жіберіндер; сондай-ақ, тәлімгерлерді Греландияға және эскимос жерлеріне де аттандырындар.

Тәлімгерлерге келетін болсақ, онда оларға өздерінің үстінен ескі киімдерін шешіп тастап және жаңа киімдерге орану қажет болады. Иса Мәсіх айтқандай: оларға қайтадан туулары қажет, егер олар алғашқыда- аналарынын жатырынан шыққан болса, ал енді болса, табиғи әлемнің жатырынан шығуы тиіс. Адам жатырдағы әлемде, өзінің сезімдері жайлы есінде ұстауын қалай жоғалтатын болса, сол сияқты, оларға осы түкке тұрғысыз әлемнің кеселдерін де ұмытуға тура келеді. Құдайға деген махаббаттың оты мен Қасиетті Рухтың демінен, оларға өмір суына шоқынғанды қабылдау керек; олар қарапайым тамақты қанағат етсін, бірақ, солай бола тұра, көктін тамағынан да молынан жесін. Рухани албырттыққа толы болған олар, әуестенулер мен ашкөздіктін қандайынан болмасын бас тартсын. Өздерінің таза өміршен демімен, олар тасты да ұшқын болып айналып жатқан лағылға және ұсқынсыз ұлу қабыршағын- маржанға айналдыра алады. жылы жауын болып аққан бұлттар тәрізді, олар шөл даланы себелеп, гүлденген баққа айналдыратын болады. Көре алмайтындарға- олар көре алатын сыйды береді, ести алмайтындарға- ести алатындай етеді, сөніп қалған жандарда от пен жарықты жағады, өлілерге қайтадан өмір беретін болады.

Бахаулла Эль-Абха сендермен бірге болсын!
Құдайдың жұпар иісін таратушыларға, күн сайын тәңертенгілікте, мынадай дұға оқыған жөн болады:

Мадақ саған болсын, Аллам! Шын мәнінде, мынау Сенің рахымыңның хош иісінен бет бұрған Сенің құлдарын, Сенің бірегейлігіңнің ағашында жалындаған отпен тұтанған, Сенің бірлігіңнің Синай тауындағы нұрланған жарықты көрумен олардың көздері ағартылған!

Уа, Билеуші Ием! Сені Өзіңнің халықтарыңның арасында аузына алу үшін, олардың тілдерін ағы; Өзіңнің игілігінмен және рақымынмен Саған мадақ айтуына оларға рұқсат ет, Өзіңнің періштелеріңнің тобымен оларға көмектес, Өзіне қызмет етуде, олардың белін бекем бу да, оларды Өзіңнің жаратқандарыңның ішінде Өзіңнің жетекшілігіңнің нышандары ет!

Сен, ақиқатында, Билік етушісің, Асқақсың, Күнәмізді жіберушісің, Рақымдысың!

Уа, Аллам! Тәңірім! Сенің патшалығыңның күшін сұрап тұрған, осы әлсізді көріп тұрсын! Сенің Жұмағыңның құпияларын жалбарынып сұраған осы кедей пенденді көріп тұрсын! Мәңгі өміріңнің бастауынан Сенің суынды аңсаған осы аңсаушыны көріп тұрсын! Сенің шексіз рақымын арқылы толығымен сауығуды күткен осы сырқаттанушыны, Сенің жоғарғы Патшалығында, Өзіңнің таңдаулы құлдарына сыйға берілгенін көріп тұрсың!

Уа, Билеуіші Ием! Сенен басқа, менде бөтен көмекші жоқ, Сенен басқа, бөтен жұбатушы жоқ және Сенен басқа, бөтен сүйеніш жоқ! Өзіңнің қасиетті хош иісінді таратуда және Өзіңнің халқыңның таңдаулыларының арасында Сенің Ілімінді хабарлау үшін Өзіңнің періштелерінмен маған көмектес!

Уа, Билеуші Ием! Сенің киіміңнің етегінен мықтап ұстанып, Сенен басқа, бөтеннін барлығынан мен безінейін; Өзіңнің дінінде мені шынайы ет, Өзіңнің махаббатында берік ет, Өзіңнің Кітабында маған Сен нені өсиет етсен, сонымен келісімде өмір сүруіме ізет білдір.

Сен, ақиқатында, Билік етушісің, Аса қуаттысың және Ең күштісің.

ҚҰРАМА ШТАТТАР МЕН КАНАДАНЫҢ

БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ
1917 жылдың 8 наурызында (Измаил-Аканың бөлмесінде), жазғы үйде, Абдул-Баханың үйінде, Хайфада ашылып және Құрама Штаттар мен Канаданың бахаиларына арналып жазылған.

Ол- Құдай!

Уа, сендер, ақ батаға ие болған жандар,

Патшалықтың ұлдары мен қыздары!
Құдай Құранда айтады:

«Бірін қалмай, бәрін де жол көрсетуші Құдайдың Жібінен ұстап алып және бытырап кетуден алшақ болындар». Осы тәуелді әлемде, адамдардың көптеген түрде ұжымдық ұмтылыстары тіршілік етеді, оларды адамзат ұрпағынын балаларын өзара жұмылдыруда, оларды біріктіретін орталықтар деп атауға болады. Оларға, мысалы, патриотизм, ұлтшылдық, мүдделердің бірлігі, саяси одақтастық, сондай-ақ, идеология тән; және адамзат әлемінің өркендеуі, осы ұмтылыстар өмірге қандай тәсілдермен жүзеге асады, соған байланысты.

Солай болса да, тізбектелінген құбылыстардың барлығы, өз мәнінде субстанцияны емес, үлгіні, мәндіні емес, кездейсоқтықты, үнемі бола беруді емес, өткіншіні ғана байқатады. Ұлы төнкерістер мен революциялардың жүрісінде, осыған ұқсас біріккен орталықтардың бәрі талқандалған болып шығады. Бірақ, жоғарғы Біріктіруші Орталық бар,- өз ішінде, Құдіреттінің заңдары мен ілімдерін жүзеге асыратын, мәңгі болатын- Патшалықтың Біріктіруші Орталығы. Ол Шығыс пен Батысты байланыстырып, адамзат әлемінің бірлігін орнатып, алауыздықтын қандайын болмасын жояды. Ол адамдардың барлық ұмтылыстарынан асып түсіп және қамти алады. Күңнің сәулелері тәрізді, ол өлкелердін бәрін орап алатын қаратүнекті сейілтеді және Құдіретті нұрланудың жарқылын көрсетіп, шынайы өмір сыйлайды. Қасиетті Рухтың күшімен ол ғажайыптарды жасайды: Шығыс пен Батыс бауырластық құшақта бірігіп жатыр, Солтүстік пен Оңтүстік бір-біріне қарсы ұмтылуда, алауыздықтар мен қарама-қайшылықтардың негіздері жоғалады, мақсаттардың келіспес қайшылығы жойылып, тіршілік етуге деген күресу заңы күшінен айырылады, өзінің аясында бүкіл адамзат ұрпағын жасырған, жер шарынын үстінде бірігудін шатыры құрылады. Сондықтан да, шынайы Біріктіруші Орталық, Құдіретті Ілімнің өзі, өйткені, ол өз ішіне өмірдін барлық қырларын сыйдыра алады, жалпы байланыс пен қарама-қатынастарды қамти алып және адамзатқа қажет деген заңдардың барлығын береді.

Қарандар! Бұрындары Шығыс пен Батыстың адамдары түгелдей бытыранқы болатын. Ал, бүгінде, олар, өздерін не жақындатып және біріктірсе, соған ие болды! Парсы мен Америка елдері бір-бірінен қаншалықты алыс десенші! Бірақ, Құдіретті күш те қаншалықты алапат асқан күшті десенші, осының арқасында, мындаған шақырым түкке тұрғысыз шақырым болып қалады! Бүгінде, бұрындары бір-бірінен алыс болған және біріктіретіндіктері де соншалықты аз болған әртүрлі халықтар, Құдайдың рақымымен бірлік пен келісімге келді! Ақиқатында, Оның үстемдігі өткен кезде де өзгеріссіз болды, болашақта да өзгеріссіз болып қала бермек! Және де, ақиқатында, Ол барлығына да билік етуші!


