Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: СТО жобасы, ЖИГСО стратегиясы
Сабақтан күтілетін нәтиже: Оқыған шығарманың мазмұнын толық
меңгере отырып, оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын қалыптастыруға
бағыттау
І. Қызығушылықты ояту кезеңі
Оқушылардан «Ескендір» поэмасы туралы не білетіндерін сұрау.
1.
Шығыстың Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми сияқты ақындары жайлы не
білесіңдер? Қандай шығармалары бар?
2.
Ескендірді Абайға дейін шығыс шайырларынан кімдер жырлады?
3.
Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшы туралы
қандай дерек білесіңдер? «Александр Македонский» фильмінен үзінді көрсету.
Оқушылардың жауаптарын мұғалім тақтаға топтастырады.
ІІ. Мағынаны тану
Мұғалім оқушыларды түрлі-түсті қағаздар (көк, сары, қызыл, жасыл, ақ,
қоңыр) арқылы 4 топқа бөледі. Әр топтағы 6 оқушыға «Ескендір» поэмасынан
оқиғалар желісі бойынша үзінділер беріледі.
Оқушылар 10 минут уақыт ішінде оқып, мұғалімнің нұсқаулығымен
оқығандарын бір-біріне айтады. Әр топ поэманың негізгі идеясы мен
тақырыбына байланысты ортақ сұрақтар шығарып соған жауап береді.
Мысалы: Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген
нәрселермен озады.Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең, мықты болсаң,
өзіңнің нәпсіңді жең т.б.
Мұғалім оқушылар бір-біріне оқығандарын айтып болған соң,
қағаздарының түсіне байланысты алты топқа бөліп отырғызады. Кубизм
стратегиясы бойынша алты топқа тапсырмалар беріледі.
І топ. Суретте
Ескендірдің ашкөздігін суреттеу
ІІ топ. Салыстыр
Ескендір мен Аристотельді салыстыру (Венн диаграммасы қолданылады)
ІІІ топ. Ойыңмен байланыстыр
Аристотельдің шешімі Ескендірге қалай әсер етті?
ІҮ топ. Зерттеңіз
Ескендір туралы не білесіңдер?
Ү топ. Қолдан
Аристотельдің іс-әрекеті
ҮІ топ. Талқыла
Ескендірдің ақылсыздығы поэманың қай жерінде байқалады?
ІІІ. Ойтолғаныс кезеңі
«Бақ пен асқан патшадан, мимен асқан қара артық» тақырыбында ауызша
пікірталас туғызу
Тапсырма: Поэманы Низамидің «Ескендірнама» дастанымен салыстыру.
77
ІІІ. Астана қаласы, Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы
Арықбаева Ж.А. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, филология магистрі
Сабақтың тақырыбы: Абай «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
Сабақ мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Абай өлеңінің мәнін түсіндіре
отырып, сол кездегі дәуір тынысын, қазақ халқының мінез ерекшелігін ұғынуға
жағдай жасау.
Дамытушылық: Абай шығармаларын оқу арқылы адам бойындағы
қасиеттерді саралай білуге, ой түюге, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, еңбекқор болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Блум таксономиясы әдіс-тәсілдері, салыстыру,
талдау, инсерт,т.б.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Абай портреті, шығармалар
жинағы, «Абай әліппесі» оқу-әдістемелік құралы,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткенді еске түсіру
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын қадағалау. Өткенді еске
түсіру. Қосымша сұрақтар қойылып, жауап алынады. Дәптерге күннің реті мен
жаңа сабақ тақырыбы жазылады.
Интерактивті тақтадан Абай суреті мен сабақ эпиграфы көрсетіледі.
«Абай-қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама
ғана емес, ел болуына ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер...» (Н.Ә.Назарбаев)
Жаңа сабаққа жетелеу сұрақтары:
−
Абайдың шығармашылығы туралы не білесіздер?
−
Абай өмір сүрген кезеңге сипаттама беріңіз?
Теориясы «Білу».
Жаңа сабақ «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңін Абайтану
әліппесі аудио құралы арқылы сөйлейтін қалам көмегімен оқу. Мәтінге талдау
жасату. (Оқушылар өздері ұғынған мәліметтерді айтады) Бұдан соң
«Қалың
елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңін Абайдың шығармалар жинағынан
карап мәнерлеп оқып танысады .
Түсіндіру әдісі: «Дереккөз» Дәптермен, оқулықпен жұмыс.
Өлең алдымен қазақтың кескінін көз алдыңа алып кеп, кейін оның ішкі
әлемі-мінезін аша бастайды. Қазақ халқына айтылған терең ой жатыр.
Халықтың надандығы мен әкімсымақтарын сынайды. «Қазағым», «елім»,
«жұртым» дей отырып, Абай халық басындағы мұңға қинала сөйлейді. Іске
жоқ, жыртың-жыртың мағынасыз күлкі,қу сөзді,мылжың, бөспе,күндіз күлкі,
түнде ұйқы бұзу себебі-өз малына өзі ие емес сорлы.
78
Қосымша мәлімет: Бұл өлең 1886 жылы жазылған. 30 жолдан тұрады.
Өлең мәтіні 1909, 1957 жылғы жинақ және Мүрсейт қолжазбалары (1905, 1910)
бойынша алынды.
Теориясы «Түсіну». Абай тілінің сөздігін жасау.
Тыртың-қолдан келмейтін тыраштанған іс-әрекет
Қиқым- Бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы
Ырық-өз қалауы, еркі
Сиық-түр-тұрпат, көрік, түр-сұрық
Қырт, қыртың-көп сөйлеу, мылжың
Шырық- берекені алу, мазалау
Практикасы «Қолдану».
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңіндегі көркем
эпитетті табу
Қан ұрт, май ұрт, аузымен орақ ору, бабасына би болған өңкей қиқым,
тиянақсыз қылтың, жыртың-жыртың күлкі.
Эпитет-зат-құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.
Эпитет өмір суреттерін дәл өрнектеуге қызмет етеді.
(З. Қабдолов, Сөз өнері Алматы, «Мектеп»,1976,224б.)
Теориясы «Талдау».
Оқушыларға өлең құрылысындағы Абай өрнегін тапқызу
1.
Әр тармақтағы буын саны - 11-12
2.
Әр тармақтағы бунақ саны - 3
3.
Шумақтағы тармақ саны - өлең тармаққа бөлінбеген, жыр үлгісінде
жазылған
4.
Өлеңдегі тармақ саны - 30
5.
Ұйқасы- аралас ұйқас ААВА
6.
Анықтамасы - Тармақтары 11-12 буыннан, 3бунақтан, 30 тармақтан
тұратын аралас ұйқаспен жазылған өлең.
Теориясы «Жинақтау».
Абайдың сөзден салған суретін айқындау
1.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
2.
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қиқым.
3.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын.
4.
Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,
Сапырылды байлығың, баққан жылқың.
Шығармашылық жұмыс.
Ойтолғау «Тәуелсіз қазақ елінің ұланымын»
Бағалау. Не білдің? Өз ойыңды ортаға сал. Өлеңнің өміршеңдігі неде?
Түйін: Абай сөзі - қазақтың бойтұмары.
Үйге тапсырма «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңін жаттау.
Қосымша мәліметтер жинақтау.
79
IV.
Семей қаласы Т.Аманов атындағы №16 орта мектеп
Жанар Есенқызы Есенова, Гулнара Ағзанқызы Құнафина - қазақ тілі мен
әдебиет пәнінің мұғалімдері.
Тақырыбы: Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі. Екінші қарасөзі.
Сабақтың мақсаты: Екінші қара сөзінің мазмұнын ашады, негізгі ойды
табады, қорытынды жасай білуге үйренеді.
Сабақтың міндеттері: Білімділік: Абай қара сөзінің тәрбиелік мәнін,
мағнасын ұғындыру, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық
шолуларының маңызын түсінуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді
оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алып,
оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу,
шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі:Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, мәтінмен жұмыс, ауызша тіл
дамыту, шығармашылық жұмыс, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, сызба т. б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
• Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын, қатысу деңгейін тексеру.
• Сабақ мақсаты, барысы туралы түсінік беру.
Сабақтың эпиграфы:
Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,
Толғайды Абай мұңым менен зарымды.
Абай сынды дана туған халықтың,
Ұл - қызы да болу керек дарынды.
ІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымызда Абай шығармаларымен таныстығымызды ары қарай
жалғастырамыз, соның ішінде Абайдың философиялық ойлары берілген қара
сөздерімен танысамыз.
1.
Түсінік беру.
Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздерге жатады. Абай өз қара
сөздерін 1890 - 1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда
Абай 45 жаста болған. Ақыл - ойы толысып, жасы кемелденген, көрген -
білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін
жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл - Фараби, Фирдоуси,
Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин,
Ньютон, Пифагор еңбектерімен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.
Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде
атап көрсетеді: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза
80
берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз
тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де,
ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».
Абайдың қара сөздерінің саны -45.Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған
ой толғамының қорытындысы.
-
Абайдың қара сөздері туралы бауырына салып тәрбиелеген немересі,
Мағауияның қызы Уәсила былай дейді:
«Әкем балаларын 7-8-ге шыққанда оқуға беретін, балалармен
қабатқыздарын да оқытатын, қазақ тілінде кітап жоқ болатын. Сондықтан,
балалардың ойы, дүние тануы кемшін болады деп әкем көп айтып жүрді. Әлі
есімде, бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді. Молдаға қарап:
«Балаларға мына кітапты әкелдім. Осыны көшіріп, көбейтіп бала басына бірден
таратып бер, бүгіннен бастап осы кітапты қоса оқыт» деді. Біз қуанып кеттік.
Әкем үйден шыққан соң, молда әлгі кітапты алды да, бас салып оқыды, кітап
қолжазба екен. Біз ол кітапты көшіріп алып оқи бастадық. Өйткені, бұл жаңа
кітаптың тілі ұтымды, сөзі түсінікті, ыңғай ақыл айтып отыратын жақсы кітап
болды. Кейін байқасам, сол кітап әкемнің «Ғақлия» атты қарасөзбен жазған
кітабы екен».
Қарасөздерінде Абай әңгіме - сұхбат жанрының өзіндік ерекшелігін
пайдаланады.
Абай қарасөздері туралы мүмкіндігіне орай батыл, ірі негізді пікірлер
айтқан М. Әуезов еді. «... Абайдың осы қарасөз дейтін мұралары көркем
прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар сюжетті
шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естелік, мемуар да емес.
Стиль мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан
көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше
адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді». (М. Әуезов.
20 -
том).
Қара сөздері тақырып жағынан алғанда ақынның өлеңдерімен астасып
жатады. Абай адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім
-
ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген харекеті, мінез -
құлқы, адамгершілік, имандылық секілді, бірталай мәселелерді қара сөздерінде
кеңінен толғайды, үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді.
2.
Екінші қарасөзі.
Бүгінгі сабақта «Екінші» қара сөзімен танысатын боламыз. Барлығымыз
назарымызды салып, тыңдайық
3.
Электронды оқулықтан «Екінші» қарасөзін тыңдату. (3 мин.)
4.
Сұрақ - жауап:
-
«Екінші» қара сөзінде ақын не нәрсені тілге тиек еткен?
-
Ақын халқын намысқойлыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақырады, халық
бойындағы жағымсыз қылықтарды сынай отырып, одан арылудың жолдарын
көрсетеді.
-
Осы қара сөзінде ақын ноғайды, орысты сипаттау арқылы халыққа нені
меңзейді?
81
-
Ақын халыққа бос күлкі, бос мақтан, бос сөзді қойып адал еңбек ет, маңдай
теріңмен мал тап дейді.
5.
Сөздікпен жұмыс. (дәптерге, тақтаға жазу)
Башалшік- ұсақ саудагер.
Шақшы – лас, былғаныш.
6.
Ой – қозғау сәті. (сұрақ – жауап бойынша)
-
Бұл қара сөздің идеясы қандай?
-
Таза адал өмірді, еңбекпен мал табуды уағыздайды.
Бұл шығарманың бас кейіпкері бар ма?
-
Иә, бар.Абай.
-
Абайдың қара сөзі кімнің ойын білдіреді?
-
Абайдың әр қара сөзі жалпы халықтың, қалың жұртшылықтың ойын
білдіріп, үлкен ғибратты түйін жасайды.
-
Абай бар асыл ойын кімге арнады?
-
Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады. Оның
шығармашылық қызметінің негізгі мұраты - адам тәрбиесі.
7.
Асыл сөздің жалғасы.
«Пікірі жоқ адамнан қорық» деген шығыс даналығы бар. Әрбір адамның
өзіндік мені, өз пікірі болуы керек. Қарасөздегі Абайдың ойы - Өз пікірің
(
кестені толтыру)
3-
кесте - Асыл сөздің жалғасы
Абайдың ойы
Өз пікірің
8.
Салауаттылық хаты.
Қарасөздерінің мағынасына, ақын көзқарасына көз жібере отырып Абай
атамызға хат жазып көрелік.
Қорытынды:
Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен
жүректі кісі болу. Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез - келген
нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті
нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады. Абайдың өз сөзімен айтсақ: Терең
ойдың түбінде теңізі бар,Тесіле көп қараса, көңіл ұғар.
Тапсырма: «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» эссе жазу
және «Екінші» қара сөзін жаттау.
82
Мазмұны
Кіріспе .........................................................................................................
3
1
Абай мұраларының педагогикалық құндылығы ..................................
5
2
Орта мектепте «Абайтану» курсын оқытудың ерекшеліктері ............
18
3
Орта мектепте «Абайтану» курсын оқыту бойынша әдістемелік
ұсынымдар .........................................................................................................
36
4
«Абайтану» курсы бойынша үлгілік сабақ жоспары ...........................
40
Қорытынды .................................................................................................
64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............................................................
66
Қосымша .....................................................................................................
68
83
«Абайтану» курсын оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Әдістемелік құрал
Басуға 22.11.2013 қол қойылды. Пішімі 60×84
1/
16
. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 5,0.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК
010000, Астана қ., Орынбор көшесі, 4, «Алтын-Орда» БО, 15-қабат.
84
Document Outline - Өлеңде баяндалған оқиғаларды көз алдына елестетіңіз;
- Көріністерді өз сөзіңізбен еркін баяндаңыз;
- 5-кесте - Абай тілінің сөздігі
- Тапсырма:
- Сөздердің мәнін ашыңыз, өзіңіздің сөздік қорыңызға қосып қойыңыз.
- 8-кесте - 2. Құнарлы ой
- Тапсырма:
- Абайдың өлеңдегі айшықты, көркем сипатты, құнарлы ойлары мен тұшымды тіркестерін, өлең жолдарын тауып, теріп жазыңыз;
- Мағынасын түсініп, есіңізде сақтаңыз.
- Тапсырма:
- «Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек» өлеңі бойынша төмендегіше ой жүйелеңіз:
- Өлең мазмұнындағы ой жүйесі;
- Тапсырма:
- Олардың мән-мағынасын түсініп, есте сақтаңыз.
- Тапсырма:
- Кесте бойынша өлеңнің құрылысына талдау жасаңыз;
- Өлеңге анықтама жазыңыз.
- Қосымша мәлімет.
- Әдебиет теорияясы. Кейіптеу.
- «Жансыз табиғат құбылысы кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстырыла суреттелген құбылтудың (троптың(мұндай түрі – кейіптеу (грекшеprospopeia, орысша олицетворение).
- ІІ Абай тілінің сөздігі
- 12-кесте - Абай тілінің сөздігі
- 15-кесте – 2. Құнарлы ой
Достарыңызбен бөлісу: |