1.1 Екпінмен жүгірудің алдыңғы кезеңі. Екпінмен жүгірген кезде доп (граната) иық үстінде болады. Екпінмен жүгіруді екі бөлікке бөлуге болады: алғашқы мәреден бақылау белгісіне дейін, (14-20м) ақырғы бақылау белгісіне дейін (7-9м). Алғашқы бөлікке екпін серіппелі, алға артқа дене құлшынысын жасап жүгіреді. Сол қол жай жүгіріс кезіндегі қозғалысын жасайды, доп (граната) бар қол оңға, артқа ырғақ жасайды.
1.2 Жеңіл атлетиканың дамуының актуалды сұрақтары
Жеңіл атлетика пән ретінде дене тәрбиесі маманын дайындауда беделді орын алады. Спортпен байланысты емес факультеттерде дайындағанда беделді орында, себебі ол дене қасиеттерін (жылдамдықты, шыдамдылықты, ептіліктің) денгейін көтеруге, қажетті қозғалыс дағдыларын қалыптастырады, гиподинамия-мен күресудің епті жолы- ол жеңіл атлетика.
Таңдаулы спорт түрінің негізгі міндеті:
-Тренировка және оқу әдістемесінен және теория саласынан білім беру;
-Жеңіл атлетиканың жекелеген түрінен біліктілікті және дағдыны қалыптастыру;
-Анаматикалық әрекеттен қабілетілікті қалыптастыру, қателердің коррекциясын және әдістемелік элементтерді уақытылы түзету;
- Машықтандыру процесін дұрыс қалыптастыру және үйрету қабілеттілігін қалыптастыру, тренировкалық процестерін құрастырғанда жарыс кезеңінен (дайындық, жарыс ауысу) процестерінен туындайды;
-Қозғалу кезеңінің әдісін оқытуда қажетті дене сапасын дамыту және жеңіл атлетикада басқа спорт түрінен жоғары нәтижеге жету;
-Әр жастар тобымен сауығу өмірін қалыптастыру үшін тренировка әдістерінен мамандар дайындау;
-Жеңіл атлетиканың жекелеген түрінен тренерлік қызметке керекті біліктілікті және қабілеттерді қалыптастыру;
-Ғылыми іздену жұмысын жүргізе білу, дамыту жолдарын қалыптастыру және практика жүзінде жүргізілген көрсеткішті пайдалана білу.
Жеңіл атлетика жаттығулардың әр түрлі болуы жүру, жүгіру, секіру, лақтыру түрін меңгерген кезде жүктемені дұрыс қолдану көзі. Көптеген жаттығулардың әдісін орындауда қарапайым болуына байланысты оларды мектеп алаңдарында көлемі шағын жеңіл атлетика манежінде орындалуын қамтамасыз ету.
Жеңіл атлетика мынадай бөлікке бөлінеді: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, көп сайыс. Жеңіл атлетикалық жүруге жататындар: спорттық, саптық, жаяу жүру.
Жүгіру түрлерінің сипаты: тегіс жермен жүгіру, эстафеталық, желе жүгіру (кростық), кедергіден жүгіру.
Секіру түрлерінің сипаты: тік және көлденен.
Көлденен секіруге жататын: орында тұрып секіру, екпімен жүгіріп ұзындыққа, үштік секіру.
Тік секіруге жататын: екпімен жүгіріп биіктікке секіру, сырықпен секіру.
Лақтыру түрлерінің сипаттамасы: бұрылып лақтыру (диск, молот), иықтан асыра лақтыру (найза, граната, ядро итеру).
Жеңіл атлетикалық көпсайыстарға жататындар: әйелдер көпсайысы –бес, жеті сайыс. Ерлер көпсайысы- алты, сегіз, он сайыстар.
Достарыңызбен бөлісу: |