Бақтағы гүлдерге қарандар. Олар: түрлерімен, бояуымен және үлгісімен айырықшаланады, бірақ, оларды бір желдін есуі желпіп, бір күңнің сәулелері жылытады, ал олардың алуан түрлілігі, оларға ерекше әсемдік беріп, оларды одан сайын әсем етеді. Егер бақта гүлдер мен өсімдіктер, томарлар мен ағаштар өсіп тұрса, олардың жапырақтары, гүлдестелері мен жемістері бір үлгі мен бір түсте болса, көз сондай жалығып кетер еді! Бояулардың үлгілері мен әрлерінін көп түрлілігі бақты байыта түсіп әрі әсем етеді, оның сұлулығының қайнар көзі болып қызмет етеді. Сол сияқты, ойланудың әртүрлі тәсілдері, әртүрлі темпераменттер мен мінездер, бірегей Орталықтың билігімен және әсерімен біріккендіктен, даңқы мен адамның сұлулығының жарқ-жұрқ еткенін көрсетеді. Құдай Сөзінің бұ жерге жатпайтын күші бәрін билейді және барлық заттардың мәңдерінен басым түседі және жалғыз ол ғана ой-ниеттердін, пікірлердін, идеал мен адамзат ұрпағы балаларынын сенімдерінің алуан түрлілігін үндесуге алып келуге қабілетті.

Сондықтан да, барлық американ республикаларындағы сенушілер, Құдай Сөзінің күшімен қаруланып алып көтерілсін де, содан олар Құдіреттінің Ілімінің таратылуының жолы болып және адамзат әлемінің бірлігінін орнатылуының құралы болсын! Ақ батаға ие болған жаңның қайсысы болмасын, Американың түкпір-түкпірінін барлығына өмір демін апаратын қызмет етудін белбеуімен буынып алсын, олар Құдайға деген махаббаттың отымен, тірі судан және Қасиетті Рухтан шоқынуды қабылдап алулары үшін әрі қайтадан дүниеге келулері үшін кісілерді жаңа рухпен желпулері тиіс. Өйткені, Інжілде айтылған:«Тәннен туылған тән болып табылады; ал рухтан туылған рух болып табылады».


Уа, Құрама Штаттар мен Канаданың сенушілері! Осы ұлы міндетті орындауға қабілетті адамдарды таңдап алындар, немесе осы әлемнің тыныштығы мен игілігінен кім бас тартып, өзі қызмет етуге көтерілсе және Сенімді Аляскаға, Мексика республикасына және одан әрі Мексикадан оңтүстікке қарай, Орталық Американың республикаларына, Гватемала, Гондурас, Сальвадор, Никарагуа, Коста-Рикаға, Панама мен Белизге таратуға аттанса; сондай-ақ, Оңтүстік Американың республикаларына, Аргентина, Уругвай, Парагвай, Бразилия, Француз Гвионасы, Голланд Гвианасына, Британ Гвианасына, Венесуэла, Эквадор, Перу, Боливия мен Чилиге; сондай-ақ, Батыс Индия тобының аралдарына: Куба, Гаити, Пуэрто-Рико, Ямайка мен Санто-Доминго сияқты және кіші Антиль, Багам мен Бермуд жағалауларына; сондай-ақ, Оңтүстік Американың шығысына, батысы мен оңтүстігіне орналасқан аралдарға: Тринидад, Фолклендік, Галапагоссы, Хуан-Фернандес пен Тобаго сияқты. Олар сөзсіз, Бразилияның шығыс жағалауындағы, Бахия қаласында болулары тиіс. Бірнеше жыл бұрын осы қала, Бахия- осы атпен аталған болатын, бұл еш күмәнсіз-ақ, Қасиетті Рухтың еркімен жүзеге асты.
Сол жерлерде осы міндетті орындай отырып, Құдіреттінің Хабарын жария ету үшін, Құдіреттінің Ілімін таратып және барлық жерлерде мәнгі өмірдін рухын жария ету үшін Билеуші Иеміздің достары зор құлшыныс байқатулары тиіс; олардың еңбектерінін арқасында, Мәңнің Күнінің нұрлы жарығы осы елдерді көмкерсін; сонда қалған басқа елдердін барлығы оларға мадақ айтып және олардың алдарында ілтипатпен бас иетін болады. Панама республикасына ерекше назар аударындар, өйткені, осы ел екі ұлы мұхиттардың арасында орналасқан және ол арқылы Шығыс пен Батысты қосатын Панама жолы өтеді, және де оған болашақта маңызды орын анықталып берілген. Осы жерде орнатылған Құдіреттінің Ілімі Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті біріктіретін болады.
Сендер адамзат ұрпағынынын балаларынын жүректерін қоса алуларын үшін, сендердің ниеттерін таза, еңбектерін риясыз және қасиетті болсын. Осы даңқты мақсатқа, барлық қасиетті діндердін шынайы негізі- Құдіреттінің Ілімінің күшімен ғана жетуге болады.

Құдіретті діндердін адамзат өркениетінін жоғары өрлеуіне қосқан үлесінін қаншалықты зор екенін ұғынындар! Таурат діні- шынайы даңқ пен адамзаттың өркениетіне ықпал еткенін түсініндер. Қасиетті Иса Мәсіхпен әкелінген Қасиетті Рухтың демі, қастасқан халықтардың жақындасып және бірігуінін себебі болғанын түсініндер! Қасиетті Мұхаммедтің қасиетті күшінін нақ өзі, Арабтың жартылай аралындағы соғысқұмар тайпаларын бірігіп және татуласуға алып келгенін түсініндер, сөйтіп, мындаған тайпалар біртұтас халық болып бірігіп, содан дұшпандық пен соғыстар аяқталған болатын; барлығы бірігіп, біртұтас албырттықпен, мәдениет пен өркениеттін игілігіне еңбек ету үшін олар серпілді, дамудың төменгі сатысынан ауыспайтын даңқтың биігіне көтерілді! Осы түкке тұрғысыз әлемде, Құдайдың Өзінен келген, осы Біріктіретін ұлы Орталықтан күшіменен басым түсуге қабілеті бар осы сияқты бірдене бар ма? Мұнымен салыстырғанда, ұлтшылдық, патриотизм, саяси, мәдени және инттеллектуалды құндылықтар, адамдарды біріктіретін басқа мақсаттар- балалардын ойыны ғана болып қалады!


Оны бекіту үшін Пайғамбарлардың барлығы келіп және ол Құдіретті Ілімнің мәнінен басқа, ештене де емес болып табылатын- Қасиетті діндердін ұлы Біріктіруші Орталығы, әрқайссы тәңертенгі жұлдыз тәрізді, Мәңнің көкжиегінен жарқырап, Құдіреттінің сәулелері табиғат әлемінің қара түнегін сейілтіп және адамзат әлемі ақиқаттың жарығымен нұрлануы үшін,- Америкадан тыс жерлерді көмкеріп тастау үшін еңбек етіндер. Бұл ұлы мақсат! Өздеріңнің еңбектерінде берік болындар, сеніндер- жақын арада осы әлем өзгеріп, жердін беті тамсандыратың Жұмаққа айналып және адамдардың арасында тұрақты және мызғымас заңдар орнатылатын болады.
Басқа жерлерге бағыт алушылардың қайсысы болмасын, Ілімді тарату үшін осы жалбарынуды: таулардың, шөл далалардың, жидектер мен теңіз суларының үстінен айтатың болсын:
Уа, Тәңірім! Уа, Құдайым! Сен менің әлсіздігімді, Өзіңнің жаратқандарыңның алдында бағынуымды және мойынсұнуымды көріп тұрсын; сонда да болса, Өзіңнің қызмет етушілеріңнің арасында Сенің Ілімінді жария ету үшін, Сенің күшін мен алапат қуатына сенім артып, бәрін Саған тапсырған мен, Сенің Ісіне қызмет етуге көтерілдім.

Уа, Билеуші Ием! Мен Сенің шексіз биігіне самғап ұшуға тырысып жатқан қанаты сынған құсынмын. Осыны мен қалай орындауға тиіспін, егер бұған сенің еркін болмаса және мені Сенің рақымың көмкермесе әрі Сенің көмегін мен қолдауын маған жіберілмесе.

Уа, Билеуші Ием! Менің әлсіздігімді аяшы және Өзіңнің күшінмен мені нығайт.

Уа, Билеуші Ием! Менің дәрменсіздігімді аяп, Өзіңнің ұлылығың мен құдіретінді келтіріп, маған көмекке келе гөр.

Уа, Билеуші Ием! Сенің жаратқандарыңның ең бейшарасың Қасиетті Рухтың демі нығайтқан кезде, ол неге ұмтылса да, соның бәріне жеткен болар еді және нені тілеген болса, соны иеленер еді. Ақиқатында, Сен қызметшілеріне, өткен заманда да көмекке келіп отырдың және де олар Сенің жаратқандарыңның ішіндегі ең қауқарсызы болса да, Сенің қызметшілеріңнің ең қарапайымы болса да, жер бетінде өмір сүріп жатқандардың ең бейшарасы болса да, Сенің адамдарыңның ең даңқтыларынан және адамзат ұрпағының балаларының ең бекзат дегенінен жоғары көтеріліп жеңіске жетіп, Сенің еркінмен және рақымыңмен олар салтанат құрып отырды. Бұрын құртақандай жәндік болған ол, патша бүркіт тәрізді болған еді, бұрын ақырын аққан шалшық су ағыны сияқты болған олар, теңіз сияқты бола бастады және де бұл Сенің игі еркіңнің арқасында және рақымынмен ғана жүзеге асып отырды. Сенің ұлы еркінмен, олар жетекшіліктің көкжиегінде жарқыраған жұлдыз болып көтерілген, өлмейтін бақтарда әң салатын құстай самғап ұшты, білім мен даңалықтың шоқ тоғайында ақырған арыстандар тәрізді болып, өмір мұхитының суларын кешіп жүретін киттерге айналды.

Сен, ақиқатында, Рақымдысың, Ең құдіреттісің, Күштісің әрі Қайырымдылардың барлығының ішіндегі Ең рақымдысысың.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ----------------------------------------------------------------------------

СОЛТҮСТІК- ШЫҒЫС ШТАТТАРЫНДАҒЫ

БАХАИЛАРҒА ЖОЛДАУ ------------------------------------------------------

ОҢТҮСТІК ШТАТТАРЫНДАҒЫ

БАХАИЛАРҒА ЖОЛДАУ ------------------------------------------------------

ОРТАЛЫҚ ШТАТТАРДЫҢ

БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ ---------------------------------------------------

БАТЫС ШТАТТАРЫНЫҢ

БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ----------------------------------------------------

КАНАДА БАХАИЛАРЫНА

ЖОЛДАУ ---------------------------------------------------------------------------

ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ МЕН КАНАДАНЫҢ

БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ-------------------------------------------------------

ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ МЕН КАНАДАНЫҢ

БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ -------------------------------------------------------

ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ МЕН КАНАДАНЫҢ

БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ -------------------------------------------------------


СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС ШТАТТАРЫНЫҢ

БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ --------------------------------------------------------

ОҢТҮСТІК ШТАТТЫҢ

БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ---------------------------------------------------------

ОРТАЛЫҚ ШТАТТАРДЫҢ

БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ --------------------------------------------------------

БАТЫС ШТАТТАРЫНЫҢ

БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ---------------------------------------------------------

КАНАДА БАХАИЛАРЫНА

ЖОЛДАУ --------------------------------------------------------------------------------



ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ МЕН КАНАДАНЫҢ

БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ-----------------------------------------------------------
жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау