Абдрахманов Зикирья Абдрахманұлы доцент Қарму циклді спорт түрлері және спорттық ойындар кафедрасы №12 спорт кешенінде орналасқан Мұқанова 11а көшесі Кафедрада оқытушының болу уақыты сабақ



жүктеу 0,5 Mb.
бет9/29
Дата11.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#32351
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
b5918022-c61b-11e4-bd4b-f6d299da70eeУМК доп мат л. а. каз

Жеңіл атлетика курстың мазмұны.

Жеңіл атлетика орындау әдісі, дене қасиеттерін жақсарту үшін үйрету кезеңінде арнайы жаттығулар қолдану жағы қарастырылған. Жеңіл атлетика жаттығулардың үйрету әдісі кеңінен қаралған.

Балалармен және жоғарғы дәрежедегі спортшылар мен спорттық тренировка жүгірудің теориялық және практикалық құрастырмалары кеңінен оқытылады.

Жеңіл атлетиканың жекелеген түрлерінің тарихы және жаттығу әдістерінің тарихының қалыптасуынан құрастырылған.

Жекелеген тестілерді іс жүзінде қолдану, дене қасиеттерінің дамуын уақытылы дене қасиеттерінің жаттығу арқылы дамуы, үйрету және машықтану әдістерінің сапасын жетілдіруге бағытталған.

Жеңіл атлетика курсын оқу кезінде жоғарғы жан-жақты дамыған тұлғаның қалыптасуына жан-жақты жағдай жасалған.

Тек дене тәрбиесі жаттығуларының орындауы ғана көзделмеген, педагогикалық қабілеті жан –жақты, осы қабілет арқылы басқа адамдарды жеңіл атлетиканың жекелеген түрлерін үйрету, қоғамды сауықтыру өміріне жетелеу болып табылады.

Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру техникасыны-нан толық мағлұмат қалыптастыру және техника негізін және әдістерін меңгеру үшін теориялық негіздер қарастырылған

Тақырып:1.2 Спорттық жүру және жүгіру әдісінің негізін қазіргі тренировка атлеттен үнемді (рационалды) әдісті талап етеді, ол оған керекті күш қуатты үнемді пайдалана отырып жоғарғы ырғақты сақтау болып табылады.

Тақырып:1.3 Секіру әдісінің негізі.

Секіруді анықтау. Секіру фазасы: екпін алу итерілуге дайындалу, итерілу ұшу, түсу.

Итерілу механизмі. Сермелетін аяқтың, қолдың қозғалысының, дененің түзету, итерілудің маңыздылығы

1.4 Секіру техникасын жетілдіру.

Секіруші жаратушы берген күшті дұрыс пайдалану (Н.А Бернштеин) дерегі бойынша күшті екіге бөледі: 1, реактивті инерционды бұлшық ет қимылының алдын ала қатаң деформация қуатының созылуының күш қуаты. Осының барлығы итерілу қуатын екпін алған жылдамдығының байланысынан қамтамасыз етіледі және бастапқы жылдамдықтан, ұшу бұрышынан туындайды.

Итерілу қозғалысының механизмін дұрыс түсіну үшін биіктікке секірудегі итерілуді жылдамдықпен байланыстыра отырып қарастыру мағыналы деп қараймыз.

Итеру уақытында жылдамдықтың қосындысының спортшы денесінің белгілі бір жылдамдықпен Д.О.М тепе -теңдікте қозғалуы, итерілу күшінен қуатынан пайда болады. Осы арада итерілуден итеру күшінен туындап белсенді күштен пайдалану. Принципінен құралған тежеуші итерілу күші осы арада екпін алу бағынышты рөлде. Итерілетін аяқтың бұлшық еттерінің күшінің әрекетінен, секірушінің бастапқы жылдамдығының өсуіне, итерілу функциясының тиіп кетуі (рикошет манызы зор). Итерілетін аяқтың бұлшық еттерінің әрекетінен пайда болатын амортизациялық фазаға өтуді үнемді пайдалану.

Қазір итерілу әдісін (реактивті) тиіп кету нәтиже-мен сипатталады. Осыған байланысты итерілетін аяқты жедел шығарып итеру орнына қою мағынасы зор. Қазіргі дайындықта итерілуге кіру әдісі,сермелген аяқты жедел орындаіу әдісі екпін алуда жүгіру адымның әдісі оның ырғақты жүйесі.

Секіру әдістері әр түрлі болса да, итерілу әдісінің негізі жалпы бірдей.

Практикалық жүзде орындау амалдары тепе-тең болып келеді. Ерлер арасында советтік секіруші В.Ященко аспалап (перекидной) тәсілі арқылы (2,34., 2,35м) алған осы әдіспен Г.Вессинг ГДР-2,36 см (1980ж). 1968 жылы Мехико Олимпиадасында Фосбери - флоп әдісімен 2,24см алып чемпион атанды. Кейінгі жылдары осы әдіспен С.Симиони 2,01 ал ерлер арасында Х.Сотамайер-2,45(1993 ж). Осы рекорд осы күнге дейін жаңартылған жоқ.

Биіктікке секіру жүйе жағынан күрделі жаттығуларға жатады, әр түрлі жүйелерден құралған және екпін алғанда циклды қозғалудан итерілу және ұшу фазасында циклді қозғалысқа ауысады.

Әсіресе фазаларда кездесетін үйлесу байланыста-рын ескерген манызды: А)сүреден екпін алғанда жіберілген қате итерілу фазасында оз әсерін тигізеді Б)итерілуге дайындалу фазасында қазіргі реактивті-тиіп итерілу құрастырғанда өте жауапты. В)сермелетін аяқтын итерілуінде жоғарғы қуатпен кең көлемді қозғалыспен орындалып таяқшадан өткенде ұтымды өтуін қамтамасыз етеді. Ф)таяқшаға кіру фазасында итеретін аяқтын өтуінің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Сонымен биікке секіргенде динамикалық және әдістік нәтижелікке жету үшін төрт фазаға бөлінеді; секіру қозғалысының бір жүйелігі ритммен (ырғақпен) біріктіріледі: 1) сөрелік екпін. 2)итерілуге дайындалу және өту; 3)итерілуге кіру; 4)көтерілу фазасын орынду (таяқшадан өту)

Ұзындыққа және үштік секіруде жалпы әдісінде, орындау амалдарында, дайындық әдістерінде және жоспарлауда, оқу тренировка процесінде ұқсастық бар. Осы жеңіл атлетика түрінің меңгеруге дайындағанда және жетілдіруінде бірін бірі толықтырып, спорттық қозғалудың тұрақтылығына өз әсерін тигізеді.

Ұзындықта және үштік секіруде спорттық әдістің негізін атлет қозғалу қабілетін (биомеханикалық заңдылықты) сақтап отырып ұтымды пайдалануда негізгі мақсат-көлденең аралықты ұзақ өту. Барлық жағдайда қарапайымдылық және спортшының табиғи қозғалысын дұрыс пайдалану ол спорттық әдістің бірден бір көрсеткіші. Секіру кезінде спортшы секіргенде трекпен уақытылы белсенді байланыста болып орындауды іске асады. Спортшы ішкі күш әрекеті арқылы, бұлшық еттердің жиырылуы арқылы қозғалады. Олар қозғаушы күшке жатады. Әр қозғалыста қозғаушы күштен басқа тежеуші күш байқалады: оларға жататын ауаның қарсылық күші, дененің салмағы және тіректе пайда болатын реакция күші, дененің қозғалысына қарама-қарсы. Бұлшық еттердің сығылуы (қозуы ішкі күш ретінде тежеуші).

Сонымен жеңіл атлетикадағы секірулерді жетілдіру әдісі ол қозғаушы күшті епті пайдалана отырып тежеуші әрекетті бәсеңдету болып табылады.

Механика заңдылығы бойынша секірушінің денесінің алысқа ұшуы ол көтерілудің бастапқы жылдамдығының көлеміне. Ұзындыққа секірудегі дененің білік нүкте ортасының биіктігіне бұрышына байланысты. Қазіргі замандағы ең тәжірибелі шебер секірушілердің әдісін зерттеу арқылы мынадай қорытынды жасауға болады: алысқа секіру үшін дененің көтерілуінің бастапқы жылдамдықтың маңыздылығы, белсенділігі ақырғы адамның екпінімен белгіленеді. Секіруші итерілгенде қозғалыс бағытын өзгертіп, қолайлы ұшу бұрышын туындатады, осылар керекті биіктікті және алысқа ұшуды қамтамасыз етеді.

Белгілі спортшылардың секіруін жіктегенде, екпін жылдамдығын 9,1 ден 10,7 метр/сек көбейткенде ол нәтиженің өсуі 690-890см-ге тең, ұшудың бастапқы жылдамдығы 8,5-9,6 метр/сек көбейеді және Д.Б. нүктесі 20-22 көлемінде сақталады.

Тақырып 1.4 Лақтыру әдісінің негізі

Снарядтың алысқа ұшуы маңыздылығы, лақтырғандағы бастапқы жылдымдыққа ұшу бұрышына, снарядтың көлеміне байланысты. Снарядтың қолайлы бұрышпен ұшуы оның маңыздылығы, сол орындағы бұрышқа да тәуелді. Лақтырушының снарядқа күш түсіруі жол ұзындығына снарядтың жылдамдылығына лақтыру түрінің тізбегіне жекеленген бұлшық еттердің топтарының бірте-бірте жұмысқа енгізілуі мен сипатталады.

Лақтыру фазасы.

Лақтырушыларды дайындау тұрақты өзгертпелі процесс болып табылады, қозғау – тепе-теңдік қабілетінің дамуына және жетілуіне; дене қасиеттерінің фунциялдық және психологиялық сапасының өзгеріп отыруына да байланысты. Лақтыру әдісін меңгеру және жетілдіру оның негізгі бағыттаушы тізбектері болып табылады. Осылардың көмегі арқылы лақтырушының өсу нәтежесімен белгіленеді. Лақтырушының басқада дайындығына жетілдіру әдісіне және амалдарына да әсер етеді. Тек осы бағдарламада әдістік дайындықты басқару процесі ретінде қарау өз нәтежесін береді.

Әдістік дайындыққа жекелеп қарауға болмайды, тек басқада дайындықты ескерген қажет. Олар қозғалу әрекетінің сипатына байланысты, компонентері (жылдамдық, қозғалу мөлшері бағыты пішіні) және снаряд салмағына, бағыт мақсаты – ең жоғарғы нәтижеге жету үшін организмнің фунционалдық, жағдайынан туындайды, лақтырушының күш жылдамдық қабілетіне байланысты.

Бір сөзбен, оқыту және әдісті жетілдіру тұрақты дене қабілетін үздіксіз дамытуынсыз тұғырға жету мүмкін емес.

Дене сапасын жетілдіру және ырғақтың көбейуі ең бірінші үнемді әдіске байланысты.

Оқытып үйретумен жетілдіру бір – бірінен тұрақты байланыста байқалады, екінші жағынан дене қасиеттерін дамытады.

Осы екі жақтың байланысы жалпы әдіс және дене сапасын жетілдіру бірлігімен іске асады. Әдісті меңгеру, яғни, оқытып үйрету және лақтыруды жетілдіру, бірнеше фазаға бөлуге болады.


  1. Жетектеуші тізбекті белгілеу және меңгеру

  2. Қозғалу жүйесін белгілеу

  3. Қозғалу бөлшектерін анықтау коррекциялау

  4. Қозғалыс коррекциясын бағыттауын төменгі басқару дәрежесіне ауыстыру яғни қозғалысты жылдамдату автоматтық қозғалысқа жеткізу.

  5. Қозғалысты стандартизациялау және тұрақтан-дыру.

Бірінші үш фаза қозғалу әрекет әдісін менгеруге жатады, ал қалған екеуі шеберлікті пысықтауға және жетілдіруге жатады.

Тақырып 1.5 Сабақ және тренировка жүргізу дәрісі.

Сабақ жүйесі және машықтану дәрісі.

Сабақтың мақсаты және оның бөліктері. Сабақ ұзақтылығы және оның бөліктері.

Әдістемелік нұсқау

Дайындық бөлімін өткізуге жаттығулар таңдау және орындау мөлшері. Сабақтың негізгі бөлімінің мазмұны. Нұсқалар және оның мазмұны. Сабақ тығыздығының сапасын көбейтудің әдісі. Сабақтың қортынды бөлімінің мазмұны. Сабақ жоспар - конспектіні құрастыру.

Жүгіруге үйрету үшін бастапқы кезде орта қашықтыққа жүгіру ұсынылып бірте – бірте қысқа қашықтыққа жүгіруге көшеді; Келесі кезеңде эстафеталық жүгіру оқытып үйретіледі. Кедергіден жүгірумен айналусышылардың жүгіру жылдамдығына, ептілігіне, қозғалу дағдының әртүрлігі, жүгіру ырғағының тұрақтылығына жоғары талап қояды. Сол себепті кедергіден жүгіру жай жүгіруді меңгергеннен кейін ұсынылады. 3000м тосқауылдан жүгіруге тек орта ұзын қашықтыққа елеулі нәтиже көрсеткішіне жеткенде дайындауды бастауға болады. Секіру әдісін меңгеру үшін биіктікке секіруден бастаған дұрыс. Ұзындыққа секіру үштік секіруден бұрынырақ бастау физиологиялық талаптарды шешу факторы. Сырықпен секіруді, үштік секіруден ертерек бастаған абзал. Сырықпен секіруді меңгеру күрделі, сол себептен әдісін меңгеру көп уақыт талап етеді.

Итеру әдісін оқып үйрену ядро итеруден басталады. Содан кейін диск лақтырумен танысады. Найза лақтыруды кейінірек бастайды, себебі жүгіру әдісін меңгеру керек, найза лақтырудан жақсы нәтижеге жету үшін екпінмен жүгіріп лақтырылады.

Балғашаны (молотты) лақтыруды оқыту ең соңынан жоспарланады, себебі снарядтың салмағы көлемді және лақтырушы снарядты тез айналдырады.

Молотты айландырып лақтырғанда молот үлкен күш туындатады және айналысатындардың дене қалпы, дене қасиеттері дайын болғаны абзал, себебі әдісті меңгергенде жақсы нәтиже береді. Лақтыру әдісінің негізін белгілегенде, жүгіруді секіруден ажырата білу керек. Шынайы ұзындыққа үштік сырықпен секіруді және найза лақтыру әдісін, қысқа қашықтыққа жүгіруді меңгермей үйретудің қажеті шамалы. Диск молот лақтыру және ядро итеруді жүгіру әдісін үйретпей меңгеруге болады.

Биіктікке секіру әдісін меңгергенде қысқа қашықтыққа жүгіруді алдын ала меңгеру маңызды емес, себебі , екпінмен жүгіріп биіктікке секірудің өз әдістік-техникалық басқару процесі бар.

2.3 Практикалық сабақтың жоспары: ұсынылатын әдебиеттер (1-9, 11-19)

Тақырып: 1.2. Спорттық жүру және жүгіру әдісінің негізі.

Сауалнама

1. Спорттық жүру әдісінің негізі.

2. Жүру дистанциясы (аралығы). Негізгі период, фазалар, моменттер.

3. Ерлердің жүру әдісінің әйелдер жүру әдісінен айырмашылығы

4. Жүру әдісінің негізі.

Тапсырмалар:


  1. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіріп, қыздыру.

  2. Спорттық жүрудің, жүгірудің жалпы және арнайы жаттығуларын орындау.

  3. Қысқа және ұзын қашықтыққа спорттық тәсілмен жүру.

  4. 100-150 м аралықты белгілеген әдіспен жүру,

Методикалық нұсқаулар

Жүру және жүгіру әдісінің негізі

Спорттық жүру әдісі

Спорттық жүрудің жай жүруден көптеген айырмашылығы бар: 1.Қуатты итерілумен жанбастың тік білікпен бұрылуында, сермелген аяқтың алға қозғалуымен адым ұзарады, тізеден бүгілген аяқ өкшеден қойылды. Қолдың жедел қимылымен күш қуатын үнемдеу мен бұлшық етті босатумен сипатталады. Спорттық жүрудің басты талабы жермен тұрақты байланысты болуы. Екі аяқтың жерден алынуы ол жүгірудің басталуы болып есептеледі және спортшы ереже бұзды деп сайыстан босатылады.

3. Спорттық жүруге үйрету әдісі

Үйретудің бірінші кезеңінде спорттық жүрумен жаңа айналысушыларға дұрыс әдіс түсінігін беру оқытушының басты міндеті, ол мынадай тәсілдермен шешілді; кино – бейне көрсету және бейне материялдарды жіктеу.

Жүгіру қозғалысының негізі.

Техникалық жеке даралығы. Әр спортшының дене дайындығы әр – түрлі болғанда жүгіру қозғалысы бірдей болмайды. Жеке өздігінен басқада қозғалысқа әсер ететін нәрселер жүргірушінің бойы, салмағы, сүйек дене құрылысы, бұлшық еттердің көлемі, ұзындығы, сымбаттылығы. Жүгірушілердің қозғалысы бірдей болып көрінгенмен, белгілі бір механика принциптеріне де байланысты, басқа бір жүгірушінің техникасын дәл қайталаса ол үлкен қателікке әкеледі.

Тұрақты жылдамдылықпен жүгірген кезде дененің еңкею бұрышы Д.О.М-ға таяулау тік болып келеді. Ішкі бұлшық еттер қосындысы желдің қарама –қарсы күшіне тең күшпен әсер етеді және ішкі күштің ауырлығымен қоса желдің қарсы күшінен жүгіру нәтежесі кемиді. Тұрақты жылдымдылықпен жүгіргенде дененің еңкею бұрышы тік бағытқа ұмтылады, бірақ қозғалу кезінде денені сәл еңкейту желдің қарсы күшін бәсеңдетеді. Жылдам жүгіруді үдеткенде еңкею бұрышы көбірек болуы абзал. Сонымен сөреден щыққан желаяқтың еңкею бұрышы ең көп мөлшерде байқалады, әр адым сайын еңкею азая береді. Бастапқы бірнеше адым жүгіргендегі ең ұзын адымнан қысқарақ болады, себебі денені алға еңкейткенде адым қысқаратыны белгілі. (2-58-62 бет).

Бірақ спортшы адымнан соңғы адымға дейін адымды ұзартып жүгіру керек, көптеген жеңіл атлетиканы жаңа бастағандар қысқа қашықтықта жүгіретін әйгілі спортшылардың сөреден қозғалуына әсіресе 20м еңкейіп жүгіруін қайталауға тырысады. Бұл мүлдем қате түсінік, себебі әйгілі желаяқтардың денені еңкейтуі ол сөреден алынған жоғарғы жылдамдықтың нәтежесі. Дәлелдеу үшін сөрелік қалыпта тұрып жоғарғы жылдамдықпен жүгіріп байқауға болады. Егерде сіз белгілі жылдамдықпен жүгірсеңіз бірнеше адымнан кейін жоғары көтеріліп кетесіз. Бастапқы екпін алу жылдамдылығы жоғары болса, соғұрлым дене еңкею қалпында болады, бірақ ол сізге байланысты емес.

Жүгіру жылдамдығы жоғары болса өкше құйрық еттеріне көп мөлшерде тиетін тәріздес. Демалу фазасындағы аяқтың алға қозғалыс әрекеті маятник тәріздес, бірақ аяқты қозғалтатын күш ол бұлшық еттер. Демалу фазасында аяқтың алға қозғалу кезінде тізе биіктігінің көтерілуі жүгіру жылдамдылығына байланыс-ты. Демалу фазасындағы аяқтың тербетіліп алға тасталу шегі арқы аяқтың итерілуінің аяқталуына байланысты. Осы қозғалу шегіне жеткенде, аяқ алға тасталғаннан кейін жоғарғы жағы қозғалту бағытын өзгертеді, табан бастапқыда алға содан кейін төмен артқа қозғалады. Адымның ұзындығын қамтамасыз ету үшін жетектеуші аяқ алға көп мөлшерде тасталмайды. Аяқтың адымының ұзаруы артта қалған итерілетін аяқтын күш әсерінен итерілу фазасында пайда болады. Жетекші аяқпен жерді тартуын дене проекциясын қою арқылы жүгіруші өзін алға тарта алмайды. Жетекші аяқ жерге қозғалып сермей тасталғанда демалу фазасы аяқталады. Жермен жүгірушінің дене проекциясының орнына қойылып тік байланыста болады. Дем алу фазасы итерілу фазасына қарағанда ұзағырақ Спринтерлердің жермен байланысы 40% уақыт жағына сәл көбірек, екі табан жерден итерілгенде аяқ бір кезде дем алады. Орта және ұзын қашықтықтың әр адымында қозғалыс уақыттың жартысына тең. Тік фазасының басталуы жетекші аяқтың табаны жерге тиіп, дененің ортақ нүктесінің астына қойылады. Табанының сырт жақ қырына қойылғанда тізенің бүгілу моменті басталады. Осыдан кейін өкше жедел жерге тиеді, жерге түсуді тоқтатам деп күш жұмсаудың мүлде қажеті жоқ. Ортақ күш табанның алдына жылжығанда тірек фазасы аяқталады. Ол момент те жермен байланыста болады. Тірек фазасының аяқталуы деген итерілу (серпілу) фазасының басталуы деп қарау керек. Итерілу фаза кезінде дене алға жылжиды, аяқтың жазылуы арқылы жермен байланыста болып және даму күші ортақ күштің артында орналасады. Дене алға қозғалған кезде өкше көтеріледі, тізе жазылып, соңынан тізе, табан буындары және табанның ұшы дене соңынан жедел түзетіледі, осымен итеру фазасы аяқталады. Спортшы түзу жүгірген кезде табанның сыртқы қырымен тік сызыққа қойылады. Аяқтан солға қарай өтетін күш әрекет сызығы ортақ күшті қызметке қосады, нәтижелік қозғалысқа әкеледі. Ол экцентрикалық итеру деп аталады. Серпілу фаза кезінде оң аяқ санына әрекет арқылы және сол аяқ қозғалыс арқылы бүгіліп, алға жоғары жылжуы дем алу фазасында тұруы жамбастың сағат тілімен көлденең бағытта айналуын туындатады. Осы итерілу сонымен қоса денені көтеріп бірақ керекті ортақ күшті әр адымда өту үшін керекті күшті жұмсайды және алға жылжытады. Ньютонның 3 –ші заңы бойынша: әр әрекетке сонда істен қарама – қарсы бағытты әрекет қажет денені алға жылжыту раекциясын жер өзіне сіңіріп отырады. Итерілу кезінде қандай болатын бұрылу реакциясын дененің жоғарғы жағы өзіне сіңіріп алады. Сонымен жанбас сағат тілінде тік бағытта бұрылса дененің жоғарғы жағы (қол, дене және иық) сағат тіліне қарама – қарсы қозғалады.

Қолдың және иықтың қозғалысы. Дененің жоғарғы жағы (қол, дене және иық, аяқтың эксцентрикалық раекциясын сіңіріп қарама – қарсы қозғалыс жасайды). Оң қол және иық алға қозғалады (және артқа) оң аяқпен белге, ал сол қол иық артқа және алға оң саусақпен бірге қозғалады.

Тақырып: 1.3 Секіру әдісінің негізі.

Секірулерді анықтау. Секіру фазалары. Екпін алу, итерілуге дайындалу, итерілу,ұшу, түсу. Итерілу механизмі сермелген аяқтың қозғалысының маңыздылығы колдың және итерілудің нәтижелігі дененің түзетілуі.


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау