Мәре және жүгіруден кейін тоқтау. Мәрелік жылдамдық қашықтықтың соңғы бөлігіне дейін жүгіруді талап ете отырып, адым жылдамдығының шапшаңдығын, қолдың жедел қуатты қозғалысымен денені алға еңкейтумен тартысты жағдайда денені мәре сызығына тастаумен сипатталады.
7 тақырып. Қысқа қашықтыққа жүгіру әдісінің негізі және үйрету әдістері.
Қысқа қашықтыққа жүгіру - жеңіл атлетиканың көп тараған түрі. Қысқа қашықтыққа жататын жүгірудің классикалық түрлері: 100м, 200м, 400м; Эстафеталық жүгіріс 4х100, 4х400 метрлік болып келеді.
2 сурет
Жеңіл атлетика манежінде 60 метрге, эстафеталық жүгіріс 4х400 шеңбер, әйелдер арасында 4х100, 4х400 шеңбер бойымен жүгіреді. Қысқы қашықтыққа жүгіру үшін бойдағы барлық қуатты аз уақытта тиімді пайдалану қажет. 100 метрге жүргізу кезінде кейбір қашықтықтық аралығында әйелдер 11,6 м/с жылдамдық көрсетеді, ал ерлер 10,6 м/с бұл жүгіріске тән нәрсе аяқтың қуат күшімен жұмыс істеуі, өте жедел қимыл жасау, сонымен қатар бұшық етті, буынды босаңқы күйінде сақтап жүгіру. Қысқа қашыштыққа жүгіруді төрт кезеңге бөлуге болады:
1. сөре /жүгірудің басталуы/
2. сөрелік қозғалыс / старттық қозғалыс/
3. қашықтық бойымен жүгіру
4. мәре /финиш/
Аласа сөре. Атақты жүгірушілер қысқа қашықтыққа жүгіруге арналған сөрелік тірегішті қолданады, оның көлемі әр түрлі болады. (2-суретте көп тараған сөрелік тірегіш көрсетілген)
Алдыңғы тірегіштің тұрақты бұрыш мөлшері 45-50о . Жарыс тәртібі бойынша әр спортшының өз тірегішін қолдануына рұқсат етіледі, оның құрылымы бұрыштарды өзгертетіндей етіп жасалады. Артқы тірегіштің бұрышын 50-60о дейін өзгертуге болады. Сөре сызығында тірегішті орналастыру мынандай түрге бөлінеді:
1.Әдеттегі сөреде алдыңғы тірегішті сөре сызығынан. 1-1,5 табан, ал артқы тірегішті сирақ ұзындығы мөлшерінде.
2.Таяу сөре кезінде артқы тірегіш алдыңғы тірегішке жақындастырылады.
3.Созылмалы сөре кезінде алдыңғы тірегіш сөре сызығынан алшақ қойылады.
Бірінші тірегіштің сөре сызығына қатысты қойылуы спортшының бойына және тірегіштің арақашықтығына байланысты. Тірегіштің дұрыс қойылуы, старттан дұрыс шығудың бірден-бір кепілдемесі. "Сөреге!" деген бұйрық берілгеннен кейін, жүгіруші тірегіштің алдына тұрып, еңкейіп алақанды жерге тірей, аяқтың, табаның алдыңғы тірегішіне қояды. Содан кейін жүрелеп отырып екінші аяқ табанының артқы тірегішіне қояды. Артқы аяқтың тізесін жерге тірейді, қолдарын сөре сызығына жеткізбей қояды, иықтың кеңдігіндей етіп саусақтарын жерге тірейді, үлкен бармақтар бір-біріне қарама-қарсы ал басқа саусақтар сырт жаққа қаратылып қойылады. Бұл кезде иық тура сөре сызығы үстінде одан сәл ғана алға шығып тұрады. Табан тірегішті сезіп, дене сығылмай бос болуы қажет.
«Дайындал!» бұйрығы берілгеннен кейін артқы тізені жерден көтеріп, денені сәл ғана алға қарай еңкейтіңкіреп жүгірушінің жамбасы, иық деңгейінен жоғары көтеріледі. Дене қандай өзгерісте болса да, екі аяқты тірегіштен босатпау қажет. Дененің ауырлық күші алдыңғы тірештен аяқ пен қол арасына бірдей түсіреледі. Денені жоғары көтерумен бірге баяу тыныс алып, жүгіруге даяр тұру керек. Осы кезде назарды берілетін дыбысқа аудармай, сөре сызығының қозғалысына аудару керек. Дыбыс берілгеннен кейін, жүгіруші денесін алға қарай ұмтылдырып, екі аяқпен бірдей серпіледі. Артқы аяқ тірегіштен серпіліп алға қарай қозғала бастайды. Одан кейін тірегішті аяқ жұмысқа қосылады. Алдыңғы тірегіштен серпілген аяқтың қозғалыс бұрышы әйгілі сприншілерге мынандай 32-440 (В.Борзов, Э.Фигорола, К.Льюис) ал төмен разрядты балларда 60-650. Тірегіштен қатты серпінмен шығу көбінесе артқы аяқтың жедел қозғалуына, оған қарама-қарсы қолдың алға шығуына байланысты. Ал екінші қол сермеліп артқа беріледі.
Сөрелік қозғалыс. Бірінші адым кезінде алдыңғы аяқтың табаны өте төмен мәре сызығын, жерге қойылады. Алдыңғы аяқтың серпелуі аяқталғанда дене мен бас бір сызықта болуы қажет. Тірегіштен бір бағытта, зор күшпен серпелуі мәрелік қозғалысты үдетуге көмек етеді. Адымның ұзындығы 40 метр жерге өсіп отыруы керек. Осы кезде қолдың жедел қимылы тез қозғалуға әсерін тигізеді. Адым ұзындығы өсуіне қарай жылдамдық та артуы керек. Жылдамдықтың өсуі арқылы дене бірте-бірте түзеле береді. Денені ертерек түзету, сөре қозғалысының жылдамдығын баяулатады.
3-сурет
Қашықтық бойымен жүгіру. Старттық қозғалыстан кейін жүгірушінің басты мақсаты адымды ұзарту, жедел қимыл арқылы жылдамдықты өсіру. Осы арада аяқты жиі қозғалтудың маңызы зор. Егерде аяқтың жиілігің тұрақты ұзындығы болмаса, жылдамдық төмендейді.
Адым жиілігі шаршаудың пайда болуынан төмендей береді. Жеделдікті ұзаққа сақтаудың бірден-бір кепілдемесі денені босата біліп, еркін жүгіру керек. Түзу сызықпен жүгіру, басы артық қимылдың байқалмауы үнемді техниканы көрсетеді. Жүгірушінің қозғалыс техникасын кинограмманы талдау арқылы сипаттама беріледі.
Жүгіруші тік қалпында байқалып тұр. Итеретін аяқ тізе мен табан буыны арасы бүгіліп серпілуге дайын. Осы кезде сермейтін аяқ сирақ буыннан бүгіліп тез алға қозғалып итеретін аяқтын зор күшпен жазылуына ісерін тигізеді. Итеретін аяқ жерден серпілгеннен кейін сермейтін аяқтың тізе буыны бір денгейге дейін көтеріліп бел сәл иіліп, жамбас алға жиылып, дене керекті бағытқа бағытталып тік, бос ұсталады, көз қиығы алға бағытталған. Итеру кезеңі аяқталғанан кейін ұшу кезеңі басталады. Жерден көтеріліп серпілген аяқ, сирақ буынынан бүгіліп төмендеп келе жатқан сермейтін аяққа қарай ұмтылады. Сермейтін аяқ түзу сызық бойымен табанның бас жағына ешқандай бұрылусыз қойылады. Сермейтін аяқтың тез төмендеп жерге қойылуы, тізе буынының толық жазылуына соқпауы қажет. Сонда ол дененің ортақ нүктесіне қойылады, сонымен қатар қозғалыс кезіндегі кедергіні азайтады, аяқ тез серпілуге дайын болады. Қолдың бүгілу бұрышы жүгіру кезінде әртүрлі өзгереді.
Ұшу бөлігі кезінде жамбас жедел бір- біріне жақындатылып отырады. Итерілген аяқ энергияға байланысты артқа жоғары қозғалады. Содан кейін аяқ тізеден бүгіліп, жамбас төмен - жоғары қозғалады, аяқ жолға табаннан қосылған кезде кедергі күштердің бәсендеуіне әсерін тигізеді. Спринттік жүгіруде табанды тік алға бір бағытта қоюды талап ету керек. Табан сырт жаққа бұрылып қойылса итерілу нашарлайды.
Мәре. Арақашықтық аяқталар кезінде жоғарғы жылдамдықты ұстауға күш салу абзал. Ақырғы адымда денені алға қарай еңкейтіп мөре сызығынан жүгіріп өту қажет. Ал, егерде бірнеше адым қалғанда спортшы секіріп өтетін болса, тепе-тендікті жоғалтып, кей жағдайда құлап қалуы да ықтимал. Жылдамдық өсудің орнына төмендейді. Жүгіруші мөреге қатар жеткен кезде тең сайыста еңкеюдің немесе иықты бұрудың маңызы зор. Осындай қозғалыс көбінесе жеңіске жеткізеді.
Эстафеталық жүгіру
Эстафеталық жүгіру бірнеше адымннан құралған команданың жүгіруі. Стадионда өтетін эстафеталық жүгіру қысқа және орта қашықтыққа бөлінеді: (4х100 м. 4х400 м.) эстафеталық жүгіру жеке жолдармен басқа эстафеталық түрлер жалпы жолдарда өткізіледі. Мұндай эстафета – жүгіруде бірінші бөлігі немесе жартысын әр жолымен жүгіреді., содан кейін жалпылама жолмен жүгіреді.
Эстафеталық жүгірудің техникасы
Бірінші кезеңде жүгіру аласа сарттан басталады.
Эстафеталық таяқша жүгірушінің оң қолында, таяқшаны үш саусақпен қысып тұрып, үлкен сұқ саусақ сөрелік сызыққа тіреледі. Сөрелік қозғалыс және қашықтықта жүгірудің жәй жүгіру техникасынан айырмашылығы жоқ. Эстафеталық жүгірудің қиындығы жоғары жылдамдықты сақтай отырып, таяқшаны белгілеген ара қашықтықта тура беру. Таяқшаны беру ара қашықтығы 20 м. Эстафеталық таяқшаны қабылдаушы бастапқы 10м екпінмен жүгіреді, бұл ең жоғары жылдамдыққа жетуге әсерін тигізеді. Таяқшаны берудің екі түрлі әдісі бар, олар: эстафеталық таяқшаны жоғарыдан және төменнен беру. 4х100м жүгіруде былай беру қолайсыз. 2,03 және 4-ші кезеңдегі жүгірушілер таяқшаны беретін аралықта мейлінше жоғары жылдамдықты үдетуге, және жоғары жылдамдықта қабылдау, бір дегенде жүгіріп өтуге назар аударады. Көбінде эстафеталық таяқшаны қабылдаушы жоғары стартта тұрады. Сөрелік сызыққа оң аяғын қойып, сол аяқ алда, оң қолды жолға тіреп, сол қолды артқа жоғары ұстап тұрады. Осы қалыпта тұрып жүгіруші сол иықтың үстінен келе жатқан командалық әріптесіне қарап тұрады бірінші кезеңдегі жоғары жылдамдықпен жүгіріп қабылдау ара қашықтығына 9-10м қалғанда 2-ші кезеңдегі жедел жүгіруді бастайды жолдың оң жағымен шапшаң жүгіре жөнеледі,таяқшаны беру аралығына 2-3 м қалғанда, 1ші кезеңдегі қуып жетіп таяқшаны нық алақанына салады. Ең әйгілі жел аяқтар осы 20м. Аралықта 2,0с, ал әйелдер – 2,2с көрсетеді. Старттан жүгірген желаяқ 30м ара қашықтықты, ең жоғарғы жылдамдықты, үдетуге дағдылануы қажет.
Эстафеталық таяқшаны беруші, қабылдайтын жүгірушіге таяған кезде «ХОП» деген дыбыс береді, осы дыбысты естісімен қабылдаушы жылдамдықты төмендетпей, жүгіру ырғағын бұзбай, сол қолды түзеткен түрде артқа қозғалып үлкен саусағын сырт жаққа бағыттап, басқа саусақпен бұрыш жасап, таяқшаны қабылдауға даярлайды. Егер таяқшаны қабылдаушы дыбысты күтпей, бір белгілі жерге келгенде қолды артқа тастаса жақсы нәтежеге жетер еді, бірақ мұндай таяқшаны қабылдау көп жаттығуды талап етеді.
Эстафеталық жүгіру әдісін үйрену.
Эстафеталық жүгіруді үйретпестен бұрын қысқа қашықтыққа жүгіру әдісін үйренгеннен кейін эстафеталық жүгіруді үйреткен дұрыс. Оқытудың басты мақсаты дұрыс және белгіленген ара қашықтықта кідірмей тұра беру болып табылады. Мысалы: 1. Эстафеталық жүгіру әдісін көрсету, түсінік беру тәсілдері. 2. Эстафеталық жүгіру туралы түсінік беру. 3.Эстафеталық таяқшаны 20 м аралық жоғарғы жылдамдықта көрсету, түсініктеме жасау. 4. Әйгілі желаяқтардың эстафеталық таяқшаны қабылдау тактикасын кино құжаттары арқылы көрсету, түсіндіру. Мысалы: 2. Эстафеталық таяқшаны беру әдісін үйрету, тәсілдері. 1. Эстафеталық таяқшаны төменнен беру әдісін түсіндіру. Орнында тұрып эстафеталық таяқшаны оң қолмен беруді үйрету. Қол жүгіріп келе жатқандай қозғалыс жасайды. 3. Қозғалыс кезінде оқытушының даусымен таяқшаны беру. Мысалы: эстафеталық таяқшаны қабылдаушының старттан жүгіріп шығуды үйрету.
Тәсілдер: 1. Бір қолды жерге тіреп старттан жүгіріп шығу 15-20м ара қашықтықта. 2. Бір қолды жерге тіреп старттан жүгіріп шығып жеке жолдың бұрлысынан кіру. 3. Старттан жүгіріп шығып жеке тік жолмен жүгіріп, жолдың бұрлысына кіру. 4. Әдістемелік нұсқау. 2-ші және 4-ші бөлікті жүгіруші жолдың сыртқы жағымен жүгіріп, ал 3-ші бөлікті жүгіруі, жолдың ішкі жағымен жүгіру дұрыс болып есептеледі. Мысалы: 4. Жоғарғы жылдамдықпен 20м арақашықтықта эстафеталық таяқшаны беруге үйрету. Тәсілдер: 1. Жоғары жылдамдықпен жүгіріп, белгіленген арақашықтықта таяқшаны беру техникасы 1/2-3 4 жылдамдықпен үйретіледі, содан бірте – бірте жылдамдық қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |